Инесіз инъекция жасау.

Инесіз инъекторды қолданғанда анестетик кілегей қабықтан өтіп барып сүйек қабығына сіңеді. Сүйектен өте алмаса да ерітінді оның майда тесіктері арқылы қан тамыры нервтер өрімдеріне жетеді.

Инені инъекция қажеттілігі инфильтрациялы анестезияның инемен шприцті қолданғандағыдай:

1. Үстіңгі жақтың тістері мен төменгі жақтың бір түбірлі тістерін жұлу; 2. Альвеола өсіндісі мен жақ сүйектеріндегі операциялар (цистотомия, цистэктомия, түбір ұшын кесу); 3. Периостотомия ; 4. Қатарсіз ісіктерді алу; 5. Жараны алғаш хирургиялық емдеу: 6. Альвеолитте ұяны кюретаждау.

Жұмсақ тінде, тіс пен альвеола өсіндісінде 5 /5 тістер аралығында ғана толық анестезияланады. Азу тістері үшін қосымша анестезия қажет. Ол үшін инъектормен анестезия жасалатын жерді жансыздандырып, мандибуляр анестезиясын жасайды, ұрт нервісі инесіз инъектормен жансызданады.

Жалпы ереже. Инъектор ұшын кілегей қабыққа тигізіп перендикуляр ұстайды. Шамамен тіс түбірінің тұсына 0,2 мл-дей, 1-2 мл/г инъекция ауыз кіреберісінен, одан соң 1-2 инъекция таңдай немесе тіл жағынан жасалады. Іс-қимылды бірден бастай беруге болады.

Өткізгіш анестезиялар

Инфильтрациялы анестезиядан өткізгіш анестезияның бірнеше артықшылықтары бар (С.Н. Вайсблат). Олар:

1. Инені бір шаншығанның өзінде –ақ аумақты анестезиялайды.

2. Жұмсалатын анестетик мөлшері аз.

3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды.

4. Қабынған сүйек қабығынан инфильтрациялы анестезия жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш анестезиясында бұл кемшіліктер жоқ.

5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық анестезияға мүмкіндік туады.

6. Бірнеше тісті қатарынан жұлуға болады.

7. Төменгі жақтың азу тістерін жұлуға ыңғайлы.

8. Анестезия ұзақ уақыт әсерін сақтайды.

9. Жақ сүйектеріне операция жасауға болады.

10. Тістің ұлпасы мен қатты тіндерін жақсы анестезиялайды.

11. Операция жасалатын тіннің топографиясы өзгермейді, себебі анестетик ол жерден аулақ жерге енгізіледі.

12. Жақ қарысып қалғанда өткізгіш анестезияны қолдану тиімді.

13. Егде жастағы адамдарға қолдануға болады

14. Ауыз рефлекстерінің төмендеуі хирургке операция жасауға қолайлы жағдай туғызады.

15. Сілекей бөлігі азаяды.

16. Қан тамырларының нервтері де анестезияланғандықтан, операция кезінде қан ағуы азаяды.

Жоғарғы жақтың өткізгіш анестезиясы. Түбір анестезиясы.Нысана үстіңгі жақтың төмпешігі. Онда үстіңгі тістер өрімінің артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 8 7 6/6 7 8 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктерге дейін 2,0-2,5 см-дей.

Ішкі тәсіл –ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт-альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине үстіңгі жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10-12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының нервісі анестезияланады. (4 сурет)

4 – сурет. Туберальды жансыздандыру.

 

Анестезия аумағы. Үш азу мен оның тұсындағы альвеолды өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, үстіңгі жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы.

Сыртқы тәсіл – науқастың басын қарсы жаққа бұрып сол қолмен шықшыт-альвеола қырын белгілейміз. Оң жақтан ине шаншығанда сол қолдың сұқ саусағы мен бас бармақты жоғарыдан төмен ұстаймыз. Мұнда сұқ саусақ қырдың иілген жеріне тіреледі. Бет сүйегі мен шықшыт – альвеола қыры арасында үлкен бұрыш пайда болады. Жұмсақ тіндер саусақпен сүйекке қарай сығылады. Инені аталған бұрышқа шаншып, ерітінді жібере отырып жоғары, ішке, артқа қарай 2,0-2,5 –дей тереңдікке бойлатады.

Сол жақтан ине шаншығанда бас бармақ шықшыт-альвеола қырының алдында, ал сұқ саусақ шықшыт-альвеола бұрышы мен қырдың арт жағын ұстайды.

Инфраорбиталық (көзасты) анестезиясы (5 а,б – сурет). Нысана - көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген көлденең сызық пен 2-ші үстіңгі кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы үстіңгі жақ пен бет сүйегінің бірігуінен пайда болған бұдырдан 0,5-0,75 см төмен алады. Өзек алға, ішке төмен қарай бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді.

5-сурет. Көз асты жансыздандыру.

А) ауыз қуысы сыртынан; б) ауыз қуысы ішінен.

Ішкі тәсіл –көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғары ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне бағытталған инені сүйекке тигенге дейін бойлатып, біраз анестетик жібереді. Енді инені әрі қарай жылжытқанда ауырмайтын болады. Ине сұқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады.

return false">ссылка скрыта

Орта, алдыңғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады.

Сыртқы тәсіл – үстіңгі күрек тістердің тұсындағы альвеола өсіндісінде қабыну процессі болса, сыртқы тәсілді қолдануға болады. Сұқ саусақпен көзасты тесігін белгілеп ұстап жіңішке инені сол жерден 0,5 см-дей төмен және ішке таман теріге шаншиды. Ине жоғары, арт, сырт бағытта болып, көзасты тесігіне барып кіреді.

Анестезия аумағы – жоғарғы алдыңғы альвеола нервтері мен көзасты нервісінің соңғы бұталарына дейін, күрек сүйір тістер, альвеолды өсінді мен кілегей қабықтың босаға тұсы, төменгі қабақ пен үстіңгі жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін. Анестетик тереңдеп сіңіп кеткен жағдайда орта альвеоляр өрімге де әсер етіп кіші шайнау тістері мен оны қоршаған тін де жансызданады.

Таңдай анестезиясы (6-сурет).

 

Нысана – таңдайдың үлкен тесігі, ол альвеола өсіндісінің ішкі жағына үшінші азудың тұсында, егер үшінші азу әлі шықпаған болса, екінші азудың артына таман ішке қарай орналасады.

Тіс жоқта басқа белгілер есепке алынады. Тесік А сызығынан (қатты таңдайдың шетінен) 0,5 см-дей алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың орта сызығының ортасында белгілейді.

Жалпы ереже. Инені ауызды мүмкіндігінше қаттырақ ашып тесік тұсынан 1 см-дей алға, ішке қарай шамалап шаншиды. Ине жоғары, артқа және сыртқа қарай бағытталады да сүйекке дейін енеді. 0,5 мл-дей анестетик жіберіледі. Анестезия 3-5 мин кейін білінеді.

Анестезия аумағы. Қатты таңдайдың артқы 2/3 бөлігінің кілегей қабығы сүйір, тістің тұсына дейін, аздап жұмсақ таңдай жансызданады.

Күрек тіс анестезиясынысана – күрек тіс тесігі. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасындағы қызыл иек шетінен 7-8 мм-дей қашықтықта орналасқан. Тесіктің сәл алдыңғы жағында күрек тіс бүртігі бар.

Ішкі тәсіл.Ауызды керек ашып инені күрек тіс бүртігіне немесе оның бір шетін ала шаншиды да сүйекке жеткенге дейін ендіреді. 0,25-0,5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 мин уақыт күтеді.

Анестезия аумағы. Сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы таңдайдың кілегей қабығы.

Инені өзекке 0,5-0,75 см-дей ендіріп дәрі жібергенде анестезия толығырақ болады, себеі, мұнда анестетик анестомозға да әсер етеді. Күрек тіс бүртігіне ине шаншудан бұрын 2-3% дикаин ерітіндісін жағамыз.

Сыртқы (мұрын іші) тәсіл.Мұрын төменгі қуысы мен мұрын пердесі түбіне инемен анестетики жіберіледі немесе 2-3% дикаинмен суланған тампон қойылады.

Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибулярлы (төменгі жақ) анестезиясы. (7 сурет).

7 – сурет. Мандибулярлық жансыздандыру

(А.Е. Верлоцкий бойынша саусақсыз).

Нысана – төменгі жақ тесігі. Ол төменгі жақ бұтасының ішкі жағында орналасып, алдыңғы ішкі жағынан кішкене томпақ – төменгі жақтың тілшесімен қалқаланған. Орташа алғанда тесік жақ бұтағының алдыңғы шетінен 15 мм, артқы шетінен 13 мм, төменгі жақ ойығынан 22 мм, төменгі жақтың астыңғы қырынан 27 мм қашықтықта орналасқан. Томпақ иненің тесікке жетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан дәрі тесіктен жоғары жіберіледі. Нервтің тесікке жетпей сүйек науасында жатуы анестетикті тесіктен 0,75-1 см-дей биігірек жерге енгізудің сәті болатынын дәлелдейді. Бұл жерде орналасқан борпылдақ тін ерітіндіні өзіне жақсы сіңіреді. Ақыл тістің артқы жағында төменгі азу тіс артында үлкен және кіші ұшбұрыштары жатады. Кіші ұшбұрыш самай қырының екіге бөлініп альвеола өсіндісінің ішкі және сыртқы жағына қарай жағаласуынан пайда болады. Самай қыры мен төменгі жақ бұтасының алдыңғы шетінің арасын ретромоляр шұңқыры немесе азуарты үшбұрышы деп атайды. Төменгі жақ бұрышының ішкі жағына қанат тәрізді ішкі бұлшықеттің сіңірі келіп бекиді. Аталған ет пен төменгі жақ тармағының ішкі жағының арасы қанат-төменгі жақ кеңістігі болып табылады. Кеңістік жоғары жағынан қанат тәрізді сыртқы бұлшықетпен қоршалған. Төменгі жақ тесігін табу үшін бұл кеңістікті жақсы білу керек. Нысананы дәл анықтауда қанат-жақ қатпарының маңңызы зор. Қатпар берік фасцияны қатпаған кілегей қабықтан құралып қанат тәрізді өскіннің ілмегі мен самай жотасының артқы шетін ала керіліп тұрады.

Төменгі жақ анестезиясын ішкі және сыртқы тәсілдермен жасауға болады.

Ішкі тәсіл.Ішкі тәсілдің саусақпен анықтау түрі. Науқас аузын кере ашады. Сұқ саусақпен төменгі жақ бұтасының алдыңғы қырын, одан кейін самай қырын анықтайды. Бұл екеуінің арасында ретромоляр үшбұрышы бар. Саусақ шұңқырға орналасып, оның ұшы самай жотасына бағытталады. Шприц қарсы жақтың кіші азу тістерінің тұсына кілегей қабыққа саусақ ұшына жақын, төменгі азу тістерінің шайнау бетінен 0,75-1,0 см-дей биіктікке шаншылады. Ине самай қырына тіреледі. Шамамен 0,75 см тереңдікке 0,5 мл анестетикті жібереді де шприцті анестезия жасайтын бетке қарай жылжытады. Әрі қарай самай жотасын иненің ұшымен айналып өтіп, сүйек бойымен сырғып тағы да 1,5-2,0 см бойлайды. Шприцтің бағыты бастапқы жағдайға жақындайды , ал ине төменгі жақ тесігінен жоғарғы жақ сүйек науасына тіреледі. Мұнда 1,5-2,0 мл-дей анестетик жіберіп 15-10 мин уақыт күтеді.

Анестезия аумағы. Төменгі жақ нервісі нервтендіретін аумақ түгел анестезияланады: барлық тістер, альвеола өсіндісі, төменгі жақ денесі, төменгі ерін, тері, иек, альвеола өсіндісін жабатын жұмсақ тіндер (кіші азу тістен 2-ші азу тіске дейінгі аралық, ауыз босағасының кілегей қабығының басқа, ұрт нервісімен нервтендіреді). Тіл нервісі де жансызданады; альвеола өсіндісінің ішкі жағының кілегей қабығы, ауыз түбі мен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі.

Күрек пен сүйір тістер қарсы беттен келген анестомоздары болғандықтан толық жансызданбауы мүмкін. Соны ескеріп, алдыңғы тістерді, 5,6,7 – ші тістерді жұлғанда қосымша инфильтрация жасау керек.

Ішкі тәсілдің саусақсыз (аподактил) түрін А.Е. Верлоцкий жете талдаған. Ауыз әдеттегідей қатты ашылады. Шприц ауыздың қарсы бұрышынды, инені қанат-жақ қатпарының сыртын ала үстіңгі және төменгі азулардың шайнау бетінің орта тұсынан 1,5-2,0 см тереңдікте сүйекке тіреп, анестетик жібереді. Егер иненің ұшы сүйекке тимесе оны біраз суырып, қарсы бетке көбірек бұрып сүйекке тигенше шаншу керек.

Қанат-жақ қатпары жалпақ болса инені оның орта тұсына, жіңішке болса қатпардың ішкі жағына шаншиды.

Торус анестезиясы (М.М. Весбрем бойынша).Нысана – төменгі жақ үстірті. Ол тәж және буын өсінділеріне жалғасқан қыраттарының қосылуынан пайда болып, төменгі жақ тармағының ішкі жағында төменгі жақ тесігінің аздап жоғары, алдыңғы тұсында орналасқан. Төменгі жақ үстірті тұсында сезу нервінің үшеуі де қатар өтеді. Олар: төменгі альвеола, тіл және ұрт нервтері. Үстірттегі борпылдақ тінге енгізілген анестетик үш нервті түгел жансыздандырады. Нысана көзі ретінде қанат-жақ қатпарының сыртқы бөлігі мен ұрттың кілегей қабығы арасында орналасқан ұрт сызаты есептеледі.

Жалпы ереже:ауызды керек ашып инені ұрт сызатының кілегей қабығына тік жоғарғы 3-ші ауыздың шайнау бетінен 0,5 см-дей төменірек шаншиды. Шприц пен инені көлденең бір деңгейде ұстап, сүйекке дейін енгізіп төменгі жақ үстіртіне жетіп, 1,25-1,5 мл анестетик жібереді. Ине шамамен 0,25-тен 1,5-2,0 см бойлайды, бұл әркімнің жеке анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Анестезия аумағы: мандибуляр анестезиясы мен ұрт анестезиясының қосындысы. Барлық тістер, альвеола өсіндісі, жақ денесі, альвеола өсіндісін жапқан кілегей қабық, төменгі ерін, иек, ауыз түбінің кілегей қабығы мен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі.

Мандибуляр анестезиясының сыртқы тәсілі (С.Н. Вайсблаттың жақасты жолы). Нысана – төменгі жақ тесігі. Инені төменгі жақтың төменгі қырының бұрышынан артқа қарай 1,5-2,0 см қашықтықта шаншиды. Сол жаққа анестезия жасаған сол қолдың бас бармағын төменгі жақтың артқы қырына басып ұстап, сұқ саусақ жақтың төменгі қырының сыртына, оның артқы қырынан 1,5-2,0 см жерде орналасады да саусақ ұшы ине шаншатын орынды меңзейді. (8 сурет)

8-сурет. С.В. Вайсблат бойынша траго-орбитальды сызық ортасынан ине шаншитын нүкте.

Оң жаққа инъекция жасағанда сол қолдың бас бармағы ине шаншатын жерді, сұқ саусақ иненің бағытын көрсетеді. Иненің жуандығы 0,8 мм-дей, ұзындығы 5 см-ден кем болмағаны жөн.

Инені теріге саусақтың алдынан жақтың бұрышының артқы шетінен 1,5-2,0 см-дей жерге шаншиды. Ине ұшы төменгі жақ тесігіне жеткенге дейін сипап жүруі керек. Жақтың тесігі мен төменгі қырының арасы 27 мм, бұған жақты орай орналасқан жұмсақ тін қалдығын қоса есептейміз. Жалпы алғанда инені жақ бұтасына параллель 35-40 мм-дей тереңдікте 4,0 мл анестетик жібереміз.

Анестезия аумағы: Төменгі жақ пен оны қоршаған тінді нервтерден үш нерв (төменгі альвеола, тіл және ұрт нервтері).

Берш-Дубов анестезиясы. Жақ қарысып қалғанда шайнау еттерін босаңсыту үшін Берше анестезиясын қолданамыз. Ол үшкіл нервтің үшінші тармағының қимыл талшықтарын жансыздандырады (шайнау, самайдың терең және қанат тәрізді нервтері) да науқастың аузында операция іс-қимылын жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы ереже.Бет сүйегі доғасының астына құлақ түйінінен 2 см алға қарай теріге перпендикуляр ине шаншып, оны жақ ойығымен 2,0-2,5 см-дей тереңдікке ендіріп 3-4 мл анестетик жібереміз. Дәрі осы арада өтетін төменгі жақ нервісінің қимыл тармақтарына әсер етеді. 10-15 мин соң еттер босаңсып, ауызды жайлап ашу мүмкін болады.

В.М. Уваров инені 4,5 см-ге дейін терең ендіріп, сопақ тесіктен шығатын төменгі жақ нервісін түгелімен жансыздандыру жолын ұсынды.

Иек анестезиясы.Нысана – иек тесігі. Тесік жақ денесінің орта тұсында 1-2 кіші азу тіс түбірлерінің астында орналасады (балаларла сәл алға қарай орналасқан). Тістер жоқ болса тесікті анықтау жолы мынандай: жақтың орта сызығы мен шайнау етінің алдыңғы жағына дейінгі аралықты тік сызықпен дәл екіге бөледі. Көлденең сызық жақтың төменгі қырынан 12 мм жоғары алынады. Сызықтардың қиылысқан жерінде тесік орналасады. Оның аузы артқа, сыртқа, жоғары қараған.

Ішкі тәсіл.Ауыз жабық, төменгі ерін мен ұртты керек тартып инені өтпелі қатпарға 1-ші азу тұсынан шаншиды. Одан әрі инені алға, төмен, ішке қарай 0,75-1,0 см-дей енгізіп иек тесігіне тақайды. Ине ұшымен сүйекті сезіп тұрған жөн. 0,5-2,0 млерітінді жіберіп көреді. Ине ұшының тесікке түскендігі еріннің аздап ауырғандығы арқылы білінеді.

Сыртқы тәсіл.Иек тесігін анықтаған соң жұмсақ тіндерді сол қол саусақтарымен сүйекке баса ұстайды. Инеге ішкі тәсілдегідей бағып беріп, оны сәл жоғары және артқа таман шаншиды. Сүйекке жеткен соғ аздап анестетик жіберіп ине ұшымен тесікті тауып, инені аздап енгізіп анестетік жібереміз. Анестезия 3-5 мин соң білінеді.

Анестезия аумағы.Иек пен еріннің жұмсақ тіндері, күрек, сүйір, кіші азу тістер, альвеола өсіндісімен еріннің кілегей қабығы 2-ші кіші азудан орталық күрек тіске дейінгі аралық.

Ұрт нервісін жансыздандыру.инені төменгі жақ тармағының алдыңғы қырына, үстіңгі азу тістердің шайнау беті деңгейіне шаншып 1 см-дей тереңдікке ендіреді. Бұл анестезия сирек қолданады.

Тіл нервісін жансыздандыру.ерітіндіні төменгі жақтың самай қырының ішкі жағына төменгі альвеола нервісінің анестезиясымен бірге ендіреді. Инені аталған жерге не бары 0,75 см ғана ендірсе тек қана тіл нервісі жансызданады.

Анестезия аумағы.Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі, жақтың ішкі бөлігінің қабығы мен ауыз түбінің кілегей қабықтары.

Үшкіл нервтің 2-3 ші тармағын бас қаңқасының түбінен анестезиялау (орталық анестезия).Үшкіл нервтің негізгі тармақтарын дөңгелек немесе сопақ тесіктерден шығаберісте жансыздандыруды орталық, яғни сабақ анестезиясы деп атайды.

Орталық анестезияның әсері толық және ұзақ болады. Инені бір рет қана шаншып көптеген аумақты жансыздандыру оның өткізгіш анестезиясы алдында артықшылығының анағұрлым айқын екендігін дәлелдейд. Анестезия қатал стерилді жағдайда ғана жасалады.

Бет-сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы(С.Н. Вайсблат ұсынған) басқаларынан жиірек қолданады. Нысана белгісі ретінде құлақ түйінінен алға қарай жүргізілген сызығының орта тұсы алынады. Бұл сызық «құлақ-көз» немесе «трагоорбитал» сызығы деп аталады. Сызықтың алдыңғы жағы көз шарасының сыртқы қырымен бет сүйегінің төменгі бұрышын қосатын сызықтың ортасына дейін тіреледі. Тұжырымдап айтқанда: траго-орбитал-ангуляаралық деген жөн.

Жалпы ереже:ұзындығы 6-7 см-дей инені бет доғасының астына траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына тік шаншып 2-7-5,5 см-дей тереңдікте сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағына тақайды. Алдын ала инеге кигізілген тығын арқылы бұл тереңдікті белгілеп иненің жарымынан астам бөлігін суырып алады. Енді иненің ұшын 15-20 градусқа алға қарай бұрып жаңағы белгіленген тереңдікке шаншып 2-3 мл анестетик жібереді. Ине ұшы қанат-таңдай шұңқырының кіре берісіне жетеді, ал шұңқырдың көлемі небәрі 2 см3 болғандықтан анестетик борпылдақ тінге сіңіп мұндағы үшкіл нервтің екінші тармағын жансыздандырады.

Бет сүйегі асты жолы.Алдын ала сол қолмен анықтап алған бет-альвеоляр қырының арт жағына инені шаншып ішке және жоғары бағыттап үстіңгі жақтың бұдырына жетеді. Сүйекті жағалай отырып 4,5-5,5 см тереңдікке қанат-таңдай шұңқырының кіре берісіне 2-3 мл анестетик жібереді.

Көз жолы.(В.Ф. Войно-Ясенецкий ұсынған). Инені көз шарасының төмен-сыртқы бұрышының үстін ала бет доғасының жоғарғы қыры тұсына, яғни одан 2-3 мм-дей жоғары горизонталь бағытта шаншиды. Инені көз шарасының сыртқы қабырғасымен жағалай жылжытып 4,5 см тереңдікте дөңгелек тесікке жетеді. Сол араға 2-3 мл анестетик жібереді.

Көз жолының Вайсблат модификациясы. Инені көз шарасының төменгі қырының ортасынан бірнеше мм-дей ішке таман шамалап шаншиды. Ұзындығы 5-6 см ине кигізілген шприцті оң қолмен, ал көздің астыңғы қырының терісін сол қолдың сұқ саусағымен басып ұстайды. Әрі қарай инені сүйекті жағалай жылжытқан сайын үнемі аздаған анестетикті жіберіп отырады. Иненің ұшындағы анестетик көз алмасын, қан тамырлары мен нервтерді ығыстырып оларды жарақаттан сақтайды. 3,0-3,5 см тереңдікте 2-3 мл анестетик жібереді. Барлығы 5 мл дейін ендіруге болады.

Ауыз (таңдай ) жолы.Инені таңдайдың үлкен тесігінің тұсына шаншиды. Ине шаншитын кілегей қабыққа иод тұнбасын жағады. Ауызды мейлінше керек ашып инені таңдайдың үлкен тесігіне енгізеді. Тесікті бірден таба алмаған жағдайда аздап анестетик жіберіп, сүйекті жағалай жылжытып барып тесікті табады. Әрі қарай өзек ішімен 2,5-3 см жоғары, артқа жылжып барып 1,5-2,0 мл анестетик жібереді. 10-15 мин соң 2-ші тармақтың аумағы түгел жансызданады.

Үшкіл нервтің үшінші тармағын анестезиялау (бетасты-қанат тәрізді жол). Нысана - сопақша тесік. Инені траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына шаншиды. Тік шаншылған инені 2,7-5,5 см-дей тереңдікке жеткенде, сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағында, тереңдікті белгілеп алып, инені жарымынан астам бөлігін кері суырып, оның бағытын 15-20 градус артқа қарай бұрып, жаңағы белгіленге тереңдікке қайта шаншып 2-3 мл анестетик енгізеді, 10-15 мин соң үшкіл нервтің үшінші тармағы иннервациялайтын аумақ анестезияланады.

 

Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар:

Жалпы асқынулар:талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.

Жергілікті асқынулар:иненің сынуы, қан тамырлары мен оның тармақтарыныңжаралануы, нервтің жаралануы,ауа эмболиясы, бұлшықет жарақаттары (жақтыңқарысуы).

 

Тіс хирургиясы Ж.Оразалин., Қ. Төлеуов. 15-23 беттер.

 

Оқыту модулі Г1-Тіс жұлу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері.

Адамзат арасында тіс жұлу операциясы ең көп жасалатын операция. Басқа операциялармен салыстырғанда тіс жұлу операциясының біраз ерекшелігі бар. Ол кейде оңай және тез болғанымен, кейде өте күрделі болып ұзаққа созылуы мүмкін. Онда дәрігерге көмекші, көптеген аспаптар қажет болады. Күрделі операция стационарда ұзаққа созылған анестезия арқылы жасалады.

 

Тіс жұлу операциясы көне замандардан белгілі (Эскулаптан). Ол туралы алғашқы жазба мағлұматтар Гипократқа тиесілі (Р. Бауме, 1899).

Алғашқы қорғасын қысқыштардың үлгісі Дельфит храмында сақталуы. Темірден жасалған қысқыштар жайлы Аристотель жазып қалдырған.

Тістердің анатомиялық ерекшеліктері есепке алынбаған көне дәуірде тіс жұлу күрделі операция болып саналған. 1826 ж. Гаррис Фай тістердің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қысқыштар үлгісін ұсынған, ол сол үшін күміс медальдің иегері болды. Кейінірек 1841 ж. Джон Томас анатомиялық қысқыштар жасады, олар көп өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылуда.

Тіс жұлу көрсетімдері:

Көрсетімдер толық (абсолютное п) және жартылай (относительное п.) Танфильев Д.Е. 1966) жалпы және жергілікті (Бернадский Ю.И.., 1970), жедел (срочное п.) және жоспарлы (плановое п.,), (Заусаев В.И., 1981) болып жіктеледі.

Жоспарлы қажеттіліктер мыналар:

1. Сауыты түгел бұзылып, түбірі протез салуға пайдалануға жарамай қалған тіс;

2. Түбірі қисық, өзегі бітеу болып, реплантация мен түбір ұшының резекциясын жасауға, емдеп жазуға болмайтын тіс;

3. Гаймор қуысындағы қабынуға себепкер тіс;

4. Ішкі ағзалардың ауруына себепкер тіс;

5. Пародонтоздың 3 дәрежесінде босап қалған тіс;

6. Ортодонтикалық ем кезінде басқа тіске орын босату үшін;

7. Антогенисін ерте жоғалтып, орнынан мейлінше шығып кеткен (Попов-Годон фонемені), протезге пайдалануға жарамсыз күйге жеткен конвергенция, алынатын протездің орнықты тұруына кедергі жасайтын соңғы тіс;

8. Жақ сүйегі сынғанда сынық сызығында қалып инфекцияны әрі қарай тарататын, сынықтардың кедергі жасайтын, сынған, мейлінше босаған тіс;

9. Сауытын жонса да тіл, ерін қанат-жақ қатпарын жаралайтын тіс;

10. Ортодонтиялық емге келмейтін, тіс доғасынан тыс (жоғарғы сүйір тістер) тіс (косметикалық пайымдау негізінде жұлады);

11. Ретенцияға, дистопияға ұшыраған қиыншылықпен шығатын (ақыл тістер) тіс;

12. Альвеола өсіндісіндегі киста мен ісікті радикалды операция жасап алып тастағанда жыланкөздің шығуына кінәлі тіс.

Сүт тістерді жұлу қажеттілігі балалар стоматологиясында айтылады.

Жоспарлы жағдайда жұлуды (жартылай қажеттілік) 1-2 күн кейінге қалдырғанмен науқастың денсаулығына пәлендей нұсан келмейді.

Қорыта айтқанда, қажеттілік бар кезде тісті мүмкіндігінше ертерек жұлу дұрыс болып табылады.

Қарсы көрсетімдері:

Тіс жұлуға толық қарсылық жоқ. Жартылай жұлуға болмайтын жағдайлар жалпы және жергілікті деп бөлінеді.

Жалпы жұлуға болмайтын жағдайлар:

1. Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия);

2. Жүрек-қан тамырлары аурулары (миокард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы т.б.)

3. Жұқпалы аурулар;

4. Нерв жүйесінің аурулары (эпилепсия, психоз т.б.)

5. Екіқабат кезде, етеккір келгенде

Қан ауруларымен ауырған науқастыңтістің жұлған соң тіс ұясынан аққан қан көпке дейін тиылмауы мүмкін. Сондықтан науқасты стационарға жатқызып гематологтың қатысуымен емдеп, содан соң тісің жұлуға болады.

Лейкемия ауруы кезінде ауызда жара, некроз болғандығын ескеріп, тіс жұлғанда, оның айналасындағы тіндерді қорғау керек. Етеккір келгенде әйелдердің қан ұюы нашарлайды. Сондықтан егер аса қажеттілік болмаса, тісті етеккір тоқтаған соң 2-3 күннен кейін жұлуға болады.

Жүрек-қан тамырлары бұзылыстарына байланысты болмайтын жағдайлар.Жалпы дәрігерлік дайындықтан соң тісті емханада немесе стационарда жұлуға болады.

 

Оқыту модулі Г2,Г6- Тіс жұлу кезінде қолданатын құрал- саймандар және операцияға дайындалу ережесі. Тіс жұлу кезінде кездесетін асқынулар.

Тіс жұлу әдістері

Тістерді арнайы қысқыштар мен элеваторлар арқылы жұлады.

Кейбір кездерде тіс жұлуға бормашина, қашау, балға қолданылады.

Тісті жұлудан бұрын анатомиялық ерекшеліктерді ескерген жөн. Мысалы: түбірдің саны, түрі, үлкендігі, қисаюы, түбірлер далдасы, ұя қабырғасының қалыңдығы, гаймор қуысының жақындығы, төменгі жақ өзегінің жақындығы, иннервациялану т.б.

Тісті жұлудың қиындығы алдын ала белгілі болса (төменгі ақыл тістерді жұлу) рентген жасау қажет.

Тіс жұлу кезіндегі науқас пен дәрігердің орналасуы.Жоғарғы тістердіжұлғанда науқас биік креслода басын шалқайтып отырады. Жұлынатын тіс дәрігердің иығы деңгейінде болу керек. Сол жақтың тістерін жұлғанда науқастың басы дәрігерге қарай, ал оң жақтың тістерін жұлғанда әрі қарай құрылады.

Төменгі жақтың тістерін жұлғанда креслоны шынтақ деңгейіне дейін төмендетеді. Науқастың басы тік орналасады. Төменгі күрек, сол сол жақ кіші, үлкен азу тістерін жұлғанда ол сол қолымен науқастың басын құша оң жағында немесе арт жағында тұрады. Тіс жұлу қиын болатын болса науқасты жатқызады.

Тіс жұлу аспаптары.тіс жұлу аспаптары анатомиялық қысқыштар, элеваторлар. Қысқыштар ұш бөліктен тұрады: 1) жақтары – тістердің анатомиялық құрылысын есепке алып ішін ойық етіп бедерлеп жасалған. Тіс сауытын, немесе түбірдің қалған бөлігін қоса ұстайды. 2) саптары – дәрігер ұстайтын бөлігі. 3) құлыбы – қысқаштың екі бөлігін бір-бірімен бекітеді (9, 9а, б –сурет).

9-сурет. Тіс жұлатын қысқыштардың құрылысы: 1-ұртты; 2-құлпы; 3- сабы; 4-өтпелі бөлігі. 9 а – сурет. Жоғарғы жақ тістерін жұлатын қысқыштар: А) күрек, сүгір тістерді; б) кіші азу тістерді; в, г) үлкен азу тістерді; д) жоғарғы үшінші үлкен азу тіске.   9 б – сурет. Төменгі жақ тістерін жұлатын қысқыштар. А, б) күрек, сүйір, кіші азу тістерді; в) үлкен азу тістерді; г) төменгі үшінші азу тістерді; д) барлық төменгі тістердің түбірлеріне.

 

 

Тұрақты тістер мен сүт тістерді жұлатын қысқаштар тобы бөлек болады. Олардың басқа үстіңгі, төменгі жақ тістерін, сауыты сақталған тістер мен түбірлерді жұлатын қысқаштар да бір-бірінен өзгеше. Белгілі бір тістерді жұлатын арнайы қысқаштар бар.

Жақтардың түйісуі мен еніне қарай белгілері.Сауыттары сақталған тістерге жақтары түйіспейтін, түбірлерді жұлуға жақтары түйісетін қысқыштар қолданылады.

Сауыт және түбір қысқыштары жақтарының еніне қарай жалпақ орта, жіңішке болады. Тіс сауыты немесе түбірінің жуан, жіңішкелігіне байланысты жалпақ, орта, жіңішке қысқышты таңдап алуымызға болады.

Қысқыштарды ұстау тәсілдері.Мамандар қысқыш ұстаудың екі тәсілін ұсынады. Оны оң қолмен ұстайды.

1 тәсіл: Саптарының (бранштардың) арасына 4-5 саусақтарды кіргізіп 1 саусақтың ұшын тірей бір сапты ұстайды. 2-3 саусақтапр екі сапты қоса ұстайды. Осы жағдайдай бір сап 1 саусақ, алақан, 2-3 саусақтардың негізгі буынымен қыса ұсталады. Екінші сапты 4-5 саусақтармен жылжытып қысқышты ашамыз. Әрі қарай 4-5 саусақтар саптар арасынан шығып екі сапты қоса қыса ұстайды.

2.тәсіл: саптар арасында 2-3 саусақтар. 1 саусақ бір сапты, 4-5 саусақтар екіншісін ұстайды. 3 саусақты жақғанда қысқыш орналасқан саң саптар арасындағы саусақтар шығарылып, барлық саусақтар мен алақанға қыса ұстаймыз (10 а,б-сурет).

10 –сурет. Қысқыштарды ұстау тәсілі:

А) жоғарғы тістер үшін; б) төменгі тістер үшін.

Қысқыштармен жұлу қимылдары.

1) қысқышты салу; 2) қысқышты жылжыту; 3) қысқышты сыға ұстау; 4) тісті (түбірді) ырғай (немесе айналдыру); 5) тісті ұясынан жұлып шығару.

Қысқышты салу.Қысқышты тіске (түбірге) салғанда, тіс оның екі жағының арасында болуы керек. Қызыл иекті қысып қалмайтындай етіп қысқыш жақтарының бірімен тісті ішкі (тіл, таңдай), екіншісімен сыртқы (ерін, ұрт) беттерінен ұстайды. Қысқыш жақтары мен тіс бір түзудің бойында орналасуы шарт – бұл негізгі ереже. Қысқыш тіс бойына дәл салынбай қисық түссе, онда тіс сынып кетуі мүмкін. (11 сурет).

11-сурет. Қысқыштардың ұрттарын тіске салу тәсілі

А) дұрыс; б) дұрыс емес.

Қысқышты жылжыту.Қысқыш жақтары тісті бойлай сырғып қызыл иек астынан сүйекке барып тіреледі. Бұл кезде олар тістің мойнынан да әрі асып түбірді ұстайға ыңғайлы болады. Егер жұлынантын түбір биіктігі қызыл иекпен бірдей немесе одан төмен орналасса, онда қысқыш жақтарын әрі қарай альвеола өскінінің үстіне бойлата жылжытады. Олай етпесек тереңде қалған түбірді жұлу қиын болады. Қысқыш жақтары альвеола өскінінің үстіне түскенде сүйектің де кішкене бөлігі жаншылып түбірмен бірге жұлынады. Әдетте бұл жарақат тіс ұясының жазылуына залалын тигізбейді. Қызыл иекте эластикалық талшықтар жоқ, сондықтан, қысқыш жақтарын тереңдете жылжытқанда, қызыл иектің жиегі жыртылады. Түбір жұлынған соң қызыл иек орнына қайта келеді.

Қысқышты сыға ұстау.Қысқыш саптарының арасындағы саусақтарды шығарып, қолды саптардың ұшына таман жылжытып сыға ұстайды. Мұнда ескеретін жай: асқан ептілікпен қимылдау. Мысалы; қатты сыға ұстағанда тіс сынып, ұсатылып кетуі мүмкін. Бос ұстаса тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде қол күшін мұқият сезімталдықпен реттеп отырған абзал.

12-сурет. Тістерді босату 12-сурет. Тіс жұлатын элеваторлар

әдістері: а) тіс элеватор; б) иілген элеваторлар; в) Леклю а) ырғап босату (люксация) элеваторы

б) бұрап босату (ротация)

 

Тісті ырғау.(12 а, б, в – сурет). Түбір мен тіс ұясының арасындағы байланысты тісті ырғау арқылы үзеді. Тісті кіреберіс пен ауыз қуысына қарай әрлі-берлі ырғайды (люксация). Одан басқа тісті өз орнынан айналдыра (ротация) қозғап та ұясынан босатады. Ротация тек бір түбірлі тістерді немесе жеке түбірді босату үшін қолданылады. Жеке түбірге ротация жасағанда абай болған жөн. Өйткені, кейде, түбір ұшы имек болып келеді. Ротация кезінде ол сынып, қалып қоюы мүмкін. Люксация барлық тістер мен түбірлерді босату үшін қолданылады. Алғашқы ырғау тіс ұясының әлсіз тұсына қарай жасалады. Көбінесе ауыз, кіребетісіне қарай. Үстіңгі 6-шы тісті жұлғанда люксация таңдайға қарай басталады.

Төменгі жақ тістерінен 7-8 тістерді жұлғанда люксация тілге қарай басталады.

Жалпы, люксация тіс орнынан түгел босағанға дейін байыппен жасалады.

Тіс ұясынан жұлып алу.Тіс ұясынан әбден босатқан соң оны жұлқымай, жайлап суырып алады. Тісті жұлған кезде оны алғашқы люксация қимылы бағытына қарай суырамыз. Жалпы қимылдар сыртқа қарай бағытталған. Үстіңгі тістерді төмен қарай, төменгі тістерді жоғары қарай жұлады. Тісті жұлқып тартқанда қысқыш қарсы тұрған тістерге соғылатындығын ескерген жөн.

Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім

Тіс жұлу кезінде тіс, түбір т.б. алынған заттар табақшаға жиналуы керек.

Тісті ырғағанда орнынан сырғаған ұя қырларын, саусақпен немесе тампонмен басып орнына келтіреді. Сүйек пен далданың үшкір қырларын қысқыштармен тістеп тегістейді.

Қиын жұлынған тіс, қатарынан жұлынған тістер орынына кетгут жіптер салынады. Ауызды шаю керек емес. Сонан соң стерилді тампонды ұя үстіне қойып 10 – 15 минуттай ұстау керек.

.

Тіс жұлдырған күні ыстық, қатты тамақ ішуге, ауыр жұмыс істеуге ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Бұлар ұядағы ұйысқан қанды шайып, қан тамырларын кеңейтіп ұядан тоқтамай қан ағуына себеп болады. Тамақ жылы жұмсақ болғаны жөн.

Тіс ұясының жазылуы

Тіс ұясы ұйысқан қанмен бітіледі. Ол 12 – 14 күннен соң бекиді, үш аптадан соң барып қалыпты жағдайға келеді.

 

Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар.

Жалпы асқынулар.

Коллапс. Тіс жүлу кезінде ауру жағдайының қиындауының ауыр түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл жағдай жүрек қан тамырлары жұмыстарының әлсіреуі нәтижесінде шығады.

Шок. Тіс жұлу кезінде ауруда шоқ дамуы өте сирек кездеседі. Кей жағдайларда операциядан соң болуы мүмкін.

Алдын алу шаралары қансыратпау, жеткілікті дәрежеде жансыздандыру, операцияның алдында премедикация жасау.

 

Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар.

 

Төменгі жақ денесінің сынуы. Ол сүйекте болатын қандайда бір патологиялық процестер нәтижесінде (ісік, сүйек кемегінің қабынуы, киста) немесе тістің дөрекі жұлынуы, сол сияқты қашаумен болғаны қолданып жұмыс істегенде болуы мүмкін. Емдеуі – шеңдеуіш салу. Алдын алу – тісті жұлардан бұрын науқасты жан-жақты тексеру.

Тіс ұясы, сүйек өсіндісінің сынуы. Қысқыштың жақтарын терең енгізіп қашаумен жұмыс істегенде кездеседі, жоғарғы жақтың денесі қоса жұлынуы мүмкін, дөңестің сынықтары қозғалмалы болып, ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Емдеу – дөңестің бос жатқан сынықтарын жұлып алып тастап, қан тоқтату және тігу. Керек жағдайда – шеңдеуіш салу қажет.

Төменгі жақ буының шығып кетуі. өте сирек кездеседі. Емдеу. Буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу 3 – 4 күндей диета сақтау.

Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тіртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жарылуы, қан кетуі, тіл, ерін, ұрт және түбі тіндерінің жарақаттануы. Емдеуі – ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.

Сақтық шаралары: жұлынған тісті ұясынан дұрыстап шығару қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілуі керек.

Гаймор қуысының тесілуі.Мұндай жағдай жоғарғы жақ азуларының анатомиялық орналасуына байланысты. Тіс түбірлері гаймор қуысына жақын немесе қандайда бір қабыну процестері, ісіктер болса тік элеваторды абайлап пайдаланбаса кездеседі. Мұнда, мұрыннан ауыз қуысына ауа ағымы еркін өтіп, одан жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық (герметизация) жоқ.

14- сурет. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу;

Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар

Қан кетуі. Тіс жұлынуы басқа операциялар сияқты қан кетумен өтеді. Қан 4 – 5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды.

Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, мұндайда біріншілік қан кетуі немесе операциядан бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады.

Ұяшық остеомиелиті. Альвеолитке қарағанда кешірек дамиды. Ағымы созылмалы. Ұяшықтан ірің шығып, грануляциялының өсуімен ерекшеленеді.

Ұяшық невриті. Өте ұзақ әрі қиын емделетін, өзінен-өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұястамалы ауыру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған.

Бет нервінің парезі. Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғаннан кейін нервтің операциялық жарақатқа рефлекаторлы тітіркеніп, жауап беруіне байланысты бірден немесе бірнеше апта аралығында із-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиоемдер (УЖЖ, соллюкс, ионогальванизация) тағайындалады.

 

Тіс хирургиясы. Оразалин Ж., Төлеуов Қ.Т. 35-53 беттер.

 

Оқыту модулі Д1, Д2- Периодонтит, периостит, остеомиелит, лимфаденит, абцесс және флегмоналар.

Периодонтит- тіс ұяшығы мен тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде жүретін қабыну ауру.Жедел ағымды серозды периодонтитнауқас тісінің өздігінен қатты ауыратынына, тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп, басқа тістерден биіктеген сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таралмайтындықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ал шайнағанда ауыру сезімі күшейетін болса да, егер науқас тісін тістестіріп біраз уақыт тұрса ауырғаны жайлап басылады. Объективті:жақасты немесе иекасты лимфа түйіндері өзгермеген, кейде сәл үлкейіп ауыру сезімі болуы мүмкін. Ауырған тіс маңындағы тіндер өзгермейді. Тісте жиі тісжегі қуысы, кейде пломба болады. Перкуссия тіке ауыру сезімін туғызады, ал бүйірден қағып тексергенде ауырмайды. Емі – консервативті.

Жедел ағымды іріңді периодонтитжедел ағымды серозды периодонтитнемесе іріңді пульпиттен кейін дамиды. Науқастар жедел, солқылдап тұратын ауру сезіміне шағымданады, ол үшкіл нерв бойымен таралады (құлақ, самай, көзге). жатқанда күшейе түседі. Ауру тіске антогонист тіс тиіп немесе тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан науқас аузын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан ауру ұйықтамайды, сондықтан жалпы әлсіздікке, басының ауырғанына шағымданады. Дене қызуы әдетте көтерілмейді, кейде субфебрилді болады.Көрінісі.Сырт бейнесіне қарағанда өзгерістер жоқ, кейде жақ аймағы жұмсақ тіндерді коллатералды ісінуі мүмкін. Регионарлық лимфа түйіндері үлкейген, сипап тексергенде ауырады. Ауыздың ашылуы еркін. Жарақаттанған тіс түбірі проекциясында өтпелі қатпардың шырышты қабығы қызарған, қызыл иек ісінген, альвеолды өсіндіні сипап тексергенде ауырады. Тісте тіс жегі қуысы немесе пломба бар, сирек сау тіс. Тісті қағып тексергенде көлденең және тік бағытта да күшті ауыру сезімі анықталады, тіс қозғалмалы болады (себебі процесс тез арада диффузды сипат алады). Қанда аз мөлшерде лейкоцитоз, сегментті ядролық және таяқша ядролық нейтрофильдер саны көбейеді. ЭТЖ 20-30 мм/сағ көтерілуі мүмкін.Рентген көрінісінде біріншілік жедел ағымды периодонтитте еш өзгеріссіз болмайды. Кейде 2-3 күндері альвеола қабырғасы аймағындағы көрініс айқын болмауы мүмкін.