Шылаулар (Служебные слова)

Өз алдына жеке мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесі қызметін атқармайтын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызметте жұмсалатын сөздер шылау сөздер деп аталады.

Мағынасына қарай шылаулар үш топқа бөлінеді:

жалғаулықтар(союзы)

септеуліктер (послелоги)

демеуліктер(частицы)

Жалғаулықтар

Салаластырғыш (сочинительные) Сабақтастырғыш (подчинительные)
Түрлері (типы) Жалғаулықтар (союзы) Түрлері (типы) Жалғаулықтар (союзы)
  1. Ыңғайластық
(соединительные)
Мен, бен, пен, әрі, да, де, та, те, және (и) 1.Қарсылықты (противительные) Бірақ, алай да, дегенмен, әйтсе де, ондада, сонда да, сөйтсе де
  1. Талғаулықты
(разделительные)
әлде, біресе, бірде, не, немесе, яки, болмаса 2. Себеп-салдар (причинно-следственные) Себебі, өйткені, неге десең, не үшін десең, сондықтан, сол себепті, сол үшін
  3. Шарттық (условные) Егер, егер де  
4.Айқындағыш (уточняющие) Яғни, демек
5. Ұстастырғыш (присоединительные) Ал ендеше, ендеше, олай болса, онда, демек

Септеуліктер (послелоги)

(Белгілі бір септікте тұрған сөзбен тіркеседі)

 

Меңгерілетін септіктер (Падежи) Септеуліктер (Послелоги)
1. Атау (Именительный) Арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, шамалы, шақты, қаралы (ғалым туралы, күн сайын, сен үшін)
2. Барыс (Направительно-дательный) Дейін, шейін, төмен, қарай, қарсы, торта, жуық, таяу (тауға қарай, мектепке дейін, беске таяу, онға жуық)
3. Шығыс ( Исходный) Бері, кейін, соң, бұрын, әрі, басқа, бөлек, өзге (сабақтан соң, үйден әрі)
4. Көмектес (Творительный) Қатар, бірге, қабат, қоса (әкеммен бірге, көбейтумен қатар)

 

Демеуліктер (Частицы)

 

Түрлері (Типы) Демеуліктер (Частицы)
1. Сұраулық (вопросительные) ма/ме, ба/бе, па/пе, ше
2. Күшейткіш (усилительные) -ақ, -ау, -ай, шы, ші
3. Нақтылық (достоверности) қой (ғой), ды (ді, ты, ті)
4. Шектік (ограничения) қана (ғана), тек
5. Болымсыздық (отрицания) түгіл
6. Көңіл-күй (эмоциональные) -мыс (-міс), екеш -белгісіздік

 

Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)

Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

 

Түрлері ( Типы) Мысалдап (Примеры)
  1. Мағынасына қарай
(по значению)
1. Еліктеуіш (звукоподражательные) тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір
2. Бейнелеуіш (образоподражательные) зып, бүлк, қалт, селк, желп
2. Тұлғасына қарай (по способу образования) 1. Негізгі (непроизводные) дүрс, ар, лып, морт, солқ
2. Туынды (производные) томп-аң, елп-ең, бұр-алаң, тыраң
3. Құрамына қарай (по составу) 1. Дара (простые) шалп, сарт, сырт, көлбең
2. Күрделі (сложные) а) маң-маң, гүр-гүр, дір-дір
ә)арс-ұрс, былқ-сылқ, жарқ-жұрқ

 

Ескерту. Еліктеуіш сөздердің көру арқылы қабылданып айтылғандары еліктеуіш сөздер деп, есту арқылы қабылданып айтылатындары бейнелеуіш сөздер деп аталады.

 

Бекіту

№1-жаттығу

Шылауларды тауып, мағыналарын ажыратыңдар.

1. Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз.

2. Жақып Рабиғаны пәтеріне дейін шығарып салатын болды.

3. Ит иесі үшін жүгіреді, құс тамағы үшін ұшады. 4. Жарлы болсаң да, арлы бол.5. Балам, сен конькиіңді жоғалтқан соң, канша жүрдің? 6. Алыстан дыбыстар ғана естіледі.7. Әскерде командир айтты бітті, ал мұнда басқаша. 8. Егер мен Президент болсам, халықтың жағдайын өзгертер ем. 9. Қыста алтыға таман қараңғы түсе бастайды.10. Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.11. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің бе? 12.Өмірден өз орнын тапқан-ды.13. Айтқанына сенгің келеді-ау, бірақ сөздері шындықтан алыс.

 

№2-жаттығу

Сөйлемдердегі көп нүктеннің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз.

Ағылшын тілін бұрын оқыған жоқпын, ...(потому-что) басқа мектепте оқыдым. Сен қазақтың белгілі батырларын білесің ...(ли)? Өткен сабақта болған жоқпын,...(поэтому) үй тапсырмасын орындай алмадым. Мен қазақша түсінемін, ...(но) сөйлей алмаймын.Мен Абай ...(об) реферат жаздым. Бұл кітап орыс ... (и) неміс тілдерінде басылып шықты. Мен бүгін ...(или) киноға барамын, ..(или) театрға барамын. Ол мені үйге ...(до) шығарып салды. Мектептен ...(после) мен университетке түсемін.Көкөністер татымды емес, ...(вместе с тем) өте пайдалы. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен ...

(после) Еуропаға белгілі болды. Отан ...(для) отқа түс, күймейсің. Шешендік сөздерді оқығаннан ...(после) әдебиетке қызығып жүрмін.

 

№3 –жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне қарай ажырат.

Мақтасақ – әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді...Отыз жыл бойы Темір бір рет езу тартқан емес-ті... Содан бері отыз жыл бойы Темірдің жүрегі ...мүлде жабылып қалған! Әңгіме осы Ақсақ барыс жайында!.. Әйтпесе, жер тәңірісі Темірдің ала шатырын жел ұшырып әкету де мүмкін емес пе? Бұл тастар оның үстінде бес-ақ мыңдай екен... Ол мың рет қанға батып шықты ғой. Сондықтан, қаннан қалған тоттың ізі ап-айқын. Сонан соң сөзін бастады. Аңдар адамнан гөрі де, өз баласын артық сүйеді. Аристотельді де, Фирдоусиді де ана тапты. Ескендір мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бұл шындық қой. Мұнымен бірге мен де күтіп отырамын. /Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана» /

№4-жаттығу

Шылау сөздерді пайдаланып қазақ тіліне аудар.

1. Правда ли, ложь ли?

2. И стар, и млад –он.

3. Ты же настоящий герой.

4. Дайте ему в руки только домбру.

5. Река Или после Капчагая впадает в Балхаш.

6. О роли пословиц-поговорок нам рассказала учительница.

7. Ради Родины в огне не сгоришь.

8. До открытия памятника здесь ничего не было.

9. Вместе с тем это очень полезно.

10. В наурыз коже добавляют семь компонентов, потому что цифра «семь» для казахов священное число.

11. После чтения образцов ораторского искусства меня заинтересовала қазахская литература.

Оқшау сөздер (обособленные слова)

 

Сөйлемдегі ойға белгілі дәрежеде қатысы бола тұра, сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін жеке сөзді не сөздер тобын оқшау сөздер дейді

 

 

Қаратпа сөздер – слова обращения Қыстырма сөз –вводное слово Одағай сөз -междометие
Негізгі тыныс белгілері-үтір мен леп белгісі.   1.Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, үтір одан кейін қойылады: Оқушылар, ертең кешікпей келіңдер. 2. Қаратпа сөз сөздің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады: Сәлеметсің бе, Асан, төрге шық. 3. Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, үтір оның алдына қойылады: Сен мені тыңдайсың ба, Әсем? 4. Қаратпа сөз сөйлем ішінде көтеріңкі айтылса, леп белгісі қойылады: Кавказ! Пушкин мен Лермонтов жанындай сүйген жер, сені қалай сүймессің! Тыныс белгісі - үтір. Қыстырма сөздер мағынасына қарай топталады: 1.Сөйлемдегі ойды сендіре жеткізу үшін: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда. 2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасында: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, дәуде болса, тегі. 3. Алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасау ретінде: қысқасы, тоқ етері, демек, жалпы алғанда. 4. Көңіл-күйін сездіру үшін: бәсе, бақытымызға орай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп. 5. Ойды санамалап дәлелдеу үшін: ең алдымен, біріншіден, екінші жағынан. Негізгі тыныс белгілері-үтір мен леп белгісі.   Көңіл-күйді білдіреді:қап, па, беу шіркін, әттеген-ай, ойпырым-ай, шіркін, ой, о. Жекіруді білдіреді: тәйт, кәні, әй. Шақыруды білдіреді: ауқау-ауқау, кә-кә, құру-құру, ей, әй.

.

 

 

Бекіту

№1-жаттығу

Оқшау сөздерді тауып түрлерін анықтаңдар, тыныс белгілерін түсіндіріңдер.

1. Менің ойымша, сенің айтқаның дұрыс болар еді. 2. Агроном жолдас, сіздің мына кісіге қандай көмегіңіз болады? 3. Кезіккенің жақсы болды ғой, шырағым. 4. Тегі, ол бүгін келмейін деген ғой. 5. О, сені көргеніме өте қуаныштымын! 6. Бұл не, әй! 7. Беу шіркін, таудың ауасы қандай керемет! 8. Әрине, оқуымды тастамаймын. 9. Шынында да, өзің бір қызық адам екенсің. 10. Амал не, сен мені дұрыс түсінбедің! 11. Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның? 12. Жол болсын, Есеке, сізді көргеніме қуаныштымын.

№ 2-жаттығу Түсіндірме диктант

- Е, не бопты соншама? – десті біреулер.

- Менің ұғуым қате болмаса, осы жаққа патша келеді дей ме, болмаса патша елден кісі шақыртқан дей ме, әйтеуір бір сондай үлкен іс бар...

- О-хо-хо!...-деді урядник аузын ашып...

- Шырағым, жоғары шық! –деді Байсақал...

«Әке, қойшы сол сөзді» ,- деді Итбай қабақ шытып. «Ой, тәйірі-ай, сол ма?» -десті үйдегілер. Ол, тегі, жалпы орысша білетін кісіден қорқатын. «Рақмет, ақсақал!»-деді Асқар түрегеп.Той қайырлы болсын, апа! Қойшы, қалқам, жылбысқаның етін айтамысың? Оқасы жоқ, дәм татқанымыз да болады. «Ойбай, енді», -десті көпшілік шулап. «О, сорлы ауыл! - деп өкінді Асқар ішінен,- жаралы ауыл!... Сырқат ауыл!»

«Жеңгей, сіз білесіз бе, жәмшік Кенжетайдың ағасы қайда тұратынын? –деді Асқар жолда жолыққан бір орыс әйелге. Балтабек –ең үлкені. Екінші –Темірбек ортаншы ағасы. Үшінші –Кенжетай кенже ағасы.

(Сәбит Мұқанов «Ботагөз»)

№3 - жаттығу

Төмендегі оқшау сөздерді мағынасына қарай ажырат, сөйлем құра.

Әлде-әлде, кіс-кіс, бәрекелді, алақай, өкінішке орай, апатай, пай –пай, ойбай, біріншіден, меніңше, қап, мүмкін, мырзалар мен бикештер, түу, менің ойымша, шөре-шөре.

№4 –жаттығу Оқшау сөздерді тауып белгіле. Жатқа айт.


Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопан ата түлегі –

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!

Жауын жауса бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар

Шекетайым, қайдасың?

Шөре-шөре!

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құлыным менің , қайдасың?

Құрау –құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,

Тіліменн бойын тараған,

Көкке мұрнын шүйіріп

Көз төңкеріп қараған,

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің, қайдасың?

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы

Ботақаным, қайдасың?

Көс-көс!


(Халық ауыз әдебиетінен)

№5-жаттығу Қаратпа сөздерді белгіле, жатқа айт.

Қарға

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар;

Боран соқса қор болар,

Орман жаққа қорғалар!

№6-жаттығу

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Одағайларды тауып, тыныс белгілерін түсіндір.

  1. Е, бейне, неғып тыжырынып қалдың? Дәл төбеңнен түскені жақпады –ау, ә, Абайдың?
  2. Уай, Оразбай, не дауың бар?
  3. Япырай, қалай өзгерген?

Синтаксис

Морфология сияқты, синтаксис те грамматиканың құрамына енеді.Ал синтаксис өз ішінде екі салаға бөлінеді: сөз тіркестері синтаксисі және сөйлемдер синтаксисі.

Сөз тіркестері синтаксисі-синтаксис словосочетаний

Сөз тіркестері Сөздердің байланысу тәсілдері Сөздердің байланысу түрлері
  1. жай сөз тіркесі: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме.
  2. күрделі сөз тіркесі: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсті, ойда жоқта кез болды.
  3. Есімді сөз тіркестері: айқын пікір, биік ағаш, шешілген мәселе
  4. Етістікті сөз тіркесі:
Сабаққа бардық, жақсы қабылдады, тартымды сөйледі. 5.Тұрақты сөз тіркестері:көзді ашып-жұмғанша, сағы сыну, қабағынан қар жауып.
  1. Септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы: мен үйге келсем, Әбдірахманның келгенін, қаладан келгені
  2. Шылау арқылы: ақырына дейін күту, оқыған соң ойлау.
  3. Сөздердің орын тәртібі арқылы: Шайқалған қымыздың иісі көш жерден мұрынға келеді.
  4. Интонация арқылы:Сәбит- жазушы, Қаныш-ғалым.
  1. Қиысу: сіз ала кетіңізші, біз келдік.(бастауыш пен баяндауыш)
  2. Матасу: ауылдың малы, Алматының тұрғыны.(Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы)
  3. Меңгеру: бәйгеге шапқан, сізге өкпелімін, есепке алды.(Ілік септігінен басқа септік жалғаулары)
  4. Қабысу:(қатар тұру арқылы байланысу) Қиыр Шығыстан Еділ бойына келген жігіт.
Қиыр Шығыстан, Еділ бойына, келген жігіт.
  1. Жанасу: (орын таңдамай байланысуы)
Бұрын да орынсыз сөйлемейтін, орынсыз бұрын да сөйлемейтін.

Сөйлемдер синтаксисі – синтаксис предложений

Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді.-(по строению) Жай сөйлем (Простое предложение) Мен кітаптан қызықты әңгіме оқыдым.
  Құрмалас сөйлем (Сложное предложение) Марат кеше келіп кетті, ол маған бар жаңалықты айтты.
Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді –(по цели высказывания) Хабарлы сөйлем-(повествовательное предложение) Мен оған жиналыстың болатыны туралы айттым.
  Сұраулы сөйлем (вопр. предл) Сен бүгін маған келесің бе?
  Бұйрықты сөйлем (повел. предл) Сәуле, сен бүгін маған кел.
  Лепті сөйлем (воскл. предл.) Бүгінгі күн қандай тамаша!

Жай сөйлем түрлері –виды простых предложений

1.Жалаң сөйлем (нераспр. предл.) (тұрлаулы мүшелерден тұрады) Болат күлді. Түн болды. Жаңбыр жауды. Ахмет-студент.
2.Жайылма сөйлем (распрос. предл.) (тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден тұрады) Олар клубтың алдына келген. Шоқан ғылым жолына бұрынғыдан да құштарлана түсті.
3. Жақты сөйлем (личные предл.) Мен елдің жіберген елшісімін. Туған үйден алыстап кете бердім.(менжасырын тұр)
4.Жақсыз сөйлем -безличн. предл. (баяндауышқа қарап бастауыш табылмайды) Бүгін менің қолым тимейді.Оның ештеңе айтқысы келмеді. Бұл тақырыпты түсініп оқу керек.
5. Толымды сөйлем (полное предл.) –ойға қатысты сөйлем мүшелері толық болады. Мен кеше досыммен кітапханаға бардым.
6. Толымсыз сөйлем (неполное предл.) –ойға қажетті мүшесі болмаса. -Сен мені білесің бе? –Білемін.
7.Атаулы сөйлем (назывное предложения) Қыстың ұзақ түні. Қатты боран. Түн. Дала.

Сөйлем мүшелері –члены предложения

Бастауыш-подлежащее-тұрлаулы мүше-главн. член (зат есім, сын е., сан е., есімдік,есімшеден жасалады) Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? Мысалдар: Оқушыларкелді.Жақсы ісімен жақсы. Үшеуі кешігіп келді. Ол ауырып қалды.Отырғандар маған қарады.
Баяндауыш –сказуемое –тұрлаулы мүше-глав. член (етістік, зат е.,сын е., сан е.,есімдіктен жасалады) Сұрақтар: не істеді? не қылды? қайтты? неше? Бас инженер жарық көшеменжүріп келеді. Сабыр Мұқашев– ғалым.Оның денсаулығыжақсы.Бес жерде бес– жиырма бес.Қаланың ең әдемі жері- осы
Толықтауыш- дополнение-тұрлаусыз мүше-второстеп. член (зат есім, сын е., есімдік, етістіктен жасалады) Тура толықтауыш-прямое дополнение –табыс септік жалғауын жалғайды.   Жанама толықтауыш-косвенное дополнение –табыс септігінен басқа септіктер жалғауын жалғайды Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Мен досымды жақсы көремін. Олар қызылдардан қашып құтылды. Мен бұларға бірнеше рет айттым. Бұл кешті ұйымдастыруды саған тапсырамын.   Сәуле мектептіөте жақсы бітірді.   Ай сәулесі терезеден түсіп тұр. Марат терезегежақын келді. Ол анасынан көмек күтті.  
Анықтауыш – определение-тұрлаусыз мүше-вторст. чл. ( зат есім, сын есім, сан е., етістіктің есімше түрі, сілтеу есімдігінен жасалады) Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? Күректей тістері бар кісі. Зейнептің көздері үлкен, кірпіктері ұзынкелген. Екіншіәйел –Ұлжанның сіңлісі. Менің келген күнім есімнен кетпейді.Мынажердің салқынын қарашы!    
Пысықтауыш-обстоятельство- тұрлаусыз мүше-вторст. чл. (үстеулерден, барыс, жатыс, шығыс септіктерінің жалғаулары жалғанған сөздерден, негізгі және көмекші есімдердің ,септеуліктердің тіркесінен, күрделі атаулардан жасалады)    
1.Мекен пысықтауыш-обст. место қай жаққа? қалай қарай? қайда? қай жерде? қайдан? қай жақтан? Марат Астана қаласынабарды. Ол ілгері жүрді.Мен оны үйге қарай шығарып салдым.
2. Мезгіл пысықтауыш –обст. времени. қашан? қашанға дейін? қашаннан бері? Таң атқанға дейінбіз жолға шықпадық. Көп ұзамай қар ери бастады.
3.Қимыл-сын пысықтауыш-обст. образа-действия қалай? қайтіп? кім арқылы? не арқылы? Олжассылқ-сылқкүлді. Алыс сапардан шаршап оралды.
4. Себеп пысықтауыш-обст. причины неліктен? неге? не себепті? Мен сабаққа кешіккендіктен, мұғалім ескерту жасады.
5. Мақсат пысықтауыш –обст. цели не үшін? неге? қандай мақсатпен? Мен саған әдейі келдім. Олар Отан үшін шайқасты.

Құрмалас сөйлем-сложное предложение

Салалас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложносочиненных предл.

Түрлері -виды Шылаулар -союзы Мысалдар-примеры
1. Ыңғайлас сал. құрм. сөйл(соедин-ые)
  1. шылаусыз
  2. және, да, де,әрі
1.Күз аяқталды, қыс түсті 2.Қар жауды да, күн суытты.
2. Қарсылықты сал.қс (противительные) 1. шылаусыз 2. бірақ, алайда, дегенмен, сөйтсе де, сонда да 1.Әкем келді, шешем кетті. 2. Жаңбыр басылды, бірақкүн шықпады. Ол әнді жақсы айтты, дегенменорын алмады.
3. Себеп-салдар сал. қс (причинно-следственные) 1.шылаусыз 2. өткені, себебі, неге десең, сондықтан, сол себепті Күн жылынды, бізсеруенге шықтық. 2. Ол мектепке бармады, себебіауырып қалды.
4. Талғаулықты сал. қс (разделительные) әлде, не, немесе,я, яки Бүгін киноға неАсан барады, неМарат барады.
5.Кезектес сал. қс (чередующиеся) біресе, кейде, бірде Біресе жылады, біресе күлді
6.Іліктес(түсіндірмелі) сал. қс(указательные) сонша, сондай, мынау Ашуланғаны сонша, ауырып қалды.

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложноподчиненых предложений.

Түрлері -виды Жасалу жолдары-способы образования Мысалдар-примеры
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл(придаточные условия)
  1. –са, -се+ жалғау
  2. ма, ме, ба, бе, па, пе, + генде, ғанда
1.Күз аяқталса, қыс түседі. 2.Сен келмегенде, мен ренжитін едім..
2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл(придаточные образа дейст.) 1. ып, іп, п, а , е 2. атын, йтын, етін, йтін + дай, дей 1.Ауа райы бұзылып, қар жауа бастады. 2. Тойға баратындай, сәнді киінді.
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл(придаточые времени) 1.ған, ген,қан, кен+да, де, ша, ше, кезде 2. ғалы, гелі, қалы, келі 1. Анам келгенше, мен тамақ әзірледім.
4.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл(придаточые уступительн) 1. са, се +да, де 2. ған, ген, қан, кен+мен 3. бола тұра, бола, тұра 1.Сабақ басталса да, оқушылар толық жиналмады. 2. Бұлт болғанмен, жаңбыр жаумады. 3. Ақшасы бола тұра, ештеңе сатып алмады.
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл(придаточые причины) 1. ған, қан, ген, кен+дықтан, діктен 2. ған, ген, қан, кен + себепті 1. Сабақ болмағандықтан, біз үйге қайттық. 2. Сабақ болмаған себепті, біз үйге қайттық.
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл(придаточые цели) 1. у, үшін 2. бұйрық рай етістігі+ деп 1. Тілді білу үшін, көп оқу керек. 2. Нан алайын деп, дүкенге кірдім.

Бекіту

№1-жаттығу

Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қой, түрін анықта:

Сен ауа-райын тыңдадың ба Анар, сен бүгіннен қалмай бұл жұмысты орында Мен көктем мезгілін жақсы көремін Неткен құдіреті күшті сұлулық

 

№2-жаттығу

Жай сөйлемдердің түрін анықта: Институт бізге жеке бөлме берді. Асанның маған ештеңе айтқысы келмеді. Қар жауды. Ашық аспан. Түн. Менің көңіл-күйім болмай тұр. Сен келесің бе? Келемін.

 

№3-жаттығу

Сөйлем мүшелеріне талдау жаса: Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Ол шетелге машина сатып алу үшін барады. Жас жігіт сыбызғыны ойнай бастады. Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар.Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы.

 

№4-жаттығу

Құрмалас сөйлем түрлерін анықта: Таң атты, бірақ мен төсегімнен тұрған жоқпын. Бұл жерде не мен тұрамын, не сен тұрасың. Мен досымды сыйлаймын, себебі ол үнемі шындықты айтады.Қонақтар келді де, дастарханға отырды. Қонақтар қуырдақ жеді және шай ішті. Кеш болса да, қонақтар үйлеріне қайтпады. Олар ән салып, домбыра тартты.Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.Университетке түсу үшін, мектепте жақсы оқу керек. Бүгін күн бұзылып, дауыл тұра бастады.

 

№5-жаттығу

Тура және жанама толықтауышты анықта: Мен кітапты көп оқимын. Ол досынан көп үміт күтеді. Дүкенге барсаң, пойыздан қалар едің. Сен досыңды құрметте. Аспанды қара бұлт торлады. Осы ережені дәптерге жазып ал.

 

Бақылау диктанты

Жалаң сөйлемдердің астын сыз: Бір кезде боран басылды. Есіктің киізін ары-бері жұлқыладым. Есік ашылды. Қарды ішінен ойдым. Сыртқы сәуле қараңғы қосқа құйылды.

Іннен шыққан суырдай, тесіктен мен де шықтым. Жел басылыпты. Боран ашылыпты. Күртік қар қостың төбесін басып кетіпті. Шыққан күн көтеріліп қалған екен. Ауа райы жылы. Теп-тегіс ақ қар басқан дала күнге шағылысып, ақ жібектей жалтылдайды. Қарлы дала да, ашық аспан да, күн де маған қарап жымияды.