Статья IV. 5 страница

Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.

Құқықтық сананың функциялары:

а) танымдық;

б) бағалау;

в) реттеу.

Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;

Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.

Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:

- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);

- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);

- құқық қорғау органдарына қатысты;

- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).

Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.

Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге байланысты болады.

Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.

Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.

Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.

Идеология аясынан жөне идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.

Гегельдің құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады.

Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқыктық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.

Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мәдени-құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат".

Құқықтық сананың түрлері:

1. Субъектілері бойынша:

- дербес (жеке);

- топтамалық;

- қоғамдық.

2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:

- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;

- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;

- ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;

-

                                     
   
(a) ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
 
     
 
   
       
 
     
 
     
   
 
 
 

 


Құқықтық құрметтеу  
Құқықтық құрмет тұту

               
   
     
 
   
 
     
 
 
 
   
     
 
 
   
 
     
 
 
 
     
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
   
 
   
 

 

 


Құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгісі - халықтың құқықтық мәдениетінің, құқық қорғаушылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың кәсіби мәдениетінің болуы. Бұл белгі құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты.

Құқықтық мәдениет — қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.

Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді).

Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы жөне құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.

Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.

 

 

       
   

 


           
   
   
 
 

 


                 
   
 
   
 
   
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 

 


 
 

       
   
 


 

 

Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.

Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:

1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.

2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.

3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.

4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.

5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.

6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.

Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.

 

Пысықтау сауалдары

 

1. Құқықтық сана ұғымының мәнін түсіндіріңіз және оның құқық үшін қандай маңызы болатынын баяндаңыз.

2. Құқықтық сана қандай қызметтерді атқарады?

3. Құқықтық сананың элементтерін атаңыз және қандай мәні болатынын баяндаңыз.

4. "Құқықтық мәдениет" аталымын қалай түсіндіруге болады? "Құқықтық мәдениет" пен құқықтық мемлекеттің байланыстылығы қандай болады?

5. Құқықтық немқұрайдылықтың себептерін атаңыз.

6. Қоғам мен мемлекет үшін құқықтық немқұрайдылықтың қауіптілігі неде?

 

Жиырма бірінші тақырып.ЗАҢДЫ (ҚҰҚЫҚҚА САЙ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Заңды мінез-құлық — құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Заңды мінез-құлық арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Заңның талаптары орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады.

Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді: 1) белсенді заңды мінез-құлық; 2) бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.

Белсенді заңды мінез-құлық — лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Ондай әрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты. Осындай мінез-құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңде қажетті шарттар баршылық. Ол — егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың әлінше күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол — лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене катысып, әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу—міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайдылықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға катыспайды, отбасын құрғысы келмейді, оқып-білім алуға ерінеді, тіпті, жақсы істеп, табыс та тапқысы келмейді. Әрине, мұндай мінез-құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеңе ұтпайды.асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың әлінше күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол — лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене катысып, әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу—міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайдылықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға катыспайды, отбасын құрғысы келмейді, оқып-білім алуға ерінеді, тіпті, жақсы істеп, табыс та тапқысы келмейді. Әрине, мұндай мінез-құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеңе ұтпайды. Демек, екі тарап та ұтылыста болады. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайдылығын пайдаланып, қара ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасаулары мүмкін.