ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ.

Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек – естен айырылып сіресіп қалу) организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық нерв жүйесінің жұмысы терең тежеу: наркозға ауру дегенде біртіндеп есінне айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді. И.П.Павловтың теориясы бойынша наркоз «Орталық нерв жүйесінің уақытша жұмысының салдануы (паралич)». Наркотикалық дәрілерді организмге ендіру жолдарына байланысты наркоз ингаляциялық және ингаляциясыздеп бөлінеді. Организмге әртүрлі наркотиктердің буы дем алу арқылы енгізілсе оны ингаляциялықнемесе маскалы наркоз дейді. Егер бу және газ кеңірдекке түтік арқылы енгізілсе бұндай наркозды эндотрахеалды, интратрахеалдынемесе интубациялықнаркоз деп атайды. Қазіргі кезде ингаляциялық наркоз беру үшін көптеген наркотиктер қолданылады. Оларға келесіталаптар қойылады: кең терапевтік әсерлі, паренхиматозды мүшелердің жұмысына қатерлі болмау, наркозға ену өте жұмсақ және тіндерді тітіркендірмеу, организмнен тез шығу, жарылудан қауыпсыз, арзан болуы тиісті. Ингаляциялық наркозға негізінде келесі наркотиктер пайдаланылады: оттекті азот, хлорлы этил, этилді эфир, фторотан. Бұл дәрілердің физико-химиялық және басқа қасиеттері фармакология, клиникалық фармакология, анестезиология және жалпы хирургия кафедраларында кеңінен беріледі. Наркозға қарсылық. Жалпы жансыздандыруға абсолюттік қарсылық жоқ, егер жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің жедел ағымды қабынуы және геморрагиялық диатездер болмаса. Басқа ағзалар мен жүйелер дерттерін наркоз берер алдында және наркоз кезінде қатты ескеру қажет. Наркоздардың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты. Олардың ішінде: науқастың жалпы жағдайына, жасына, дертке, наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне т.б.жағдайларға байланысты. Бірақ, барлық наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Наркоздың жалпы үш клиникалық үш клиникалық кезеңі болады.

1) Наркозға ену: а) аналгезия фазасы; б) қозу фазасы.

2) Хирургиялық – бірінші, екінші, үшінші деңгейде жүреді.

3) Наркоздан шығу: а) операция бөлмесінде ояну; б) операциядан кейінгі ұйқы.

 

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті анестезия деп аталады. Операция болатын жердің ауырғанын сездірмеуге әрекет ерте кездерден-ақ белгілі. Мысалы, египеттіктер операцияның алдында теріні крокодилдің майымен сылаған, мемфис тасын сірке суымен араластырып теріге танып қойған. Орта ғасырларда теріге меңдауана араласқан май жаққан. Аталған әдістер жөнді нәтиже бермеген соң анестезия үшін механика, физика тәсілдері қолданыла бастады. Нерв талшықтарын қысу, мұз басып мұздату 16 ғасырда қолданылса, біртен келе 19 ғасырдың 70 жылдарында жергілікті анестезия үшін эфир, хлороформ, бромэтил жиі қолданылады. Ол негізінен абсцестерді, флегмоналарды тілуде, тіс жұлуда әжептеуір нәтиже береді. Анестезия үшін суықты пайдалануды С.Е.Березовский ғылыми еңбектерінде арқау етті. 1943 жылы Воод үшкіл нервтің невралгиясын емдеуге алғаш рет морфин мен апиын ерітіндісін екті. Әйтседе жергілікті анестезияның тарихы 1879 жылы фармаколог В.К.Анрептің кокаинды қолдауынан басталады. Алғаш рет оны 1884 жылы Автрияда көзге операция жасағанда (Коллер) қолданды. Кейінірек жергілікті анестезияда жақ-бет операцияларында қолданыла бастады. 1885 жылы Голдстат астыңғы жақ қуысына кокаин енгізіп алғаш рет тіс жұлды. Бірақ кокаинмен улану, тыныс, жүрек орталықтарының параличі (салдануы), науқас өліміне соқтыруы бұл саладағы ізденістерді жалғастыруға мәжбүр етті. 1905 жылы Эйнгорнның новокаинды ашуы үлкен жаңалық болып, жергілікті анестезияда жаңа дәуір басталды. Содан бері жергілікті анестезияның үлкен бір тармағы қалыптасты.

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДА ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛЕРГЕ КЛИНИКА-ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Сезімтал нерв талшықтарына (афферентті) жанасқанда ондағы нерв импульсін тоқтататын дәрілерді жергіліктіанестетик деп атайды. Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын анестетиктер: новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин және дикаин. Химиялық құрылымы жағынан олар екі топқа бөлінеді: а/ күрделі эфирлер; б/ амидтер тобы.

Күрделі эфирлер тобы. Кокаин өте улы болғандықтан қазір қолданылмайды.

Новокаин (пирокаин, аллокаин) күрделі эфирлердің хлорсутекті тұзы. Ол түссіз, иіссіз кристал. Суда (1:1), спиртте (1:8) оңай ериді. Хлорлы натрий изотоник ерітіндісінде (100') 30 минут қайнатып дайындауға болады. Улылығы аз, қолдануға ыңғайлы болғандықтан басқаларына қарағанда новокаин көбірек қолданылады. Инфильтрацияға 0,25-0,5-1,0 процент ерітінділері, жақ пен тіске өткізгіш, инфильтрация анестезиясына 2% ерітінді қолданылады.

Дикаин(тетракаин) де күрделі эфирдің хлорсутекті тұзы, түссіз, иіссіз, кристалды ұнтақ. Суда, спиртте оңай ериді. Дикаин новокаинге қарағанда 10-15 есе күшті анестетик. Кілегей қабықтан оңай өтіп әсер етуі мүмкін, оның 1-3% ерітінділерін терминальды (беткей) анестетик ретінде пайдаланады.

 

Амидтер тобы.Бұлар күрделі эфир тобымен салыстырғанда ұзағырақ уақыт әсер ететін жаңа анестетиктер.

Лидокаин (ксилокаин, ксикаин, лигнокаин) – бұл да хлорсутекті тұз. Ақшыл-сары кристалды ұнтақ. Суда, спиртте ериді. Дым тартқыш. Жарықта ұзақ тұрса сарғаяды. Ерітіндісін суда (100') 30 минут қайнатып дайындайды. Новокаиннен 2,5 еседей күшті анестетик, әсері ерте басталып ұзақ жалғасады. Стоматологияда қолданылатын 1-2% ерітіндінің бір рет пайдалануға 50-20 мл-дейі ғана жұмсалады.

Тримекаин(мезокаин) – химиялық құрамы лидокаинге ұқсас. Ақ, сарғыш, ащы ұнтақ. Суда, спиртте жақсы ериді. Оның ерітіндісін хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісіне (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Апликация ретінде де әсері бар. Стоматологияда 1-2% ерітінділері жиі қолданылады.

ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯНЫҢ КҮШІН АРТТЫРЫП, ӘСЕРІН ҰЗАРТАТЫН ЗАТТАР.

Жергілікті анестезияны күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар (адреналин, норадреналин, вазопрессин) азғантай мөлшерде анестетиктерге қосылады.

Адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісі. Бір реттік жоғары мөлшері тері астына жібергенде 1 мл. Қан қысымы жоғары, жүрегі, бүйрегі ауыратын адамдарға адреналинді қолданбаған жөн.

Жергілікті анестезияның түрлері

Жергілікті анестезия инъекциялы және инъекциялы емес болып бөлінеді. Инъекциялыға – инфильтрациялық, өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы инфильтраты», инъекциялы емеске – химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады.

Жергілікті анестезияның инъекциялы емес түрлері.Апликация анестезиясы- анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Анестезияның бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп анестезия жасй қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.

Хлорэтил (қайнау температурасы 12-13°) ампуладан 30-35 см қашықтықтан анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.