Сан есім - имя числительное.
Заттың, нәрсенің санын, мөлшерін білдіретін сөз табы сан есім деп аталады.
Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Тұрақты белгілері:
1.Мағынасына қарай (по значению) | 1. Есептік (количественные) | Қанша? Неше? | Бір, жүз, тоғыз жүз | |
2.Реттік (порядковые) | Нешінші? Қаншасыншы? | -ыншы/-інші, -ншы/-нші | Бірінші, жүзінші,мыңыншы, жиырмасыншы | |
3. Жинақтық (собирательные) | Нешеу? | -ау/-еу | (Жетіге дейін) біреу, екеу, алтау | |
4. Болжалдық (предположитель-ные) | Қанша? Неше? Қаншаға жуық? | -дай/-тей, -тай/-тей,-даған/-деген, -лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп, -лар+септік ж. есептік+есептік, тарта, жуық | Елудей, отыздай, ондаған, мыңдаған,жүздеп, ондап,отыздарда, елулерде, бес-алты, екі-үш мың онға жуық | |
5. Топтау (разделительные) | Нешеден? Қаншадан? | -дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен | Бестен, оннан,жүзден,екі-екіден | |
6. Бөлшектік (дробные) | Қанша? Неше? | Есептік+шығыс септігі, жарты, жарым, ширек | Оннан бір, бір бүтін бестен үш, мың жарым, жүздің жартысы | |
2. Тұлғ. қарай (по способу образ.) | 1. Негізгі (непроизводные) 2. Туынды ( производные) | Екі, төрт, елу, қырық Бірінші, екеу, бірер, елудей | ||
3. Құрам. Қарай (посост.) | 1. Дара (простые) 2. Күрделі ( сложные) | Бір, жүз, мың, миллион он бес, мың екі жүз |
Тұрақсыз белгілері:
1. | Септелуі | Жүздің, елуде, алтыдан, беске, мыңды |
2. | Тәуелденуі | Тоқсаным, бесіңіз, төрті |
3. | Жіктелуі | Біріншімін, алтаумыз |
4. | Көптелуі | Отыздар, қырықтар, жүздер |
Ескерту.Қазақ тілінде зат есім мен сан есім тіркескенде, зат есімге көптік жалғау жалғанбайды. Мысалы: бес тәрелке, көп кітап, төрт қасық.
Синтаксистік қызметі:
Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады ( бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)
Морфологиялық талдау үлгісі:
Екеуі оң жақтан келді.
Екеуі – сан есім, бастапқы тұлғасы –екі (қанша?)
Тұрақты белгілері: туынды, дара, жинақтық, сұрағы (нешеуі?), -еу жұрнағы арқылы жасалған
Тұрақсыз белгісі: -і- тәуелдік жалғауы, үшінші жақ
Синтаксистік қызметі: нешеуі? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.
Бекіту
№1-жаттығу. Сан есімдерді тауып, қай түріне жататындығын анықта.
1. Бірінші байлық –денсаулық,екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық –төрт саулық.
2. Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ.
3. Олар екі-үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек айналып жүр.
4. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
5. Жиналысқа елудей адам жиналды.
6. Солардың ішінде ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен.
7. Бір түн отырып ел адамдарын төрттен-бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған.
8. Сағат төрт жарымда кездесеміз.
9. Оның жасы қырыққа таяу.
10. Сағат он бір шамасында телефон соға бастады.
11. Үшеуі салтанатты дастарқан жайылған кең залға өтті.
№2-жаттығу. Төмендегі сан есімдерден есептік, реттік, жинақтық сан есімдер жаса.
Үлгі: бес, бесінші, бесеу.5, 1, 3, 7, 9, 20, 41, 1997, 657, 2, 0, 4, 254, 893
№3-жаттығу. Көп нүктеннің орнына керекті сан есімдерді жазбаша түрінде қойып жаз.
Менің ағам... сыныпта оқиды. Мен ... жылы тудым. Өскемен қаласы ...жылы салынған. Қазақстанның жер көлемі- ... мың шаршы километр. Халқы -... миллиондай. ... ұстазым әрқашан есіме қалады. Сағат... кездесеміз. Маған ...уақыт керек. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі...жылы...желтоқсанда жарияланды. Есептің дұрыс жауабы ...
( 16; 1991; 1; 2,5; 1998; 15/10 1720; 1630 ;2717; 16 )
№4-жаттығу. Көп нүктеннің орнына қажетті реттік сан есімдерді қойып жаз.
Мен...дүниеге келдім. Отбасымыздағы ... баламын. Сондықтан мені жақсы көреді. ... мектепке бардым. Қазақ тілін ... бастап үйреніп жүрмін. Үйіміздің нөмірі- ... . Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті ... бітіремін. Бізде аптаның ... күні –демалыс. Сабақтан кейін үйге келіп, алған бағаларымды ... анама, содан кейін әкеме көрсетемін. Біздің отбасымыз - ...және ..ғасырлардың куәгері.
№ 5-жаттығу. Терме диктант
Дара және күрделі сан есімдер
Үш-төрт күн қатарынан соққан құм дауылынан асқан тозақ жоқ. Мен өзі жиырма бес жыл мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Ержан мұның бетіне бірінші рет бұрылып қарады. Соңғы есеп бойынша әлемде бес мың алты жүз елу екі тіл және диалект бар. Ағылшындарға өз тілін үйренуге сегіз жыл, ал испандарға екі-үш жылдың өзі жетеді. Қазіргі қазақ тілінде қырық екі әріп бар.
Есептік және реттік сан есімдер
Шәкен Айманов мың тоғыз жүз он төртінші жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ағайын – алтау, ана – біреу. Мұның үстінде ауылда елу мың қой, үш мың сиыр, мыңдай жылқы бар. Он күнде екі үйді қатар жығамыз. Ағам университтетің үшінші курсын бітірген.
Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.Үйдің нөмірі жиырма алтыншы.
Жинақтық сан есім
Екеуі оң жақтан, екеуі сол жақтан шықты.Үшеуміз бірге өстік, бір мектепке бардық. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың. Қасқыр мен ұры мінездес; екеуі де түнді аңдиды. Бұлбұл мен гүл мінездес; екеуі де күнді аңдиды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Олар –төртеу, бұлар –екеу, алты атты бір-біріне ат басын тірей келіп тоқтады.
Болжалдық сан есім
Сағат он бір шамасында телефон соқты. Бұлардың көз алдында төрт қатар болып, қала тәртібімен тізіле тігілген жүзден аса киіз үй тұр.Ортада екі ұзын көше жатыр. Тұрар жылқысын бес-алты жыл бақты. Жұмақан бірер күн бұрын бөлініп қалған үйірлерді іздеп кеткен болып шығады. Жиналысқа жиырма шақты адам жиналды.
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Үштің бірінен айырылдық. Олар да мыңдап қой айдады, жүздеп жылқы байлады. Жетісудың жарым жерін қайырып алды.Сыныпқа екіден кіріңдер. Дұрыс жауабы: «Бір бүтін оннан төрт». Қыс айлары жылдың төрттен бір бөлігін қамтиды. Онша көп емес, үй басы екі қара, бес тұяқтан ғана. Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді.
Үстеу (наречие)
Іс-әрекет, қимылдың заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.