Пармидин (Parmidinum)
Патологиялық жағдайлардағы бұзылған микроциркуляцияны қалыптастырып, қантамырлардың өткізгіштігін төмендетеді . Бұл оның кинин-калликреин жүйесіне әсер етуімен, сондай-ақ брадикинин белсенділігін төмендетуімен байланысты. Ол тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, фибриногенезді белсендіреді. Қабынуға қарсы әсеріне байланысты эндотелиальді жасушалардың ісігін төмендетіп, қантамырлардың ішкі қабатының липидті инфильтрациясына кедергі жасап,атеросклероз кезінде дамитын инфильтративті өзгерістердің қайта дамуына ықпал етеді. Бұған қоса оның аздап гипохолестеринемиялық белсенділігі бар.
Колдануы: жүрек, аяқ-қол, ми қантамырларының атеросклерозын емдеуде комплексті терапиямен бірге қолданатын зат ретінде, атеросклеротикалық және диабеттік ангиопатияларда, көздің нұрлы қабатының тамырының тромбозынды, облитерацияланған эндартериитте, аяқ-қолдың трофикалық жараларында.
Антиоксиданттар (АО), бос радикалды реакцияларының тотығуын және олардың уытты өнімдерінің ағзада жиналуын. Сонымен қатар АО зат алмасулардың әртүрлі бөлігіне (митохондридің тыныс алу тізбегінде), көптеген ББЗ синтезі мен метаболизміне, жасушалардың құрлымымен оны реттейтін жүйенің жағдайына белсенді қатысады, сондықтан оны адаптогендер ретінде қолдануға болады.
Ең күшті табиғи АО болып С, А, Е, дәрумендері, микроэлементы цинк, медь және селен есептеледі.Бұл заттар арасында тығызметаболиттік байланыс бар. Әрқайсысының әсері оларды қосып бірге қабылдағанда жоғарлайды.
Мексидол–антиоксидантты қасиеті бар синтетикалық антигипоксант , оның ашылуы және клиникалық практикаға енгізуі отандық фармакоиндуструядағы үлкен жетістік болып есептеледі.
Фармакологиялық әсерлері:
Мексидол ноотропты және анксиолитикалық қасиетімен антиоксидантты әсерлі антигипоксанттар тобына жатады. Фармакологиялық белсенділігі кең спектрлі: тотыққан липидтердің бос радикалды процесстердің тежегіші, антигипоксиялық, стресспротективті, ноотропты, қырұсуға қарсы және анксиолитикалық препарат болып есептеледі.
Препарат әртүрлі зақымдаушы заттарға, оттегіге тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қанайналымның бұзылыстары, алкоголмен және антипсихотикалық заттармен (нейролептиктермен) улану) ағзаның тұрақтылығын жоғарлатады.
Препарат мидың метаболизмін және бас миының қанайналымын жақсартады, қанның реологиялық қасиетін және микроциркуляцияны жақсартады, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді.
Гемолизді болдырмай қан жасушасының (эритроциттер мен тромбоциттер) мембранды құрлымын тұрақтандырады. Жалпы холестеринмен тығыздығы төмен липопротеидтердің мөлшерін төмендететін гиполипидемиялық әсерге ие. Жедел қабынуда эндогенді уыттылық пен ферментативті токсемияны төмендетеді. Мексидол қабынуға қарсы және бактерицидті, протеазаларды тешегіш әсері бар, лимфатикалық жүйенің дренажды қызметін, микроциркуляцины күшейтеді, репаративті-регенеративті процесстерді белсендіреді.
Қолдану көрсеткіші
• Жедел ми қанайналымдық бұзылыстар.• Дисциркуляторлы энцефалопатия – бас ми қантамырларының атеросклероздық зақымдалуы мен гипертониялық аурулар салдарынан болатын (декомпенсация, субкомпенсация фазасында, компенсация фазасында жоспарлы тұрақтандырушы терапия ретінде).
• Постгипоксикалық, дисметаболиттік және ең алдымен диабетті энцефалопатияларда.
• омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозынан болатын вертебробазилярлы жетіспеушілік.
Соңғы жылдары инсульттарды емдеуде қолданатын жаңа дәрілік заттарды дайындауда ағзаның ішкі өзіндік реттегіштерін қолдануға назар аударуда. Бұндай заттарға пептидті реттегіштер. Пептидтер негізгі ерекшелігі аз мөлшердегі жоғары әсерлігі, әсерінің жылдам пайда болуы және кері әсерлерінің болмауы.
Семакспрепараты мұрын тамшылары 1% ерітінді. Жедел инсультте қолданылады, әсерінің жылдамдығымен, айқын белсенділігімен, қолдануы қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
3.Қояншыққа (тырысқақ)қарсы.
Қояншыққа қарсы дәрілердің тырысудың алдын алу немесе азайту үшін қолданылады. Олардың әсерлік механизмі эпилептогендік аймақтың нейрондарының қозуын төмендетіп, патологиялық қозудың таралуына жол бермейді. Орталық жүйке жүйелері медиаторларының гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) арақатынасын өзгертеді.
Қояншық ұстамасының төрт түрі болады:
1. Үлкен қояншық – ұстамасы 10-12 минутқа созылады, есінен айырылып бетімен құлайды, тілін тістеп, денесі тырысып, аузынан көбік ағып жатады.
2. Кіші қояншық – ұстамасы 2-3 минут, есінен айырылып, құлап қалады.
3. Психомоторлы эквиваленттер (қояншығы), тек 30 секунт немесе 1 минут есінен айырылып, денесі құрысып тұрып қалады.
4. Миоклонус қояншығы, денедегі әртүрлі бұлшық еттер уақытша ғана құрысып-қысылып қалады.
Осы аталған ұстамалардың ішіндегі көрінектісі, қатерлісі және ұзаққа созылатыны - үлкен қояншық. Оны эпилетикалық статус деп атайды. Бұған жедел көмек қажет. Қан тамырға сибазон, клоназепам егу жақсы нәтиже береді. Ингаляциялық наркоздық дәрі - азот тотығы және т.б. қолдануға болады
Ұзаққа созылатын үлкен қояншыққа қолданылатын дәрілер: дифенин (Dipheninum) және гексамидинді (Hexamidinum) фенофарбиталмен (Phenobarbitalum) қосып беріледі, қазіргі кезде карбамазепин (Carbamazepine), натрий вальпроаты (Natrii valproas) және ламотриджин (Lamotrigine) пайданылады.
Кіші қояншыққа қолданылатын ең қажетті дәрілер: этосуксимид (Ethosuximidum), қосымша натрий вальпроаты және клоназепам (Clonazepame).
Психомоторлы эквивалент пен миоклонус қояншығына транквилизаторлар мен ұйықтататын дәрілер: диазепам, клоназепам және нитразепам қолданылады.
Дифенин (Фенитоин және т.б.) химиялық құрылысы бойынша барбитураттарға ұқсас, бірақ ұйықтатпайды, орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, маужыратпайды, тыныштандыру әсері жоқ. Негізі дифенин қояншыққа және аритмияға қарсы қолданылады. Бірақ жанама әсерлері де бар: бас айналу, жүрек айну, құсу, дірілдеу және т.б. өзгерістер болып тұрады. Бауыр және бүйрек аурулары, жүдеу және жүрек декомпенсациясы кезінде қолданбайды.
Дифениннің таблеткалық жалпы мөлшері 0,1 г-нан, оның ішінде дифениннің өзі 0,117 г және 0,032 г натрий гидрокарбонаты. Бірінші рет бастағанда жарты түймедақтан, содан соң 1 түймедақтан күніне 2-3 реттен тағайындайды. Ең көп тәулік мөлшері 8 түймедақ.
Rp.: Diphenini 0,117
D.t.d. № 30 in tab.
S. 1түймедақтан күніне 3 рет тамақтан кейін.
#
Гексамидин (Мисолин, Примидон және т.б.) фенобарбиталға өте ұқсас келеді, қояншыққа әсері күшті, бірақ қатерлігі жоғары, сондықтан да қазіргі кезде жеке түрде көп қолданбайды. Көбінесе анемияға және лейкопенияға әкелуі мүмкін. Сондықтан оны бауыр, бүйрек, қан түзу жүйесінің ауруларында қолданбайды. Түймедақ түрінде мөлшері 0,125 және 0,25 г пайданылады.
Фенобарбитал(люминал және т.б.) ұйықтатын дәрі ретінде саналып келді, ал қазіргі кезде оны қояншыққа қарсы бірінші қолдана бастайды. Мөлшерін 0,01 г біраздан кейін көтере келе 0,2 г-ға дейін күніне 2-3 реттен дене тырысулары жоғалғанша тағайындап, содан соң мөлшерін төмендету керек. Қосымша басқа дәрілерді пайдаланып отырады.
Карбамазепин (Зептол, Карбапин, Карзопин, Мазепин, Тегретол, Тимонил, Финлепсин және т.б.) антидепресанттарға (имипрамин) ұқсайды, тырысуға қарсы өте күшті, басқа дәрілермен бірге көп уақытқа дейін беріледі. Басқа дәрілермен салыстырғанда жанама әсерлері аз байқалады.
Карбамазепиннің мөлшері 0,1 және 0,2 г-нан түймедақ түрінде шығарылады. Алғашқы емдеу мөлшері 0,1 г-нан күніне 2-3 реттен, ал әрі қарай мөлшерін 0,4 г-нан 1,2 г-ға дейін көтеру керек. Балаларға арналған мөлшері 20 мг/кг.
Rp.: Carbamazepini 0,1 (0.2)
D.t.d. № 50 (100) in tab. .
S. 1-2 таб күніне 2-3 рет.
#
Натрий вальпроаты(Апилепсин, Ацедипрол, Депакин, Дипромал, Конвулекс, Конвульсофин, Орфирил, Энкорат және т.б.) әсері кең, бүкіл (әртүрлі) қояншыққа және тырысқаққа қарсы қолданылады. Қояншыққа пайданылатын басқа дәрілердің әсерін күшейтіп отырады. Аздап байқалатын жанама әсері соңынан кетеді. Бауырдың және ұйқы бездің қызметі бұзылғанда, қанталау диатезінде қолданбайды.
Вальпроаттың мөлшері – таблеткасы 0,3 г және 5% сироп 100 мл ішуге балаларға арналған. Бірінші мөлшері бастауыш 0,3 - 0,6 г-нан, ары қарай көтере келе 1 г -1,5 г ақырғысы 3 г-ға дейін тәулігіне беріледі. Балаларға арналған мөлшері 15 мг/кг басталады, ары қарай 20 кейде ең үлкен мөлшері 50 мг/кг, одан асыруға болмайды (5% сираптың 1 мл-де 50 мг тең)
Rp.: Natrii Valproatis 0,3
D.t.d. № 30 in tab.
S. 1 түймедақтан күніне 2-3 рет.
#
Ламотриджин (Ламиктал, Ламитор және т.б.) жаңадан шыққан дәрі, көбінесе кіші қояншыққа қолданылады, бірақ үлкен қояншыққа да беруге болады, тек басқа дәрілермен бірге пайдаланған дұрыс. Жалпы жанама әсерлері бар: аллергиялық өзгерістер, бас айналу, ұйқышылдық және т.б. Жүкті әйелдерге және 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Ламотриджиннің ішуге арналған және шайнайтын түймедағы болады, мөлшерлері бірдей - 0,025; 0,05 және 0,1 г. Тәулігіне 1 реттен 0,025 г-нан екі аптаға, содан соң мөлшерін ұлғайту керек - 0,05 г-нан тағы екі аптаға, кейін 0,1 г-нан 0,2 г-ға, кейде 0,5 г-ға дейін емдеу әсері ұзаққа созылады. Балаларға 0,2 мг/кг-нан 0,5 мг/кг-ға дейін тағайындалады.
Rp.: Lamotrigini 0,025 (0,05; 0,1)
D.t.d. № 10, 100 in tab.
S. 2-3 рет тамақпен бірге 1 таб.
#
Этосуксимид (Суксилеп және т.б.) кіші қояншыққа қарсы және ауырсыну мен бұлшық етті босаңсыту үшін қолданылады. Емдік әсері көбінесе кіші қояншыққа және миоклонусты ұстамаға қарсы арналған.
Бұның мөлшері 0,25 г капсуласы. Бірінші аптада 0,25 г-нан, содан соң мөлшерді 1 г-нан 2 г-ға дейін көбейтеді. Балаларға 10-15 мг/кг 6 жасқа дейін, ал одан есейген балаларға тәулігіне 0,25 г беріледі.
Этосуксимидті пайдаланған кезде жанама әсерлері көріне бастайды: маужырау, ұйқысы келу, бас ауру, асқазанның бұзылысы, аллергиялық өзгерістер. Бауыр және бүйрек жетіспеушілігі кезінде, бала емізетін және жүкті әйелдерге беруге болмайды.
Rp.: Ethosuximidi 0,25
D.t.d. № 120 in caps
S. 1 таб күніне 2 рет.
#
Клоназепам (Антелепсин, Клонотрид, Ривотрил және т.б.) нитрозепамға ұқсас - тыныштандыру, бұлшық етті босаңсыту, қорқынышты басу, ұйықтату және тырысуды басу әсері бар. Бұны қолданғанда жүріс-тұрысы, ой-пікірінің бұзылуы, бұлшық еттің босауы, қан түзілуінің төмендеуі және аллергиялық өзгерістер болады. Бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, миастения (бұлшық еттің босаңсуы) кезінде, бала емізетін және жүкті әйелдерге қолданбайды.
Клоназепамның мөлшері 0,00025; 0,0005; 0,001 және 0,002 г түймедақ түрінде; 0,25% ерітіндісі тамшы түрінде ішуге арналған; 0,05% ерітіндісін ампуласы 1 мл-ден егуге пайдаланады. Емдеу мөлшерін жатарда тәулігіне 0,0005-0,001 г-нан бастайды. Алғашқы 4 күн қатарынан қабылдап, содан соң мөлшерін өсіреді 6 мг-ға дейін, ең көп мөлшері 20 мг-ға дейін өсіреді. Балаларға арналған мөлшері жасына қарай: 6 жасқа дейін 0,0005-0,001 г-нан тәулігіне, 6 жастан 12 жасқа дейін 3-6 мг тәулігіне беріледі.
Rp.: Clonazepami 0,00025
D.t.d. № 10 in tab.
S. 1 түймедақтан күніне 2 рет.
#
Тапсырма.
1.Рецепт жазуға арналған дәрілер:
– Фенобарбитал – (ерітін. 0,2% - 200 мл тамшы, таб. 0,05 №10),
- Карбамазепин (таб. 0,02 № 20),
- Милдронат (капс. 0,25 №10, ерітін. 10% - 5 мл амп.),
- Викасол (ерітін. 1% - 1 мл амп.),
- Этамзилат (таб. 0,25 №50, ерітін. 12,5% - 2 мл амп.),
- Церебролизин (ерітін. 5% - 1 мл амп.),
- Пиридитол (таб. 0,01 №20),
- Актовегин (ерітін. 10% - 2 мл №10),
- Ницерголин (таб. 0,01 №30, фл. 0,004 №4),
- Мидокалм (таб. 0,05 №30, ерітін. 10% - 1 мл амп.)
2. Топшалар – Гексамидин, Кдоназепам, Дифенин, Ламотриджин, Аскорутин, Дицинон (Этамзилат), Вобэнзим,Винпоцетин, Кавинтон, Семакс, Цитиколин, Пентоксифиллин, Дигидроэрготоксина метансульфонат.
3. Анықтама – а) Церебролизин, Ламотриджин, Вобэнзим, Ницерголин, Этамзилат, Цитиколин.