Есеп №49.

Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС. Науқасқа «Поллиноз» аңғарымы қойылды.

1. Поллиноздың негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?

Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.

2. Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Алдындағы есептегідей, тек IgЕ н/е IgG4 син-і артады.

3. IgE және IgG4 иммуноглобулиндердің басқа түрлерінен қалай ерекшеленеді? Неге атопиямен ауырған науқастың қан сарысуында IgE болмауы мүмкін?

IgG4 н/е IgЕ – реагиндік антиденелер д.а. Олар тек лаброцит ж/е базофильдермен жабысады, ал бұл жасушалар теріде, шырышты қабаттарда, тегіс салалы б.е.-де көп болады. Гендердің ауытқуларынан осы антиденеге жауап беретін геннің функциясы бұзылып, IgЕ-ң син-і болмауы н/е өте азайып кетуі мүмкін.

4. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Алдыңғы есептердегідей болады.

 

Есеп №50.

28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен ісінген күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 °С аралығында.

1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің даму негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?

Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.

2. Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Алдындағы есептердегідей, аллергені – пенициллин. Қатты терлеуден дене қызымы аз көтеріледі.

3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Алдындағы есептердегідей. Буын ауруының себебі – ісінулік сұйық буын қаптарында да жиналған.

4. Есекжемде дене қызымы көтерілу патогенезін түсіндіріңіз.

Простогландин (Е1,2) гипоталамусқа әсерінен, дене қызымы артады. 46 есепте бар.