Кредит №1

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Мамандығы:5В110400 «Мейірбике ісі»

Пән:Денсаулық жағдайын бағалау

Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы

Курс 4

Кредит№ 1, 2

Құрастырушы:

ассистент Токабаева Г.Т.

Семей


Кредит №1

1. Тақырып №1. Денсаулықтың әлеуметтік шарты және оған әсер ететін факторлар. Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері, халықтың аурушандығы, негізгі түсініктер. Жеке денсаулық критерийлері. Қазақстан мен әмелемдегі демографиялық жағдай.

2. Мақсаты: Денсаулық жайында жалпы түсінік, әлеуметтік негіздемелеріне, оған әсер етуші факторларға түсінік беру. Демографияның медико-социалдық аспектілерін атап шығу, аурушаңдық және жеке тұлға денсаулығы критериялары жайында түсінік беру.

3. Дәріс тезисі

«Денсаулық сақтау» сөзінің мағынасы жергілікті тұрғындар арасындағы түрлі топтардың денсаулығын қамтамасыз ету сақтау, жақсарту, және нығайту барысындағы іс әрекеттерді білдіреді.

Адам денсаулығын қорғау және нығайту негізгі заңды акттармен бекітілген. Денсаулық сақтау жүйесін оптимизациялау мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бөлімі болып табылады. Денсаулық сақтау мақсаты бір, квалифицирленген медициналық көмегі баршаға ыңғайлы болатын, шынайы гуманистік бағытталған мемлекеттік жүйе ретінде қаралады.

Денсаулық сақтау жүйесінің приоритетті құрамдас элементіне медицина қызметкерлерінің профилактикалық шаралары, медико-социалдық белсенділіктің дамуы және де халық арасындағы әртүрлі топтарға салауатты өмір салтын насихаттау жатады.

Денсаулық сақтауды қазіргі заманға сәйкестендіріп дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыты ана мен баланы қорғау, оптимальді әлеуметтік- экономикалық, құқықтық және медико- әлеуметтік жағдайларды әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайтуға, отбасын жоспарлауға, медико- демографиялық мәселелерді шешуге жағдай жасау.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік сипаты - кадрларды қаражаттандыру, дайындау және жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Органдар мен мекемелердің қызметі мемлекеттік заңдылықтар мен нормативті құқықтық құжаттар негізінде іске асады.

Медицина ғылымы мен практикасының бірлік принципі олардың біріккен қызметі мен денсаулық сақтау мекемелеріне ғылыми жобаларды енгізуге негізделген.

Денсаулық сақтаудың теориялық мәселесіне : қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік жағдайға байланысы, аурудың биосоциальді феномен ретінде қарастырылуы, денсаулық сақтаудың негізгі котегориялары, формалары мен денсаулық сақтаудың әртүрлі әлеуметтік- экономикалық жағдайлардағы даму жолдары жатады.

БӘДСУ бойынша мемлекеттің денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын 4 жалпылама котегория көрсетілген:

1. Денсаулық сақтау саласының саясатқа қатысты көрсеткіштері.

2. Әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштері.

3. Медико әлеуметтік көмектің қамтамасыз етілу көрсеткіштері.

4. Халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштері.

Ауру және денсаулық ұғымдары өзара тығыз байланысқан. Екеуі бір біріне қарама қарсы болып көрінеді, мысалы мықты денсаулық болса ауру болмайды, және керісінше. Дегенмен де бәрі қиынырақ. Денсаулық пен ауруды өлшеу қиынға соғады, арасында шекара жүргізу мүлде мүмкін емес. Денсаулық деңгейі дегеніміз ортаның қалыпты жағдайындағы өмір сүрудің интенсивтілігі, ол құрылымдардың шынығу деңгейімен анықталады.

Денсаулық дегеніміз не ? Ағзаның ауру жоқ кездегі жағдайы ма әлде аурулар арасындағы уақыт интервалы ма? Біздің медициналық практика оны былай деп қарастырады: «егер ауру жоқ болса онда адам сау. Аурулар сипатталған, жіктелген ал денсаулық толық қарастырылмаған. Оны өлшеу керек». Денсаулық санын негізгі функционалдық жүйелердің резервті қуат санын есептегендей анықтауға болады.

Резервтер біздің генімізде программаланған, бірақ өте қу, олар біз жаттыққанда пайда болып, жаттығусыз жоғалып кетеді.

Денсаулық - ең алдымен әр адамның жеке шаруасы. Денсаулық сақтау органдары адамдардың денсаулық деңгейін көтере алмайды, себебі ол үшін алдымен олардың ерік -жігері қажет.

Денсаулық – қоршаған ортамен бірқалыптылығымен сипатталатын, қандай да бір ауру өзгерістері анықталмаған ағзаның табиғи жағдайы. Адамның денсаулығы биологиялық және әлеуметтік факторлар кешенімен анықталады.

Денсаулық антропометриялық, клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштермен қоса жыныстық, жастық, факторлар мен климаттық және де географиялық жағдайларды ескере отырып бекітіледі.

Денсаулықты тек қана сапалық тұрғыда ғана емес, сандық тұрғыда да сипаттау керек, себебі ағзаның адаптациялық қабілетінің кеңдігімен анықталатын денсаулық дәрежесі жайлы түсініктер бар.

Халықтың денсаулығын анықтайтын факторларға шынайы жалақы көлемі, бір күнгі жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек шарттары мен интенсивтілік дәрежесі, мамандық зияндылықтардың бар –жоқтығы, тамақтану сипаты мен деңгейі, тұрғын үй жағдайы, өмір сүру салты, елдің санитарлық және денсаулық сақтау жағдайының деңгейін жатқызамыз.

Әр индивидтің денсаулығының жағдайы оның бейімделу механизмдерінің тұрақтылық дәрежесі мен жанжақтылығына, оның физиологиялық функцияларын бұза алатын әртүрлі тітіркіндіргіштер әсерінің жйілігі мен күшіне байланысты болады.

Демография дегеніміз қоғамдық тарихи негізделген көбею заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Демография - халық санын көбейтуге бағытталған процесстерді, халықтың жыныстық, жастық, тұрмыстық және жанұялық құрылымын, табиғи орта факторларының заңдылықтарын зерттейді. Осы негізде ол демографиялық процестердің динамикасы мен заңдылықтарын түсіндіреді, болашақта халық саны мен құрамын болжауды ұйымдастырады, сондай ақ демографиялық процестерді басқарады.

Егер 1990 жылы халық саны 1 млрд 660 млн адам болса, 2000 жылы 6 миллиярдтан астамға көбейді. Осы себептен «демографиялық жарылыс » термині жиырмасыншы ғасырдан бері халық санының өте жылдам өсуін білдіреді. Ондаған жылдар бұрын халық саны бүгінгі күнмен салыстырғанда анағұрлым баяу өскен. Шамамен 10 мың жыл бұрын жер бетінде 5 миллиондай ғана адам баласы тіршілік еткен.

Демографияның аспектілері:

1. Өмір сүру ұзақтығының қысқаруы. Қазіргі уақытта бізде батыспен салыстырғанда ер адамдар 16, әйел адамдар 8 жыл аз өмір сүреді екен. Екі жыныс арасындағы айырмашылық 13 жылды құрайды. Әйелдер мен еркектер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы 4-5 жыл айырымы бар болатын биологиялық факторларға ғана байланысты болмайды. Қалған 4-5 жыл басқа да спецификалық факторлар әсерінен шақырылған.

2. Туу деңгейінің төмендеуі. 1993 жылы туу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 15% төмендеп, мың адамға 9,0 % құрады.

Егер оған дейін жанұяда 3-4 бала қалыпты деп саналса, қазіргі кезде көп балалы жанұялар анағұрлым сирек кездесетін болды. Бірақта қала тұрғындарымен салыстырғанда ауыл тұрғындары жанұяларында көп бала асырау тән.

3. Жасанды түсіктер санының артуы. Аборт - төмен көрсеткіші мен халықтың табиғи өсуінің төмен болуының басты себебі болып табылады. Ресейде дүниеге сәби әкелуге қабілетті жастағы мың әйелге шаққандағы жасанды түсік саны 83. Ал Батыста болса : Германияда 5,1; Австралияда 7,7 ; Францияда 13,8 .

4. Бала өлімінің жиілеуі. Ресейдегі сәби өлімінің статистикасы баршаға үрей салады. Бұл көрсеткіш 18,6 -ға тең, яғни тірі адамдардың ішінде 1000 адамға шаққанда бір жасқа дейін 18-19 өлімге тең келеді. Салыстырып көрейік, АҚШта 1000 сәбиден 5, Канада мен Жапонияда Батыс Европаның анағұрлым дамыған елдерінде 6-8 дейін, сәбилер өлімі байқалады. Қазіргі Ресейде сәбилік өлім жоғары дамыған елдермен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Өз –өзіне қол жұмсаудың жиілеуі. Криминальді қылмыстардың осындай қорқынышты пайыздық көрсеткіштері, әсіресе адам өлтіру басты орын алады.

5. Миграция . Бұл құбылысты халықтың орын ауыстыруы деп түсінеміз. Халықтың кең көлемді орын ауыстыуы соғыс және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары байқалды. Халықтың жаңа мекен-жайға орын ауыстыруы жеткілікті көлемде.

1.Экономикалық тұрақсыздық.

2. Соғыс.

3. Аурулар.

4. Наркомания және алкоголизм.

5. Жоспарлы демографиялық саясаттың болмауы.

Денсаулық пен аурудың көрсеткіштерін ауру және сау адамдардың нақты топтарында қолданылады. Мұны адамдардың өмір салтын тек биологиялық жағдайда емес, сондай ақ медициналық – әлеуметтік тұрғыдан бақылауды талап етеді. Әлеуметтік факторлар қоғамның әлеуметтік-экономиялық құрылымына, білім деңгейіне, мәдениет, адамдар арасындағы өндірістік қатынастар, салт-дәстүрлер, отбасындағы әлеуметтік тұрақтылығы және жеке сипаттамаларға негізделген. Осы факторлардың үлкен бөлігі гигиеналық сипаттамалармен бірге жалпы ұғым «өмір салтын » құрайды. Оның денсаулыққа әсері барлық факторлардың 50 пайыздан жоғары үлесін құрайды.

4. Көрнекі материал:дәріс презентациясы

5. Әдебиеттер

негізгі:

1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. -М., 2008. - 432 с.

2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.- М.: Центр Демографии РАН, 1996. - 61 с.

3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2 т./под ред. А.А. Баранова, Л.А.Шеплягиной. Т.1.-432с., Т.2.-464с.,- М.,2006.

4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. - 2000.

қосымша:

1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с

курсом наркологии.- Ростов-на-Дону, 2003.

2. Ковалевский Е.И. Офтальмология.- М., Медицина, 1996.

3. Малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург, 1998.

4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум.- Ростов-на-Дону, 2005.

5. Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии.- Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007.

6. Филиппова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.

6.Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулыққа әсер ететін факторлар

2. Медико-социальды демографиялық аспектісі

3. «Денсаулық» ұғымына анықтама

4. «Денсаулық сақтау» ұғымының негізгі аспектілері

5. Ер адам мен әйел адам адамның өмір сүру ұзақтығы

 

1. Тақырып №2. Денсаулықтың физиологиялық нормалары. Жеке денсаулық критерийлері. Физикалық және психикалық денсаулықтың экспресс-диагностикасы және тереңдете зерттеу әдістері.

2. Мақсаты: Студенттерге физикалық және психикалық денсаулықты терең зерттеу әдістері мен экспресс-диагностиканы үйрету.

3. Дәріс тезистері

Денсаулық – ағзаның қоршаған ортада салмақтылығы мен ешбір ауырсыну өзгерістерінің болмауымен сипатталатын табиғи жағдайы. ДСҰ анты бойынша: «Денсаулық – бұл аурулардық жоқтығы мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, ол амандықтың толық физикалық, рухани және қоғамдық жағдайы.

Халықтың денсаулығын анықтайтын факторларға жатады: еңбек ақысының мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек интенсивтілігінің деңгейі мен шарты, кәсіптік зияндықтардың болуы, олардың дәрежесі мен сипаты, өмір салты, мемлекеттің денсаулық сақтау және санитарлық жағдайы.

Денсаулық – жеке тұлғаның өмір бағдарламасын шынайы анықтайтын маңызды фактор. Халықтың денсаулық жағдайын бағалаған кезде, өмір шарттарының өзгеруіне байланысты тек ауру динамикасын ғана емес, сондай-ақ денсаулық жағдайы жас және жыныстық ерекшеліктері бойынша қоғамдық және биологиялық әрекеттерге араласа алатын адамдардың популяцияда таралуын да ескеру қажет. Оған: балалар арасында қалыпты биологиядлық даму қарқыны, жыныстық жетілу, білім алу, ересектер үшін – басты функциялар халықты қамтамасыз ету, еңбек әрекеттері, егде тартқан адамдар үшін өзін-өзі қамтамасыз ету және қартайған шаққа дейін белсенді өмір сүру әрекеттері жатады.

Физикалық денсаулық, бағалау әдістері.

Физикалық денсаулық индексі. Бұл анторпометриялық белгілердің әр түрлі қатынасында математикалық формуламен берілген физикалық даму көрсеткіштері.

Индекс әдісі физикалық дамудың шамалы пропорционалді өзгерістерін бағалауды қамтамасыз етеді.

Индекс – екі немесе бірнеше антропометриялық белгілердің қатынас мөлшері. Индекстер антропометриялық белгілер (дене салмағы, бойы, ӨТС, күші т.б.) негізінде құрылады. Әр түрлі индекстер әр түрлі белгілерді қамтиды.: қарапайым (екі белгі), күрделі – көп.

Неғұрлым жиі кездесетін индекстер.

Бойлық Брока-Брушга индексі. Салмақтың нақты мөлшерін алу үшін 165см-ге дейінгі бой ұзындығынан 100-ді алып тастайды; бойдың ұзындығы 165-тен 175см-ге дейін болса, 105-ті , ал 175см және одан жоғары бой ұзындығында -110-ды шегеріп тастаймыз. Алынған ерекшелік тиісті салмақты құрайды.

Салмақ бой индексі (Кетле) салмақ мөлшерін (гр) бойдың ұзындығына (см) бөліп анықталады. Орташа көрсеткіш ерлерде 350-400гр, әйелдерде 325-375гр. Дененің нақты салмағын анықтау үшін дене бітімін және идеальді салмақты ескеру қажет. Дене бітімін анықтау(жоғарыдан қара), ал идеальді салмақты келесі жолмен анықтайды.

 

Дене бітімі Әйелдер Ерлер
Астениктер Бой (см)г 0,325 Бой (см)г 0,75
Нормостениктер Бой (см)г 0,340 Бой (см)г0,390
гиперстениктер Бой (см)г 0,355 Бой (см)г0,410

 

Өмірлік индекс өкпенің тіршілік сиымдылығын дене салмағына (кг) бөлу жолымен анықталады. Орташа көрсеткіш ерлерде – 60(спортсмен 68-70)мл/кг, әйелдерге - 50(спортсменка – 57-60)мл/кг.

Күш индексін күш көрсеткіштерін дене салмағына бөліп, процентпен шығарамыз. Орташа мөлшері келесідей: қолдың күші ерлерде (70-75)%, әйелдерде (50-60) %, спортсмен ұлдарда (75-81) %, спортсмен қыздарда (60-70) %.

Пропорционал коэффициенттің бойдың ұзындығын екі жағдайда біле отырып шығаруға болады:

Бой ұзындығы/тұрған қалпы – бой ұзындығы / отырған қалпы

ПК=––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– *100%

бой ұзындығы / отырған қалпы

 

Қалыпты жағдайда ПК (87-92)%. ПК спорт сабақтарында белгілі білімді қамтиды. ПК төмен адамдарда берік бірдей шарттарда ауырлық орталығының орналасуы төмен болады, сондықтан да дененің кеңістікте мықты орналасуын ( тау лыжи спорты, трамплиннен секіру, күрес т.б.) талап ететін жаттығулардың артықшылығы байқалады. ПК жоғары (92% жоғары) адамдарда, секіру, жүгіруде артықшылығы байқалады. Әйелдерде ПК ерлермен салыстырғанда төмен келеді.

Беріктіктің көрсеткіші дене ұзындығы мен дене салмағының және тыныс шығарғанда кеуде клеткасының айналымы арасындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Мысалы: бой ұзындығы 181см, салмақ 80кг, кеуде клеткасының айналымы 90см болғанда бұл көрсеткіш мынаған тең болады.

181-(80+90)=11. Ересектерде 10-нан төмен болса, мықты дене бітімі,10-20 жақсы, 21-25 орташа, 26-35 әлсіз және 36 өте әлсіз дене бітімі болып табылады. Әдетте, егер дене салмағы және кеуде клетка айналымының жоғары көрсеткіштері күдік тудырса, бұны бұлшықеттің дамуымен емес, семіздіктің әсерінен болғанын ескеру қажет.

Функциональді жағдайлар және сынамалар.

Функциональді жағдай – ағзаның тіршілік әрекетінің деңгейін, ағзаның физикалық жүктемеге жауапты жүйесін анықтайтын қасиетер комплексі.

Физикалық жаттығулармен шұғылданатын ағзаның функциональді жағдайын зерттеген кезде, қан айналым және тыныс алу жүйелерінің өзгеруі өте маңызды, себебі олар спорт сабақтарына кіруге және физикалық жаттығулардың мөлшерін таңдауға маңызды болып келеді, сондай-ақ көп жағдайда олардан физикалық еңбек қабілеттілік деңгейі байланысты.

Жүрек-қантамыр жүйесінің функциональді жағдайының негізгі көрсеткіші – пульс(ЖЖЖ) және оның өзгерістері.

Тыныштық пульсі: отырған қалыпта самай, ұйқы, білезік артерияларын немесе жүрек түрткісі бойынша 15с интервалымен 2-3 рет жүргізіледі. Кейін 1 мин. Есептеу жасалады.

ЖЖЖ тыныштық жағдайда ерлерде (55-70)рет/мин, әйелдерде (60-75)рет/мин. Осы көрсеткіштен жоғары жиілікте пульс жиіленген (тахикардия), ал төмен жиілікте – брадикардия болып саналады.

Жүрек қантамыр жүйесінің жағдайын сипаттау үшін АҚҚ-ың да маңызы зор болып келеді.

АҚҚ систолалық және диастолалық (минимальді) қан қысымен ажыратады. Жас адамдар үшін АҚҚ-ң қалыпты мөлшері : максимальді 100-ден 129мм.с.б. дейін, минимальді 60-79мм.с.б. дейін.

АҚ 130мм.с.б. және одан жоғары болған кезде, ал минимальді (диастолалық) қысым үшін 80мм.с.б. және одан жоғары болуы гипертониялық жағдай болып аталады., сәйкесінше 100 және 60мм.с.б. –нан төмен болса гипотониялық жағдай деп аталады. Жүрек-қан тамырлар жүйесін сипаттау үшін жүрек жұмысы мен АҚҚ-ң физикалық жүктемеден кейінгі ұзақ уақыт қалпына келу кезіндегі өзгерістерді бағалаудың маңызы зор.

Функциональді сынама – дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдарды бақылауда дәрігердің қолданатын кешенді әдістерінің бірыңғай бөлігі. Осындай сынамаларды қолану ағзаның функциональді жағдайын толық сипаттау үшін жүргізіледі.

Функциональді сынама нәтижелерін бақылау басқа дәрігерлік мәліметтермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Функциональді сынама жүргізгенде жүктемеде қолайсыз реакциялардың пайда болуы аурулармен , шаршаумен және физикалық жүктеменің көптігімен байланысты. Неғұрлым жиі кездесетін функциональді сынамалар, спорт тәжірибесінде, сондай-ақ өзіндік дене шынықтырумен айналысқанда қолданылатын

тесттер жыныс Бағалау
Жатқан қалыпта 3мин демалғаннан кейінгі тыныштық тағы ЖЖЖ рет/мин ә е >71 <66 71-81 79-87 88-94 >94
30с ішінде 20рет отырып тұру ә е <36 36-55 56-75 76-95 >95
Жүктемеден кейін пульстің қалпына келуі рет/мин ә е <2 2-4 5-7 8-10 >95
Тынысты ұстап қалу сынамасы (Штанге) ә е >74 74-60 59-60 49-40 <40
ЖЖЖ*АҚҚ мах/100 ә е <70 701-84 85-94 95-110 >110

сынамалар жатады.

30 секунд ішінде 20рет толық отырып тұру. Айналысушы 3мин отырып дем алады.Сосын ЖЖЖ 15с ішінде есептеп, 1 минуттық көрсеткішін шығарамыз (бастапқы жиілігі). Ары қарай 30с ішінде 20рет толық отырып тұрып, әрбір отырыста қолды көтеріп, тізені алшақтатып, кеудені вертикальді жағдайда тұруын сақтайды. Отырып тұрғаннан кейін, отырған қалыпта қайтадан ЖЖЖ 15с ішінде , 1 минуттық көрсеткішінен есептеледі. ЖЖЖ-ң отырып-тұрғаннан кейін артуы салыстырмалы түрде бастапқы жағдайдан пайыздық көрсеткішпен ерекшеленіп анықталады. М: бастапқы пульс 60рет/мин, 20рет отырып тұрғанна кейін 81рет/мин, сондықтан (81-60):60=100=35%.

Жүктемеден кейін пульстің қалпына келуі. 30с ішінде 20рет отырып тұрғаннан кейін қалпына келу кезеңін сипаттау үшін ЖЖЖ 15с ішінде 3-ші мин. қалпына келу кезеңінде есептеліп, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қалпына келу қабілетін бағалайды. (табл.)

Жүрек-қантамырлар жүйесінің функциональді жағдайын бағалау үшін кең таралған Гарвард степ-тиест (ГСТ) және ПВЦ-170 тесті қолданылады.

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің функциональді жағдайын бағалау

Физикалық денсаулықтың деңгейін анықтау үшін денсаулық жағдайының ең маңызды сипаттамасы ол денсаулықтың жүйке-психикалық жағдайын бағалау болып табылады. Психикалық денсаулықты обьективті бағалау арнайы психологиялық тесттердің көмегімен жүргізіледі. Психикалық дамудың бұзылуы әртүрлі аурулардың дамуы мен өршуінің себебі болуы мүмкін. Ой еңбегін обьективті бағалау үшін корректурлы сынама әдісін қолдану ұсынылады, ол белгілі бір уақыт аралығында бір немесе бірнеше белгілер немесе әріптерді белгілеу. Корректурлы әдісті бағалау атқарылған жұмыстың көлемі мен жіберілген қателіктер бойынша жүргізіледі.

Баланың эмоционалды жағдайы Люшер түс таңдау скрининг тесті көмегімен бағаланады, бұл кезде кезекпен сегіз түрлі түсті карточкалар көңіл-күй жағдайына байланысты ұсынылады.Эмоционалды жағдайдың нашарлауын білдіретін көрсеткіштер 1-3 орындағы түстер – қара, сұр, қоңыр, күлгін.

Психологиядағы зерттеу әдістері.

Ғылыми зерттеу әдістері – бұл ғылыми теорияларды құру мен практикалық ұсыныстарды жасауда қолданылатын шынайы мәліметтер көмегімен алынатын тәсілдер мен әдістер. Психология құбылыстары сондай күрделі және өзінше ерекше, қабылдауда қиын келеді. Оны бірнеше әдістермен зерттейді. Оған – философия және социология, математика және физика, информатика және кибернетика, физиология және медицина, биология мен тарих, және т.б. ғылымдар қатарының әдістері кіреді. Табиғи және нақты ғылымдардың әдістерін қолданғандықтан психология өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап, жеке ғылымға ретінде белсенді дами бастады. Психология құбылыстарын сандық бағалау әдістері XІXғ. екінші жартысынан бастап дами бастады. Оларға Бугер-Вебер-Фехнер, Стивенсенс заңдары, математикалық формулалар ретінде физикалық стимуляция мен адам сезімталдығының арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Осы жерге дифференциальді-психологиялық зерттеулердің бастапқы дамуын, бұл жалпы психологиялық қасиеттер мен қабілеттерін анықтау үшін матемитикалық статистика әдістері қолданылады. Кейін, XXғ. математикалық модельдер мен есептерді қолдану психологияның әр түрлі салаларында кең өріс алды. Онсыз қазір ешбір психологиялық зерттеу жүргізілмейді. Бақылау және өзіндік бақылау көп жағдайда тәжірибе жүзінде прибормен көрінбейтін, нақты математикалық формуламен есептеп алынбайтын көптеген жағдайларды ұстап қалуда көмектеседі. Өзіндік бақылау жиі зерттеушінің өз қалауымен, басқа біреудің айтуынсыз, мәліметтерді өз сезінуімен, эмоционалды қайғыруымен, бейнелеулер, ойлар немесе басқа бір қимыл әрекеттерімен іске асырады.

Бірақ бұл бақылаулар, әсіресе, өзіндік бақылау тексерулер мен нақты дәлелдемелер мен беріктікті талап етеді. Бұл көбіне обьективті әдістер мен математикалық формулалар арқылы іске асырылады.

Бақылаудың бірнеше варианттары бар. Сыртқы бақылау адамның психологиясы мен қимыл әрекеттерін тікелей сырттан бақылау арқылы жүргізіледі. Ішкі бақылау немесе өзіндік бақылау бұл зерттеуші өзін қызықтырған құбылысты өз санасындай көргісі келгендіктен жүргізетін бақылау түрі. Бос бақылаудың алдын ала қалыптасқан шекарасы, бағдарламасы, процедуралары болмайды. Стандартты бақылау керісінше алдын ала зерттелетін құбылыс жайындағы жоспарында шекаралар анықталады. Қосылған бақылауда зерттеуші осы процестің қатысушысы ретінде болып, бұл процесті бақылайды. Сырттай бақылау кезінде зерттеуші өзі зерттеп жатқан процеске мүлде қатыспайды. Аталған бақылау түрлерінің өзіндік ерекшеліктері болып, өзіне сай нақты нәтиже бере алатын жерде жүргізіледі.

Сұрастыру әдісі бұл адамның оған қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі. Сұрастырудың бірнеше варианттары бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Ауызша сұрастыру бұл сұрақтарға жауап беретін адамның қимыл әрекеттері мен реакцияларын бақылауда ғана қолданылады. Жазбаша сұрастыру адамдардың көп мөлшерін қамтиды. Кең таралған түрі – анкета. Еркін сұрастыру – ауызша және жазбаша сұрастыруды кезектестіріп қойғанда жүргізіледі, оның алдын ала шектеулері беріледі.

Стандартты сұрастыру бұл сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптардың алдын ала жасалған шектеулері анықталып, уақыты жағынан үнемді және материальді шығындары еркін сұрастырумен салыстырғанда аз келеді. Тесттер психодиагностикалық зерттеудің сандық әдісі болып табылады. Басқа тесттік зерттеу әдістермен салыстырғанда жинау процедурасы мен мәліметтерді біріншілік өңдеу айқын келеді. Тесттің варианттары: тест-сұрастыру және тест-тапсырма.

Тест-сұрастыру бұл алдын ала ойластырылған және толық өңделген және тексерілген сұрақтарды қою, жауаптарына қарай зерттелушінің психологиялық қасиеттерін бағалауға болады.

Тест-тапсырма бұл адамның жасап жатқан істеріне қарап оның психологиясы мен әрекеттер негізін бағалау. Тест-сұрастыру мен тест-тапсырма әр түрлі жастағы, әр түрлі мәдениетке, білім деңгей әр түрлі, әр түрлі мамандығы бар адамдарға қолданылады. Сондай-ақ тест-сұрастыру және тест-тапсырма адамның өз қалауы болмағанда және өзінде анықталған сипаттамаларды қабылдағысы келмеген жағдайда жүргізілмейді. Бұған мысалы, көптеген теріс өзіндік қасиеттер мен теріс әрекеттердің болуы жатады.

Психологиялық зерттеудің арнайы эксперимент әдісі бағытты және ойластырылған жасанды ситуацияларды тексеріліп, жақсылап бағаланады. Эксперименттің басты қасиеті оның басқа әдістермен салыстырғанда сенімділігінде. Эксперименттің екі негізгі түрін ажыратамыз: табиғи және лабораторлы. Табиғи эксперимент қарапайым өмірлік жағдайда ұйымдастырылып, жүргізіледі. Лабораторлы эксперимент ол жасанды жағдайды құрумен баыланысты жүргізіледі.

Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық түрде бола алады. Математикалық модель схема немесе формуланы қамтуы мүмкін. Математикалық модельдің психологияда жиі кездесетін мысалдары бұл Бугер-Вебер-Фехнер және Стивенс заңдарын айқындайтын формулалар. Логикалық модельдеу адамның ойлау және қабылдау қабілетін зерттеу үшін жүргізіледі. Техникалық модельдеуді біз ғылыми зерттеудің әр түрлі жағдайында адамның қабылдау және есте сақтау қабілеттерін зерттеуде байқаймыз. Оған мысал ретінде адам сияқты ойлап, ақпаратты қабылдап және оны өңдеуге, есте сақтап, іске асыруға қатысатын машиналарды жатқызамыз.

Кибернетикалық модельдеуді психологияда қолданылатын математикалық бағдарламаны ЭВМ түрінде жеткізумен түсіндіруге болады. Осы аталған әдістерден басқа психологияда ақпаратты қабылдауға және өңдеуге қабілетті әртүрлі тәсілдер қолданылады. Осындай мақсатта жиі әр түрлі математикалық статистика әдістері мен сапалық анализ әдістері қолданылады.

Экспресс әдістер – физикалық жағдайдың деңгейін бағалау.

Бірқатар авторлардың ұсыныстарымен экспресс әдістер қарапайым клинико-физиологиялық көрсеткіштерді бағалау балдық жүйе бойынша құрылған.Әсіресе, С.А. Душанин, Е.А. Пирогов және Л.Я. Иващенко (1984) бойынша бірнеше диагностикалық тәсілдер біріншілік (Контрэкс-3), ағымды (Контрэкс-2) және өзіндік бақылау (Конторэкс-1) үшін құрылған. «Контрэкс-2» жүйе бойынша физикалық жағдайдың деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады.

Жасы. Өмірдің әрбір жылы бір баллға сәйкес келеді.

Дене салмағы. Қалыпты дене салмағы 30 балл бойынша бағаланады. Әрбір килограм нормадан жоғары 5 балмен есептеледі. Дене салмағының қалыпты көрсеткішін формула бойынша есептейді: ерлерде 50+(ұзақтығы -150)*0,75+(жас -21)/4; әйелдерде 50+(ұзақтығы -150)*0,32+(жасы-21)/5.

Артериалды қысым. Қалыпты артериалды қысым 30 балмен есептеледі. Систолалық немесе диастолалық қысым көрсеткіші 5мм.с.б. артса, 6 балдық мөлшрмен есептеледі. Қалыпты АҚҚ келесі формула бойынша есептелінеді: ерлерде – АҚҚсист=109+0.5x жасы +0,1х дене салмағы; АҚҚдиаст=74+0,1х жас +0,1хдене массасы.

Тыныштықтағы пульс. Әрбір соққының 90 төмен болуы 1балл (пульс 70рет/мин 20баллға сәйкес). Ал пульс 90 және одан жоғары болуы есептелмейді.

Серпімділік. Тізесі бүгілмей аяғы түзі қалпында баспалдақта тексерілуші адам алдыға қарай иіліп тұрады, осы позаны 2с-тан кем емес жағдайда сақтайды.Нөлдік нүктеден төмен орналасқан әрбір сантиметр (ол табан деңгейінде орналасқан) , жастық нормаға тең немесе одан одан үлкен болса оны 1баллмен бағалаймыз. Егер зерттелуші нөлдік нүктеге дейін жетпесе, балл қосылмайды.

Жылдамдық.Тестті тұрған қалыпта орындайды. Ассистент 40см-лік сызғышты алып, оны алға созылған қолдың алақаннан бастап 1-2см қояды. Сызғыштың нөлдік белгісі алақанның төменгі жиегіне сәйкес орналасуы керек. «Внимание» бұйрығынан кейін ассистент 5с ішінде сызғышты алып тастауы керек. Тексерілушінің алдына қойған есеп: неғұрлым жылдам түрде саусақты жұдырыққа жұмып, сызғышты қолда ұстап қалу. Сантиметрмен алақанның төменгі жиегінен нөлдік белгіге дейін ара қашықтықты өлшеу керек. Тестті 3 рет жүргізіп, жақсы нәтижесін ескереді. Жастық нормаға сәйкес келетін әрбір см-ге 2балл қосылады. (Мысалы, 50жасар ер адамда нәтижесі 17см-ге тең. Оған 10 балл беріледі: 2- қалыпты орындағаны үшін, ал 8-і көп орындағаны үшін.

Динамикалық күш. Өз орыннан жоғары секіруде максимальді биіктігі бағаланады. Әрбір сантиметр үшін(нормадан артса) 2 балл қосылады. Орындалуы: қабырғаға өлшегіш лентаны орналастырады. Өкшені жылжытпай, тексерілуші қолын жоғары көтеріп, сызғыштан неғұрлым жоғары тербеледі, сосын 15-30см-ге қабырғадан алшақтап, екі аяғымен итеріліп ол жоғары секіруі керек, және қайта сызғышқа тиюі керек. Бірінші және екінші тербелудің арасындағы айырмашылық секірудің биіктігін сипаттайды. 3 амалдың ішінде тек жақсысын есептейді.

Жылдамдыққа төзімділік. Арқамен жатқан қалыпта түзу аяқты 90˚ бұрышта көтеріп, максимальді көтеру жиілігін 20с ішінде есептейді. Әрбір көтеруде, нормаға сәйкес немесе одан артқанда 3балл қосылады.

Жылдамдық – күштік төзімділік. Қолдың максимальді бүгу жиілігін өлшейді (ерлерде арқамен жатып, әйелдерде тіземен тіреліп) 30с ішінде. Әрбір бүгуде, нормаға сәйкес және одан артқанда 4балл қосылады.

Жалпы төзімділік. Физикалық жаттығуларды бастаған және онымен 6 айдан асқан мерзімде шұғылданатын адамдарда келесідей бағалануы мүмкін: егер адам аптасына 5 рет төзімділікке күштеме орындаса, (жүгіру, лыжи немесе конькимен жүгіру , жүзу, велосипед тебу) 15мин ішінде ол 30балл, аптасына 4рет -25балл, 3рет аптасына -20балл, 2рет аптасына 10балл, 1рет -5балл, мүлдем орындамаса – 0балл беріледі. Жүктеме,пульс 170рет/мин-тан кем емес жағдайда жәе 185рет/мин-тан асырмай ерекшелігі бір жас орындалуы керек. 6апталық физикалық жаттығулардан кейін жалпы төзімділікті 10минуттық жүгіру нәтижелері бойынша қойылады. Нормативті орындаған кезде 30балл беріледі, және әрбір 50м дистанциядан кейін бұл мөлшерді 15 балға арттырады. Ал әр 50м дистанцияда нормативтен төмен болса , 30балдан 5балды шегеріп тастайды. Тестті өзіндік дене шынықтыру сабақтарына арналады.

Пульсті қалпына келтіру. Сабақты бастайтын адамдар үшін отырған қалыптағы 5мин-қ демалыстан кейін пульсін өлшеп, оларға 20рет отырып тұру айталады 40с ішінде, сосын 2мин-тан кейін қайтадан ЖЖЖ өлшейді. Алынған санды 6-ға көбейтеміз. Егер пульс бастапқы қалыпқа түссе оған 30балл беріледі, пульстің 10-ға артуы -20балл, 15ретке -10балл, 20-ға артса-5балл, егер пульс 20 –дан асса, жалпы суммадан 10балды шегереді. «Контрэкс-2» жүйесі бойынша физикалық жағдайдың деңгейін бағалау принциптері: 11көрсеткіш ббойынша 50-ден төмен болса-төмен, 51-90балл- орташадан төмен, 91-160балл- орташа, 160-250балл- орташадан жоғары және 250балл – жоғары .

«Контрэкс-3» -тің диагностикалық жүйесі «Контрекс-2» көрсеткіштерінен басқа ЭКГ –ні бақылауды қамтиды. Қалыпты ЭКГ кезінде тыныштықта және патологиялық өзгерістердің болмауында 2минуттық гипервентиляциялы сынамада тексерілуші 30балл алады. «Контрекс-1» жүйесі 8 көрсеткіштен құралған: жасы, дене салмағы, АҚҚ, ЖЖЖтыныштық жағдайда, ЖЖЖжүктемеден кейін қалпына келуі, жалпы төзімділік, темекі тарту және алкоголбді қабылдау. Темекі тартпайтын, арақ ішпейтін адам 30балл алады. «Контрэкс-1» жүйесі бойынша физикалық жағдайдың деңгейін бағалау: 90балдан төмен – төмен, 91-120балл- орташадан төмен, 121-170балл- орташа, 171-200балл- орташадан жоғары, 201балдан артса- жоғары. Жоғарыда аталған әдістерден басқа физикалық жағдайдың деңгейін бағалайтын экспресс-әдістер бар. Оларға, Г:Л:Апанасенко және Р:Г: Науменко құрған жүйе бойынша – 22 приложение және К.Купер (1987) – 23-27 ұсынысы. Кардио-ырғақ бойынша психикалық жағдайды бағалау.

Психикалық статусты бағалау үшін ырғақ көрсеткіштері мен психикалық күйзелістердің арасында әр түрлі форма мен ауырлық және регулярлы эквиваленттер алынған – психика қатынасы аналогтарының қасиеттері мен деңгейіне байланысты.

Көрсеткіштерді алу әдістері. Тәсілдің негізінде психопатологиялық суреттердің үлгілерін таңдау. Кезеңдердің көмегімен шкаланың қасиеттері мен психиканың ауырлық дәрежесі алынды.

Эталон ретінде сәйкесінше сау, шизофрениямен, эпилепсиямен, аффективті және невротикалық күйзелістер алынды. Әр бір патология эталоны үшін психика сипаттамалы, полиморфты және феноменологиялық психика бұзылу суреттері тән.

Әрбір эталонға оны алға басып отыратын, оның өзіне тән белгілерін анықтайтын тұрақты немесе неғұрлым жиі науқастың жағдайында болатын , ал суретінде психиканың сөндірілуі байқалады. Эталонда күйзеліс суретін көрсететін тұрақты белгілер: 1. шизофрения үшін – инторверсия- өзінің ойларына терең үңілу.2. эпилепсия үшін – ригидтілік( қоймалжың, аз қозғалмалы, баяу), психикалық прцестер .3: аффективті күйзеліс үшін – жоғары аффектілік немесе көңіл-күйдің өшуі. 4. невротикалық күйзелістер үшін – психиканың жоғары сезімталдығы.

Ұсынылған көрсеткіштердің бірқатар ерекшеліктері бар: обьективтілігі, сандық белгілері, универсальділігі,, статикалық және динамикалық жағдайдың қосылуы, бағаланатын адамды уақыт бойынша бекіту, алынудың қарапайымдылығы.

Әдістің ерекшелігінде психикалық жағдайды маманды қосып үлгермегенде бағалай алуында. Мысалы, оператор, космонавттың ауыр еңбегінде, балалар ойыны мен сабағында, спортшылар жарыстың алдында , т.б.

Әдістерді және көрсеткіштерді жалпы және психикалық әр түрлі аймақтар мен жағдайларда бағалау, дәстүрлі әдістермен алуға келмейтін жағдайда қолдану. Ұйқыдан сергектікке ауысқанда орташа RR-интервалдар 1,6есе қысқарып, ал S -2,4 есе өсті, дисперсия мағынасында RR-нтервал өзгермейді, ал S – 3,7есе ұлғайдын

Сау адамның ұйқысы мен оянуы психика білімі бойынша ауру адам ұйқысының аналогиялық кезеңі мен оянуы бойынша ерекшеленеді. Осындай ерекшеліктер шизоидтілің, бейімділік және аффективтілік қасиеттері бойынша ерекшеленеді.

4.Көрнекі материал:дәріс презентациясы

5. Әдебиеттер

негізгі:

1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. -М., 2008. - 432 с.

2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.- М.: Центр Демографии РАН, 1996. - 61 с.

3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2 т./под ред. А.А. Баранова, Л.А.Шеплягиной. Т.1.-432с., Т.2.-464с.,- М.,2006.

4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка (САН). ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста. - 2000.

қосымша:

1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с

курсом наркологии.- Ростов-на-Дону, 2003.

2. Ковалевский Е.И. Офтальмология.- М., Медицина, 1996.

3. Малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург, 1998.

4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум.- Ростов-на-Дону, 2005.

5. Славянова И.К. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии.- Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007.

6. Филиппова А. Сестринское дело в терапии.- Ростов-на-Дону, 2000.

6.Бақылау сұрақтары:

1.Физикалық денсаулықтың зерттеу әдістемесі

2. Психикалық денсаулықтың зерттеу әдістемесі

3. Халық денсаулығын негізгі көрсеткіштерін бағалау

4. «Физикалық денсаулық» ұғымына анықтама

 

 

1. Тақырып №3. Физикалық және писхикалық шаршауда денсаулықты бағалау.

Қауіп факторлары және олардың денсаулыққа әсері.

2. Мақсаты:студенттерге физикалық және психикалық шаршау жағдайын, түрлерін үйрету

3. Дәріс тезисі

Қажу – күш түсуден немесе ұзақ әсер етуден ағзаның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеуімен сипатталатын адамның физикалық жағдайы. Көбінесе өте қажу әлеуметтік факторлары бастаушы мағынада болатын адамдарда өтеді.

А.А.Ухтомский және оның шәкірттері қажуды ағза функциясының дискоодинациясына әкелетін реттелудің бұзылуы деп қарастырды. Қажудың дамуы кезінде қателіктер саны жоғарлайды, жұмыста ақаулықтар көбейеді, қозғалыстың дәлдігі төмендейді, ал пайдалы әсерлер коэффициенті төмендейді.

Физиологиялық қажу – ауыр күшпен шақырылатын және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталатын, субъективті «әлсіздік,» сезімдері сияқты сезілетін жағдай. Ол физикалық (бұлшықеттік) және нейропсихикалық (орталықтық) болуы мүмкін. Қажудың екі формасыда физикалық және интеллектуалды қызмет кезінде байқалады және оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Ауыр физикалық жұмыс ең алдымен бұлшықеттік қажуды, ал күшейтілген немесе монотонды ой жүктемесі орталық типті қажуды шақырады.

Физикалық қажу скелетті бұлшықеттегі өзгерістерден дамиды..Сонымен қатар энергетикалық қор азаяды және сүт қышқылымен аммоний иондары жиналады. Бұл жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкеледі. Қалпына келу фазасы кезінде физикалық жұмыстың арқасында энергия қоры жаңарады, ал сүт қышқылдарымен аммоний иондары жойылады. Егерде энергиямен сүт қышқылының жойылуы толық емес болса, «қалдық қажудың» жиналуы байқалады.

Қалдық қажудың шарттарына сәйкес бұлшықет макроэргиялық субстраттармен метаболизмнің қалдық өнімдерін қолдануды жалғастырады, бұл қажудың одан әрі өсуіне септігін тигізеді. Бұлшықеттік қажу – бұлшықетті жиырылудың берілген күштемені ұстау қабілетінің төмендеуі. Бұл аммиак қалдықтарына байланысты, анаэробты гликолиз күшейіп, сүт қышқылының шығуы тежеледі. Аммиак пен ацидоз деңгейінің жоғарлауы бұлшықеттік қажу кезіндегі метаболикалық бұзылыстардың негізінде байқалады. Бұл процестер физиологиялық қажумен байланысты, шаршаудың пайда болуында негізгі роль атқарады.

Нейропсихикалық қажу орталық нерв жүйесінің реттелуінің бұзылуына байланысты еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне әкеледі. Бұл ретикулярлы фармацияның функциональді жағдайына байланысты. Бірақта «қажу заттарымен» метаболизмге байланысты энергетикалық аспектілер нейропсихикалық қажу жағдайында да өте маңызды. Себебі адам миы ағзадағы барлық энергетикалық ресурстардың 25% қолданады және оның белсенділігі күндізде, түндеде өте жоғары болады. Нейропсихикалық қажу кезінде информацияны беру процессі баяулайды, когнитивті қызмет нашарлайды, сенсорлы қабылдаумен моторлы қызмет әлсірейді. Нейропсихикалық қажу депрессиямен және мазалау реакциясымен, тітіркендіргішпен, эмоциональді лабилділікпен және психомоторлы белсенділіктің төмендеуімен байқалады.

Егер ұзақ уақыт ішінде қалдық қажу толық қалпына келмесе күш түсіру синдромыпайда болады. Күш түсіруден кейін ару жағдайы дамиды. Ару физикалық немесе ой жұмысы кезінде пайда болады.

Қажудың субъективті сезілетін сезімі – бұл ең алдымен орталық реттеу жүйесінің жүктемеге жауабы ретінде білінеді, ағзаның энергетикалық ресурстарымен метаболизм өнімдерінің аутоинтоксикациясына байланысты болады. Бұл жауап мидың реттеу жүйесінің ой немесе физикалық қызметті уақытшы тоқтату қажеттілігі туралы ақпарат береді.

Ұзақ уақыт қажу ағзадағы стрессорлы әсердің нәтижесі ретінде пайда болады, реттеу жүйесі қызметінің бұзылыстары – вегетативті, эндокринді, иммунды бұзылыстарды шақырады. Стресс – барлық бейспецификалық қорғаныс және қалпына келтіру күштерінің мобилизациясымен сипатталады. Бұл ағзаның тұрақтылығын жоғарлатады және гомеостазды ұстауға көмектеседі. Стрестің пайда болуы мен дамуы зақымдаушы стрессорлы факторлардың әсеріне байланысты емес. Стресс – реакция, егер стрессорлы әсер жалғасса немесе қайталанса 3 негізгі кезеңдерден өтеді.

Дабылдың бірінші кезеңі – ағзаның барлық адаптациялық және қорғаныс қызметінің мобилизациясы және стрессорлы фактор әсеріне байланысты емес. Бұл стадияда энергетикалық ресурстар, кардиоваскулярлы тыныс алу және басқа жүйелердің мобилизациясы жүреді. Осының әсерінен гомеостатикалық константалар нормадан ауытқиды. Стресс кортикотропин – релизинг фактордың лақтырысымен сипатталады. Осыған байланысты глюкокортикоидтардың каскад реакциясына босатылу іске асады.

Глюкокортикоидтер ағзаның энергетикалық ресурстарының мобилизациясын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүшелердің энергиямен қамтылуына көмектеседі. Олар адаптацияға жауап береді – гликолизді белсендіреді, деподағы липидтер лақтырысын, май қышқылының тотығу реакциясын, глюконеогенезді белсендіреді. Гипоталамустың артқы бөлімінің активациясы, симпато-адреналды жүйенің және катехоламиндердің лақтырысын стимуляциялауға көмектеседі.

Бірінші кезеңнің механизмдерінің жеткілікті белсендірілуінде екінші кезең – резистенттілік пайда болады. Ол кезде келесі метаболикалық жылжулар болады, катехоламиндердің лақтырысы жалғасады, глюкагон өнімдері жоғарлайды, инсулин өндірілу төмендейді, соматотропты гармон – пролактиннің өнімі жоғарлайды. Егер бұл кезеңде стрессорлы фактордың әсері әлсіресе, онда ағзадағы онымен шақырылған өзгерістер қалпына келеді. Бірақ егерде стрессорлы фактор әсерін жалғастырса, онда үшінші кезең – арықтау пайда болады. Бүйрекүсті қыртысының функциясының төмендеуімен және глюкокортикоидтердің абсолютті жетіспеушілігімен байланысты ағзаның резистенттілігі төмендейді.

Ағзаның қорғаныс реакциясы – стресс – белгілі бір жағдайларда адаптация ауруы – дистереске ауысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда глюкокортикоидтердің лақтырысы кері байланыс механизмімен реттеледі – олардың қандағы концентрациясының жоғарлауы кортикотропин-релизинг фактордың өндірілуін тежейді. Созылмалы стресс жағдайы кері байланыс механизмінің бұзылуына және жоғары концентрациялы глюкокортикоидтердің қанда ұзақ персистирленуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде структураларда айқын нейрональды жетіспеушілікке әкелуі мүмкін. Келесі стресті әсерлердің нәтижесінде, гиппокампаның зақымдалуы индивидумның адаптивті мүмкіншілігін нашарлатады.

Катехоламиндердің жоғары дозасының ұзақ әсері асқазан мен он екі елі ішектің кілегей қабығындағы тамырлардың спазмын тудырады. Липидті тотығу бұзылады, гиперлипидемия, әр түрлі мүшелер мен тіндер зақымданады. Үшінші кезеңде байқалатын лимфоидты тіннің атрофиясы ағзаның қорғаныс иммунды механизмдерінің төмендеуін шақырады. Стрессорлы фактордың барынша ұзақ әсері етуі кезінде вегетативті және эндокринді жүйелердің функциональді өзгеруі болатын, ағзаның реакциясы – вегетативті дистония синдромы пайда болады. Вегетативті дистония синдромы перманентті және пермонентті-пароксизмальді сипаттағы көп жүйелі функционалді бұзылыстармен сипатталатын психовегетативті синдром түрінде өтеді. Бұл қажу патологиялық балып табылады, сонымен қатар психовегетативті синдром туындауы мүмкін.

Патологиялық қажу.

Физиологиялық қажу патологиялық шаршауды, қажу астенияны білдіреді. Астения (грек.asthenia-шаршау,әлсіздік) ұзаққа созылған және демалусыз, күш түсірусіз пайда болатын, анықталуы бойынша – аномальді, спонтанды әлсіздік. Соматикалық патология кезіндегі органикалық астенияны және соматикалық аурулармен байланыссыз функциональді астенияны ажыратады. Астениядан нервті-бұлшықетті аурулар кезіндегі бұлшықетті әлсіздікті ажырата білу керек.

Органикалық астенияны жиі шақыратын себептер: инфекционды, эндокринді, неврологиялық, онкологиялық, гематологиялық аурулар, ЖКТ функциясының бұзылуы, сонымен қатар иммунды жүйе патологиясы. Органикалық астенияның себебі болып көбінесе митохондриальді метаболизм және белокты структуралардың тұнуының жылдамдауымен байланысты метаболикалық бұзылыстар болып табылады.

Функциональді астениялық бұзылыстар психикалық сферадағы өзгерістердің пайда болуына әсер етеді: әртүрлі аффективті бұзылыстармен (депрессия, невротикалық бұзылыстар, мезгілді-аффективті бұзылыстар) шақырылатын психикалық аурулар. Сонымен қатар астения идиопатиялық диффузды полиалгиялық синдромның және этиологиясы осы күнге дейін толық анықталмаған – созылмалы шаршау синдромының клиникалық картинасына кіреді.