Игнатенко Н.А., Гергерт Г.Э. 1 страница

Әдеулеммтік-экономикалық пәндердің ПЦК

отырысында қаралды

Хаттама №____ «___» ______жыл

ПЦК төрағасы__________

Сарсембин А.М.

 

 

Семей қ.

 

Базалық (тірек) конспектілері 2009 жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарына және 2011 жылы бекітілген оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалды.

Оқу бөлімімен қолданысқа ұсынылды.

ОЖ бойынша директордың орынбасары __________ Савушкина Е.В.

 

 

Пәнге бөлінген сағаттардың жалпы саны

мамандықтарға арналған:

 

 

1305000– 106 оқу сағаттары, соның ішінде теориялық сабақтар – 60 с., тәжірибелік сабақтар – 46 с., екі міндетті бақылау жұмысы, дифференциалданған сынақ пен емтихан.

 

Соның ішінде:

 

 

VI семестр ____22____ оқу с., бір МБЖ, дифференцияланған сынақ.

 

VII семестр ___84____ оқу с., бір МБЖ, емтихан.

 

Міндетті бақылау

жұмыстарының саны 2 VI және VII семестрлерде

 

 

Қорытынды бақылау: емтихан VII семестрде

 

 

Мазмұны.

Тақырыптық жоспар
САБАҚ №1. Тақырып. Кіріспе.
САБАҚ №2. Бөлім 1 Қазіргі нарықтық экономика: негіздері, қызмет ету принциптері және құрылымы. Тақырып 1.1 Қазіргі кезеңдегі экономикалық реформаның негізгі бағыттары.
САБАҚ №3. Бөлім 2 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпкерлік. Тақырып 2.1 Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы экономикалық әрекеттің негізгі түрі..
САБАҚ №4. Тақырып 2.1 Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы экономикалық әрекеттің негізгі түрі. (жалғасы)
САБАҚ №5. Тақырып 2.2 Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны. Кәсіпорындардың формалары.
САБАҚ №6. Тақырып 2.3 Негізгі қаржы.
САБАҚ №7. Тақырып 2.3 Негізгі қаржы (жалғасы).
САБАҚ №8. Тақырып 2.3 Негізгі қаржы (жалғасы).
САБАҚ №9. Тақырып 2.4 Айналым құралдары.
САБАҚ №10. Бөлім 3 Өзіндік құн, баға, пайда және рентабельділік – нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындар әрекетінің негізгі көрсеткіштері. Тақырып 3.1 Өнімнің өзіндік құны.
САБАҚ №11. Тақырып 3.2 Нарықтық экономикада бағаның түзілуі.
САБАҚ №12. Тақырып 3.3 Пайда және рентбельділік.
САБАҚ №13. Бөлім 4 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды басқару. Тақырып 4.1 Менеджмент негіздері
САБАҚ №14. Тақырып 4.2 Басқару шешімдерін қабылдау
САБАҚ №15. Тақырып 4.3 Жетекшінің ұжыммен қарым-қатынасы.
САБАҚ №16. Бөлім 5 Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру Тақырып 5.1 Өндірісті ұйымдастыру және жобалау.
САБАҚ №17. Тақырып 5.2 Еңбек өнімділігі.
САБАҚ №18. Тақырып 5.3 Еңбекті ұйымдастыру және мөлшерлеу.
САБАҚ №19. Тақырып 5.3 Еңбекті ұйымдастыру және мөлшерлеу (жалғасы).
САБАҚ №20. Тақырып 5.4 Еңбек төлемі мен мотивациясы
САБАҚ №21. Бөлім 6. Маркетинг негіздері Тақырып 6.1 Нарық маркетинг объектісі ретінде.
САБАҚ №22. Тақырып 6.2 Маркетинг: оның негіздері мен концепциясы.
САБАҚ №23. Тақырып 6.3 Маркетингтің атқаратын қызметтері және оны ұйымдастырудың кезеңдері. Жарнама.
САБАҚ №24. Бөлім 7. Кәсіпорынның қаржылары және несие. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық әрекеті. Тақырып 7. Кәсіпорындағы қаржы мен несие негіздері
САБАҚ №25. Тақырып 7.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары
САБАҚ №26. Тақырып 7.3 Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі
САБАҚ №27. Бөлім 8. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық әрекетін жоспарлау, есептеу және талдау Тақырып 8.1 Фирмаішілік жоспарлаудың негіздері
САБАҚ №28. Тақырып 8.2 Техника-экономикалық жоспарлау
САБАҚ №29. Тақырып 8.2 Техника-экономикалық жоспарлау (жалғасы)
САБАҚ №30. Тақырып 8.3 Кәсіпорынның шаруашылық әрекетін есептеу мен талдаудың негіздері.
Әдебиеттер тізімі

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы Күндізгі оқыту формасында сағаттар саны
Барлығы Соның ішінде:
Теор. сабақтар Тәжір. сабақтар
  Кіріспе -
Бөлім 1 Қазіргі нарықтық экономика: негіздері, қызмет ету принциптері және құрылымы. -
Тақырып 1.1 Қазіргі кезеңдегі экономикалық реформаның негізгі бағыттары -
Бөлім 2 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпкерлік
Тақырып 2.1 Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы экономикалық әрекеттің негізгі түрі. -
Тақырып 2.2 Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны. Кәсіпорындардың формалары. -
Тақырып 2.3 Негізгі қаржы.
Тақырып 2.4 Айналым құралдары.
Бөлім 3 Өзіндік құн, баға, пайда және рентабельділік – нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындар әрекетінің негізгі көрсеткіштері.
Тақырып 3.1 Өнімнің өзіндік құны.
Тақырып 3.2 Нарықтық экономикада бағаның түзілуі.
Тақырып 3.3 Пайда және рентбельділік.
Бөлім 4 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды басқару.
Тақырып 4.1 Менеджмент негіздері -
Тақырып 4.2 Басқару шешімдерін қабылдау
Тақырып 4.3 Жетекшінің ұжыммен қарым-қатынасы.
Бөлім 5 Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
Тақырып 5.1 Өндірісті ұйымдастыру және жобалау. -
Тақырып 5.2 Еңбек өнімділігі
Тақырып 5.3 Еңбекті ұйымдастыру және мөлшерлеу.
Тақырып 5.4 Еңбек төлемі мен мотивациясы
Бөлім 6 Маркетинг негіздері
Тақырып 6.1 Нарық маркетинг объектісі ретінде -
Тақырып 6.2 Маркетинг: оның негіздері мен концепциясы
Тақырып 6.3 Маркетингтің атқаратын қызметтері және оны ұйымдастырудың кезеңдері. Жарнама.
Бөлім 7 Кәсіпорынның қаржылары және несие. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық әрекеті.
Тақырып 7.1 Кәсіпорындағы қаржы мен несие негіздері -
Тақырып 7.2 Кәсіпорынның сыртқы экономикалық әрекеті
Тақырып 7.3 Кәсіпорынның сыртқы экономикалық әрекеті -
Бөлім 8 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық әрекетін жоспарлау, есептеу және талдау
Тақырып 8.1 Фирмаішілік жоспарлаудың негіздері
Тақырып 8.2 Техника-экономикалық жоспарлау
Тақырып 8.3 Кәсіпорынның шаруашылық әрекетін есептеу мен талдаудың негіздері.
  Пән бойынша барлығы

САБАҚ №1.

Тақырып «Кіріспе»

Жоспар.

  1. «Нарықтық экономика негіздері» пәнінің мақсаттары мен міндеттері.
  2. Экономика салалары

 

§1. «Нарықтық экономика негіздері» пәнінің мақсаттары мен міндеттері.

Экономика – бұл адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырушы ретінде қызмет ететін және барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы объект болып табылатын адам қызметінің саласы.

Кәсіпорын экономикасы дербес ғылымды білдіреді, оның оқу пәні кәсіпорын қызметі, шаруашылық шешімдерді жасау және қабылдау үрдісі болып табылады.

Экономика – бұл үш негізгі сұраққа жауап беретін ғылым:

· Нені шығару керек және қандай көлемде?

· Тауарды қалай және қайда шығару керек, қандай технологиямен және қандай көздерден?

· Кім үшін өндіру керек, оны қалай бөлу қажет?

 

«Нарықтық экономика негіздері» оқу пәні арнайы пәндерді меңгеруге арналған базалық білімдерді орнататын жалпыкәсіптік болып табылады.

Курсты меңгерудің мақсаты – қаржымен байланысты экономика саласының білімдері мен дағдыларына ие болу, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштерді жоспарлау мен есептеуді үйрену және экономикалық, қаржы және еңбек қорларын талдау.

«Нарықтық экономика негіздері» курсын оқытудың пәні кәсіпорынның саудалық ұйым ретіндегі мәні, кәсіпорын қорлары (негізгі, өндірістік қорлар, айналым құралдары, жұмыс күші, күрделі қаржы) және оларды қолдануды жақсартудың жолдары болып табылады.

Экономикалық реформаның қазіргі кезеңінде экономикада, макроэкономикада да, микроэкономикада да өзгерістер жүзеге асуда: нарықтық экономиканың қазіргі жүйесі қалыптасуда, бұл жүйе негізінде кәсіпорындардың экономикалық қызметінің сипаты мен әдістері өзгереді.

Ұлттық шаруашылықты талдау кезінде экономикалық зерттеулерде әдетте өріс,сала ұғымдары қолданылады.

§2. Экономика салалары

Жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табыстарды жасауға қатысу тұрғысынан өндіріс екі ірі салаға бөлінеді: материалдық өндіріс және өндірістік емес сала.

Материалдық өндіріске өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жүк көлігі, байланыс (материалдық өндіріске қызмет көрсетуші), құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану, ақпараттық-есептеу қызметін көрсету, материалдық өндіріс қызметі саласының берік түрлері жатады.

Өндірістік емес салаға тұрғын-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес саладағы қызмет көрсету ұйымдары), денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және әлеуметтік қамтамасыз ету, халықтық білім беру, мәдениет және өнер, ғылм және ғылыми қызмет көрсету, несиелеу және сақтандыру, басқару органдары аппаратының қызметі.

Экономика салалары мамандандырылған салаларға бөлінеді. Сала – ұлттық шаруашылықта біркелкі өнім және жалпы (ерекше) функцияны атқаратын еңбек бөлінісінің қоғамдық жүйесінде өндірістің ерекше жағдайларымен сипатталатын сапалы біркелкі шаруашылық бірліктерінің (кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер) тобы.

Өнеркәсіп саласы өндірілетін өнімнің экономикалық қызметінің біркелкілігімен, тұтынатын материалдардың бірыңғайлығымен, техникалық база мен технологиялық үрдістердің ортақтығымен, кадрлардың ерекше кәсіби құрамымен, жұмыстың өзгеше жағдайларымен сипатталатын кәсіпорындардың жиынтығын білдіреді.

«Өндірістік немесе халық шаруашылық кешен» деген ұғымдар бар. Халық шаруашылығында келесі кешендер қызмет етеді: аграрлық-өнеркәсіптік (АПК), әскери-өнеркәсіптік (ӘӨК), машина жасау, металлургиялық, химиялық-орман, құрылыс, отын-энергетикалық кешендер (ОЭК) және т.б.

 

САБАҚ №2.

Бөлім1 «Қазіргі нарықтық экономика: негіздері, қызмет ету принциптері және құрылымы»

Жоспар.

  1. Жеке меншік қатынастарының реформасы.
  2. Нарықтардың жіктелуі.
  3. Өндірісті ұйымдастырудың формалары.

 

1. Жеке меншік реформасы

Жеке меншік қатынастарын құрумемлекеттік меншіксіздердіру формасында жүргізіледі. иелік етуші субъект ретінде мемлекет рөлінің қысқаруы әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асты:

- Өндірісті мемлекеттің өндіріс қаржысы көмегімен жүргізетін мемлекеттік кәсіпорындарға, өзінің қорқынышы мен тәуекеліне орай, шаруашылық жүргізудің дербес субъектілері дәрежесін беру;

- Жаңа жеке немесе ұжымдық кәсіпорындарды жасаумен;

- Жекешелендіру, мемлекеттік меншіктен жеке меншіктің сол немесе басқа түріне өтуді білдіреді.

Қазақстанда мемлекеттік меншіксіздендірудің негізгі тәсілі бірнеше кезеңде өткізілген жекешелендіру болып танылды:

1) ваучерге дейінгі жекешелендіру, жалдамалы мүлікті сатып алу формасында өткізіледі және негізінен әлеуметтік инфрақұрылым салаларын: сауданы, тұрмыстық қызмет көрсетулерді, қоғамдық тамақтануларды, қонақ үй қызметтерін және т.б. қамтиды.

2) ваучерлік (чектік) жекешелендіру кезеңі, мемлекеттік кәсіпорындардың ашық типті акционерлік қоғамдарға айналуымен және кіші кәсіпорындарды конкурстар мен аукциондарда сатумен қатар жүреді. Бұл кезеңде акция пакеті дәне сатып алынатын мүліктің 50-ден 80 пайызға дейінгі құны жекешелендіру чектерімен төленді;

3) жекешелендірудің чектен кейінгі (ақшалай) кезеңі кәсіпорындардың өзімен де және жекешелендіру кәсіпорындарының акцияларын сатумен қатар жүреді.

Жекешелендіру барысында келесі әдістер қолданылды:

· Ваучерлерді беру жолымен жаппай жекешелендіру;

· Жекешендірілетін кәсіпорындардың мемлекеттік активтерін беру немесе жеңідікпен сату. Акциялау тәртібі кәсіпорындарға акциялаудың ұсынылған нұсқаларының біреуін таңдау құығын берді. Олардың ішінен біріншілері бойынша 25 % дейін ерекше артықшылығы бар (дауыс бермейтін) акциялар және 15% қарапайым (дауыс беруші) акциялар, соның ішінде 5 % -кәсіпорын жетекшілеріне тегін берілді. Екінші нұсқа бойынша кәсіпорын жұмысшылары жабық қолхат бойынша жарғылық капиталдың 51 %-на тең сомаға қарапайым акцияларды сатып алулары тиіс болатын. Үшінші нұсқа бойынша қарапайым акциялардың 20 %-ын, шығыны көп кәсіпорынның жауапкершілігін өз мойнына алатын ынталы топ алады, және 20 % акция еңбек ұжымына беріледі. Мемлекетке тиесілі акциялардың қалған пакеттері қор нарығында сатылды;

· мемлекеттік активтерді конкурстар мен аукциондарда тікелей сату. Сатылымға кіші жекешелендіру объектілері жатқызылды (қызметкерлер құрамы 200 адамға дейін және қорлар құны төмен).

Нарықтық экономика қорларды аса тиімді пайдалануға көмектеседі, яғни оларды қоғам бәрінен де бұрын қажет ететін тауарлар мен қызметтердің сол номенклатурасына бағыттайды. Нарықтық қатынастар экономикалық тұрғыдан алғанда жаңа аса жетілген және үнемді техникалық үрдістерді өндіру мен енгізу үшін қорларды араластырудың ең тиімді әдістерін қолдануды қарастырады, демек тартылған капиталдық салымдардың 1 теңгеге барынша берілуін алу. Нарықтық экономика пайдасына жауапты аргумент ретінде кәсіпкерліктің еркіндігі болып табылады.

Жекешелендіру барысында келесі әдістер қолданылды:

· Ваучерлерді беру жолымен жаппай жекешелендіру;

· Жекешендірілетін кәсіпорындардың мемлекеттік активтерін беру немесе жеңідікпен сату. Акциялау тәртібі кәсіпорындарға акциялаудың ұсынылған нұсқаларының біреуін таңдау құығын берді. Олардың ішінен біріншілері бойынша 25 % дейін ерекше артықшылығы бар (дауыс бермейтін) акциялар және 15% қарапайым (дауыс беруші) акциялар, соның ішінде 5 % -кәсіпорын жетекшілеріне тегін берілді. Екінші нұсқа бойынша кәсіпорын жұмысшылары жабық қолхат бойынша жарғылық капиталдың 51 %-на тең сомаға қарапайым акцияларды сатып алулары тиіс болатын. Үшінші нұсқа бойынша қарапайым акциялардың 20 %-ын, шығыны көп кәсіпорынның жауапкершілігін өз мойнына алатын ынталы топ алады, және 20 % акция еңбек ұжымына беріледі. Мемлекетке тиесілі акциялардың қалған пакеттері қор нарығында сатылды;

· мемлекеттік активтерді конкурстар мен аукциондарда тікелей сату. Сатылымға кіші жекешелендіру объектілері жатқызылды (қызметкерлер құрамы 200 адамға дейін және қорлар құны төмен).

Нарықтық экономика қорларды аса тиімді пайдалануға көмектеседі, яғни оларды қоғам бәрінен де бұрын қажет ететін тауарлар мен қызметтердің сол номенклатурасына бағыттайды. Нарықтық қатынастар экономикалық тұрғыдан алғанда жаңа аса жетілген және үнемді техникалық үрдістерді өндіру мен енгізу үшін қорларды араластырудың ең тиімді әдістерін қолдануды қарастырады, демек тартылған капиталдық салымдардың 1 теңгеге барынша берілуін алу. Нарықтық экономика пайдасына жауапты аргумент ретінде кәсіпкерліктің еркіндігі болып табылады.

 

§2. Нарықтардың жіктелуі.

Нарықтың барлық жиынтығы – руханидан бастап, тіпті өндірістікке дейінгі сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған оған қатысушылардың қызмет түрлері бойынша жіктелуі мүмкін, яғни нарық келесі типте болуы мүмкін: өндірістік, өндірістік емес, қаржылық және интеллектуалды.

· Өндірістік нарық – өндіріс пен қоғамның материалдық салаларының жиынтығына қызмет көрсететін және олардың өндіріс құралдары мен тұтыну заттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын нарықтың құрамды бөлігі.

Өндірістік нарық өз кезегінде өндіріс құралдарының нарығы мен тұтынушылық нарыққа бөлінеді.

· Өндіріс құралдарының нарығы - бұл негізгі өндірістің материалдық қорларын: шикізат, материалдар, отын, жабдықтар, құралдар, қосымша бөлшектер және т.б. сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған тауар өндірушілер мен тұтынушылар, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсететін тауар айналымының саласы.

· Тұтынушылық нарық - тұтыну заттарын яғни, жеке және ұжымдық қажеттіліктер үшін өндірістік емес тұтыну саласында қолданылатын өнімдер мен тауарларды сату және сатып алу жүзеге асатын тауарлық қатынас нарығы. Тауарлар нарығы әлі асалып болмағанына, яғни толығымен қалыптасуын аяқтамағанына байланысты шынайы еркін бағалар, бағаларды түзетуге және салық саясатын жүргізуге негізделетін мемлекеттік реттеу кезінде нарықта қызмет ететін бәсекелестік нәтижесінде шынайы еркін бағалар орнатылады.

· Жұмыс күші нарығы––жұмыс күшін сатып алушы – жұмыс беруші мен бұдан былай материалдық өндіріс үрдісінде қолданылатын адамның жеке меншігін сатушы арасында келісім шарт негізіндегі сатып алу сату саласы.

Әкімшілік-командалық жүйе жағдайларында жұмыс күші тауар болмайды және қоғам мүддесіне орай мақсатты түрде бөлінеді.

· Нарықтық экономика жұмыс орнын таңдауға заңды құқық береді, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында мүдделердің өзара ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, еңбек ресурстарын нәтижелі қолдануға көмектеседі, бірақ жұмыссыздықтың пайда болуын да жоққа шығармайды.

· Қаржылық нарық ––бұл несие мен қарыз, шетелдік волютаны сатып алу –сату, құнды қағаздар мен қарыз міндеттемелерін, кепілдік және басқа мүліктерді айырбастау бойынша операциялардың жиынтығы.

Қаржылық нарық: капитал нарығын, құнды қағаздар нарығын, валюталық және несиелік нарықты қамтиды.

· Капитал нарығы –– бұл өнеркәсіптік өндірісті, сауданы және басқа да өндірістік емес салаларды дамыту үшін инвестицияға қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған ақша қорлары қалыптасатын нарық.

· Құнды қағаздар нарығы кіріс бөлігінде дефицит пайда болған тауар өндірушілермен инвестицияларды қаржыландыру үшін банк несиелеріне сұранысты қанағаттандырады.

· Құнды қағаздар нарығының нәтжелілігіне ақша нарығы үлкен әсер етеді, ол ұйымдар мен жеке тұлғалардың еркін ақша қаржысын тиімді пайыздық мөлшерлемелермен қысқа мерзімді қарыз міндеттемелеріне айналдыра отырып, қолданады.

· Интеллектуалдық өнім нарығы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жобаларды, сондай-ақ техникалық және басқа да идеяларды және осы жұмыс саласының аяқталуын қамтиды. Аталған интеллектуалдық өнім нарығы тізімінен тек технология нарығын қарастыралық.