Инфильтрациялы анестезия

Көрсетімдер : тіс жұлғанда, альвеола өсіндісіндегі шағын операцияларды, кілегей қабықты тілгенде, шағын қатерсіз өскіндерді алғанда, жараны алғаш хирургиялық емдеп-өңдеу кезінде қолданады.

Жалпы ереже.Ине қатпардың кілегей қабығына 40-45 градус бұрышпен (жылжымайтын кілегей қабықтың жылжымалы бөлігіне жалғасқан жері) жұлынатын тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі. Дәріні жібере отырып инені альвеола қырымен жылжытып, жұлынатын тістен арғы тістің тұсына дейін апарады. Иненің қиығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Анестезия – 7-10 минуттан кейін болады. (3 сурет).

3- сурет. Инфильтрациялық жансыздандыру.

 

Анестезия аумағы: жұлынатын тіс тұсындағы альвеола өсіндісі мен кілегей қабықтың кіреберіс жағы. Жұлынбайтын тістердің де тұсы аздап жансызданады.

Қатты таңдайдың кілегей қабығын анестезиялау үшін қызыл иектің шетінен 1 см-дей жерге, тіс түбірінің ұшына шамалы екінші рет иненің айналасындағы тін бозарғанша дәрі енгізу керек.

Инфильтрациялық анестезияның А.В. Вишневскийдің жылжитын инфильтрат тәсілі.Бұл тәсіл хирургиялық стоматологияның жұмсақ тінге, әсіресе, пластикалық операцияларда сабақты қиық дайындағанда қолданылады. Жалпы ереже: 0,25-0,5% анестетик ерітіндісін тілінетін теріге лимон қабығы тәрізді сарғайғанша ендіреді. Келесі рет инені анестезияланған жерге кіргізіп, әрі қарай жылжыта береді. Теріасты тіні мен еттері де ұзын ине арқылы аталған тәсілмен қабат-қабат анестезияланады. Анестезия аумағы операция жасалатын жерден едәуір көбірек жерді қамтуы шарт.