Есеп № 43

Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

1. Қай қоян және неден өлгендігін көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз.

Токсинді қабынуы жоқ аймаққа енгізген қоян өліп қалады, себебі токсин бүкіл орг-ге таралып, улы әсер еткен, ал орг-ң иммунды компоненттері қабыну ошағына жұмылдырғандықтан токсинді заласыздандыра алмаған.

Қабыну ошағының айналасында дәнекер тіннен тұартын тосқауыл түзіледі, ол лимфа ж/е қ.т. бөгеу арқылы әртүрлі у, токсиндерді ошақта ұстап тұрады, ол орг-ке тарамайды, қоян өлмейді.

2. Организм үшін қабынудың маңызын көрсетіңіз.

· Жағымды жақтары:

1- Лейкоцитоз

2- Улы заттарды залалсыздандыратын ақуыздардың – жіті дамуына тән нәруыздар(С-реактивті белок, альфа-антитрипсин), жедел жауап фазасының ақуыздары синтезі артады, антидене мөлшері ұлғаяды

3- Иммунды жүйе әсерленеді, пролиферация ж/е регенерация процесстері жоғары дәрежеде болады

· Жағымсыз жақтары:

1- Тіндердің улы заттар әсерінен ыдырауы

2- Экссудат көп болса, тіннің қоектенуі бұзылып, гипоксия дамуы

3- Лейкоциттердің ыдыратушы ферменттерінің әсерінен көршк қалыпты тіннің зақымы

4- Склероздану – ағза қызметінің төмендеуі

3. Қабынуға анықтама беріңіз, қабынудың қрамбөлшектерін атаңыз

Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

Компоненттері:

· Альтерация

· Экссудациямен жүретін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі

· Пролиферация

4. Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің сатысын көрсетіп, патогенезін түсіндіріңіз,

· Қысқа мерзімді қан тамырлар спазмы – қоздырғыштың әсерінен рефлекторлы болады.

· Артериялық гиперемия – қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары кеңиді, оларда толаққандылық болады, жана қылтамырлар саны артады.

· Веналық гиперемия – веналарда қан қоюланып, эритроциттер бір-бірімен жабысып, тромбоз болып, жылдамдық төмендеуден болады.

· Стаз – қылтамырларда қозғалыс тербелмелі болып – систолада алға, диастолада артқа жылжып тұрады, сосын мүлдем тоқтап стаз болады.

 

Есеп № 44.

Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырау, «құстың терісіндей», тамыр соғысы 98 рет мин, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.

1. Науқаста дене қызымы көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?

Науқаста асқын қызба болып жатыр – 40, 41 ж/е одан жоғары.

2. Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

Этиологиясы экзогенді-инфекциялық. Пневмококктрдың токсиндері(экзогенді пироген) лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.

3. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?

Темп-ң көтерілу сатысына тән.

4. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Бұл кезде шеткі қ.т. тарылады, жылуды сыртқа за шығарады, сон-тан қан қозғалу жыл-ы азайып, бозару, жергілікті темп-а төмендеген, құрғақ болады, зат алмасудан АТФ-ке қарағанда жылу өндірілу артық болады, сон-тан б.е. еріксіз жиырылады, қаотырау болады. Терідегі түктердің тегіс б.е. жиырылып қалуынан, түктер тікірейіп, құс терісіндей болады. Симп-қ жүйке жүйесі қозудан жүрек соғысы артады.