Дара экологиясы – аутэкология.

Бір түрге жататын дараның қоршаған ортамен немесе тіршілік иелерімен қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір саласы аутэкология деп аталады.

8. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі

Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейі

Тірі материяның иерархиялық ұйымдасуы, оны шартты түрде келесі деңгейлерге жіктеуге мүмкіндік туғызады.

Келесі деңгейлерді бөліп қарастырады:

1.Молекулалық(мол.-генетикалық). Бұл деңгейде тіршіліктің келесі процестері жүреді: зат алмасу, энергияның ауысуы, тұқымдық ақпараттың берілуі.

2.Жасушалық. Жасуша тіршіліктің элементарлы, құрылымдық және функционалды бірлігі болып табылады.Бұл деңгейде тіршілікке тән барлық процестер байқалады: өсу, қоректену, көбею, даму.

3.Ұлпалық. Ұлпа – құрылымы ұқсас, шығу тегі бір жасушалар және жасушаралық заттар жиыны. Ол жасушалар тобы белгілі бір қызмет атқаруға негізделген.

4.Мүшелік.Мүше- көпжасушалы ағзаның бөлігі болып табылады. Ол белгілі бір қызмет немесе қызметтер атқарады. Мысалы, көру, есту, ас қорыту және т.б.

5.Ағзалық. Ағза тіршіліктің барлық қасиеттерін сипаттайтын өмірдің негізгі таратушысы «қорабы». Қазіргі таңда бірыңғай «онтогенетикалық» деңгейді бөліп қарастырады. Ол келесі деңгейлерді құрамына біріктіреді:жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық.

6.Популяционды - түрлік. Популяция – бір түрге жататын, жекеленген генетикалық жүйе құрайтын бірыңғай абиотикалық факторлары бар кеңістікте тіршілік ететін даралар жиынтығы.

Түр - популяцияның, дараның жиыны, олар өзара шағылысып, дүниеге өсімтал ұрпақ береді және географиялық кеңістіктің белгілі бір аумағын иеленеді (ареал).

7.Биоценотикалық. Биоценоз – белгілі бір территорияда тіршілік ететін әр қилы ұйымдасу деңгейлері бар әр түрге жататын даралар, популяциялар жиынтығы. Егер, осы ретте тіршілік ортасының абиотикалық жағдайы ескерілсе, онда ол биогеоценоз болып табылады.

8.Биосфералық. Биосфера – Жер қабаты, оның құрылымы және қасиеттері тірі ағзаның өткендегі немесе қазіргі таңдағы тіршілік әрекетімен сипатталады. Бұл ретте атап өтетін жайт, тірі ағзаның биосфералық деңгейін бөліп алып қарастырмайды, себебі, ол биокостты жүйе болып табылады. Яғни құрамына тірі және өлі компоненттер кіреді

9. Ағза және оның тіршілік ету жағдайлары. Тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

Тіршілік ортасы – тірі затты қоршап, онымен жанама немесе тура байланыста болатын табиғаттың өлі және тірі компоненттерінің нақты жағдайлар жиынын атайды.

Жер планетасындағы тірі ағзалар эволюция барысында 4 тіршілік орталарын игерген. Олар:

v Су ортасы;

v Құрлық-ауа;

v Топырақ;

v Тірі ағза.

Су ортасы. Бұл ортада алғаш тіршілік пайда болды. Гидросфера Жер шарының 71%-ын алып жатыр. Су ортасында жануарлардың 150 000 түрі (жер шарындағы жалпы жануарлар түрінің 7%.) және 10 000 (8%) өсімдік түрі кездеседі.

Су ортасының қасиеттері:

v Жоғары тығыздық;

v Қысымның әр алуан ауытқушылықтары;

v Оттегінің салыстырмалы аз мөлшері;

v Күн сәулелерін жақсы сіңіруі;

v Тұзды режимінің бар боллуы;

v Горизонтальды ағыстарының жылдамдығы;

v Қалқымалы заттардың құрамы және сапасы және т.б.

Құрлық-ауа ортасы. Құрлық-ауа ортасында тіршілік ететін жануарлар газтәрізді орта –ауамен қоршалған. Осы ортадағы жануарларды аэробионттар деп атайды, олар қатты субстрат үстінде (топырақ) жүреді нмесе сонда бекіп өседі.

Құрлық – ауа ортасының қасиеттері:

v Жарықтың жоғары интенсивтілігі;

v Температураның үлкен ауытқұлары;

v Географиялық жағдай, маусым, тәулікке байланысты ылғалдылықтың ауытқулары;

v Ауа массаларының қозғалуы – желдің болуы.

Топырақ. Топырақ – құрлықтың жұқа, борпылдақ, құнарлы беткі қабаты, ол ауа қабатымен жанасып жатады. Топырақ күрделі 3 фазалы жүйе болып табылады. Ондағы қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Топрықта көп ретте ұсақ микроорганизмдер мен бактериялар шоғырланған.

Топырақ ортасының қасиеттері:

v Температуралық ауытқулар әлдеқайда реттелген;

v Грунт сулары мен жауын-шашын сулары топырақтың ылғалдылығын қамтамысыз етеді;

v Топырақта органикалық және минералды заттар жинақталады;

v Тығыздығы ауа ортасымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Ағза ортасы. Бұл - түрлер арасындағы паразиттік немесе симбиозды қатынасты қарастыратын арнайы тіршілік ортасы болып келеді. Қазіргі таңда анықталған барлық көпжасушалы ағзалардың ішінде міндетті түрде өзге ағзалар тіршілік ететіндігі дәлелденген.

Ағзалардың қоршаған ортаға байланысты бейімделушілігінің 3 типі:

Морфологиялық бейімделу – иесінің морфологиялық-құрылымдық ерекшеліктеріне негізделіп, ағзалар өзінің құрылымын өзгертеді;

Физиологиялық бейімделу - әрбір мүшелердің функциясын алмастыруы;

Этологиялық бейімделу – жүріс- тұрысының фомаларын өзгерту.

10. Экологиялық факторлар, олардың сипаттамсы, жіктелуі

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары, классификациясы:

Абиотикалық:

• климаттық (жарық, ылғал, қысым, температура, ауа қозғалысы)

• Эдафикалық ( топырақтың құрамы, ылғал және жылу сыйымдылығы, тығыздығы, ауа өткізгіштігі)

• Орографиялық (рельеф, теңіз деңгейінен биіктігі, жартастың экспозициясы)

• Химиялық (ауаның газдық құрамы, судық тұздылығы, қышқылдық.)

Биотикалық:

• фитогенді (өсімдіктер)

• зоогенді (жануарлар)

• микробиогенді (вирустар, бактериялар)

• антропогенді (адамның іс-әрекеті).

11. Антропогендік факторлардың арнайылылық әсері. Шелфордтың толеранттылық заңы.

Толеранттылық диапазоны.

Антропогендік факторлар-адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы.

Антропогенді факторлардың өзіндік ерекшеліктері:

Табиғат пен қоғам арасында күрделі қарым-қатынас (зат пен энергия алмасу) қалыптасқан. Адамның іс-әрекеті өзіне қолайлы тіршілік жасауға бағытталғанмен, табиғат заңдылықтарын ескермей тірлік ету, өз өміріне қауіп төндіреді.

Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық диапазоны.

Ортаның ағазға деген жалпы кешенді әсерінде, сол ағзаға ерекше қатты әсер ететін, тіршілігін тоқтатуға бағытталған факторлар бөлініп шығады. Бұл заңдылықты алғаш рет В.Шелфорд (1913ж.) ашқан. Ағзаның тіршілігне қатер төндіруші экологиялық фактордың минимум көрсеткіші мен максимум көрсеткіші де болуы мүмкін. Ал ортасындағы диапазон ағзаның осы факторға деген төзімділігін (толеранттылығын) айқындайды.

12. Стенобионтты және эврибионтты ағзалар.

Егер ағзаға әсер ететін фактордың шектері неғұрлым кең болса және сол шектер араларында ағза тіршілік ете алса, онда сол түрдің экологиялық иімділігі және төзімділік шегі соғұрлым жоғары болып келеді. Толеранттылық шегі кең ағзалар төзімді болып, оларды эврибионтты ағзалар деп атайды.

Жағымды факторлардың бір көрсеткіші минимумға немесе максимумға ауытқыса, онда белгілі бір түрлер сол ареалдан ауысып кетуге тырысады немесе өлімге ұшырайды. Осындай ағзаларды стенобионтты деп атайды. Олардың экологиялық иімділігі мен толеранттылық диапазоны өте төмен болып келеді.

13. Ағзалардың тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы.

Абиотикалық факторлар-бұл тірі ағзағаәсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі ( температура, қысым, ылғалдылық).

Абиотикалық:

• климаттық (жарық, ылғал, қысым, температура, ауа қозғалысы)

• Эдафикалық ( топырақтың құрамы, ылғал және жылу сыйымдылығы, тығыздығы, ауа өткізгіштігі)

• Орографиялық (рельеф, теңіз деңгейінен биіктігі, жартастың экспозициясы)

• Химиялық (ауаның газдық құрамы, судық тұздылығы, қышқылдық.)

14. Ортаның экологиялық сыйымдылығы.