Аускультацияда

Екі өкпенің симметриялы бөлімдерінде везикулярлы тыныс естіледі, патологиялық сырылдар жоқ.

 

Жүрек – қантамыр жүйесі

 

Визуальды қарағанда мойын тамырлары, көк тамырлар мен күре тамырларда ешқандай өзгеріс жоқ. Жүрек аймағын қарағанда жүрек дөңесі байқалмайды. Патологиялық пульсациялар байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісі көзге көрінбейді. Білезік артериясында пульсі симметриялы, жиілігі минутына 90 рет, ритмі дұрыс, толыққанды, күші тұрақты, көлемі орташа.

Артериялық қан қысымы:оң қолда – 100/50 мм. сб. б. Сол қолда – 100/50 мм. сб. б

 

Пальпация:Жүрек ұшы түрткісі V қабырға аралықта мediaclavicularis – тен 0,5 см сыртқа қарай орналасқан. Жүрек ұшы түрткісі күші қатты, биіктігі жоғары, серпімді. Эпигастральді аймақта пульсация жоқ.

Перкуссия:

 

1 Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы

Шекарасы Орналасуы
Оң жақ IV қабырға аралықта l. sternalis dextra – ның бойында орналасқан.
Жоғарғы жақ l. parasternalis sinistra бойымен III қабырға аралықта орналасқан
Сол жақ l. mediaclavicularis sinistra бойынан 0,5см сыртқа қарай орналасқан V қабырға аралықта

 

2 Жүректің абсолютті шекарасы

Шекарасы Орналасуы
Оң жақ l. sternalis sinistra бойымен IV қабырға аралықта орналасқан
Жоғарғы жақ l. parasternalis sinistra бойымен IV қабырғаарлықта орналасқан
Сол жақ l. mediaclavicularis sinistra бойымен V қабырғааралықта орналасқан.

 

3 Тамыр шоғырының шекарасы

Оң жақ l. sternalis sinistra бойымен IІқабырға аралықта орналасқан
Сол жақ l. sternalis dextra бойымен II қабырға аралықта орналасқын
Жалпы ені 7 см

 

Аускультацияда: жүрек ұшында 1-ші тон күшейген. Барлық тыңдау нүктелерінде жүрек тондары анық, ырғақты; патологиялық шулар естілмейді. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 90 рет. Артериялық қысымы екі қолда бірдей 100/50 мм.сын.бағ.

Ас қорыту жүйесі

Жалпы қарағанда: жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Ауыз қуысын қарағанда ауыздың шырышты қабаты ылғалды, ақшыл қызыл түсті, таза.. Тілінің беті ақ жабынмен жабылған.Ішін қарағанда қалыпты формалы, симметриялы, тыныс алу актіне біркелкі қатысады. Тыртықтар байқалмайды. Іштің көк тамырлары ұлғаймаған.

Пальпация:

Беткей пальпацияда іш терісі құрғақ, ауырсынусыз, жұмсақ. Құрсақ қабырғасында жыланкөздік шығыңқылар анықталмайды, іштің тік бұлшық еттері ажырамаған. Ортнер, Мюсси, Кера және френикус симптомдары, бұрғылау симптомы теріс, Шоффар, Губергриц-Скульского зоналарында және Дежарден, Губергриц нүктелерін пальпациялағанда ауырсыну байқалмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.

 

Терең сырғымалы пальпацияда (Образцов – Стражеско – Василенко бойынша):

Ішектер Сипаттамасы
Сигма тәрізді ішек ауырсынусыз, беті тегіс, эластикалы консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ұзындығы 2,5см , жылжымалылығы 3 – 4 см, шұрылдамайды
Соқыр ішек ауырсынусыз, беті тегіс, тығыздау консистенциялы, түбі дөңгеленген цилиндр тәрізді, диаметрі 3 см, ұзындығы 9 см, жылжымалылығы 2 – 3 см, шұрылдайды
Мықын ішек және құрт тәрізді өсінді мықын ішек ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі см, қозғалмалы, шұрылдайды;  
Өрмелі тоқ ішек ауырсынусыз, беті тегіс, жұмсақ, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды
Төмендеген тоқ ішек ауырсынусыз, беті тегіс, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды
Көлденең тоқ ішек ауырсынусыз, жұмсақ, орташа тығыз консистенциялы, көлденең орналас- қан, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалмалы, шұрылдамайды. Кіндіктен 1 см жоғарырақ анықталады.  
Асқазан және қалтқы асқазан кіндіктен 2 – 3 см жоғары пальпацияланады, білік тәрізді; қалытқы кіндіктен 3 – 4 см жоғары оң жақ тік бұлшықеттің жанында пальпацияланады, жиырылған цилиндр тәрізді, сипағанда шұрылдайды

Перкуссияда: іштің барлық бетінде әр түрлі дәрежедегі тимпаникалық дыбыстар естіледі.

Аускультацияда: іштің барлық бетінде ішектік перистальтика шулары естіледі.

Бауыр, өт қабы және көкбауыр пальпациясы: бауыры қабырға доғасы бойымен, шеті эластикалы, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз; өт қабы пальпацияланбайды; көкбауыры пальпацияланбайды.

Курлов бойынша бауыр перкуссиясы:

l. mediaclavicularis dextra 10 см
l. mediana anterior 9 см
Сол жақ қабырға доғасы 8 см

Курлов бойынша көкбауыр перкуссиясы:

Ені: 4 см

Ұзындығы: 6 см

Зәр шығару жүйесі

Қарағанда бел аймағы мен терісінде және қасаға үстінде ісіну, қызару байқалмайды.

Бүйрек бимануальды горизонтальды және вертикальды пальпациялағанда анықталмайды және ауырсынусыз. Соққылау симптомы екі жағында да «теріс» мәнді.

Аускультацияда: бүйрек тамырларының соғысы және патологиялық шулар естілмейді.

Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Нерв және эндокринді бездер жүйесі

Науқастың есі анық, дегенмен айқын анемиялық синдромға байланысты сұрақтарға жауап беруі қиын. Көңіл-күйі әлсіздікке және айқын анемиялық синдромдарға байланысты бұзылған. Психикалық және жыныстық дамуы жасына сай, дәм сезу, иіс сезу, есту сезімталдығы қалыпты. Көру және есте сақтау қабілеті қалыпты. Аяқ-қолдарының сезімталдығы (ауырсыну, температура) сақталған.

Қалқанша безі үлкеймеген, қалыпты формалы, консистенциясы жұмсақ – эластикалы. Басқа эндокриндік бездер жағынан да өзгеріс байқалмайды.

Науқаста анықталған синдромдар және симптомдар

 

Синдром дар Симптомдар
Айқын анемиялық Жалпы әлсіздік, басының айналуы, терісінің бозғылттығы, ұзақ физикалық жүктемені көтере алмаушылық.
Геморрагия лық   Геморрагиялық сипатты ұсақ нүктелі қан құйылулар.    

Графикалық кескінАнемиялық синдром бойынша: Гемоглобин -pub-1201569435861782" data-ad-slot="9319239531">