Игнатенко Н.А., Гергерт Г.Э. 2 страница

· Технологиялар нарығы сатып алу мен сатудың ерекше формасын білдіреді, өйткені жаңа технологиялық шешімдердің нәтижелері қосымша кірістің көзі бола алады және сондықтан коммерциялық құндылыққа ие болады, демек олар сатыла алады. Жаңа технологияны енгізуден түсетін шынайы кіріс тек нарықта ғана мойындатыла алатын өнімнің аса сапалы және басқа номенклатурасын жасау үшін қолданылғаннан кейін ғана анықталады. Демек, сатып алу және сату тауар – ақша принциптері бойынша емес, келісім шарт және кірістен пайыздық бөліну негізінде жүзеге асады.

 

Нарықтың инфрақұрылымы

Инфрақұрылым – тауарлар мен қызметтердің қозғалыстарын, сатып алу-сату актілерін жанамалайтын ұйымдастырушылық-құқықтық формалардың жиынтығы немесе нарыққа қызмет көрсететін сала, жүйе, қызмет, кәсіпорындар жиынтығы. Ол келесі қызметтерді атқарады: нарық субъектілері жұмысының жеделдігі мен нәтижелілігін жоғарылатады, нарық қатынастарын жедел рәсімдеуге, іскерлік тәжірибесін заңды және экономикалық бақылау формаларын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды жасау биржаларды, жәрмеңкелерді, жергілікті халықтың жұмыс бастылығын реттеу жүйесімен, несиелік жүйені, сақтандыру компанияларын, салық қызметтерін, жарнама агенттіктерін, консультациялық және аудиторлық компанияларды және т.б. дамытумен қатар жүрді.

§3. Өндірісті ұйымдастырудың формалары: өндіріс концентрациясы, құрамдастыру, мамандандыру, өндірісті кооперацияға тарту.

Өндіріс концентрациясы– бұл кәсіпорында өнімді шығаруды немесе қызмет көрсетуді арттыруға бағытталған үрдіс.

Кәсіпорындардағы концентрация келесі формаларда дамуы мүмкін:

  1. Біркелкі өнімді шығаруды арттыру (мамандандырылған кәсіпорындар);
  2. Әркелкі өнімдерді шығаруды арттыру (әмбебап кәсіпорындар);
  3. Өндірісті араластыру негізінде концентрацияны дамыту;
  4. Өндірісті жою негізінде концентрацияны дамыту. Бұл жоғарыдан аталған формалар негізінде және кәсіпорын қызметінің аса кең қызметі негізінде жүзеге асырылатын ең күрделі форма.

 

Концентрация ірі өндірістер мен өнеркәсіптерді жасауда және дамытуда, жеке мамандандырылған кәсіпорындарда әр сала өнімдерінің үлкен бөлігін шығаруға топталумен байқалады. Өндіріс концентрациясы жоғары өнімді техниканы аса тиімді қолдануға және қоғамдық еңбек өнімділігінің бұлжытпай өсуіне мүмкіндік жасайды.

Өндірісті құрамдастыру – еңбекбің белгілі өзара органикалық байланысқан, мамандандырылған өндірістің бірыңғай шаруашылық кешенге бірігу үрдісі.

Құрамдастырудың тік, көлденең және аралас ұғымдары болады: шикізатты жартылай фабрикатқа немесе дайын өнімге ретімен өңдеу жүзеге асатын кезде тік құрамдастыру орын алады; көлденең – шикізатты қайта өңдеуді қарастырады; аралас қрамдастыру – шикізаттың бір түрін ретімен өңдей отырып, негізгі жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімдер, ал түзілген қалдықтардан – жанама жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімдер алады.

Өндірісті мамандандыру - бұл өнеркәсіптің жеке салаларында, жеке кәсіпорындарда және олардың бөлімдерінде өнімдердің белгілі бір түрлерін шығаруды шоғырландыру үрдісі, яғни бұл – біркелкі өнімдерді шығару немесе жеке технологиялық операцияларды орындау үрдісі.

Өндірісті кооперацияға тарту – өнімді бірлесе отырып даярлайтын кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстардың формасы.

Кооперацияға тарту үрдістері – бұл жиынтық жартылай фабрикаттарды жеткізу және белгілі бір өндіріс қажеттіліктері үшін жұмыстарды орындау; өнім берушінің сол өнім түрін сатып алушымен байланысыөнім берушілердің дайын өнімді даярлайтын немесе жартылай фабрикаттарды өңдеуді жалғастыратын белгілі бір тұтынушыларға жұмыс істеуі.

1 – бөлім бойынша бақылау сұрақтары.

1. Нарықтық экономика ұғымы және оның қызмет етуінің негізгі принциптері.

2. Жеке меншік реформасы. Меншік формаларының көптүрлігі мен тең құқығы.

3. Нарық құрылымы мен инфрақұрылымының ұғымы.

4. Нарық қалай жіктеледі?

5. Өндірісті ұйымдастырудың формалары: шоғырлану, араласу, мамандандыру, өндірісті бірлестіру.

 

Бөлім 2 «Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорын және кәсіпкерлік»

САБАҚ №3.

Тақырып 2.1 «Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы экономикалық қызметтің негізгі түрі»

Жоспар.

  1. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні.
  2. Кәсіпкерлік орта.

§1. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні.

Әдебиеттерде кәсіпкерлік қызметтің көптеген анықтамалары бар.

Кәсіпкерлік – бұл жаңашылдық, экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері мен баламалары, ескі ұстанымдар мен шектеулерді жою.

Кәсіпкерлік – бұл өнімдер мен қызметтерді жасау үшін өндіріс факторларын ұйымдастыру мен біріктіру, материалдық пайда алу мақсатында адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кәсіпкерлік – бұл пайда алу мақсатында субъектінің шаруашылық қызметі және жаңашылдығымен, ресурстарды қолданудың аса тиімді тәсілдерін табумен, жаңа келешекке ашықтығымен, тәуекелге баруға дайярлығымен ерекшеленетін шаруашылықты жүргізудің ерекше шығармашылық түрі.

Кәсіпкерлік – бастамашыл, дербес, өз атынан, өз тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асатын, мүліктерді пайдаланудар, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден кіріс пен пайданы жүйелі түрде алуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Келтірілген анықтамалардан кәсіпкерліктің келесі ерекше белгілерін енгізуге болады:

· жаңашылдық, қызметтің жаңа түрлерін енгізуді, шикізаттардың, алдынғы қатарлы технологиялардың жаңа түрлерін енгізуді, өтімнің жаңа нарығын меңгеруді және т.б. қарастырады.

· экономикалық бостандық және шаруашылық субъектілерінің дербестігі;

· тәуекелге бел буу мүмкіндіктері мен дайындығы;

· кәсіпкерлік қызметтің мотивациясы, яғни кәсіпкерді қызметтің берілген түрімен айналысуға итермелеген себептер. Экономикалық әдебиеттерде адамның кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру кезінде басшылыққа алатын екі мотивті ерекшелейді: билік және ақша.

Нарықтық қатынастардың негізгі агенттерінің бірі – фирма болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде «кәсіпорын» және «фирма» ұғымдары кеңінен қолданылады. Кәсіпорын – тауарлар мен қызметтерді өндіру және жүзеге асыру бойынша ерекше қызметтерді атқаратын фабрика, ферма, дүкен түрінде ұйымдастырылған бір салалы өндіріс.

Фирма (көп салалы өндіріс) — бұл бір немесе бірнеше кәсіпорындарға ие және кірісті алу мақсатында тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін ресурстарды қолданатын ұйым. Фирма (кәсіпорындар) үшін келесі белгілер тән: өндіріс факторларын біріктіру және концентрациясы; әріптестер арасындағы тікелей байланыстардың басымдылығы; әкімшілік басқару әдістеріне негізделетін дара басшылық. Фирма өндірісті ұйымдастырудағы дербестікке және сауда еркіндігіне ие. Ол өз өнімдерін сатудың жолдары мен тәсілдерін анықтайды, бірге жұмыс жасайтын контрагенттерді таңдайды. Сауда еркіндігінің басты шарты бағаларды еркін орынту болып табылады. Қазіргі ғалымдардың пікірі бойынша фирмалар, нарық агенттерінің тәуекелділік пен белгісіздікті төмендетуге талпынудың нәтижесінде пайда болған.

Сондай-ақ, «бизнес» және «коммерция» ұғымдарын ерекшелейді.

Коммерция – бұл тауарларды (тауарлар мен қызметтерді өндіру берілген жағдайда қарастырылмайды) сатып алу-сату жолымен пайда алуды қарастыратын кәсіпкерлік қызметтің түрі.

Бизнес коммерция және кәсіпкерлік ұғымдарын, сондай-ақ қызметтің заңсыз түрлерін қамтиды.

§2. Кәсіпкерлік орта.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметі олардың ішкі және сыртқы өзара әрекеттестіктері жағдайында өтеді. Кәсіпорынның ішкі ортасыкәсіпорынның шаруашылық қызметінің табысы тәуелді болатын мақсаттар мен міндеттерді, құрылымдарды, қолданылатын технологияны және адамдарды қамтиды. Ол кәсіпорын ішінде қалыптасатын қатынастардан құрылады.

Сыртқы ортаға кәсіпорынның өнім берушілермен, тұтынушылармен, несие берушілермен, бәсекелестермен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен және т.б. өзара әрекеттестігі жатады. Бұның өзінде, экономикалық қатынастардың жүйесіне тартылған әрбір субъект өзіндік мүдделерге ие болады. Сондықтан кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелілігі бұл мүдделерді үйлесімділеуге, жеке шаруашылық жүргізетін субъектілерінің мақсаттары арасында динамикалық тепе-теңдікке қол жеткізу дағдыларына тәуелді болады.

Сыртқы орта келесі параметрлермен: кәсіпорынға әсер ететін факторлардың өзара әрекеттестігімен, күрделілігімен, қозғалмалылығымен және белгісіздігімен сипатталады.

Сыртқы орта факторларының өзара байланысы – бір фактордың өзгеруі басқа факторларға әсер ететін күш. Ортаның күрделілігі кәсіпорынның жауап беруге міндетті факторлардың саны мен көптүрлілігімен анықталады. Ортаның қозғалмалылығы – бұл қоршаған ортада өзгерістер болатын жылдамдық. Ортаның белгісіздігі – фирма иелік ететін ақпарат санының функциясы тәрізді. Сыртқы айналада белгісіздік неғұрлым көп болған сайын, шешім қабылдау соғұрлым қиын.

Дербестікке ие бола отырып, кәсіпорын өзінің атқаратын қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Ол келісім, несие, есеп және салық міндеттемелерін бұзуға, тұтынуда денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін тауарларды сатуға, және заңнамамен қарастырылған басқа да ережелерді бұзуға жауап береді. Демек, кәсіпорынның сәттіліктері мен сәтсіздіктері бірқатар факторлардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады: кәсіпорын мүлдем ықпал ете алмайтын немесе әлсіз ғана әсер ететін сыртқы, және кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруға тәуелді ішкі факторлар. Фирмалардың жабылуы мен банкрот болуының сыртқы факторларына: қажеттілікітер мен сатып алу сұранысы құрылымының өзгеруі, техникалық жаңалықтардың пайда болуы, бәсекелестіктің артуы, экономикалық құлдырудың басталуы, саяси тұрақсыздық және ішкі саясаттың бағытталуы және т.б.

 

САБАҚ №4.

Тақырып 2.1 Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы экономикалық әрекеттің негізгі түрі.

Жоспар.

  1. Жеке меншік түрі мен формалары бойынша кәсіпкерлік қызметті жіктеу.
  2. Ұйымдастырушылық-экономикалық формалары бойынша кәсіпкерлік қызметті жіктеу.
  3. Ұйымдастырушылық-құқықтық формалар бойынша кәсіпкерлік қызметті жіктеу.
  4. Кәсіпкерлік қызметте шаруашылық қауіп-қатер.

§1. Жеке меншік түрі мен формалары бойынша кәсіпкерлік қызметті жіктеу.

Әртүрлі белгілері бойынша кәсіпкерлік өзіндік жіктеуге ие:

Түрі мен қызметі бойынша:

· өндірістік кәсіпкерлік, оған: иновациялық, ғылыми – техникалық, ақпараттық кәсіпкерлік, тауарларды өндіру; қызмет көрсету; тауарларды өндірістік тұтыну; қызметтерді өндірістік тұтыну және т.б. жатады.

· коммерциялық кәсіпкерлік. Оған: сауда, сату – сатып алу кәсіпкерлігі, тауар биржалары жатады.

· қаржылық кәсіпкерлік. Оған: банк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік кәсіпкерлікқор биржалары жатады.

· Консультациялық (консалтингтік ) кәсіпкерлік. Оған: жалпы басқару, әкімшілік, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг жатады.

Жеке меншік формалары бойынша:

· жеке кәсіпкерлік;

· мемлекеттік кәсіпкерлік;

· Муниципалдық кәсіпкерлік;

· Қоғамдық ұйымдардың меншігі;

Меншік иелерінің саны бойынша:

· жеке кәсіпкерлік;

· ұжымдық кәсіпкерлік;

§2. Ұйымдастырушылық-экономикалық формалары бойынша кәсіпкерлік қызметті жіктеу.

· Концерн – бұл қатысу жүйесі арқылы кәсіпорындарды бақылайтын көп салалы акционерлік қоғам. Концерн оған қатысты еншілес болып келетін әртүрлі компаниялардың негізгі пакетін иеленеді.

Ассоциация – бір мезгілде басқа түзілімдерге ене алатын, экономикалық дербес кәсіпорындардың еркін, бірлесуінің жайлы формасы. (тіс дәрігерлерінің ассоциациясы, тауар өндірушілердің ассоциациясы және т.б.). Әдетте, ассоциацияның құрамына бір саладағы кәсіпорындар және белгілі бір территорияда орналасқан ұйымдар кіреді. Ассоциацияны құрудың мақсаты – бірлескен ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік міндеттерді шешу.

Консорциум – ірі қаржылық операцияны бірлесіп жүргізу мақсатында кәсіпкерлердің бірігуі. Мұндай бірлесу қаржыларды ірі жобаға салуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тәуекел де азаяды, өйткені жауапкершілік барлық мүшелерге бірдей. ҒТӨ жағдайында консорциумдар жаңа салаларда, немесе бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, екі саланың тоғысында пайда болады.

Синдикаттар – арасында бәсекені болдырмау үшін, бір сала кәсіпкерлерінің өнімін сатуға бірігуі.

Картель - өнімнің, қызметтердің бағалары, сату нарықтарының бөлінуі, өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі және т.б. туралы бір саладағы кәсіпкерлердің арасындағы бірлестік немесе келісім.

§3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырущылық-құқықтық формалар бойынша жіктеу

· Толық серіктестік, заңды тұлға бола отырып, жарғысы болмауы мүмкін, және ол үшін құрылтай құжаттары ретінде құрылтайшылардың келісім шарты болып табылады. барлық құрылтайшылар серіктестік қарыздары бойынша өзінің барлық мүлкімен ынтымақтас жәрдемдік жауапкершілікке ие болады. Несие берушілер серіктестің кез-келгенінен өндіріп алуды талап ете алады.

Серіктестік сенім негізінде немесе командиттік серіктестік серіктестердің екі типін қамтиды:

· нағыз мүшелер;

· салымшы-мүшелер,

олар серіктестіктің мүлкіне салымдар салып, серіктестікнің қарыздарына жауапты болмайды , тек өзінің салымымен тәуекелге барады. Коммандитистер кәсіпкерлік қызмет пен серіктестікті басқаруға қатыспайды, бірақ өзі салған капиталдан түскен кірісті алу құқығына ие.

Құрылтайшы құжат ретінде құрылтайшылардың келісімшарты болып табылады. Бұндай серіктестікті жасау үшін бір толық серіктес және бір салымшы қажет.

· Акционерлік қоғам(АҚ): ашық және жабық. АҚ жарғылық қоры номиналды құнға тең акциялардың белгілі санына бөлінген серіктестік. Акционерлік қоғамның мүшелері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және тек енгізілген капитал шектерінде шығындар тәуекеліне барады. АҚ-да басқарудың жоғарғы органы - акционерлердің жалпы жиынтығы (ерекше артықшылықтары бар иелерден басқа) болып табылады. Дегенмен, АҚ тек бір ғана тұлғамен жасалуы мүмкін. Ірі АҚ еншілес қоғамдар және тәуелді қоғамдар тәрізді ұйымдастырушылық-құқықтық формаларды жасай алады.

· Жауапкершілігі шектеулі қоғам (ЖШҚ)бір ғана құрылтайшысы болады, қатысушылар саны шектеулі. Жарғылық капитал үлестерге (салымдарға) бөлінген, бірақ сол капитал қатысушылардың жеке меншігі болып саналмайды, керісінше қоғамның меншігіне айналады. Тіркеу кезінде жарғылық капитал кем дегенде жартылай төлену керек, қалғаны бір жыл ішінде төленіп біту керек. Басқарудың жоғары органы – қатысушылардың жалпы жинағы. Қоғамнан шығу еркін, яғни қатысушы басқа қатысушылардың келісімінсіз кез-келген уақытта шыға алады.

· Қосымша жауапкершілігі бар қоғам –ЖШҚ бір түрі, бірақ қатысушылардың саны шектеулі болуымен ерекшеленеді, ал несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіз болуы кезінде бұндай серіктестіктің қатысушылары ынтымақтастық тәртіпте, салым құнынан еселі көлемде олған тиесілі басқа мүлікпен қосымша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

· Өндірістік кооператив — жеке еңбек салымы мен мүліктік салымдардың бірігуіне негізделген бірлескен шаруашылық қызмет атқару үшін азаматтардың (бесеуден кем емес) ерікті түрде бірлестігі. Жеке меншік оның мүшелерінің үлесіне бөлінеді, тіркеу кезінде әрбір мүше үлестің 10 % төлеу керек, қалғандарын - бір жылдың ішінде төлейді. Бұның өзінде кооператив мүшелері егер онда қоғамдық қаржы жеткіліксіз болған жағдайда коператив қарыздары бойынша қосымша жауапкершілікті өз мойнына алады. Серіктестіктің кооперативтен айырмашылығы, кооператив мүшелерінің оның қызметінде өзіндік еңбегімен қатысуға міндеттілігінде. Шешім қабылдау кезінде кооперативтің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады және ол салым көлеміне тәуелді болмайды, ал кооператив кірісі қатысушылар арасында еңбек үлесіне қарай пропорционал бөлінеді.

· Мемлекеттік және муниципальдық біртұтас кәсіпорындар (уни - біреу). Шаруашылықты жүргізуге құқылы біртұтас кәсіпорын мемлекеттік немесе муниципальдық меншікте болады. Біртұтас кәсіпорын мүлікті басқарады және пайдаланады, ал меншік иесі кәсіпорынды жасайды, ұйымдастырады және жояды, оның қызметінің мақсаттарын анықтайды, мүліктің қолданысы мен сақталуын бақылайды, кіріс бөлігін алу құқығына ие болады.

Біртұтас кәсіпорын жедел басқару құқығы негізінде мемлекет меншігінде болады, жарғылық қорды мемлекет жасайды.

Біртұтас кәсіпорын жедел басқару құқығында мемлекеттің жеке меншігінде болады, жарғылық қорды мемлекет жасайды. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді және меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жетекші меншік иесі болып тағайындалады. Кәсіпорын мүліктерді иеленеді және пайдаланады, меншік иесінің келісімімен ғана басқарады, өнімді өздігінен өткізеді.

· Тұтынушылық кооператив — қатысушылардың материалдық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, жарна үлесін біріктіру жолымен мүшелік негізіндегі ерікті бірлестік, оның істерінде міндетті жеке қатысуларды болжамайды. Тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері тұтыну кооперативтерінің жеке түрлері туралы арнайы заңдармен реттеледі. Бұл тұтыну, тұрмыстақ, тұрмыстық-құрылыс, бақшалық кооперация туралы заң. Тұтыну кооперативінің мүшесі болу үшін толығымен төленген үлестік салымға ие болу керек. Кооперативтердің шығындары қатысушылардың кәсіпкерлік қызмет пен қосымша салымдары есебінен жабылады, бұл кооперативтердің жарғылық қызметтерімен қарастырылған міндетті норма болып табылады.

· Қоғамдық және діни ұйымдар – рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерді қанағаттандыру негізіндегі ерікті бірлестік. Олар тек жеке тұлғалармен құрыла алады. Осы ұйымдарды құруға қатысатын жеке тұлғалар сыртқы да, міндетті құқықтары құқықтары, ешқандай мүліктік пайдалары болмайды.

· Қорлар – қоғамдық-пайдалы мақсаттарды көздейтін ерікті салымдар негізінде құрылған мүшелігі жоқ қорлар. Негізін салушылар бұл заңды тұлғаның қатысушысы болып табылмайды, сондықтан олар қордың қызметіне де, оны басқаруға да қатыспайды. Құру кезінде ұйымдастырушылар қорға өткізген барлық мүліктер тек қорға ғана тиесілі болады, сондықтан ұйымдастырушыларға қордың басқарушы мүшелеріне сенуге тура келеді; мүлікке келер болсақ, қордың мүлкіне қатысты қиянат етушілік болмас үшін – қамқолық кеңесі құрылады және қорлар өз қызметін ашық түрде жүргізуге міндетті болады. Қорлардың кәсіпкерлік қызметі қатаң мақсатты сипатта болу керек, және қорлар тек шаруашылық серіктестіктерге ғана қатыса алады. Қорлар жеке және заңды тұлғалармен құрыла алады. Қорлар тек сот тәртібінде ғана жойылады.

· Мекеме – ұйымдастырушымен қаржыланатын, басқару, әлеуметтік-мәдени және басқа да қызметтерді жүзеге асыру бойынша жасалады. Мекемелер – бұл мемлекеттік және муниципалдық басқарманың әртүрлі органдары (мекеме - ұйым). Олар меншік иесінің толық қаржыландыруында болады, және олардың қызметі бойынша барлық шығындар меншік иесімен бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асады.

· Одақтар мен ассоциациялар — қоғамдық мүдделерді қорғау және жұмыстарды басқару мақсатында құрылған ұйымдар. Олар заңды, немесе тек саудалық, немесе тек саудалық емес тұлғалармен жасалады, олардың біркезде қатысуына тиым салынады. Ассоциацияға қатысатын кәсіпорындар бұны еркін негізде жасайды және ассоциация оны жасаған кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне араласуына болмайды. Ассоциация саудалық қызметті жүзеге асыру үшін серіктестіктер жасай алады.

§4. Кәсіпкерлік қызметтегі шаруашылық тәуекел

Нарық жағдайларында кәсіпорынның әрекеті тәуекелге барумен байланысты. Тәуекел – бұл сәтсіздік пен күтпеген шығындар қаупі.

Тәуекел – бұл қарапайым тәуекелсіз тәсілдермен қол жеткізіле алмайтын қоғамдық пайдалы нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы қауіп-қатерді саналы жасау.