Созылмалы шаршау синдромы (chronic fatigue syndrome)

Егер қажу сезімі, энергия жетіспеушілігі физикалық күштемесіз 6 айға созылса, адамды дестабилизациялайды және басқа симптомдармен сәйкестендіріледі, созылмалы шаршау синдромын айтуға болады (СШС). Үлкен адамдар арасындағы СШС 0,007-2,8% құрайды, балалар мен жасөспірімдер арасында сирек кездеседі. Соңғы статистикалық зерттеу бойынша 30-40 жастағы кәсіпкер (карьера) әйелдер арасында жиі кездеседі.

Өз аты айтып тұрғандай СШС-ның негізгі симптомдары – тұрақты шаршау сезімі және қажудың жоғарлауы. Сонымен қатар науқастар «ауру алды» жағдайына, кенеттен пайда болған әлсіздікке шағымданады. Науқастар физикалық күш шаршау сезімін күшейтеді дейді. СШС бар көптеген науқастар тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуына, түнгі уақытта тердің бөлінуіне, бастың айналуына, ішімдікті көтере алмауына шағымданады. СШС-мен науқастанған адамдардың барлығы социальді белсенділіктің төмендеуіне көңіл бөледі, әр үшінші адам жұмыс істей алмайды.

Өте қажу – мөлшерден артық әсердің нәтижесінде дамитын, уақытша жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталатын адамның физиологиялық жағдайы.

интеллектуалды еңбектің өнімі төмендеуімен, назардың әлсіреуімен, ойлаудың кешеуілдеуімен сипатталады.

- Физикалық өте қажу бұлшықет функциясының бұзылуымен: күштің, жылдамдықтың, дәлдіктің, қозғалыстың келісімділігі мен ырғақтылығы төмендеуімен сипатталады.

- Сонымен қатар психикалық өте қажуды ажыратамыз. Жүйке жүйесінің белгілі бір реттілігімен мектепке дейінгі шақтағы және төменгі сыныптардағы балаларда интенсивті ойлау еңбегі невроздардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл ойлау қажуының тұрақты психикалық күш түсумен, үлкен жауапкершілік сезімімен ұштасқан кезінде болады. Ересек балаларда психикалық өте қажу шамадан тыс толқу және жауапкершіліктің әр тектілігі кезінде болады.

Қажу бірқалыпты анықмасы болмайтын кең ұғым. Көптеген зерттеушілір қажуды кез келген физикалық немесе психикалық күш түсуге жауап реакциясы ретінде қарастырады. Қажудың пайда болуы мен себептерін негізгі үш ұғыммен сипаттауға болады:

1.КҮШ ТҮСУ: қажу бір немесе бернеше түрлі физикалық немесе психикалық күш түсулер нәтижесі болып табылады.

2.ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ: қажу психикалық жұмыс қабілетінің қысқаруына әкеледі.

3.ҚАЙТЫМДЫЛЫҚ: қажу қайтымды, оның әсері қайтымды сипатта болады.

Қажу әр түрлі формада пайда болуы мүмкін. Қолданушының қажуының түрін және осы қажудың өту интенсивтілігін дұрыс анықтау керек.

Қолданушының қажуының келесі түрлерін және себептерін ажыратады:

а) КӨРУ қажуы дисплей алдында жұмыс істеу кезінде көру жүйесіне күш түсу нәтижесінде болады.

б) БҰЛШЫҚЕТТІК қажу бұлшықетке статикалық күш түсу кезінде болады.

в) ЖАЛПЫ қажу ағзаға жалпы психикалық күш түсу және жұмыс жылдамдығына байланысты болады.

г) ПСИХИКАЛЫҚ қажу рухани күш түсу нәтижесінде болады.

д) СОЗЫЛМАЛЫ қажу қажудың бірнеше түрлерінің комбинирленген әсерінен болады.

е) субъективті қажу СЕЗІМІ компьютер алдындағы жұмыс кезінде ақпараттық ағымның ұзақ әсерінен болады.

Қажудың дамуын бақылау субъективті және объективті болуы мүмкін. Шаршау сезімі кезіндегі ми қыртысының тежелуі субъективті бақылау болып табылады. Қажуды объективті бақылау кезінде физиологиялық жүйелердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің қалпына келуі және олардың демалыс уақытында өзгеруі байқалады.

Жұмысқа қабілеттілік тура және жанама әдістермен бағаланады. Тура әдіспен жұмыстың саны және сапасы анықталады.Олармен қоса қозғалыстың дәлдігінің, неке пайызының сапалық көрсеткіштері де қолданылады. Және ағза жүйелерін сипаттайтын физиологиялық көрсеткіштерде анықталады.

Демалыс кезеңін бағалау функциональді әдістермен жүргізілуі мүмкін.

Кейбір зәрдің, қанның, газ алмасудың биохимиялық көрсеткіштері жанама көрсеткіштер болып табылады.

Соңғы уақыттарда алмасудың энергетикалық көрсеткіштері қолданылады: инфрақызыл сәуленің, биоэлектрлік потенциалдың, температураның өлшемдері.

Мимен жұмыс істеудегі қажудың дамуы мен тереңдігін бақылау арнайы сынақтар көмегімен жүргізілуі тиіс.

Ойлау еңбегі кезіндегі қажудың сыртқы белгілері:

· назар

· қалып

· қозғалыс

· жаңа материалға қызығушылық

· тітіркендіргіштік

· бас айналу және бастың ауруы

Жүйке-бұлшықет жүйесінің функциональді жағдайын қарапайым әдіспен анықтауға болады: қол басының қозғалысын максимальді жылдамдықпен орындау (теппинг-тест). Ол үшін 4 бөлікке бөлінген қағаз парағын алады. Команда берілісімен 10сек. ішінде максимальді жылдамдықпен қағазға нүктелер қояды, 20сек. үзіліс, одан кейін қайтадан нүктелер қояды.70 нүкте қалыпты жылдамдық, функциональді жағдайы жақсы.

Ойлау және физикалық қажудың алдын алу кеңестері және қажуды қайтару.

1.Қажуға себеп болған жұмыстан дем алу.

2.Сүтпен және балмен шай ішу.

3.Әр 2 сағат сайын 2үлкен қасықтан жарты стакан шие сусынын ішу.

4.Әсіресе ойлау қажуы кезінде тұздалған балық жақсы көмектеседі.

5.Егер қажу кезінде жауырын ауырса, күніне 2рет 0,3г аспирин ұнтағын қабылдап,массаж жасау керек.

6.Ішкі секреция бездерінің жұмысына шикі көкеніс,жеміс,сүт,сарысу ішу керек. Ой жұмысымен айналасатын адамдарға грек жаңғағын,арахис, миндаль,балық, құрамында фосфоры бар тағамдарды жеу керек,ми жұмысын жақсартады.

7.Жылы ванна қабылдау: 10минут аяқты ыстық суға салу керек.

8.Жазда біз көп жүреміз, кейбір адамдардың аяғы ауырады.Аяқ бұлшық еттерінің дем алуына аяқ ваннасы көмектеседі. Оны әр кеш сайын жасау керек.Бір елегенге 40-50градус ыстық су,екінші елегенге салқын су құяды. Бірінші елегенде аяқты 5мин.,екінші елегенде – 1мин ұстау керек.Бұл процедураны 5рет қайталаңыз. Одан кейін массаж жасап, камфор спиртімен немесе кез келген креммен сылау керек.

9.Күнделікті таңертең салқын сумен сүртіну керек.

10.Ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға ұйықтар алдында аяқ ваннасын қабылдаған жөн.

Қауіп-қатер факторлары және оның ағзаға әсері

Қауіп-қатер факторларын сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Біріншісіне физикалық активтілі төмен өмір салты, жоғары колориялы қаныққан майлар мен холестеринге бай тағамдарды қолдану, урбанизация, темекі шегу жатады.

Ішкі қауіп-қатер факторларына артериалды гипертензия, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, өзіндік психологиялық тип жатады.

Шылым шегудің әсері көбінесе жүрек-қан тамыр жүйесіне және тыныс алу жүйесі ауруларына әсер етеді.

Артериалды гипертензия ЖИА даму мүмкіндігін 5-6 ретке жоғарлатады, миокард инфарктісі кезінде өлімге жиі әкеледі.

Атеросклероздың өршуі өмір ұзақтығына әсер етеді.

Психологиялық факторлар әртүрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді.

Алкогольмен наркотик қолдану маңызды қауіп-қатер факторы болып табылады.

Салауатты өмір салты негізгілерді көрсетеді:

1. қалыпты еңбек

2. қалыпты демалыс

3. рационалды тамақтану

4. физикалық белсенділік

5. зиянды әдеттермен күресу

Шынығуды анықтау тестері.

ССС және ЧСС жағдайын отырған қалыпта пульс арқылы анықтауға болады:

1. 55 соққы/мин төмен-өте жақсы;

2. 75 соққы/мин төмен-жақсы;

3. 80 соққы/мин төмен-қанағаттанарлық;

4. 80 соққы/мин жоғары-нашар.

 

Әйелдерде >5 соққы/мин жіберіледі

 

Тыныс алу кезінде тынысты ұстап қалу сынағы

  1. 90 сек жоғары-өте жақсы;
  2. 60-90 сек – жақсы;
  3. 35-60 сек қанағаттанарлық;
  4. 35 сек төмен-нашар.

 

Секірумен сынақ.

Тыныштық жағдайда пульсті санап, 30-60 сек 1 орнында аяқпен секіреміз.

Егерде ЧСС тыншытқ жағдайымен жоғары болса

25% және одан төмен-өте жақсы

25-50 % жақсы

50-75 % қанағаттанарлық

70 % жоғары нашар

100 жоғары нашар жаттықтырылған

4.Көрнекі материал:дәріс презентациясы

5. Әдебиеттер

негізгі:

1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. -М., 2008. - 432 с.

2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.- М.: Центр Демографии РАН, 1996. - 61 с.

3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2 т./под ред. А.А. Баранова, Л.А.Шеплягиной. Т.1.-432с., Т.2.-464с.,- М.,2006.

4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. - 2000.

қосымша:

1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с

курсом наркологии.- Ростов-на-Дону, 2003.

2. Ковалевский Е.И. Офтальмология.- М., Медицина, 1996.

3. Малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург, 1998.

4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум.- Ростов-на-Дону, 2005.

5. Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии.- Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007.

6. Филиппова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.

6.Бақылау сұрақтары:

1.Физиологиялық қажу дегеніміз не?

2. Салуатты өмір салтының негізгі көрсеткіштері

3. Жат қылықтармен күрес

4. Қажу синдромдары