Ассимиляция

Прогрессивтік ассимиляция Регрессивтік ассимиляция

Ілгерінді ықпал Кейінді ықпал
сөз ішінде не сөз арасында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін ілгерінді ықпал дейміз сөз ішінде не сөз арасында кейінгі дыбыстың өзінің алдындағы дыбысқа әсерін кейінді ықпал дейміз
б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөздер айтылуда п, к, т, ф М: клубта – клупта, геологпен – геолокпен Ивановта – Иванофта к, қ, п дыбыстарына аяқталып, қосымша дауысты дыбыстан басталса. тарақ – тарағы, доп -добы
ш дыбысына аяқталған сөздер қосымшаның басқы дыбысы с болса шашса –шашша, ішсін – ішшін түбірдің соңғы дыбысы н, б, п дыбыстарының алдынан келсе, н дыбысы м дыбысына айналады сен-бе - сембе, Құрман-бек – Құрмам-бек  
алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң , кейінгі сөздің басқы дыбысы к, қ болса. қара қой –қара ғой, боз құнан – боз ғұнан атың кім – атың гім түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, н дыбысы ң дыбысына айналады. бір күнгі –бір күңгі, Аман-гүл –Амаң-гүл
алғашқы сыңарлары қатаң дыбыс, екіншісі ұяң дыбыстан басталса. Қамыс-бай – Қамыс-пай Жүнісбек -Жүніспек түбірдің соңғы дыбысы с, з ш дыбысының алдынан келсе, с дыбысы ш дыбысына айналады колхозшы -колхошшы
  түбірдің соңғы з дыбысы с дыбысының алдынан келсе. көз сал –көс сал, тұз-сыз – тұс-сыз

Мысалдар:

Қыз ұшса қияға, ұл ұшса ұяға. Жүнісбек жазғы ұйқыдан тез оянды. Жастардың өмірге деген көзқарасы кеңейе түсуде. Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді. Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қоятын жігіт. Істің бәрі Тұрғанбек ойлағандай болмай шықты.  

Фонетикалық талдау үлгісі:

Мектептерімізге деген сөзге фонетикалық талдау жаса.

  1. Мектептерімізге-жіңішке сөз, сөзді буынға бөлеміз: мек-теп-те-рі-міз-ге- 6 буын, мек, теп, міз –бітеу, жіңішке буындар, те, рі, ге – ашық, жіңішке буындар.
  2. м –дауыссыз, үнді

е –дауысты, жіңішке, езулік, ашық

к- дауыссыз, қатаң

т- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

п- дауыссыз, қатаң

т- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

р- дауыссыз, үнді

і- дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң

м- дауыссыз, үнді

і- дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң

з- дауыссыз ұяң

г- дауыссыз, ұяң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

15 әріп, 15 дыбыс

Бекіту

№1-жаттығу

Сөздерді дауысты (езулік, еріндік, ашық, қысаң, жуан, жіңішке) және дауыссыз дыбыстардың (үнді, ұяң, қатаң) жіктелуіне қарай топтап жаз:

қала, жер, орындық, сары, адам, балық, цех, вагон, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, дүйсенбі, бас, қаһарлы, біз, фильм, педагог, тұз, әкім, асфальт, география, фонетика, шолақ.

 

№2-жаттығу

Мына сөздерді буынға бөл, буын түрлерін анықта: мал, өнер, ой, қала, аудан, жаздық, күзгі, қыс, көктем, ынталық, жігерлілік, достық, ұйқышыл, қант, ұлт.

 

№3-жаттығу

Сөйлемдердегі сөздерге екпін қойып жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Сен мені есіңе алма. Қызық әңгіме бастадым. Төбеміз көкке жеткенше қуандық. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Жадыра да - көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықпады. Көктемдей құлпырған көңілі де алас ұрды. Жайнап өскен баламыз.

 

№4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз: Жаз...шы ащы шынды..ты жайып са..ды. Мен осы жағдайд.. толы...ырақ білгім келеді. Мына та...ырып мен үшін же...ілдеу екен. Сені ең жа..ын досым дер ед..м. Аспан боз...ыл тарта бастады.Қо...ыр күз де келіп жетті. Неге мына к...йлектің етегін қып-қыс...а етіп қидың? Бұл менің тұ...ғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүз...ң қуқыл тартып тұр?

 

№5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін үндестік заңын қолданып, қазақшаға аудар:мое сердце, твой транспорт, её дверь, моё ведро, его расчёска, моя лодка, мои очки, мой мяч, закрыть дверь.

 

Шығармашылық диктант

Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіріп жаз:Төртінші тоқсанда жақсы оқы(уға) уәде бердім. Мұғалім үйреткеннің бәрін көңіліме тоқы(уым) керек. Оңтүстіктен соққан желдің жылы(уы) қоймады. Қалың қар ері(уге) айналды. Өзен жиегіндегі мұз да жібі(уге) бет алды. Жақында су тасы(уы) мүмкін.

 

Сөздік диктант

н, ң дыбыстарын дұрыс жаз: шаңғы, шеңгел, үңгір, соңғы, қаrong>

н, ң дыбыстарын дұрыс жаз: шаңғы, шеңгел, үңгір, соңғы, қараңғы, әңгіме, дөңгелек, жауынгер, нанғыш, сенгіш, көнгіш, мәңгі, бұрынғы.

 

Бақылау диктанты

Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз: Арада аз күн өткен. Жақып үйде жоқ. Кеш түнге ауысып барады. Аян жаңа ғана әзер ұйықтады. Шам қойып, Жаңылды шақырып келейін деп далаға шықтым. Түн тымық. Жұлдызды бұлт бүркеп, жайлау бүгін түндігін жапқан түнек тәрізді. Ту сыртымнан тықыр ете қалды. Жалт қарасам, Жақып екен. Ол атын байлағанша, үйге барып алайын дедім.

return false">ссылка скрыта