ЖЕДЕЛХАТ
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеделхаттың артықшылықтары:
- мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады;
- формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ;
- жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады;
- қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады;
- жеделхаттар тез жеткізіледі;
- жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді.
Жеделхатты жазу талаптары :
- мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс;
- мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды;
- кейбір сөздерді қысқартуға болады;
- цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті);
- жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады;
- жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.
Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі(мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).
Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.
Жеделхаттың реквизиттері:
1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:
- түрі, категориясы;
- номері, датасы, жіберілген уақыты;
- алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.
2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:
- жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі;
- датасы;
- автордың мекен-жайы.
Жеделхаттардың рәсімделуі:
- мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.
- Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады.
Ескерту:Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.
.