Изоляция

Жалпы түрдің әртүрлі популяцияның құралатындығы белгілі.Егер бір популяция дарақтары екінші бір популяция дарақтарымен біраз уақыт будандаса алмай қалса,ондай популяция изоляцияға ұшырайды.Ал мұндай оқшалану бірнеше буынға созылса,онда популяция жіктеле бастайды.Болашақта ондай популяция жаңа түр тармағының немесе тіпті түрдің бастамасы бола алады.

Түр ішіндегі популяцияның изоляциясы географиялық изоляция деп аталады.Экологиялық факторларға территториялық климаттық, микроклиматтық, маусымдық климатық т.б өзгерістер жатады, олар бір түрге жататын организмдердің бір-бірімен будандасуына бөгет жасауы мүмкін.Мысалы, теңізде тіршілік ететін балықтар көбею кезінде, яғни уылдырық шашарда өзендерге шығады.Сонда әрбір өзеннің өзіңе тән ерекше популяциясы қалыптасады.

Биологиялық изоляцияға генетикалық және физиологиялық факторлар жатады.Генетикалық факторға көбінесе мейоз процесінің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын полтплондия немесе хромосомдық өзгерістер жатады.Бұдан дарақтардың еркін будандасуына кедергі келеді, соған байланысты гендер бір-бірімен комбинациялана алмайды.

Физиологиялық факторларға жануарларда болатын шартты рефлекстің өзі изоляция тудыра алатындығын айтуға болады.Мысалы, кейбір жануарлар мен жәндіктер жұптасқанда бірін-бірі таңдайды.

Сонымен популяцияның генетикалық құрылымына әсер ететін жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты генетикалық динамика, яғни микроэволюция прцесі жүріп отырады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Популяциялардың генетикалық динамикасының факторларын атаңыз?Мутациялық қысым деген не?
  2. Сұрыптау құбылысы деген не?
  3. Популяциясының мөлшері гомозиготалы ұрпақтардың пайда болуына қалай әсер етеді?
  4. Генетикалық дрейф немесе генетикалық-автоматтық процесті түсіндір?
  5. Изолоция құбылысын түсіндір?
  6. Изолоцияның қандай түрлері болады?

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Инге-Вечтомов С.Г.Генетика сосновами селекции, М.Высшая школа, 1989.
  2. Лобашев М.Е.Ватти, К.Е.Тихомирова М.М, Генетика с основами селекция, М.Просвещение,1979
  3. Ватти К.В.Тихомирова М.М.Руководства к пратическим занятиям по генетике М.Просвещение.1979-1972
  4. Лобашев М.Е.Генетика,Изд-во ЛГУ... Генетические 1969.
  5. Медведев Н.Н Праическая генетика.М.Наука 1966.
  6. Мұхамбетжанов К.К Далабаев Б.А,Өтешова Г.А.Генетика практикалық сабақтар Алматы,Ғылым 2004.

 

23 Дәріс

Дәрістің тақырыбы: Эволлюцияның генетикалық негіздері

Жоспар:

1.Генетикалық гомеостаз

2.Түр ішіндегі дивергенсия

Дәрістің мақсаты: Эволюцияның генетикалық негідерін меңгеру

Генетикалық гомеостаз

Кез келген биологиялық системаның мейлі клетка,организм,биологиялық семья немесе тұтас генетикалық популяция болсын өзінің адаптивтік механизмі болады.Соның көмегімен олар өз тіршілігін сақтап отырады. Популяцияның сыртқы орта факторлары әсерінен өзінің генетикалық құрылысын сақтау қабілетін генетикалық гомеостаз дейді.Бұл ұғымды ең алғаш рет қалыптастырған С.С.Четвериков 1926 ж.) Генетикалық гомеостаз механизмдеріне Харди Вайнберг формуласына сәйкес популяциядағы түрлі генотиптердің тепе теңдік қалыпта сақталуы,мутациялық процестердің белгілі бағытта және белгілі бір қарқынмен жүретіндігі жатады. Популяцияда мутация мөлшерінің көп болуы тұқым қуалайтын өзгергіштік резервін жасайды.Бірақ мутация көбінесе рецессивті гендерде болатындықтан популяция өзеріке тез бейімделе алады.Соған байланысты гетерозиготалардың гомозиготаларға қарағанда тіршілік қабілеті жоғары болып келеді.Бір популяциядан әртүрлі генетикалық формалардың шығуын полиморфизм деп атайды.Н.В. Тимофеев Ресовский мен Я.Я.Лус деген оқымыстыларға ұзақ жылдар бойы хан қызы жәндігінің қанатының үсті қызыл және қара дарақтардан тұратын полиморфты популяциясына зерттеу жүргізді.Сонда бұл популяцияда жыл сайын бір ғана жағдай байқалған,күзде қоңыздардың көпшілігі қара, ал қыстан шыққаннан кейін олар қызыл түске айналып отырған.Бұл популяцияда полиморфизмнің болатындығын көрсетеді.Сөйтіп полиморфизм популяцияның бір система ретінде сақталып тұруын қамтамасыз ететін механизм болып есептеледі.Сондықтан оны эволюция барысында қалыптасқан генетикалық гомеостаздың көрінісі деп айтуға болады.

Түр ішіндегі дивергенсия

Түрдің пайда болуы туралы ұғым.Популяциялар арасында айырмашылықтар туғызатын және тір ішінде жаңа формалардың нәсілдердің,түр тармақтарының пайда болуына жеткізетін процестерге тоқталайық,яғни түрдің пайда болуының бастапқы кезеңдерін қарастырайық.Популяциялардың кеңістіктегі оқшауланулармен байланысты түдің пайда болу процесін аллопариялық түрдің болуы деп атайды,ал кеңістікте оқшауланбай жаңа формалардың түзілуі симпатриялық түрдің пайда болуы деп аталады.

Аллопатрияалық түрдің пайда болуы. Кеңестіктегі оқшаулануға байланысты экологиялық мамандануға шеңберлі деп аталатын түрлер мысал бола алады.Батыс Европада кек шағала(Larus argentatus) мен боз шағаланың (L.fuscus)таралу ареалдары қосылып кеткен.Бұл екі түрдің бір бірінен айқын айырмашылығы болады,олар өзара шағылысқа түспейді.Бірақ олардың батысқа (Греландия,Канада,Аляьска және шығысқа Солтүстік Европа.Солтүстік Батыс және Солтүстік шығыс Сибирь) қарай таралған географиялық нәсілдері Мұзды мұхит айналасында үздіксіз шеңбер түзеді.Мұнда көршілес географиялық нәсілдердің особьтары арасында еркін шағылысу болып тұрады.Н.В.Гимофеев Ресовский шағалалардың таралуы ең басында бір аралық ауданнан мысалы,Шығыс Сибмрь ден басталып,онан соң батысқа және шығысқа қарай ауысқан деп санайды.Ол таралу географиялық нәсілдердің мамандануымен қоса жүрген және күшейе түскен .Ал Батыс Европада шеңбер қайтадан тұйықталған кезде туыстас формалар L. ar-gen`tatus, L.fuscus) бірін бірі танымай қалған олар әр түрлі түр болып шыққан.

Дивергенцияға түсетін формалардың географиялық жағынан көзге түсерліктей алшақтығы болмайтын бір біріне ұласып жатқан аудандарда тіршілік еткен жағдайда да түр ішіндегі экологиялық маманданудың орын алуы мүмкін.Бұған ірі су қоймаларындағы эндемиялық формалар айқын мысал бола алады.Мәселен,Байкал көлінде Cammaridae тұқымдасына жататын шаян тәрізділер 300- ден астам түрі өседі,олардың көбі басқа жерлерде кездеспейді.Бұл эндемдердің шығуы,сірә,экологиялық оқшауланумен,бір орында тіршілік етіп бөлектенген популяцияларға сұрыптаудың әр бағытта әсер етуімен қамтамасыз етіледі.

Қаралып отырған құбылыстар қатарына көбею мерзімі әр түрлі болатын маусымдық изоляцияны да қосу керек.Мәселен өсімдіктердің белгілі түрінің жаздық және күздік формаалары болады,сондай ақ көктемде немесе күзде гүлдейтін эфемерлер нәсілдер кездеседі.Барлық жағдайда да экологиялық мамандануға байланысты жүретін түр ішілік дивергенция популяцияны тіршілік етудің нақты жағдайына ыңғайлайды және мекендеген ауданның территориялық, азақтық және басқа ресурстардың неғұрлым толық пайдалануын қамтамасыз етеді.

Географиялық немесе экологиялық нәсілдердің морфологиялық ерекшеліктері бойынша алшақтауы негізінде оларды құрайтын популяциялардың генетикалық құрылымының дивергенциясы жатыр.Егер мұндай дивергенция біршама алыс кетсе,бұл репродуктивті изоляция механизмінің дамуына жол ашады,ал осындай изоляция түрлі нәсәлдерге жататын особьтардың шағылысу мүмкіндігін белгілі дәрежеде тежейді.

Репродуктивті изоляцияның негізгі формалары мыналар шағылысудағы және ұрпақтанудағы таңдау сипатының өзгеруі ,будан особьтар фертильдігінің төмендеуі,будандардың өміршеңдігінің төмендеуі.

Шағылысу кезіндегі таңдау сипатының өзгеруі мінез құлықтық изоляция әдетте жануарларда репродуктивті изоляцияның басқа формаларының пайда болуына бастама қалайды.Бұл особьтардың жыныстық мінез құлқының сол түрлерге тән ғана күрделі,тұқым қуалай бақылауда болатын шартсыз реакциялар комплексі болып табылады.Бұған балықтың,құстың және сүтқоректілердің көптеген түрлерінің шағылысу алдындағы ойындары дәлел бола алады.Осы реакциялардың комплекс түрлер арасындағы шағылысуларды болдырмайды,яғни репродуктивтік изоляцияның орын алуын қамтамасыз етеді.

Будандардың фертилдігінің және өміршеңдігінің төмендеуі генетикалық айырмашылықтардың алыс кеткендігін,дивергенцияланған формалардың жеке түрге дейін жеткендігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.

Симпатриялық түрдің пайда болуы.Симпатриялық жолмен түр пайда болуы үшін популяциялардың кеңістікпен оқшауланулары шарт емес.Түр ішілік дивергенцияны қамтамасыз ете алатындай көптеген механизмдер бар.Бұл белгілі бір географиялық аудандарда көбелектердің,өсімдік биттерінің және т.б. жақын түрлерінің кездесетіндігімен дәлелденеді,ал ол жақын түрлердің әрқайсысының тек өздері ғана қоректенетін өсімдік тері иелері болатындықтан қатал монографтар болып саналады.

Өсімдіктерде симпатриялық жолмен түрдің пайда болуының елеулі генетикалық факторлары қатарына геномдар мен цитоплазманың сыйыспауын туғызатын полиплоидияны,мутацияны жатқызуға болады.Жануарлардағы мұндай факторлар хромосомалардың қайта құрылулары,стерильділік гендер және цитоплазмалық изоляция.Соңғыға масааларды зерттеу арқылы анықталған құбылыс дәлел болады.Масаның Оңтүстік және Солтүстік Германиялық екі формасын шағылыстырғанда реципрокты комбинациядан алынған төлдегіштік нәтижесі мынадай болды:На х Оg – 87% Og x Ha – 0.17% -

Соңғы шағылыстырудан алынған барлық будандар ұрғашы болып шықты және олардың тек аналық,геномдары болды,яғни олар партеногенетикалық жолмен дамыды.Демек, На ның сперматозоитары О ның жұмыртқа клеткаларының дамуына ған әсер етеді.Беккростардың 50 ұрпақтарының (HaxOg)x(Og көмегімен На формасының барлық үш жұп хромосомалары Og хромосомаларымен ауысытырылды.Алынған нәтижелер әрдайым НаxOg шағылысуына тура келіп отырады.На формасы цитоплазманың осы форма спермаларының Og жұмыртқасын ұрықтандыра алмауын анықтайтындығы табылады.Цитоплазмалық изоляцияны ауру жұқтыратын насекомдарға қарсы пайдалануға болады,бұл үшін еркек масалардың белгілі бір типі табиғатқа шығарылады.

Симпатриялық түр пайда болу процесінде жануарлардың көптеген топтарының онтогенетикалақ бейімделу механизмімен жеке тәжірибесінің маңызы бар,олар өмір бойы әр түрлі шартты рефлекстерді жасауға негізделген,осы рефлекстер кейіннен сигналдық тұқым қуалау арқылы ұрпаққа беріліп отырады.Құстың ұя салатын орнын өзгертпеуге тырысатыны ұя консерватизм белгілі,міне осыған орай белгілі бір особьтар көбею үшін байырғы бір орынға оралады.Осы тектес жағдайларда жануарлар сигналдар бойынша орта факторалардың белгілі үйлесімдерін ғана таңдап алады,ал мұның өзі бұрынғы біртұтас популяцияның бөлшектенуіне және оқшаулануына әкеліп соғады.

Сонымен симпатриялық түр пайда болу жаңа түрлердің нақтылы қалыптасу әдісі болып табылады,ол қозғалу қабілеті бар және ортаға белсенді түрде бейімделе алатын жануарлар үшін негізгі әдіс болу керек.Түр ішілік дивергенцияның және изоляциялау механизмдерінің пайда болуы микроэволюция процестеріне жетекшілік етіп және оларды бағыттап отыратын сұрыптау мен генетика механизмдеріне байланысты болады.

Сонымен популяцияның өзінің генетикалық құрылымын қамтамасыз ететін механизмі, яғни генетикалық гомеостазы болады.Популяция аралық айырмашылықтардың пайда болуы түр ішінде жаңа формалардың қалыптаса бастауына әкеліп соғады,бұл түр пайда болудың бастапқы сатысы болып табылады.Популяциялардың кеңістіктегі алшақтығының болуы немесе болмауына қарай аллопатриялық және симпатриялық түр пайда болуға ажыратылады бұлар макроэволюцияны құрайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Генетикалық гомеостаз дегеніміз не?

2.Полиморфизм деген не құбылыс?

3.Аллопатриялық түрдің пайда болуын қалай түсінесің?

4.Симпатриялық түрдің пайда болуын қалай түсінесің?

5.Дивергенция ұғымына түсінік бер?

 

Пайданылған әдебиеттер:

1. ИнгеВечтомов.С.Г.Генетика сосновами селекции,М.Высшая школа,1989.

2. Лобашев М.Е.Ватти К.Е.Тихомирова М.М.Генетика сосновами селекция,М.Просвещение,1979

3. Ватти К.В.Тихомирова М.М.Руководства к практическим занятиям по генетике М.Просвещение.1979 1972.

4. Лобашев М.Е.Генетика.Изд-во ЛГУ.Генетические 1969.

5. Медведов И.И.Практическая генетика М.Наука 1966.

6. Мұхамбетжанов К.К Далабаев Б.А Өтешева Г.А.Генетикадан практикалық сабақтар.Алматы.Ғылым 2004.

7. Мұхамбетжанов К.Қ.Генетика.Алматы 2005.

 

 

24 Дәріс

Дәрістің тақырыбы: Адам генитикасы және зерттеу тәсілдері

Жоспары:

 

1.Генеалогиялык әдіс

2.Егіздік әдіс

3.Популяциялық статистикалық әдіс

4.Цитогенетикалық әдіс.

Дәрістің мақсаты: Адам генетикасының зерттеу тәсілдерімен танысу.

Генеалогиялық әдіс.

Бұл әдістің негізіне адамның бойындағы түрлі белгілер мен тұқым қуалауын оның тегіне қарап зерттеу жатады.Мұны тек егер адамның әкесі және шешесі жағынан бірнеше атаға дейінгі туыстары белгілі болған жағдайда ғана қолдануға болады.Әдетте адамның тегі туралы схема құрастырғанда шартты белгілер қолданылады.Кейбір тұқым қуалайтын белгілер ұрпақтан ұрпаққа тарағанда кез келген жыныстық дараларға беріле алады,яғни доминанттық жолмен тұқым қуалайды.Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілердің қатарына брахидактилия,хондродистрофия,беттің секпілі,көздің қарақтасы және сүйектің омырғыштығы сияқтылар жатады.

Рецессивті гендер арқылы анықталатын белгілердің тұқым қуалауы біршама күрделірек,себебі мұндай белгілер бірден білінбей біраз уақыттан кейін білінуі мүмкін.Бұл белгілерге альбинизм,полиомиелитке шалдыққыштық,қант диабеті ауруы т.б жатады.

Генеалогиялық әдісті қолдану гемофилия қанның ұйымауы сияқты аурудың тұқым қуалауында өзінше бір ерекшеліктің болатындығын көрсетті.Әдетте,гемофилик ұл,дені сау әке мен бұл ауру жөнінен гетерезиготалы,бірақ дені сау ананың ұрпағы болып келеді.Ал гемофилия ауруымен ауыратын қыз,ауру әке мен ауру анадан туады.

Мұндай белгілер жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды,яғни оны анықтайтын гендер тек Х хромосомада болады.Сол сияқты құлақты түк басып кету белгісі тек әкесінен ұлына ғана беріледі.Себебі оны анықтайтын ген У хромосомада ғана орналасады.

Генеалогиялық әдісті қолдану туыстық жағынан бір біріне жақын адамдардың некелесуінің нәтижесінде өлі немесе түрлі кемістікті болып туатын ұрпақ алудың мүмкіндігі мол екендігін көрсетті.Мұны былай түсіндіруге болады: туыс адамдарда туыс емес адамдарға қарағанда көбіне ұқсас гендер болады,соған байланысты туыстық некеде түрлі кемістікті анықтайтын рецессивті гендерден тұратын гомозиготалы комбинация жиі кездеседі.

Сөйтіп, генеалогиялық әдіс медицинада түрлі тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады.

Цитогентикалық әдіс.

Цитогентикалық әдіс деп қалыпты және өзгеріске ұшыраған жағдайдағы адамның кар тиотипіне цитогентикалық талдау жасауды айтады.Бірақ бұл әдіс нәтижелі болу үшін цитогентикалық талдау генеалогиялық талдаумен ұштасуы керек.Мұндай жолмен жүргізілетін зерттеулер әрине күрделілірек ,бұл тек соңғы кездерде ғана қолданыла бастады.

1956 ж.Дж.Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның сомалық (дене) жасушаларында 2 жұпжыныстық хромосалар болатындығын анықтады.Ер адамдарда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ),ал әйел адамдарда жыныстық хромосомалардың екі сыңары да бірдей (ХХ). Цитогентикалық әдісді қолдану адамның сомалық және жыныс жасушаларында пайда болатын хромосомалық өзгерісті байқауға мүмкіндік туғызады.Мұндай өзгерістер түрлі аурулармен тууына себепкер болады.Сондықтан цитогентикалық әдісте медицинада диагностикалық мақсатта қолданылады.

Егіздік әдіс

Егіздер деп жалқы ұрпақ беретін жануарларда және адамда кездесетін бір мезгілде туған дараларды айтады.Егіздер бір жұмыртқа жасушадан дамуы мүмкін.Мұндай жағдайда бір сперматозоидпен бір жұмыртқа жасушасы ұрықтанып одан екі зигота дамиды.Мұндай егіздер бір-бірінен айнымастай ұқсас болады (монозиготалы егіздер).

Әр түрлі жұмыртқа жасушаларының әр түрлі сперматозоидтармен бір мезгілде ұрықтануынан дамыған егіздер бір-біріне онша ұқсамауы да мүмкін, себебі әр түрлі жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтағы гендердің комбинациясы түрліше болып келеді (дизиготалы егіздер).

Егіздік әдісті генетикалық зерттеулерде қолдану үшін егіздіктің типін дәл анықтау керек. Адамнан туатын егіздер аса маңызды жалпы биологиялық проблеманы атап айтқанда, белгілердің дамуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады.

Бір жұмыртқадан дамыған егіздердің генотипі бірыңғай ал әр жұмыртқадан дамыған егіздердікі түрліше болады.Бір жұмыртқадан дамыған егіздерді түрлі орта жағдайларында өсіру арқылы оларға сыртқы ортаның тигізетін әсерін анықтауға болады.

Адам үшін тек физикалық факторлар емес,сонымен бірге әлеуметтік жағдайлар да сыртқы орта болып есептеледі.Әр адамның өз ерекшелігі бар,ол бір іске екіншісіне қарағанда көбірек бейім болып келеді.Генетикалық жағынан адам әр нәрсеге бейім болып келеді,бірақ оның бәрі бірдей толық іске аса бермейді.

Жалпы және арнайы білім беру мекемелері оқыту тәрбиелеу барысында баланың қабілетін ерте танып біліп оны дамыту керек.Адамзаттың прогреске жетуі бір жағынан осығанда байланысты.Мысалы,әр халықтың арасынан көптеген дарынды адамдар шықты,соған байланысты олар өндірісте ,ғылымда және өнерде дүние жүзілік деңгейде көтерілді.Егіздік әдіс сонымен бірге адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға шизофрения, диабет,гемофилия,эпилепсия,рахит т.б бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.

Егіздер зерттелетін белгі бойынша бірдей болса оларды конкордантты егіздер деп атайды.Егер де ол белгі бойынша әр түрлі болса,дискорданнты егіздер деп атайды.Егіздерді зерттегенде,ең алдымен олардың зиготтілігінің типі(бір жұмыртқалы екі жұмыртқалы) анықталады,оны қан тобын анықтау арқылы биохимиялық жене де басқа әдістермен анықтайды.Содан соң қажетті зерттеу әдістерін қолданып зерттелетін белгі бойынша егіздердің конкорданттылығы мен дискорданттылығы анықталады.Зерттелетін белгі бойынша бір жұмыртқалы мен екі жұмыртқалы егіздердің конкорданттылығының дәрежесін сәйкестендіру.Осы белгінің пайда болып дамуына тұқым қуалайтын және әлеуметті факторлардың әсерін анықтауға көмектеседі.

Популяциялық генетикалық әдістер.

Популяциялық-статистикалық әдістер толық популяцияларды – осы жағдайларда тұрып жатқан ағзалардың көптеген жинағын зерттеуде жиналған мәліметтердің математикалық талдауына негізделген.Олар геннің таралуы,тасымалдаушылардың жиілігі ж.т.б туралы мәліметтерді алуға көмектеседі.

Популяцилық әдіс жекелеген гендердің немесе хромосомдық өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттейді.Гендердің таралу жиілілігін зерттеудің адамда болатын тұқым қуалайтын аурулардың таралуына талдау жасау үшін маңызы бар.

Әр түрлі популяцияда тұқым қуалайтын генетикалық өзгерістердің таралуы түрліше мөлшерде болады.Мысалы Мариан және Гуам аралдарындағы жергілікті тұрғындардың жұлын жасушаларының склерозды ауруынан қаза болуы басқа елдериен салыстырғанда 100 есе көп.Сол сияқты оңтүстік Панамадағы Кариба куна тайпасының көпшілігі альбиностар.Ал Швейцарияда Роне өзенінің жағалауында орналасқан бір селоның 2200 тұрғының ішінде 50 саңырау және мылқау 200 адам саңырау болып шыққан.Мұндай Миграцияның (қоныс аударудың )болмауына байланысты жекелеген жанұялар мен туыстардың кең таралып көбейе алмайтыны себепті,кейбір тұқым қуалайтын ауруларды алып жүретін ген мөлшерінің артық кетуіне байланысты болады.

Сөйтіп қорыта келгенде қазір адам генетикасын зерттеуде жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі әдістер қолданылуда.Соған байланысты адамның генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.

 

Бақылау сұрақтары

1.Генеалогиялық әдістің негізі не?

2.Адамдағы тұқым қуалайтын аурулар?

3.Цитогенетикалық әдісті қолданғанда қандай жетістіктерге қол жеткізіледі?

4.Егіздік әдісті қолдана отырып өандай өорытынды жасауға болады?

5.Популяциялық-статистикалық тәсілді қолданғанда неге қол жеткізуге болады?

 

1.Инге-Вечтомов.С.Г.Генетика сосновами селекции,М.Высшая школа,1989

2.Лобашев

3. М.Е.Ватти К.Е.Тихомирова М.М.Руководства к практическим занятиям по генетике М.Просвещение .19791972

4.Лобашев М.Е.Генетика Изд-ство ЛГУ..Генетические1969

5.Медведев Н.Н.Практическая генетика.М.Наука,1969.

6.Мұхамбетжанов К.К. Далабаев Б.А. Өтешова Г.А.Генетикадан практикалық сабақтар.Алматы.Ғылым2004

7. Мұхамбетжанов К.Қ.Генетика.Алматы 2005

 

25 Дәріс

Дәрістің тақырыбы Медицинаналық генетиканың проблемалары