Белгісіздік есімдігі

Бірдеңе ойлап табуға тырысады. Сіздер болмасаңыздар менің күнім әлдеқандай болар еді. Біреуді жамандасаң, сені де жамандар. Біреуге елден береді, біреуге жерден береді. Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады. Самат бұл үйге бірнеше рет келді. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. Біздердің әрқайсысымыз өз ісіміздің перзентіміз. Біреу әлдеқандай жолмен жүріп, бір нәрсе тауып алды. Тауып алған затының бірнешеуін досына беріп, кейбірін тастай салды. Онда бірдеңе қалды ма? Ол жұмыстан үйге әрқалай келеді.Осы жолы Абай бірнеше жетім жастарды өз талабымен оқуға бергізді. Біреулер адал еңбегімен елінің байлығын көбейтеді.

Болымсыздық есімдігі

Қарсы кездескен ешкім жоқ. Ешқандай жаңалық жоқ. Гу еткен дыбыстан басқа ешнәрсе естілмейді. Ешкімге ештеңе сездірме. Бұған ешқандай да күдік болмау керек. Құралай ештеңені сезбеген кісіше терезеге қарап отыр. Ешкім екі рет жас болмас. Әуелі келісіп алайық: сіз еш нәрсені жасырмаңыз, мен еш нәрсені қоспаймын. Ол оған дәнеңе де түсіндіріп бере алмады.Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Басқа ешқайсысыңа еш нәрсе де айтпаймын. Бірталай уақыт өтті. Адамның кейбір кездері. Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне.

 

Есімдіктерге сөйлемдегі мағынасына қарай жалғау жалға.

1. /Ол/- жоғарғы ауылдың балалары.

2. /Мен/ ешқандай оқ тиген жоқ.

3. Директор /біз/ жылы сөйлей кетті.

4. Мені /өз/ көмекші етпек.

5. /Осы/ кейін Рахима еден жумайтын болды.

6. Асқар /бұл/ сезіп қойды.

7. /Сен/ бұл жұмыс ұнай ма?

8. /Бұл/мен/ өзім де көріп отырмын.