Кіріспе.

Гигиена- адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін аурулардың алдын алу мақсатында, медицинаның алдын алу жөніндегі негізгі пән болып табылады. Қоғамның денсаулығы қазіргі жағдайда оның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығымен және азаматтардың қауіпсіз тіршілік етуіне құқықтылығымен анықталады. Қоршаған орта мен адам ағзасының ортасында өзара тығыз қарым-қатынас бар, ортаның қолайсыз факторлары үнемі әсер етіп отырған жағдайда, сонымен қатар, әсіресе,адамға қауіпті болып табылатын қазіргі уақытта жаңа техногенді факторлардың аумағы кеңейген сәтте, сыртқы орта қарқынды ластанған кезде тұрғындар денсаулығының төмендеуіне және көптеген аурулардың дамуына себепкер болады. Аурулардың даму қаупін төмендету, популяцияның денсаулығын сақтауға тек алдын алу шаралары ғана көмек бере алады, себебі, емдеуге, яғни дамыған ауруды емдеуге қарағанда, сырқы ортаның зиянды факторларын жою және олардың әсерін төмендету жолы арқылы аурулардың алдын алуға бағытталған. Осы шаралардың ғылыми негізін адам ағзасы мен қоғам денсаулығына сыртқы орта факторларының әсерін зерттей отырып, гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді дайындайтын гигиена ғылымы болып табылады.

Алдын алу шараларын тек қана гигиенист дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, гигиенаның ғылыми негіздерін жақсы білуге міндетті емдеу бағытындағы емдеу дәрігерінің де жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Дәрігердің гигиеналық білімділігі оған алдын алу жұмыстарын білімді түрде жүргізуге және тиімді атқаруға мүмкіндік береді, ортаның әртүрлі теріс факторларының адам ағзасына әсерін біле отырып, емдеу-диагностикалық шараларды дұрыс жүргізе алады, сонымен бірге, тұрғындардың гигиеналық білімділігін жоғарылата отырып, сауықтыру шараларды тиімді жүргізе алады.

2.2. Пәнді оқыту мақсаты:

Медициналық қызметкерлерге, оның келешектегі кәсіптік жұмыстарының барлық аспектілеріне қажетті аурудың алдын алу жөнінде ойлауын қалыптастыру.

Тек қана жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар, дұрыс диагноз қою, ауруларды адекватты емдеу және қалпына келтіру, халықтың гигиеналық салауаттылығын арттыру үшін де қажетті гигиеналық білімдерінің негізін қалыптастыру.

2.3. Пәнді оқыту міндеттері:

· Адамның тіршілігі мен өндірістік жұмыс жағдайындағы қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығына және қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсінікті қалыптастыру.

· Аурулардың алдын алу, сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімді қалыптастыру.

· Аурулардың этиологиясы немесе қауіп-қатер (риск) факторы ретінде қоршаған орта факторларының рөлін атап көрсетуді және бұл білімдерін өзінің кәсіптік жұмысында қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық сұрақтар жөнінде жаңа ақпараттар табуды және оны нақты кәсіптік міндеттерін шешу үшін қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық білімдерін халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қолдану дағдысын қалыптастыру

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білімдерін қалыптастыру:

1.Ауаның гигиеналық маңызын. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің, табиғи химиялық және биологиялық құрамының және ластануының адам ағзасына әсерімен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.Ауа райы мен климат жағдайларының адамның денсаулық жағдайына әсерін.

2. Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жабық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар. Қолайсыз микроклимат жағдайының, ауаның химиялық, бактериялық ластануының ағзаға әсер етуін алдын алу жөніндегі шараларды.

3. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың және олардың алдын алу жөніндегі гигиеналық шараларды

4. Жеке және ұжымдық рационалды тамақтану мен оған медициналық бақылау жүргізудің гигииеналық негіздері.

5. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайларының мәселелері. Балалардың денсаулығының жоғарғы деңгейі мен дұрыс дамуын қамтамасыз етудің гигиеналық негіздері.

6. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыс үрдістері мен жұмыс ортасының ең көп таралған зиянды факторларының гигиеналық сипаттамасын. Өндірістегі кәсіптік патологиялардың, өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және жалпы ауру-сырқауды төмендету жөніндегі шараларды.

7. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен радиациялық қорғаныс принциптерін

8. Елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін.

9. Жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салты негіздерін.

10. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу әдістері мен түрлерін.

11. Соғыс уақытында медициналық қызметке жүктелген санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізудің тәртібі мен көлемінің мазмұнын.

 

Дағдыларын қалыптастыру:

1. Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микроклимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды,жарықты зерттеуді және бақылау жүргізуді.

2. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының және топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді.

3. Суды зарарсыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарсыздандыру жүргізуді.

4. Жеке адамның және халықтың ұйымдастырылған топтарының тамақтануы ұйымдастырылуын және құндылығын бағалауды және оларға медициналық бақылау жүргізу және дозиметрлерді қолдануды орындай алуы тиіс.

5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дене дамуының жағдайын бағалауға, күн тәртібін ұйымдастыруға, оқу-тәрбиелік үрдісіне медициналық бақылау жүргізу.

6. Кәсіптік зияндылықтардың адам ағзасына әсер ету қауіпін бағалауды, қажетті алдын алу шараларын ұсынуды

7. Радиоактивті заттармен және иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық гигиеналық талаптарды іске асыруды. Науқастардың медициналық сәулеленуге ұшырауын шектеу.

8. Белгілі бір жұмыс жағдайында сәулеленуге ұшыраудан алған дозаны және қауіпсіз жұмыс параметрлерін есептеуді Ауруханалардың орналасуы, жоспарлануы жабдықталуы және күтіп ұстауы гигиеналық талаптарға сәйкес келуін бағалауды. АІИ-ң алдын алу шараларын және ауруханалардың санитарлық режиміне бақылау жүргізуді орындай алуы тиіс.

9. Әскери уақытта лабароторияға зерттеу үшін, дайын тағам мен суға сынама алу, тағамдық азықтарға санитарлық сараптама жүргізу, сонымен қатар, олардың радиоактивті заттармен ластануы кезінде зерттеулер жүргізу.

10. Дала жағдайында суды залалсыздандыруға және түссіздендіруге бақылау жүргізуді іске асыру.

11. Әскери уақыттағы аурулар, соның ішінде жұқпалы аурулардың дамуы мен таралу факторларын анықтау және олардың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Қарулы күштерде санитарлық бақылау нысандарының санитарлық жағдайын бағалау. Гигиена аумағында алынған білімдерді тұрғындар арасында ағарту шараларын жүргізу барысында қолдану.

2.5. Пререквизиттер:философия, политология, социология, құқық негіздері, информатика, экология, медициналық биофизика, химия, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы.

2.6. Постреквизиттер: эпидемиология, коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, акушерство және гинекология, неврология, оториноларингология, онкология, жалпы тәжірибе.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Гигиена қоршаған орта нысандарының (ауа, су, топырақ, тағамдық азықтар, өндіністік ортаның) табиғи және антропогендік факторларын және осы факторлардың адам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Алынған мағлұматтардың негізінде ол адамды қоршаған ортаны-тіршілік ортасын және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған, солар арқылы адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындайды.

Қазіргі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің, радиациялық, әскери, әлеуметтік гигиена, т.б. кіреді. Гигиена қоршаған орта факторларын және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында анатомия, гистология, қалыпты және патологиялық физиология, патологиялық анатомия, биохимия, биология, микробиология, сондай-ақ медициналық емес климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика ж.т.б. сияқты іргелі медициналық пәндердің зерттеу әдістерін және олардан алған мәліметтерін қолданады.

Гигиена барлық клиникалық пәндермен тығыз байланыста, себебі денсаулық жағдайын бағалауға арналған өзінің зерттеулерінде ол клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының (барысы) сипаты туралы мағлұматтарды кеңінен қолданады. Сонымен қатар, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу-алдын алу жұмыстары оның негізі болып табылады.

2.7. Әрбір сабақтың (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың, өзіндік жұмыстардың) тақырыптарының, түрі мен ұзақтығының тақырыптық жоспары.

2.7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыптардың аталуы Сағаты
Кіріспе. Гигиена негізгі алдын алу пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері.
Гигиенаның зерттеу әдістері.
Даму тарихы. ҚР гигиенаның заманауи даму бағыттары.  
ҚР санэпид қызметінің құрылымы. Алдын ала және күнделікті санитарлық бақылау.
Гигиеналық нормалау мен болжамдаудың ғылыми негіздері.
Нормалау принциптері. Гигиеналық сараптама. Жеделдетілген нормалау.
  Барлығы

2.7.2 Машықтану сабақтарының тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы Сағат саны
Гигиена- медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде.
1. Ауа ортасының гигиенасы
Бөлменің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау.
Инсоляциялық тәртіпті және бөлмедегі табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.
II. Су гигиенасы
Ауыз су сапасын және сумен қамтамасыз ету көздерін гигиеналық бағалау.
III. Топырақ гигиенасы және елді мекендерді тазарту
Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау.
IV.Тағамтану гигиенасы
Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау.
V. Емдеу алдын алу мекемелерінің гигиенасы.
Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.
VI. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дене дамуы мен денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау. Мектептер және балабақшаларда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және күн тәртібін гигиеналық бағалау.
VII. Еңбек гигиенасы
Өндірістік шаңның гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.
Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.
Барлығы:
       

2.7.3 ОСӨЖ тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы Сағат саны
Алдын алу шаралар жүйесіндегі қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалау негізгі бөлімі ретінде.
1.Ауа ортасының гигиенасы
Бөлменің ауасының химиялық және бактериялық ластануы мен табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін бағалау.
Балалар мен қарта адамдардың ультра күлгін жетіспеушілігінің алдын алу. Бөлмені санациялау үшін УК көздерін қолдану.
II. Су гигиенасы
Су сапасын жақсарту әдістері.
III. Топырақ гигиенасы және елді мекендердерді тазарту
Елді мекендерді тазарту бойынша шаралар.
Ауа, су, топырақ гигиенасы тараулары бойынша білімдерін бақылау.
IV. Тағамтану гигиенасы
Тамақтан уланулар және олардың алдын алу.
V. Емдеу алдын алу мекемелерінің гигиенасы
ЕПМ арнайы мамандандырылған бөлімшелерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу.
VI. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Балалар мекемелерін жабдықтау және жоспарлаудың гигиеналық принциптері, санитарлық ережелері мен қалыптары.
Тамақтану гигиенасы, ЕПМ және Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тараулары бойынша білімдерін бақылау.
VII. Еңбек гигиенасы
Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.
VIII. Радиациялық гигиена
Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық, қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.
IX. Әскери гигиена
Дала жағдайында әскерлердің сумен және тамақпен қамтамасыз етілуіне санитарлық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы.
Барлығы

2.8.3 СӨЖ арналған тақырыптық жоспары

СӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Сағат саны
Гигиенаның даму тарихы. Қоршаған орта факторларының әсерімен байланысты туындаған аурулардың негізі ретіндегі гигиеналық нормалау. реферат, тест
Ауаның физикалық қасиетінің, химиялық және биологиялық құрамының гигиеналық маңызы.Климаттық және ауа райы жағдайларының адам денсаулығына әсері. Олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу. реферат, кейс-стади
Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. реферат, презентация
Елді мекендерді жоспарлауға, салуға қойылатын гигиеналық талаптар, тұрғын үй гигиенасы. кейс-стади, оқу-зерттеу тапсырмасы
Тұрғындардың ұжымдық және жекелей тамақтануының құндылығына және ұйымдастырылуына медициналық бақылау жүргізу. кейс-стади, тесттер
Негізгі тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Эпидемиологиялық маңызы. кейс-стади, реферат
Тағамдық азықтардың тағамдық және биологиялық құндылығын сақтау және қауіпсіздігі бойынша алдын алу шаралары. кейс-стади, реферат
Аурухананың ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар тест
Әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалар ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері және олармен байланысты туындайтын аурулардың алдын алу. реферат, презентация
Мектептерде балалардың дене тәрбиесі мен шынығуының гигиеналық негіздері. Оларды ұйымдастыруға дәрігерлік бақылау жүргізу. оқу-зерттеу тапсырмасы
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Жасөспірімдердің дәрігерлік-кәсіптік кеңесі. оқу-зерттеу тапсырмасы
Мектептер мен бала-бақшаларда саитарлық-гигиеналық және емдік алдын алуды ұйымдастыруға медициналық бақылау жүргізу реферат, оқу-зерттеу тапсырмасы
Еңбектің кернеулігі мен ауырлығын гигиеналық бағалау.Өндірістік шаршау мен еңбек үрдісімен байланысты аурулардың алдын алу.   кейс-стади
Өндірістік улардың әсерінің жалпы заңдылықтары. Токсигенділігін және қауіптілігін бағалау.   реферат, кейс-стади
Өндірістік ортаның физикалық факторларының (иондағыш емес электромагниттік өрістер, электрлік және магниттік өрістер, инфра- ультра дыбыстар)Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. реферат
Өндірістік ортаның биологиялық факторлары және олармен байланысты аурулардың алдын алу. Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері. Аурулардың алдын алу. оқу-зерттеу тапсырмасы
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілері. кейс-стади, реферат
Қазіргі әлеуметтік факторлармен байланысты денсаулық жағдайындағы бұзылыстардың алдын алуда жеке бас гигиенасының рөлі. реферат, кейс-стади
  Барлығы:

2.8. Студенттердің өздері орындайтын жұмыстарына тапсырма

I. Машықтану сабағында:жағдайлық есептерді шешу, тесттік сұрақтарға жауап беру, кроссвордтар мен тест сұрақтарын құрастыру, материалды талқылау барысында белсенді түрде қатысу.

II. СӨЖ:Берілген әдебиет бойынша тақырыпқа байланысты материалды талқылау, жаңа ақпараттарды іздестіру, рефераттар, презентациялық көрсетілімдер, баяндама, кроссворд, тесттерді құрастыру.

III ОСӨЖ: жағдайлық есептерді шешу, тесттік сұрақтарға жауап беру, кроссворд құрастыру, материалды талқылауға белсене ат салысу.

2.9. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

Орыс тілінде:

1. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304с.

2. Гигиена /Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000.-608с.

3. Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология. Учебное пособие. – М.: Медицина, 1988 г. – М.: Медицина, 1988. – 320 с.

4. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Гигиена питания: Учебное пособие по общей гигиене для студентов медицинских вузов. – Алматы, 2005. – Ч.1. – 143 с.

5. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д: «Феникс».2002.- 512 с.

6. Гурова А. И. , Горлова О. Е. – Практикум по общей гигиене . – М. : Изд–во Университета дружбы народов , 1991. – 177 с.

7. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека.- М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. –432 с.

Қосымша:

Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/Под ред. У.И. Кенесариева. – Алматы: «Самара-Принт», 2009. -688 с.

1. Азевич З. Ф. , Громов А. И. , и др. Руководство к практическим занятиям по методам санитарно – гигиенических исследований: Учебное пособие. – М.: Медицина, 1990.- 304с.

Амрин М.К. Гигиеническая оценка воздушной среды. – Алматы:Информационно-издательский отдел КазНМУ, 2003. – 66 с.

2. Анамбаева А.Н. Гигиена лечебно-профилактических организаций. /Учебное пособие. – Алматы, 2003.- 66с.

3. Военная гигиена и военная эпидемиология: Учебник./Под ред.П.И.Мельниченко. – М.: Медицина, 2005.С.–163-233.

4. Голубев В.В., Лещенко М.В., Голубев С.В. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. – М.: Издательский центр «Академия». 2000.- 200с.

5. Джуланова К.Н. Гигиена питания войск. Учебное пособие. – Алматы. 2004 г. – 117 с.

6. Джуланова К.Н. Гигиена водоснабжения войск. Учебное пособие. – Алматы. 2005 г. – 118 с.

7. Джуланова К.Н. Санитарно-гигиеническое обеспечение войск. Размещение войск. Учебное пособие. Алматы, 2005- 93 с.

8. Кардашенко В. Н. Гигиена детей и подростков .- М. : Медицина, 1988.

9. Кардашенко В. Н. , Кондакова – Варламова В. П. , Прохорова М В. и др. – Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. ⁄ Под ред. Кардашенко В. Н. – М.: Медицина , 1983. – 264 с.

10. Кириллов В. Ф. , Книжников В. А. , Коренков И. П. – Радиационная гигиена ⁄ Учебник – М. : Медицина , 1999.- 384 с.

11. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.- М.:Медицина.2001.- 384 с.

12. Королев А.А. Гигиена питания. – М.: Издательский Центр «Академия». 2006. – 528с.

13. Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов - М.: Издательский Центр «Академия», 2005. – 288с.

14. Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99. – Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999. – 79 с.

15. Перечень вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры, и Инструкция по проведению обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов. / Приказ МЗ РК № 243 от 12.03.2004г.

16. Пивоваров Ю. П. , Гоева О. Э. , Величко А. А. – Руководство к лабораторным занятиям по гигиене . – М. : Медицина , 1983.- 256 с.

17. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда: Учебное пособие /Под ред. В.Ф.Кириллова.- 2-е изд. – М.:Медицина,2001. – 400с.

18. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности.- Часть 1 –Омск: ИПК «ОМИЧ», 1995. – 479 с.

19. СанПиН РК № 2.01.017.03. «Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных организаций»

20. СанПиН РК 2.01.015.03 «Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях»

21. СанПиН 3.01.067.97 РК – Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения.

22. СанПиН 4.01.071.03 РК «Гигиенические требования к безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов».

23. СанПиН № 4.01.060.02 РК «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся пищевых продуктов».

24. СанПиН № 4.01.069.03 «Санитарно-гигиенические требования к объектам общественного питания»

25. СанПиН РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06. 2002 г.

Қазақ тілінде:

1. Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.

2. Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.

3. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Учебник для медицинских вузов и колледжей «Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 с.

4. Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.

5. Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.

Ағылшын тілінде:

1. K. Park. Preventive and social medicine. 2000, 2001.

2. Manuel C. Molles Ecology. Concepts and Application, 2/e. - University of New Mexico- Albuquerque. - Mc Graw- Hill Higher Education, 2002.

2.10 Оқыту мен сабақ беру әдістері:

· Дәрістер: шолулық, мәселелік

· Тәжірибелік (машықтық) сабақтар:

· Семинарлар, презентациялар, «миға шабуыл», жағдайлық есептер шешу, нақты гигиеналық жағдайларды талдау, гигиеналық нормативтер сақталмаған жағдайларды талқылау, жағдайларды моделдеу, жұптасып жұмыс істеу, пікір сайыстары.

· СӨЖО: кіші топтармен жұмыс істеу, пікір сайыстары, жағдайлық есептер шешу.

· СӨЖ: әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істеу, жағдайлық есептер шешу; аналитикалық шолулар, тест құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефераттар дайындау.

2.12. Білімдерін бағалау көрсеткіштері мен ережелері

2.12.1 Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

· Ағымдық бақылау:

· Машықтану сабақтары:

· - ауызша сұрау

· - тестілеу - нұсқалар бойынша ауызша немесе жазбаша түрде;

· - Өзіндік жұмыстар бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау.

· СӨЖ:

· Рефераттарды қорғау, жағдайлық есептерді, тесттерді шешу және құру, оларды бағалау, тестілеу нәтижелері бойынша өзін-өзі бақылау.

· Рубеждік бақылау: тестілеу немесе ауызша сұрау арқылы аралық бақылау.

Ағымдық бақылау:

Машықтану сабағы, аралық бақылау, СӨЖ – максималды 100 балл

 

Дәстүрлі баға Көрсеткіштері Балл
«А» 4 Сабаққа қатысуы, ауызша сұраққа толығымен жауап беру, тестілеу«95-100%», тапсырмалардың барлық түрлерін орындау. 95-100 б.
«А-» 3,67 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында аздаған қателіктер жіберу, тестілеу «90-94%» 90-94 б.
«В+» 3,33 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында аздаған қателіктер жіберу, тестілеу «85-89%» 85-89 б.
«В» 3,0 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «80-84%» 80-84 б.
«В-» 2,67 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «75-79%», тасырмаларды толық орындамау 75-79 б.
«С+» 2,33 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «70-74%» 70-74 б.
«С» 2,0 Сабаққа қатысуы, тестілеу «65-69%», тапсырмаларды толық орындамау 65-69 б.
«С-» 1,67 Сабаққа қатысуы, тестілеу«60-64%», тапсырмаларды толық орындамау 60-64 б.
«D+» 1,33 Сабаққа қатысуы, тестілеу «55-59%», тапсырмаларды орындамау  
«D-» 1,0 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «50-54%», тапсырмаларды орындамау.  
«F» 0 Тапсырмаларды орындамау 0-49
  Сабақта болмауы

2.12 Білімдерін бағалау критерийлері мен ережелері

2.12.1Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

2. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі

2.1. Ағымдағы бақылау t – құзіреттілікті қалыптастыру деңгейін бағалау

T = Z+N+K+P+S/n, n - мұндағы барлық құзіреттілік бойынша тапсырмалар саны

1.1 Білім Z|z1+z2+…+zn

1.2 Дағдылар N n1+n2+…nn

1.3 Коммуникативтік құзіреттілік K k1+k2+…kn

1.4 Құқықтық құзіреттілік P p1+p2+…pn

1.5 Өз бетімен білім алу (СӨЖ) S 1+s2+..sn

Әрбір құзіреттілік 100 балдық шкала бойынша бағаланады, бағалау формасы, әрбір құзіреттілік бойынша берілген тапсырмалар саны Жұмыс бағдарламасында анықталған ( п.2.9 Білім алушылардың білімі мен құзіреттілігін бағалау әдісі) және Силлабуста ( п. 2.10 Білімді бағалау критерийлері мен ережелері).

2.2. Аралық бақылау r –саны мен өткізу формасы пәннің саясатымен анықталады.

2.3. Жіберілу рейтингі студенттің білімін қорытынды бағалауда 60 % кем емес, мына формуламен анықталады:

RД=t+r1+r2 ×0,6

мұндағы-r1- бірінші рейтинг,r2-екінші рейтинг,t-ағымдағы бақылау

2.4. Қорытынды бақылау: интегралды эмтихан, екі этаптан тұрады: 1) тестілеу,

2) ауызша (билет бойынша, тәжірибелік дағдыларын тексеру және т.б)

E=E1 х0,2+E2 х0,2

мұндағы Е1- I этаптағы эмтихан балы

Е2- ІІ этаптағы эмтихан балы

Пәні бойынша құзіреттілікті бағалау

Сабақ тақырыбы Бағаланатын құзіреттіліктер
Білімі Тәжірибелік дағды Коммуника-тивтік дағды Құқықтық дағды Өзіндік даму
Гигиена- медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде. +   +   + +  
Бөлменің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау. + + +    
Инсоляциялық тәртіпті және бөлмедегі табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау. + +        
Ауыз су сапасын және сумен қамтамасыз ету көздерін гигиеналық бағалау. + +   + +
Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау. +   +      
Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау. + +   + +
Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау. + +   + +
Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дене дамуы мен денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау. Мектептер және балабақшаларда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және күн тәртібін гигиеналық бағалау. + +      
Өндірістік шаңның гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. + +   + +
Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. +   + + + +

· Өзіндік даму құзіреттілігі Жұмыс бағдарламасы мен силлабустағы СӨЖ тақырыптарына сәйкес жазылған СӨЖ жұмысын қабылдау барысында бағаланады.

· Студент 2 СӨЖ тапсыру керек. СӨЖ тақырыбы студенттің өз еркімен таңдалады.

Мамандығы: Жалпы медицина

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Құрастырғандар: м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

оқытушы Адилова М.Т.