Зат есім

Зат есім – белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табы. кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

Тұрақты белгілері:

I. Мағынасына қарай ( по значению) 1.Жалпы (нарицательные) 2. Жалқы (собственные) 3.Деректі (конкретные) 4. Дерексіз (абстрактные) бала, адам, дала, үй   Болат, Өскемен, Ертіс   қалам, ағаш, айна ой, қуаныш, бақыт
II. Тұлғасына қарай ( по способу образования) 1. Негізгі (непроизводные) 2. Туынды (производные)   ел, жұрт, от, қала   қойшы, балалық, айтыс, оқушы (-шы/-ші,-ғар/-гер, -қар/-кер, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік,-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес)
III. Құрамына қарай ( по составу) 1. Дара (простые) 2.Күрделі : (сложные) оқушы, айтыс    
  а. Біріккен (сокращенно-слитные) Ақсу, бәйтерек, атамекен ,орынбасар
  ә. Қосарлы, қос сөздер (парные) ата-ана, салт-дәстүр,ел-жұрт, ой-қиял
  б. Тіркесті (словосочетания) сары май, аяқ киім, ыдыс аяқ, ауыл шаруашылығы
в. Қысқарған (сложносокращенные)   ШҚМТУ, ҚР, см, кг, кв

Тұрақсыз белгілері:

1. Көптелуі (жекеше, көпше) -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер апалар, дәптерлер, сыныптар, қағаздар
2. Септелуі (жеті септік) апалардың – Ілік септік, сыныпқа – Барыс септік
3. Тәуелденуі (1, 2, 3-жақ; жекеше, көпше түрі) сыныбым – 1-жақ, жекеше түрі оның дәптері – 3-жақ, жекеше түрі апаларыңыз – 2-жақ, көпше түрі
4. Жіктелуі (1, 2, 3-жақ; жекеше, көпше түрі) баламын – жіктік жалғау, 1-жақ, жекеше түрі мұғалімсіздер – жіктік жалғау, 2-жақ, көпше түрі

Синтаксистік қызметі:

бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш.

Морфологиялық талдау үлгісі:

 

Абайдың шешесі қайырымды адам болатын.

Абайдың – зат есім, бастапқы тұлғасы – Абай (кім?)

Тұрақты белгілері: жалқы, деректі,негізгі, дара

Тұрақсыз белгілері: -ның – Ілік септігінің жалғауы, жекеше түрі

Синтаксистік қызметі: кімнің? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Бекіту

№ 1 -жаттығу

Жалпы және жалқы есімдерді екі топқа бөліп жаз:

Абай, кітап, қаршыға, шаш, Құлагер, аспан, құстар, Қазақстан, Майлыаяқ, өзен, «Абай жолы», ағаш, тау, «Дидар» газеті, шаш, Құлагер, аспан, құстар, Қазақстан, Майлыаяқ, өзен, «Абай жолы», ағаш, тау, «Дидар» газеті, қала, Асан, сия, тоқылдақ.

№2-жаттығу

Деректі және дерексіз зат есімдерді айырып жаз: Оспан, қоян, ой, балға, тон, сыр, кек, дос, арман, Астана, реніш, қуаныш, сиыр, кітап, министр, ұшқыш, махаббат, достық, қайғы, аудан, көшелер, қорқыныш.

№3-жаттығу

Күрделі зат есімдердің түрлерін анықта:

Қандастарымыз атамекеніне оралып, зор қуанышқа бөленуде. Жиналыста болған күн тәртібі мені таңқалдырды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Асан ата-анасына қолғанат болуға жарап қалды. Мен ұрыс-керісті жақтырмаймын. Бірінші болып совхоз басшысы сөйледі. Теледидардан ТЖ министрі сұхбат берді. Мен кәсіподақ комитетіне өтініш жаздым.

№4-жаттығу

Зат есім тудыратын жұрнақтарды жалға:

Асанның атасы көп жыл қой... болған адам. Мен биылғы оқу жылынан бері әдебиет... лер үйірмесіне қатысып жүрмін. Сен дос...ты қадірлей біл. Мектеп маған көп біл... береді. Мен Қазақ... елін қай жерде жүрсем де мақтан етемін. Бүгін Алматы маңында бүркіт...лер сайысы болмақ. Біз басқа елдермен көп жыл одақ... болғанбыз.

№5-жаттығу

Сөйлемдегі зат есімнің синтаксистік қызметін белгіле: Мен қиын кезеңдерді бастан кештім. Колхозшылар астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Мұғалім - ауылдағы мәдени күшіміз. Сәрсеннің қарындасы университетте оқиды. Туған жеріңді, мектебіңді, сүйе біл, досым.Олегтің өмірі мен күресі сендердің барлық істеріңе үлгі болсын.

№6-жаттығу

Сөздерді құрамына қарай топтастырып жаз.

Жан-жануарлардың, мұражай, атамекен, ШҚМТУ, аяқ киім, қыз-жігіт, бейнетаспа, дәріхана, сары май, ауа райы, баспасөз, ыдыс аяқ, ою-өрнек, Жетісу, аспаптарын, жақсы көру, Сарыарқа, дәм тату, әкел, дем алу, мінез-құлық, отбасы, еңбекқор, көзқарас, саяхатшылық, кг., КазГЮА, Ата Заңы, ШҚМТУ.