Status praesens

 

Науқастың жалпы жағдайы анемиялық синдромның өршуіне байланысты ауыр дәрежеде, есі анық, сұрақтарға жауап беруі айқын анемиялық синдромға байланысты қиын,анамнез жинауға мүмкіндік болған жоқ.

Төсектегі қалпы: белсенді.

Дене бітімі: дұрыс, қалыпты. Конституциясы: нормостеник. Салмағы 52 кг, бойы 150 см. Дене массасының индексі .

Тері жабындысы: физиологиялық түсте, таза, құрғақ. Аяқ-қолдарында және мойын аймағында геморрагиялық сипатты ұсақ нүктелі қан құйылулар байқалады. Аяғында және бел аймағында көгеру элементтері анықталады(терілік гемахоматоз). Арқасында петихиялар байқалады.

Шырышты қабаттары: ауыз қуысы ылғалды, көзінің шырышты қабаты қалыпты.

Тері асты шел май қабаты: қалыпты.

Шеткері лимфа түйіндері: ұлғаймаған, ауырсынусыз, жан-жағындағы тіндермен жабыспаған.

Бұлшықет жүйесі: аяқ-қол бұлшықеттері қалыпты дамыған. Пальпациялағанда аурсынбайды. Білекте, сирақтарда, бөкседе бұлшықет күші, тонусы симметриялы аздап төмендеген. Діріл жоқ.

Сүйектерде деформация мен қисаю жоқ, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буындарда деформация мен дефигурация, буын үстінде терісінің өзгерістері жоқ. Буын қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген.

Омыртқа жотасы қисаймаған.

Бас формасы: қалыпты; ауыз, мұрын, құлақта ақаулары жоқ. Көзінің көру қабілеті қалыпты.

Тыныс алу жүйесі

Қарағанда кеуде қуысының пішіні нормостениялы. Тыныс алуы еркін, мұрын арқылы. Мұрын қуысында ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Тыныс алуға кеуде қуысының екі жағы да бірдей қатысады. Тыныс алу жиілігі минутына 20 рет.

 

Пальпацияда:

Кеудесі серпімді, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі симметриялы, өзгермеген, кеуде қуысының барлық аймағында бірдей күште сезіледі. Тыныс алу актісіне екі өкпе бірдей қатысады. Пальпация кезінде ауырсыну білінбейді.

Салыстырмалы перкуссияда:

Екі өкпенің симметриялы бөлімдерінде ашық өкпелік дыбыс естіледі. Перкуторлы дыбыстың ошақты өзгерулері кездеспейді.

Топографиялық перкуссияда:

 

1 Өкпенің жоғарғы ұшы

  Оң жақ Сол жақ
Алдыңғы жағы Бұғанадан 3,5 см жоғары Бұғанадан 3 см жоғары
Артқы жағы VII мойын омыртқасының қырлы өсіндісі VII мойын омыртқасының қырлы өсіндісі
Кренинг алаңы 5 см 5,5 см

 

2 Өкпенің төменгі ұшы

Топографилық сызықтар Оң қақ өкпе Сол жақ өкпе
L.parasternalis V қ/а -
L.mediaclavicularis VI қ/а -
L.axilaris anterior VII қ/а VII қ
L. axilaris media VIII қ VIII қ
L. axilaris posterior IX қ IX қ
L.scapularis X қ X қ
L.paravertebralis XI кеуде омыртқасы өсіндісі деңгейінде XI кеуде омыртқасы өсіндісі деңгейінде

3.Өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы :

 

Топографиялық сызықтар Оң жақ Сол жақ
Дем алу Дем шығару Жалпы Дем алу Дем шығару Жалпы
l. mediaclavicularis __ __ __
l. axillaris media  
l. scapularis