Еркін диктант

Дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі рет сыз: Байқоңыр – космос кемелерінің мекені. Қазақтың кең даласының қақ ортасындағы бұл мекен космос кемелерін ұшыруға өте қолайлы. Жері жазық. Ауа райы тұрақты. Қалада көп қабатты үйлер көп. Көшелерінің бойында ағаштар өсіп тұр. Шетте ұшу алаңы бар. Одан космос кемелері сапарға аттанады. Біз келгенде алаңда ұшуға дайын болған ракета тұр екен.

 

Терме диктант

Етістіктерді теріп жаз, олардың қандай жіктік жалғауда тұрғанын анықта: Тамыз айының аяқ кезі. Жалғыз өзім серуенге шықтым. Шыбынды бұлақтың бас жағындағы шатқалға бардым. Алдымнан шалғынды жапыра басқан аю кездесті. Қарақаттардың басын сындырып жепті. Аюды көруге асықтым. Тағы бір қабақшаға шықтым. Ойда жоқта аю алдымнан шыға мкелді, мен шошып кеттім. Бірақ аюдың менде шаруасы болмады.

 

Бақылау диктанты

Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта: Жау қолы от пен оғын аямай қалаға төнді. Ол жауған оқты елемей келе жатыр. Өмір үшін сынға түскен ана жүрегі бүлк еткен бе? Әйел бұршақтай жауған оқ астына кіріп кетті. Бұл аңыраған ана Наталья еді. Қала халқы орманға қашты. Ана алдымен орманға жұрттың қалай орналасқанын анықтады. Енді Лидасын әкетуге келе жатыр.

Есімдік -местоимение

Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік деп атайды.

 

Түрлері (Типы) Мысалдар (Примеры)  
  1. Тұлғасына
қарай (по способу образования)
1. Негізгі (непроизводные) мен, сен, ол
2. Туынды (производные) біреу, мынау, барлық  
2. Құрамына қарай (по составу) 1. Дара (простые) ол, анау, сонау  
2. Күрделі (сложные) ешкім, әрбір, кімде-кім  
3. Мағынасына қарай (по значению) 1. Жіктеу (личные) мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар  
2. Сілтеу (указательные) бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, міне, әні, сонау, әнеки, анау, осынау  
3. Сұрау (вопросительные) кім? не? неше? қай? қандай? қалай? қашан? қайдан? нешеу? нешінші?  
4. Белгісіздік (неопределенные) біреу, бірнеше, кейбір, қайсыбір, әркім, әрқашан, әлдекім, әрқалай  
5. Өздік (возвратные) өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз  
6. Болымсыздық ( отрицательные) еш, ешкім, ешқашан, дәнеме, ешбір, ештеме, ешқайсы, түк  
7. Жалпылау (определительные) бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, барша, түгел, бар, бүткіл  

 

Тұрақсыз белгілері: