Ванкомицин, Рифампицин.

Көкіріңді таяқшамен зақымдалғанд:а

Цефтазидин, Ванкомицин, Рифампицин

Қосымша ем:Дексаметазон,Моксифлоксацин, – гиперосмолярлы ерітінділер (манитол), глицерин, барбитураттар.

 

 

 

2.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің емі.

Бас миының қан-тамырлық аурулары әлуметтік-медициналық мәселелердің бірі болып табылады. Басынан инсультті өткізген науқастардың 80% мөгедек болып қалады олардың 10% - ауыр және басқа адамдардың көмегін қажет етеді. Тек қана инсульттің 10% бірінші аптада бұзылған қызметтерінің қалпына қалыптасуымен аяқталады.

Неврологиялық дефекттің пайда болуында инсульттан кейінгі пайда болған жедел ми қанайналымының бұзылысының 21 күнінен басталған қалыптастыру кезеңі маңызды болып есептеледі. Бұл жағдайда аурудың бірінші сағатында өткізіп жіберілген процесстердің оның ішінде жоспарланған клеткалық өлімнің (апоптоз), микроциркуляция және ГЭТ өткізгіштігінің бұзылыстары өз маңыздылығын жоғалтпаған.

Ишемиялық инсульттардың патогенетикалық емінің негізгі принциптері:

1. зақымдалу жерінде қанайналымын қалыптастыру,

2. ми қызметін қалыпқа жағдайда ұстап тұру және оларды құрлымдық зақымдалуларан сақтау.

Зақымдалу жерінде қанайналымын қалыптастыру үшін қолданатын заттар:

· антиагреганттар - аспирин, дипиридамол, пентоксифиллин,

· антикоагулянттар - фраксипарин, гепарин, фенилин, варфарин,

· ноотропты заттар - пирацетам, церебролизин, глицин, пикамилон,

· вазоактивті заттар - винпоцетин, кавинтон, ницерголин, инстенон, эуфиллин, циннаризин,

· ангиопротекторлар - пармидин, аскорутин, этамзилат, добезилат, вобензим,

Ми қызмет қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қолданатын заттар:

· антиоксиданттар - эмоксипин, милдронат, витамин Е, аскорбин қышқылы,

· емдік энергетикалық метаболизмді жақсартатын препараттар - цитохром С, актовегин, рибоксин, аплегин.

· Қимыл қызметін қалыптастыруға арналған антихолинэстеразды заттар – прозерин, галантамин

Геморрагиялық инсультті емдеудің негізгі бағыты болыпқантамырларының өткізгіштігін төмендету және пайда болған тромбтың бұзылуын алдын-алу . Бұл үшін келесі топтар қолданылады:

1. ангиопротекторлар - пармидин, продектин, аскорутин, троксевазин, этамзилат,

2. вазоактивті препараттар - винпоцетин, кавинтон, ницерголин, инстенон, эуфиллин, циннаризин.

НООТРОПТЫ ЗАТТР: пирацетам, церебролизин, актовегин, аминалон, глиатилин және т.б.

Пирацетам (ноотропил) ГАМҚ циклді туындысы. Ноотроптар ми тінінің метаболизм жақсартады, оның ішінде глюкоза, оттегі метоболизімін, тіндердің гипоксияға тұрақталығын жоғарлатады, бас миының қан айналымын, жарты шарлар арсындағы байланыстарды жақсартады. Ноотроптар есте сақтау қаблетін жоғарлатып, шаршағыштықты төмендетеді. Бірақ, бұл әсерлер бірден есем жаймен көрінеді. Пирацетам қырысуға қарсы белсенділігі бар, соңғы жылдары оның иммуномодуляциялық, иммундыпотенциялық әсерлері анықталған.

Қолдану көрсеткіші:

- миыдның жарақатталу жағдайларында;

- әртүрлі олигофрения деңгейіндегі ойлау қабелеттілігі төмендеген жас балалларда; есте сақтау, зейін, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда;

- қарттарға, егде жастағы адамдарға, гериатрияда көңіл-күй мен есте сақтау қабілетін жақсарту үшін;

- наркомандар мен алкоголиктерді емдегенде;

- инсульт алған науқастарда;

- кіші балаларда болатын энурез .

Сонымен қатар иммуностимуляторлардың әсерін жоғарлату үшін тағайындайды.

АМИНАЛОН - ГАМҚ препараты. Синтетитикалық жолмен алынады. ГАМҚ – жүйке тінідегі зат алмасу процессінде маңызды рөлді атқаратын тежегіш медиатор. Препарат тіндік тыныс алуды, Кребс циклінің ферменттерін белсендіреді, нейрондардың глюкозаны пайдалануын жақсартады.

Қолдану көрсеткіші: бас миының қантамырлық аурулары, балалрдаесте сақтау қабілетінің төмендеуінде.

Нноотроптардың кері әсерлері: мидың белсенділігі тітіркендіргіштікке, ұйқының, көңіл-күйдің бұзылуына, балаларда мазасыздану, АҚ жоғарлауына, сексуальді қозуға әкеледі. Сондықтан оларды курспен тағайындайды ( 2-3 апта бойы).

 

Вазоактивті зат ретінде қолданатын заттар: кавинтон, винпоцетин, танакан, инстенон, циннаризин, никотин қышқылының, препараттары

1) ми қантамырларын кеңейтеді;

2) ми қанайналымын күшейтеді, ми қанайналымының оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартады;

3) нейрондардмен глюкозаны пайдалануын жақсартады, цАМФ, АТФ жинақталуына ықпал етеді;

4) тромбоциттер агрегациясын төмендетеді;

5) ОЖЖ катехоламиндер мөлшерін жоғарлатады.

Көбінде неврологияда қолданады :

1) ми қанайналымының бұзылыстарымен жүретін неврологиялық және психикалық бұзылыстарда (инсульт, травма, склероз);

2) есте сақтау қабілеті төмендегенде ;

3) бас айналуларда;

4) афазияларда;

5) гипертониялық энцефалопатияларда;

6) офтальмологияда;

7) токсикалық генезді естудің төмендеуінде.