Визит карточкалары

Жынысы

3. Туған жылы, айы, күні

4. Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс)

5. Ұлты, азаматтығы

6. Әлеуметтік тегі

Білімі

Диплом бойьшша мамандығы.

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.

8. Қандай тілдерді білесіз, қандай дәрежеде

9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

10. Ғылыми еңбектері және өнертабыстары

11. Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары

Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы.

Шетелдерде болуы

13. Сайланбалы орындарға қатысуы

Мемлекеттік наградалары

15. Әскери қызметке қатысы, әскери атағы

16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)

Мекен-жайы

Толтырылған уақыты

Қолы

 

Есте сақтаңыз!

әртіс -артист

марапаттау – наградить

марапатталдым – награжден (а)

 

Шетелге барған мақсатты көрсету үшін жазылатын үлгілер:

Қызмет бабы

Ресми сапар

Іссапар

Туристік саяхат

Мемлекеттік делегация құрамында

Білімді жетілдіру

Іс-тәжірибе алмасу

Туыстардың шақыруымен

Демалыс мақсатында

 

Мамандық, кәсіп, лауазым аттары:

Заңгер – юрист,

Үйлестіруші – координатор

Бағдарламашы – программист,

әкім –аким,

әкімнің орынбасары – заместитель акима,

инженер – инженер,

атқарушы директор – исполнительный директор,

жетекші маман – ведущий специалист,

бөлім меңгерушісі – заведующий отделом,

аға ғылыми қызметкер – старший научный сотрудник

Визит карточкалары

Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.

* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.

* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.

* Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ, бірақ көбінесе ол 50х90 мм-лік көлемдегі қатты қағазда жасалады.

* Қатты қағаздың ең жоғарғы жағына жұмыс істейтін мекеменің заңды атауы толық жазылып, белгісі қойылады. Қызмет істейтін мекеменің атауы, құрылымдары толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы: Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қаржы-экономика факультеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

* Визит карточкалары негізінде Тіmes 14 -шрифтімен жазылады.

* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.

- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы.

* Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.

* Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар қажеттілігіне қарай көрсетіледі.

* Жұмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.

* Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына қарай жасалады.

* Визит карточкалары бір жақты жасалуы тиіс, екінші жағына қажет болған жағдайда қажетті мәліметтерді қаламмен жазып беру үшін қолданылады.

Визит карточкаларының түр-түсі:

- үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендеріп жасайды;

- қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл түстер;

- түрлі дәрежедегі басқару органдарында жұмыс істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк, фон –ақшыл сия түсті, шрифт – сия түсті, фон – ақшыл қоңыр, шрифт – қара қоңыр т.б. ) қалайды;

- Әртүрлі мамандық иелері өз қалауына қарай жасатады. Мысалы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатса, орман шаруашылығы қызметкерлері өз визиткаларының фонын көп жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады. Полиграфист қай тонды таңдаса да шрифт міндетті түрде қара түспен береді;

- творчество адамдары визит карточкаларын бірден көзге түсетіндей ерекше етіп жасауға тырысады. Көбінесе абстракциялық өрнектер, бедерлермен безендіреді;

- ғылыми интеллегенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері көбінесе ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фигуралары, сызықтары жоқ визиткалар жасатады.

Іссапар, конференция, семинар, көрме т.б. іскерлік байланыс жасалатын жерлерге жиналғанда визиткаларды жеткілікті етіп алып шығу қажет. Бұл сіздің жеке басыңыздың құжаты ретінде де, кепілдеме ретінде де сізге көп пайдасын тигізеді.

Визит карточкаларын бергенде, қабылдағанда оң қолмен қабылдау қажет, бірден қалтаға, сөмкеге сала салмай, көз тоқтатып қарап, мазмұнымен танысу, алғыс білдіру қажет.

 

 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде қарауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әр түрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

4. Өтініш

Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы туралы ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініштің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжат адресациясы: (кімге: мекеменің толық атауы, басшының қызметі, атағы, аты-жөні; кімнен: өтініш берушінің мекен-жайы немесе қызметі, аты-жөні);

- құжат атауы;

- негізгі мәтін;

- қосымша болса, оған сілтеме;

- жазылу мерзімі;

- өтініш иесінің қолы.

 

Грамматикалық минимум

Барыс септік: -ға/-ге -қа/-ке

Шығыс септік: -дан/-ден -тан/-тен

Есептік сан есім.

Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.

Жіктік жалғау

Қысқарған создер (аббревиатуры)

 

Лексикалық минимум

Терминдер және терминдік сөз тіркестері

Номенклатуралық атаулар

Жалқы есімдер

Ай аттары