Тема 14. Имаготерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың негізгі сипаттамасы.

2. Негізгі ережелері.

3. Имаготерапиялық үдерістің кезеңдері.

ИМАГОТЕРАПИЯ (И.)(лат. imago — бейне). Науқастың емдеу мақсатымен белгілі бір бейнелер кешенін жасаудағы жаттығудың психотерапиялық әдісі. Бұл әдіс И.Е.Вольпертпен 1966 жылы ұсынылған. Ойын психотерапиясының әдістер тобына жатады, кең мағынада – қиын өмірлік жағдайларда бара-бар әрекет етуге үйрену, қарым-қатынастың кеңеюіне, «емдеу» бейнесін жасауға, өз өмірлік тәжірибесін жұмылдыруға қабілеттің дамуы негізінде жатқан мінез-құлық психотерапиясының нұсқасы.

Имаготерапиялық үдерісте күрделенген техникалық тәсілдер қолданылады. Бірінші кезеңде ауруға айтушы немесе тыңдаушының рөлі ұсынылады. И. Бастапқы және негізгі формасы – әңгіме, себебі науқас бейнеге кіріп, осы сәттегі сезімдерді бастан кешіреді. Ауру үшін бейне оның психологиялық мамнына сәйкес емдеу факторы ретінде таңдалады. Жұмыстың негізгі формасы ретінде әдеби материалды айтумен қатар типтік өмірлік жағдайды импровизациялық көрсетілімі де қолданылады (экспромт театр).

Бұл жағдайда И. міндеті психологиялық теңбе-тең мінез-құлықты жаттықтыру. И. бастапқы курсы бүкіл шығарманың мазмұны толығымен баянадлу үшін, 3 адан жарты жылға дейін қамтиды. И. топпен, және жеке формада сирек жүргізіледі. Науқасқа күн сайын 1-2 сағат бойы өзін қалайтын «Мен» бейнесін сомдауы ұсынылады. Бірте-бірте ойынның ұзақтығы көбейеді, және қаланатын бейне науқастың үйреншікті мінез-құлық стереотипі болып қалыптасады.

И. екінші кезеңінд әңгіменің трагедиялығы кіреді. Драмалық іс-әрекетпен және диалогтармен айқындалған повесть немесе романның кейбір фрагменттері әр жақтан ойналады. Сондай-ақ науқастар жұмыс жасайтын шығарма ішіндегі кейбір эпизодтарды сахнаға қоюы маңыздылық танытады. Шығармада жоқ жағдайлардың сахнаға қойылуы да жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші кезеңнің ұзақтығымен бірдей.

И. үшінші кезеңі емдеу драмалық студияда жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық, драмалық және комедиялық спектакльдер қолданылады. Бейнелерді таңдау науқастардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері есебінен жүзеге асады. Есірік сырқат адамдарды талдауға бейім байсалды және ақылды бейнелер ұсынылады. Психастеникалық сипатты науқастарға шындық өмірді тікелей және эмоциональдық түрде сезінетін адамдар бейнесін жасауға пайдалы.

И. қолданылатын емдеу факторларына көңілді бұру, сендіру, түсіндіру, иландыру, имитациялық мінез-құлық, эмоциональдық көмек, мінез-құлықтың жаңа тәсілдеріне үйрету жатады. И. шектік нерв-психикалық бұзылуларды емдеу әдісі және науқастың тұлғалық дамуы арқылы емделу тәсілі ретінде қолданылады.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Имаготерапияның мәні.

2. Имаготерапияның міндеті.

3. Имаготерапияның кезеңдері.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.

15 Тақырып. Мінез-құлық психотерапиясы.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Мінез-құлық психотерапияның шығу тарихы.

3. Мінез-құлық психотерапиядағы психолог жұмысының кезеңдері.

4. Мінез-құлық психотерапияның ерекшеліктері.

Қазіргі заман психотерапияның детекші бағыттарының бірі. Жаңа даму кезеңінде Мінез-құлық психотерапиясы (М. П.) анықтамасы тар мағынада қолданылып, оны классикалық және операнттық келісуге негізделген техникалық тәсілдерді ғана қосса, соңғы кезде термин мағынасы кеңдігінен атауы мәні жоғалуының қаупі төнуде. Мысалы, Кэнфер (Kanfer F. Н., 1975) М. П. «белгілі бір стандартқа сәйкестендіру мен үйрету теориясы саласындағы ашылулармен байланыстыларды ғана емес, экспериментальдық психологияда алынған барлық ақпаратты да қамту керек» деп айтқан. М. П. неғұрлым ойластырылған анықтамалардың бірі М. П. американдық ассоциациясында ұсынылады: М. П. «ең алдымен экспериментальдық және әлеуметтік психологияда дамыған қағидалардың қолданылуын қамтиды. М. П. адамның қайғы-қасіреттері мен әрекет ету қабілеттерінің шектелуін азайту керек.

М. П. айналаны қайта құру және әлеуметтік өзара байланысты және аз деңгейде биологиялық араласулар арқылы соматикалық үдерістер түрінің өзгеруі қамтиды. Оның мақсаты, ең басты – әрекет ету қабілеттерінің қалыптасуы мен нығаюы, өзін-өзі бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін техникаларға ие болу»(Franks С. М., Wilson G. Т., 1979).

Өзінің бастапқы даму кезеңінде «мінез-құлық» термині М. П. сыртық бақыланатын сипаттама ретінде танылса, қазіргі кезде бұл ұғымға эмоциональдық-субъективтік, мотивациялық-күйзелген, когнитивтік және вербальдық-когнитивтік сипаттары қосылады.

Осылай, М. П. теориялық ережелердің бірлігі мен одан өрбитін әдістемелік белгілі араласуға негізделген неғұрлым тар мағынасы мен кеңейтілген мағынасын бөліп айтуға болады, мұнда бұл байланыс мәнін жоғалтады.

М. П. негізін қалаушылары ретінде біздің ғасырдағы екінші онжылдығында пайда болған үйрету қағидасына негізделген психотерапия әдістері қарастырылады. Олар әдебиетке шартты-рефлекторлық терапия әдістері атауымен енді.

«М. П.» термині 1953 жылдан бастап қолданыла бастады 1950-1960 – М. П. жеке дербес бағыт болып қалыптасу кезеңі. Ол кезде М. П. зерттеу және дамудың бірнеше орталығы ғана болды: Оңтүстік Африка Республикасында — Вольпе (Wolpe J.), Лазарус (Lazarus A. A.), Рахман (Rachman S.); Англияда — Шапиро (Shapiro D.), Йетс (Yates A. J.), Айзенк (Eysenck H. J.); АҚШ-та — Азрин (Azrin N. Н.), Айллон (Ayllon Т.). 1960 жж. — М. П. қарқынды даму кезеңі. 1971 ж. Крэснер (Krasner L.) М. П. 15 түрлі бағытын атап көрсетті, олар кейінгі жылдары бірігіп, М. П. атауына ие болды.

И.П.Павловтың есімімен байланысты Классикалық ескерту, М. П. негізін қалаған бірінші теория болып табылады. Сонымен қатар И.П.Павлов Уотсон (Watson J. В.) тәрізді — шартты рефлекстер теориясының жақтаушысы, американдық бихевиоризм жасаушысы;өз оқуларында аралық ауыспалы мағынаны жойған және сыртқы әлем мен сыртқы мінез-құлықты қөздырушылармен зерттеуді шектеген. Торндайктың (Thorndike E. L.) құралдық немесе операнттық келісімділік теориясы бұрынғы «стимул-реакция (мінез-құлық)» парадигмасы егінде қалды, алайда мінез-құлықтың пайда болуы мен нығаюндағы пөзитивті және теріс сиппаты (әсер ету заңы) бар стимулдардың мәнін ерекшеледі. Бұл теорияда стимул реакцияның күшін арттыратын нықтау қызметтік сипатына ие болды. Торндайка—Скиннер үлгісі И.П.Павловтың үлгісіндей ағзаның мінез-құлқын «қара жәшікке» ұқсатқан, оның ішкі мазсұны туралы ешқандай ақпарат жоқ.

М. П. Фейдимен және Фрейгер бойынша (Faidiman J., Frager R., 1994):

1) адамдардың өмірлік жағдайларына өздері қалайтындай жасауға көмектесуге тырысу, яғни олардың өз мінез-құлқы, ойлары, сезімдері әлеуетінің артуына немесе әрекет етудің теріс тәсілдерін жоюға жәрдемдесу;

2) қатынастың эмоциональдық мәні мен жеке тұлға сезімдерін өзгертуге мақсат қойылмайды;

3) жағымды терапиялық қарым-қатынас — қажетті, бірақ тиімді психотерапияға жеткліксіз шарт болып табылады;

4) пациенттің шағымы маңызы бар материал болып қабылданады, онда артынан үзіктер сияқты жатпай, терапия онда шоғырланады;

5) пациент және психотерапевт терапияның ерекше мақсаттары туралы келіседі, ол мақсаттар пациент және психотерапевт мақсаттардың қалай және қашан іске асатыны туралы білетіндей ұғынылады.

М. П. келесі даму кезеңі стимул және реакция арасында орналасқан аралық ауыспалыларды есепке алу талпынысымен байланысты. Сонымен бірге ішкі ауыспалы сыртқы қөздырушыларға жасырын реакциялар ретінде қарастырылған. Дәл олардың жасырушылығы сыртқы қөздырушылармен болатын анық байланысты жоққа шығарды.

Ішкі ауыспалы – бұл ең алдымен когнициялар (ойлар, түсініктер), олар басқа үдерістерді басқарады, мысалы эмоциональдық және мотивациялық.

Осындай түсінікпен 60-ж соңы мен 70-ж басында «жасырын сәйкестендіру» / «жасырын келісімділік» (Cautela J. R., 1967), «жасырын бақылау» (Homme L., 1965), «өзін-өзі реттеу» (Kanfer F. N, 1975) деген атаулармен әдебиетке енген жаңа әдістемелер ұсынылды.

Жасырын сәйкесетндіруді классикалық және операнттық келісімділіктің танылатын аспект теориясына өзгеріссіз таратуға тырысқан, бұл сәтсіздікке апарды. Бұл ішкі ауыспалыларды М. П. тәжірибесіне енгізуге талпыныс болды.

60 жж М. П. дамуына бақылау арқылы үйрету теориясы әсерін тигізді (ең алдымен әлеуметтік) (Bandura A., 1971). Бұл теорияның авторы үлгіні бақылау арқылы ғана жануарда немесе адамда бұрын байқалмаған мінез-құлықтың жаңа стереотиптері қалыптасатынын көрсеткен. Кейін бұл өзін-өзі нәтижелілік тұжырымдамасы атауына ие болған теориялық жалпылауға әкелді.

М. П. когницияларды эмоциональдық, мотивациялық және моторлық үдерістердің аралық ауыспалы, құратын және реттейтін компонеттер ретінде қарастыратын бастапқы парадигмасынан (стимул—реакция) кейінгі қадамын Эллис (Ellis A., 1962) және Бек (Beck А. Т., 1976) теориялары сипаттайды. Эллистің рациональдық-эмоциональдық психотерапиясында стимул және мінез-құлық арасындағы байланысты анықтайтын басты аралық ауыспалы рациональдық және рациональдық емес когнициялар болып табылады. Бектің ауыспалыны анықтайтын когнитивтік психотерапиясында реалистік және реалистік емес когнициялар (когнитивтік шешімдердегі қателіктермен байланысты) болып табылады. Екі автор да когнитивтік және мінез-құлық ауыспалыларды бастапқысы мәнінің басымдығын құптайды. Олардың ойынша, психотерапияның әсер ету орталығы аралық когнитивтік ауыспалы болуы керек.

Когнитивтік және мінез-құлық көзқарастары интеграциясының талпынысы Мейхенбаум (Meichenbaum D., 1977) және оның әріптестерінің есімдерімен байланысты. Оның еңбектерін ішкі сөйлеу туралы А. Р. Лурий және Л. С. Выготский идеяларының кейінгі дамуы ретінде қарастыруға болады. Онымен әзірленген өзін-өзі нұсқау әдістемесі титықтауға қарсы ем өзін-өзі сөйлету түрінде ішкі сөйлеуді меңгеру тәсілі болып табылады.

Дәл осындай когнитивтік ауыспалы (экспектациялар) және когнитивтік-мінез-құлық психотерапияның басты объектісі мен мақсаты ретіндегі олардың модификацияларын қарастыратын Махони (Mahoney M. J., 1974) жұмыстарының бағыты.

Тиісті когнитивтік ауыспалы, когнитивтік-мінез-құлық бағыттарды таңдауға мүмкіндік беретін метатеорияға қатысты жеткілікті түрде әртүрлі болып табылады. Мысалы, Дзурилла және Голдфрид (D'Zurilla Т. J., Goldfried M. R., 1971) мәселені шешу тренингін ұсынды, онда психотерапия мазмұны мәселе шешу стратегиясының тренингі болып табылады.

Осылай, М. п. — бұл психотерапияда дамушы бағыт. «Стимул-реакция» схемасы бойынша құрылған оқыту теориясынан бастап, әрі қарай когнитивтік және әлеуметтік оқыту теорияларын қолданады, ал соңғы жылдары сонымен қатар ақпаратты қайта өңдеу, қарым-қатынас және одан үлкен жүйелер теориясына арқа сүйеуге тырысады. Сәйкесінше ескілер сәйкесенеді және М. П. жаңа әдістемелер аясы кеңейеді.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. МП-ң негізін қалаған бірінші теориясын ата.

2. МП-ң термині нешінші жылдары қолданылы бастады?

3. МП-ң Фейдимен және Фрейгер бойынша теориясының мәні.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.35-43.

16 тақырып. Мәселелі-бейімделу психотерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Блазердің мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

3. Хаймның мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

4. Рингердің мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

5. Томменнің мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

80 жж. басында Берн университетінен шыққан швейцария психотерапевттері Блазер, Хайм, Рингер, Томмен (Blaser A., Heim E., Ringer Ch., Thommen M.) әзірлеген мәселелі – бейімделу психотерапиясы психотерапияның жеке қысқа мерзімді интегративтік әдісін сипаттайды. Оған включающий элементы психологиялық талдау, когнитивтік-мінез-құлық психотерапиясы, гештальт-терапия және дене-бейімделу психотерапия элементтері кіреді. Бұл әдіс неғұрлым көп науқастарға көмек көрсете алатын белсенді, құрылымдық және құны жағынан қымбат емес психотерапияға деген қажеттіліктің өсуінен Маланның (Malan D. Н.) және Манның (Mann J.) қысқа мерзімді психодинамикалық психотерапиясы негізінде дамыды. Авторлар жаңа мектеп негізінің қалануын талап етпейді.

Олар психотерапиялық тәжірибенің негізгі құрайтын элементтеріне және прагматикалық және шаблондық емес оның даму барысында туындайтын шешімдер мүмкіндіктеріне назар аударды. Психотерапияның нақты проблеманы шешетін айқын бағыттылық сияқты айрықша емес факторының маңыздылығы атап көрсетіледі. Сондықтан психотерапияның осы әдісінің мақсаты науқастың өз мәселелерін шешудегі қабілеттерін жақсарту. Ол оған психотерапия соңында өзіне-өзі психотерапевт болуға көмектеседі.

мәселелі – бейімделу психотерапиясының негізгі принциптері келесідей: 1) мәселеге деген бағыттылық; 2) науқасқа деген бағыттылық; 3) әдістер плюрализмі; 4) құрылымдылық.

Мәселеге деген бағыттылық. Авторлар мәселені науқастың бейімделу мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар көптігі деп түсіндіреді. Белгілер мәселенің бір аспектісі ретінде ғана сипатталады. Мәселеге бағыттылық дегеніміз психотерапия мақсаты белгілерді ғана емес, сонымен қатар оның артындағы мәселені де жоюды білдереді. Әдетте науқастар өмірлеріндегі көптеген қиындықтарға шағымданып келеді. Мәселелі көзқараста психотерапевт науқаспен бірге шектеулі уақыт ішінде шешілетін немесе оны шешу үшін стратегия әзірленетін, шешуі кейін болатын басты мәселені анықтайды.

Науқасқа деген бағыттылық. Бұл қағида психотерапиялық жұмыс ең алдымен науқастың мәселесі сипатына, оның мәселені ұғынуын, оның психотерапия мақсатын түсінетініне байланысты құрылатынын білдіреді. Писхотерапевт науқаспен ұсынылатын түсіндіру үлгісіне жете ойланып, онымен бірге талдап, содан кейін мәселенің анықтамасын, оны шешудің нақты стратегия мамұнын ұсыну керек. Писхотерапиялық үдеріс науқас үшін «анық» болғаны маңызды.

Әдістемелік плюрализм қағидасы көптеген психотерапиялық әдістерге қатысты ретсіз қатынасын емес, ол олардың жеке мәселелерді шешу үшін дифференциальды қолдануды білдереді. Психотерапевт өз жұмысында психотерпиялық бағытың кез келген теориясын басшылыққа алмайды, ең алдымен тәжірибелік міндетті шешеді: қысқа мерзімді психотерапияға берілетін қысқа уақыт ішінде науқаспен бірге қабылданған психотерпияның реалистік мақсаттарға сәйкес өзгерістерге қаншалықты жақсы жету керек.

Құрылымдылық қағидасы сыртқы, сонымен қатар психотерпия үдерісінің ішкі аспектілерінде айқындалады. Сыртқы құрылымдылық уақыт шегімен байланысты, психотерапия 15-20 минут сессияларымен шектелген, аптасына 1 рет, ұзақтығы 25-тен 50 минутқа дейін жасасқан шартқа сәйкес болады. Ішкі құрылымдылыққа негізгі құрайтын немесе психотерпия үдерісінің сатылары кіреді: 1) психотерапевт—науқас қатынасы, 2) науқастың мәселесін түсіну, 3) мәселені талдау, 4) мәселені анықтау, 5) мәселені өңдеу, 6) психотерапияның аяқталуы.

Писхотерапиялық үдеріске үлгілік сатылық жоспар түріндегі белгілі құрылымды белгілеу психотерапевтке өз әрекеттерінде бейімделуге көмектеседі, және тәжірибеде психотерапиялық үдеріс әртүрлі болса да, нақты өзгерістерді жүзеге асыруға жеткілікті уақыт қалғаны үшін және психотерпияны уақытнда аяқтау үішн психотерапия курсының ортасында 5-ші сатыға жету керек (мәселені өңдеу). Төмен психотерпияның жеке сатыларының қысқа сипаттамасы беріледі.

1-ші саты — тұрақты өзара қатынастарды және науқас пен психотерапевт арасында құрылымдық жұмыс қатынастарды құру. Қатынастардың (сапа) бінеше деңгейлері бар. Қатынас сапасының бірініші көрсеткіші — дағдылы (қалыпты) өзара қатынастар, рөльдік ойынна тәуелсіз еркін, олар қысқа мерзімді, спорадикалық және сыртқы әсерсіз болады, әдетте психотерапияның басында және аяғында. Қатынас сапасының екініші көрсеткіші «Гринсон бойынша жұмыс одағы» деп аталды. Бұл рациональдық басымдығы бар қатынастар психотерапиялық шартпен, басқа сөзбен айтқанда, науқас және психотерапевт ойнайтын рөльдермен анықталады. Қатынастың үшінші деңгейі – «мәселелер деңгейі», оны әдетте ауыстыру және контрауыстырумен байланыстырады.

Қатынастардың психоаналитикалық тұжырымдамасы (ауыстыру—контрауыстыру) осы терапияда сәл өзгерген күйінде сипатталады. Науқас мәселесінің бөлігі оның өткен тәжірибесі психотерапевтқа әсер етіп, және ол иррациональды, анахроникалық және танылмайтын реакцияларда (ауыстыру) айқындалатынында болады. Осы реакцияларды түсіндіру шектеулі көлемде қолданылады. Одан басқаавторлар психотерапевт реакцияларын осы деңгейде контрауыстыру ретінде қарастырудан бас тартады. Бұл психотерапевттің рефлексияға тартуға талпынуы мүмкін сезімдер болар. Төртінші деңгей — «жағдайлардың тоғысу деңгейі». Бұл деңгейде қатынастар психотерапевтке науқас және оның ауыстыруымен мәселе болып табылатын нәрселерді байланыстыратын жағдайлар орын алады. «Жағдайлардың тоғысу деңгейінде» психотерапевттің өткен тәжірибесі психотерапевтке кедергі болады. «Контрауыстыру» термині тек осы мағынада ғана қолданады.

2-ші саты — науқас мәселе туралы өз ойларын баяндайды. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ұғымы ұсынылады. Терапияның орталық элементтерінің бірі, әсіресе олар оның мәселелі жағдайымен байланысты болса, науқастың теориялық тұжырымдамаларына назар салу болып табылады. Психотерапиялық араласу науқаспен жасалған құрылымға енгенде ғана тиімді екендігі атап көрсетіледі. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ішкі байланыстарын түсіну маңызды, себебі дәл соларда оны тежейтін және жүзеге асырмайтын нағыз мәселе жатады.

3-ші саты — мәселенің талдауы. Мәселені талдауды келесі схема бойынша жасау ұсынылыды:

1) қазіргі уақыттағы жағдайлар (актуальды тудыратын жағдайға, емделуші және оның айналасындағылар мәселесінің салдарына көңіл аударылады);

2) емделуші өмірінің тарихы. Бұл мәселе талдауының бөлігі көбінесе емделуші мәселесінің бірінші көрінуіне сәйкес өмір кезеңіне, сонымен қатар одан кейінгі басталған кезеңге бағытталған;

3) қызметтік мәні. Мәселенің мәні деген сұраққа жауапты өзара ішкі жеке кикілжіңдер саласына ену талпынысында емес, нақты, айқын жеке ққатынастарда осында және қазір, серіктестік байланыстарда, отбасыда, жұмыста іздеу керек.

4-ші саты — мәселені анықтау, мақсатты қою және психотерапияны жоспарлау. Емделушінің пікірлері мен сырқаттың себебін түсіндіруге негізделетін мәселенің анықтамасы жалпыға түсінікті тілмен құрылуы керек. Бұл жерде танылмайтын үдерістерге ғана көңіл аударылатын күрделі психодинамикалық болжалдар болмауы тиіс. Психотерапияның мақсаты айқын, жедел, яғни барлық қажетті әрекеттерге нұсқаулары бар және 15-20 психотерапиялық сессиялы шегі есебімен реалистік болу керек. Күмәндану жағдайында табысқа қол жеткізу үшін мақсатты сәл төмендету керек. Психотерапияны жоспарлау мен стратегия жүзеге асуын таңдау кезінде прагматикалық ойларды басшылыққа алу керек. Терапияның негізгі тұжырымдамасына сәйкес әртүрлі әдістемелік көзқарастарды аралас қолдануға қарсы ешқандай қарсылық жоқ (мысалы, психодинамикалық және бір мезгілде когнитивтік-мінез-құлық әдістер).

5-ші саты — мәселені өңдеу және алынған өзгерістерді психотерапия шегінен тыс шындық өмірге ауыстыру. Мәселемен жұмыс жасаған кезде психотерапияның бір немесе бірнеше әдістер қолданылады. Сонымен бірге екі беталысты ұстану керек:

1) психотерапия проблематикасының кейеюі, онда қайта туындайтын маңызды мәселелер талқыланады;

2) емделушінің басты мәселені талқылаудан қашу. Жұмыстың басты мақсаты — емделуші мәселесінің сондай түсінігіне жету және психотерапия аяқталған соң қиындықтармен одан жақсы тойтарыс беріп, өз мәселелерімен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жеңудің стратегияларын игеру.

6-ші саты — психотерапияның аяқталуы. Психотерапия курсының аяқталуы мен емелуші мен спихотерапевттің қоштасуы соңғы үш-төрт сессияның басты тақырыбы болады. Егер емделушінің мәселесі саналы және ашық өңделсе, онда ол оған үлгі болатын психотерапевт мінезіне бейімделеді.

Мәселелі-бейімделу психотерапиясы үшін танылатын себептермен туған барлық бұзулар көрсетілген. Онда ашық айқын бұзулар туралы сөз етіледі. Ең алдымен оған егер олар антикризистік шаралармен жойылмайтын болса, өткір торығу, қорқыныш жағдайы, үрей, ауыр жүктемелерге деген өткір реакциялар, есірікті және қызметтік психосоматикалық бұзылулар, сондай-ақ «жүйке күйзелісі» жатады. Бұл терапияның түрі адамның маңызды нәрсеге қол жеткізе алмауы, өзіндік мәнділік сезімінің жоқтығы, асқан конфоризм, өз мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін тани алмайтындық тәрізді «мінез-құлық кемшілігінде» сипатталатын бірқатар бұзулар жағдайында көрсетілген. Мәселені анықтау – әдістер таңдауына қатысты барлық ойлардың басталу нүктесі.

Оның негізінде психотерапия стратегиясы әзірленеді – психотерапиялық мақсатқа жету үшін бір немесе бірнеше әдістерді қолдануды анықтайтын басқарушы желі болып табылады. Психотерапиялық әдістердің қолайлы эклектикалық таңдауында оның емделушімен түсінігі, емделушінің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевттің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевтке берілетін уақыт көлемі сияқты факторларға назар аударылады.

Мәселелі-бейімделу психотерапияда жүзеге асатын әдістердің плюрализм қағидасы келесіні тұжырымдайды:

1) сананың қарқындылығы;

2) ойлау мен мақсат шаблондарының өзгеруі;

3) мәселені шешу;

4) мінез-құлықтың өзгеруі;

5) күйзелістің белсенділігі;

6) емделушінің өз денесін қабылдауды жеңілдету және босаңсу;

7) қолдау;

8) жүйелік өзгерістер.

Егер психотерапевт таңдаған стратегияда сананың белсенділігі әдісін қолдану ұсынылса, терпия шегінде ең алдымен түйсіктермен байланысты аспектілерді түсіну емес, қарым-қатынастағы танылмайтын кикілжіндерді анықтау, әлеуметтік мотивтер туралы немесе қатынастар кестесін түсіндіру туралы сөз етіледі. Сондықтан объектілік қатынастардың жаңа пайымдауы түріндегі психоаналитикалық тұжырымдамалар мәселелі-бейімделу психотерапияда талдау барысында және мәселені анықтауда қолданылады. Сананы қарқындатуда белгілі психодинамикалық фокусы, конфронтация,болжал түріндегі түсіндіру, сыртқы әсерсіз ауыстыру (ауыстыру жүйке төзуы қөзбайды), түс көрулермен (ең алдымен ашық айқын түстердің мазмұнымен), жұмыс жасау, шынайы және фантазиялары бар түстерді таңдауы қолданылады.

Терапияның бұл түрінде мәселелерді шешу үшін қолданылатын ойлау мен мақсаттардың үйреншікті кестелері өзгеруінің когнитивтік әдістеріне көңіл бөлінеді. Ақпаратты беруден басқа тану және ойлаудың кедергі жасайтын кестелер мен сәйкес емес мақсаттардың өзгеру әдістері (аса жалпылау, «барлығы немесе ештеңе» түрі бойынша ойлау, асыра көрсету, таңдаулы қабылдау, эмоциональды ойлау, ерікті және иирациональды шешімдер, кемшіліктерді құндылықтарға қарсы қою, нормативтік ойлау, утопиялық нәтижелер, автоматтық ойлар тәріздес) қолданылады.

Ойлаудың кедергі болатын кестелері мен сәйкес емес ұғымдар саналы когнитивтік үдерістер арқылы өзгертілуі мүмкін. Ол үшін келесі қадамдар жасау керек:

1) ең алдымен автоматтық ойларды тану;

2) вербалдану;

3) талдау (эмпирикалық, логикалық, прагматикалық);

4) өзгерістер.

Мақсаттың өзгеруі кезінде, оны мәселені шешудің жаңа стратегияларын қолданумен тәжірибеде сынауға болады.

Бұл үдерісті логикалық бірізділікте орналасқан қадамдарға бөлу керек:

1) «мәселе шешілуі мүмкін» пөзитивтік мақсатты жасау;

2) емделуші мәселесін субъективтік баяндау;

3) мәселенің жүйелік талдауы;

4) мәселені дифференциалды жедел анықтамасы (әдетте мәселенің бұрынғы дыбысталуының нақтылануы, қайта құрылу болады);

5) баламалы шешімдердің бағасыз іздестіруі («бағытталған, ерікті ұқсастықтар» қолдану);

6) баламалардың реалистік бағасы (шынайы мүмкіндіктерді таңдау);

7) шешімді қабылдау және жүзеге асыру;

8) нәтижелерді тексеру.

Әдістемелік плюрализм негізінде емдеу міндеттерін шешу барысында классикалық келісілгендік, операнттық келісілгендік және үлгілеуге негізделген мінез-құлық психотерапиясының әдістері қолданылуы мүмкін. Күйзеліс белсенділігі мен эмоциялар айқындалуы әдістерінің интеграциясы сырқат пен жұмыс істейтін адамға өз жеке өсуін сезінуге мүмкіндікті ұсынуды мақсат етеді. Жұмсақ әсер ету тәсілдері мәселелі-бейімделу психотерапияның негізгі арсеналына кіреді. Оған эмоциональдық күйзелудің вербалдануы(Роджерс (Rogers С. R.) техникасы), когнитивтік ұқсату, ағымдағы сәйкестендіру жатады. «Жұмсақ» әдістермен қатар гештальт-терапияда әзірленген тәсілдер де қолданылады.

Атап айтқанда, конфронтация әдістері емделушіні неғұрлым анық және «бейнелі» түрде өз сезімдерін (асыра көрсету мен шыдам тәсілдері, өткенді немесе болашақты бүгінгі күнге ауыстыру техникасы, сәйкесетндіру) білдіруге түрткі болады. Мәселелі-бейімделу психотерапияда релаксация мен өз денесін сезінуді жақсартудың 3 әдісін көрсетеді: Джекобсонның ілгері дамитын бұлшық-ет релаксациясы,белсендітыныс алу арқылы босаңсу, аутогендік жаттығу.Сондай-ақ емделушінің бейімделу мүмкіндіктерін арттырып, оның мәселені шешу жолдарын іздеуге бағытталған мәселелі жағдайды жете түсінуі мен когнитивтік үдерістерді күшейтетін қолдау әдістері де қолданады. Тілектестік, мақұлдау, эмпатия, пайдалы ақпарат қолдау түрлері болып табылады.

Мәселелі-бейімделу психотерапиясы тұжырыдамасының басқа мектептерден тәуелсіздігі, әдіс авторларының пікірі бойынша, бұл тұжырымдаманы әртүрлі бағыттарға қатысты психотерапевттер қолдана алатындай дидактикалық ерекшелігі бар. Әдістердің «ретсіздік» қаупі терапияның құрылымдылығы мен оның айқын көрсеткіштерімен жойылады. Психотерапевт әдістер таңдауында шектелмейді, ал мәселелі-бейімделу психотерапиясы одан өз жұмысындағы әдістер көзқарастарының бірігуін, интеграциясын талап етеді, ал олардың таңдалуы мәселенің өзгешелігіне, сонымен қатар емделушінің келісім мен ерекшелігіне негізделеді.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. М-БП-ң негізгі принциптері.

2. Науқасқа деген бағыттылық принциптерінң мән.

3. М-БП-ң жеке сатыларын ата.

4. М-БП-ң плюрализм қағидасы нені тұжырымдайды?

 

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.

 

17 тақырып. Топтық психотерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың негізгі ережелері.

2. Топтық жұмыс түрінің ерекшелігі.

3. Топтық психотерапияның мақсаттары мен міндеттері.

Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс.

Принципиальды түрде Т.п. психотерапияда жеке дербес бағыт емес, оны қолдануда психотерпиялық әсер етудің құралы ретінде жеке психотерапиямен салыстырғанда психотерапевт қана болатын, емделушілер тобы шығатын ерекше әдіс болып саналады.

Басқа психотерапиялық әдістермен қатар Т.п. (дәл жеке формасы сияқты) түрлі оның ерекшелігін анықтайтын теориялық бағдарлар шегінде де қолданылады: нақты мақсаттар мен міндеттер, үдерістің мазмұнды жағы мен белсенділігі, психотерапевт тактикасы, психотерапиялық нысаналар, әдістемелік тәсілдерді таңдау және т.б. Осы барлық ауыспалылар көбінесе психотерпиялық топта қатысатын сырқаттар континентінің нөзологиялық тәуелділігімен түсіндіріледі. Психотерпиядағы жеке дербес бағыт ретінде Т.п. емделушіні әлеуметтік-психологиялық жоспарда, психотерапиялық үдерістің шегін кеңейтіп, жеке тұлға мен оның ішкі жеке мәселеріне ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның қоршаған әлемдегі шынайы өзара қатынастары мен өзара әрекеттерімен жиынтығында назарды шоғырландырып қарастырады. Емделуші топ ішінде өзара қарым-қатынас пен өзара әрекеттесулері маңызды түрде оның шынайы өзара қарым-қатынастарын айқындайды, себебі топ шынайы өмірдің үлгісі ретінде болады, онда емделуші сол қатынастар, мақсаттар, құндылықтар мен сол эмоциональдық әсер ету тәсілдері мен мінез-құлық реакцияларын айқындайды. Топтық динамиканы қолдану әр қатысуышы өзін таныта білуге, сондай-ақ топта емделушінің өзін-өзі теңбе-тең және терең түсінуге, өз теңбе-тең емес қатынастары мен мақсаттарын, өзара жеке әрекеттесуде пайда болатын эмоциональдық және мінез-құлық стереотиптерді көре білуге және оларды тілектестік атмосферасы мен өзара қабылдауда өзгертуге мүмкіндік беретін кері байланыстың тиімді жүйесін құруға бағытталған.

Т.п. топтық терапия, топтағы психотерапия, ұжымдық психотерапиядан ажыратады. Соңғылары өз мәнінде кез келген психотерпиялық әдісті емделушілер тобында (гипнөз, аутогендік жаттығу, пікір, қайта ой салу және т.б.). қолдану деп тұжырымдайды. Бұл жағдайда психотерапевт емделушілердің көпшілігіне психологиялық құралдармен бір мезгілде әсер етеді, бірақ емдеу мақсатымен емделушілер арасында пайда болатын өзара қатынастар мен әрекеттерді, жағдайларды жүйелі түрде қолданбайды. Т.п. шығу тарихы топтық терпиядан Т.п. қөзғалысы, яғни топтық эффектілердің психотерапиялық мақсатта түсінуі мен қолдануы. Медицинаның пайда болу кезінен бастап сырқаттарға көмек көрсету үшін емшілер психологиялық әсер ету әдісін қолданды, сол мақсатпен топты пайдаланды. Топта көрініс табатын нәтиже, бағдарлар, эмоциялар, сенім сезімдері, емші біліктілігі мен пайдаланатын процедураларға деген сенім қатысушылардың «эмоциональдық улану» шарасы бойынша ұлғаятын аффектілік жүктеме күйін арттырған және емделушінің әсері мен ықпалына икемделуге ықпал етті.

Әсер ету ең алдымен сырқаттың эмоциональдық саласына айналған илану, және оның рациональды, сыни ойлаудан өтіп кетіп, оның көңіл-күйі мен психикалық физиологиялық жағдайына, әлеуметтік қызмет етуіне пайдалы әсер етті. Психикалық денсаулыққа топпен жағымды әсер етудің үлгісі ретінде австрия психиатры Месмердің (Mesmer F. А.) тәжірибесін айтуға болады. Оны кейде «психотерапия теориясы мен тәжірибесін құрушы, оның ішінде топтық» деп атайды. Әрі қарай көптеген әйгілі ғалымдар мен дәрігерлер түрлі психотерпиялық әдістерді сырқаттар тобында осының мақсаттылығы мен тиімділігіне сүйене отырып, қолданды. Топтық әсер етудің терапиялық мүмкіндіктеріне бірінші көңіл аударған 1955 ж. алғаш ерт өкпе ауруымен сырқат адамдарға психотерапиялық топтарды ұйымдастырған американдық дәрігер Пратт (Pratt J.) болды. Алғашқыда Пратт топты емделушілерді олардың аурулары мен денсаулығы, сауығуға көмектесетін өмір сүру қалпы мен қатынастар туралы ақпараттандыратын ең қолайлы тәсіл ретінде қарастырды және оны терапиялық мүмкіндіктерден бөлген жоқ. Кейін ол психотерапияда басты рөльді бір адамның екіншіге тиімді әсер етуі, топта пайда болатын өзара пессимизм мен тұйықталу сезімін жеңетін түсіністіктер мен тілектестік әсері бар топқа тиесілі деп санады.

XX ғ. бүкіл психотерапиялық бағыттары топтық түрлерді пайдаланды және Т.п. дамуына елеулі үлес қосты. Бұл қатарда ерекше орынды психоаналитикалық және гуманистік бағыттар алып жатыр. Осылай, Адлер (Adler А.) емделушілерде болатын бұзылулар айқындалуда әлеуметтік ортаның әсеріне көңіл аударды. Ол топ эмоциональдық бұзуларды анықтау және оларды түзету үшін тиісті контекст деп санаған. Емделушілер кикілжіңдері мен қиындықтарының көзі олардың құндылықтары мен өмірлік мақсаттарының қате жүйелерінде және топ көзқарастар мен пікірлерді қалыптастырып, сонымен қатар оларды өзгерте де алатыны туралы айтқан. Емделушілер тобымен жұмыс жасап, Адлер емделушілердің генез және олардың бұзылуларын, сонымен қатар олардың бағдарларын ауыстыруды түсінулеріне жеткізуге тырысқан. Психикалық-бейімделу т.п. дамуына өз жұмыстарымен Славсон (Slavson S. R.), Шильдер (Schilder P.), Вольф (Wolf А.) және т.б. ықпал етті. Т.п. дамуына елеулі үлес қосқан психодраманың негізін қалаушы Морено (Moreno J.L.) болды, оған Т.п. терминінің енгізілуін жатқызады. Гуманистік бағыт өкілдерінің ішінен айрықша орынды Роджерс (Rogers С. R.) алады. Негізгі ауыспалы психотерапиялық үдеріс ретінде эмпатияны, оң қабылдау мен аутенттілікті бөлектеп, Роджерс топтық түрлерге үлкен мән берген.

Ол психотерапевт онда қатысушылар үшін үлгі болады және сол арқылы үрейді жою және өздігінен ашылуға ықпал етіп, топ қатысушылар арасында құрылатын қатынастар терапиялық өзгерістер үшін оптимальды шарттарды тудыруы мүмкін деп санаған. Т.п. дамуына айрықша әсер еткен топтық динамика саласында Левин (Lewin K.) жұмыстары болды. Ол тиімді өзгерістердің көбі жеке емес, топтық контексте болады деп айтқан. Левин жіне оның ізбасарлары жеке бұзылуларды басқа адамдар арасындағы, әлеуметтік ортамен бұзылған қатынастар айықындалуының нәтижесі деп қарастырған. Олар топта бұзылған өзара әрекеттесуді түзетудің құралын көрді, себебі осындай түзету әлеуметтік оқыту үдерісінде болады.

Бұл үдеріс жеңілденеді және бейімді емес өзара мінез-құлықтың жеке қатысушылары үшін топтық контекстте ерте айқындалу арқасында жеделдетіледі. Топ жұмысының басты мазмұны өзара әрекеттесудің типтік бейнелер талдауы, «осында және қазір» актуальды жағдайда оның мінез-құлқы мен өткендегі салдарымен салыстыру болады. Тілектестік және серіктестік атмосферасының тууына ықпал етіп, марапаттайтын және пікірталасты бағыттайтын психотерапевттің тактикалық қатысуы арқасында осындай аналитикалық жұмыс оқыту үдерісінің өтуіне болмай қалатын түзету эмоциональдық тәжірибенің күйзелісін жеңілдетеді. Сонымен қатар Шығыс Еуропада жұмыс жасап, Ресейдегі Т.п. дамуына елеулі үлес қосқан Хёк (Hock K.), Ледер (Leder S.), Кратохвил (Kratochvil S.) сияқты Т.п. белгілі теоретиктер мен практиктерін атап өтуі қажет.

Т.п. мақсаты мен міндеттері жеке тұлға өзгерісіне бағытталған әдіс ретінде белгілі дәрежеде жеке тұлға және оның бұзылу табиғаты туралы теориялық ұғымдарға қатысты ажыратылады, бірақ топтық динамикаға деген негіз бағдарларды елеулі жақындатады. Т.п. мақсаттың жалпы түрінде емделуші мәселелерінің ашылуы, танылуы және өңделуі және теңбе-тең емес қатынастардың, мақсаттардың, эмоциональдық және мінез-құлық стереотиптерінің талдау және өзара әрекеттесуді қолдану негізінде түзету. Күтілетін өзгерістердің үш жазықтығын есепке ала отыра (когнитивтік, эмоциональдық және мінез-құлық) топтық психотерапияның анық міндеттерін келесідей құруға болады:

1. Тану саласы (когнитивтік аспект, интеллектуальдық ұғыну). Т. п. емделушінің келесіні ұғынатындай ықпал жасау керек: 1) психогендік факторлар арасындағы және өз сырқатының шығуы, дамуы және сақталуы арасындағы байланыс;

2) қандай жағдайлар симптоматиканың шығуы, фиксациясы және күшейтілуіне түрткі болатын жүктеме, үрей, қорқыныш және т.б. теріс эмоцияларды тудыратын топта және шынайы өмірде болдырады;

3) теріс эмоциялар мен симптоматиканың шығуы, фиксациясы және күшейтілуі арасындағы байланыс;

4) өзінің мінез-құлқы мен эмоциональдық реттеу ерекшелігі;

5) шет жақтан қалай көрінеді, оның мінез-құлқы қалай қабылданады, айналадығалар мінез-құлқы мен эмоциональдық реттеу ерекшелігін қалай бағалайтыны, оларға жауап берілері, осы мінез-құлықтың салдары қандай;

6) «Мен» менік бейнесі мен басқалармен өзін қабылдауы арасындағы бар келіспеушілік;

7) өз мотивтері, қажеттіліктері, талпынысы, қатынастары, мақсаттары, мінез-құлық пен эмоциональдық реттеу ерекшелігі, сондай-ақ олардың теңбе-тең, шынайылылық және құрылымдылық дәрежесі;

8) тиісті қорғаныс механизмдері;

9) ішкі психологиялық мәселелер мен кикілжіңдер;

10) өзара қарым-қатынас әрекет ету ерекшелігі, өзара кикілжіңдер мен олардың себептері;

11) күйзелістердің аса терең себептері, балалық шақтан бастап әрекет ету тәсілдері, сонымен қатар қатынастар жүйесі қалыптасуының шарттары мен ерекшелігі;

12) өзіндік рөль, кикілжің және психикалық жарақат ету жағдайларының пайда болу және сақталуына қатысу шарасы, сондай-ақ қандай жолмен олардың болашақта қайталанбауына.

Интеллектуалдық тану міндеттер келесі үш аспектілерге келеді: «жеке тұлға—жағдай—ауру» байланысты тану, жеке тұлғаның интердербес контексті тану және генетикалық (тарихи) жоспарды тану.

2. Эмоциональдық сала. Т. п. емделушіге көмектесу керек:

1) топ және психотерапевт тарапынан эмоциональдық қолдау алу, бұл өзіндік құндылық сезіміне, қоғаныс механизмдерінің әлсіреуіне, анықтық, белсенділік, сыртқы әсерсіз болудың өсуіне әкеледі;

2) топ ішінде шынайы өмірде сезімдерді сезінуге, шынайы өмірде болған және бұрын жасай алмаған эмоционалдық жағдайларды жасауға;

3) кейбір эмоционалдық реакцилардың теңбе-теңдігін бастан кешіруге;

4) меншік кері және оң сезімдерінің айқындалуына неғұрлым еркін болу;

5) өз сезімдерін неғұрлым анық түсінуге және вербалдауға үйрену;

6) өз мәселелерін оларға сәйкес күйзелістермен ашу (жиі өз-өзінен ертедегі жасырынған немесе бұзылған);

7) күйзелу, эмоционалдық реттеу, өзін және өзінің басқалармен қарым-қатынасын қабылдау тәсілін өзгерту;

8) өз қатынасына эмоциональдық түзету жасау. Жалпы эмоционалдық саладағы міндеттер келесі негізгі аспектілерді қамтиды: эмоционалдық қолдау алу және өзіне неғұрлым жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, тікелей күйзелу мен топ ішінде және өзінің жаңа тәжірибесін тану; өзіндік эмоциялардың анық танылуы және вербалдануы; эмоциональдық тәжірибені қайта және өткендегіні бастан кешіру және топ ішінде жаңа эмоциональдық тәжірибені алу.

3. Т.п. мінез-құлық саласы емделушіге келесіде көмек көрсетуі керек:

1) меншік теңбе-тең емес мінез-құлық стереотиптерін көру;

2) аса шынайы, терең және еркін қарым-қатынасқа дағыдалану;

3) топ ішінде айқындалатын, сондай-ақ субъектілік күрделі жағдайлардан құтылумен байланысты мінез-құлықтың теңбе-тең емес түрлерін жеңу;

4) серіктестік, өзара көмек, жауапкершілік және дербестікпен байланысты мінез-құлық түрлерін дамыту;

5) мінез-құлықтың жаңа түрлерін, нақтырақ, теңбе-тең бейімделуге және шынайы өмірде қызмет етуге септігін тигізетін жаңа түрлерін бекіту;

6) тану және эмоциональдық салада жетістіктер негізінде мінез-құлық пен реттеудің теңбе-тең түрлерін жасау және бекіту.

Т.п. міндеттері мінез-құлық саласында тиімді өзіндік реттеудің қалыптасуы ретінде анықталуы мүмкін.

Осылай, Т.п. міндеттері негізгі үш құрайтын өзіндік тануға шоғырланады: өзіндік түсіну (когнитивтік аспект), өзіне деген қарым-қатынас (эмоциональдық аспект) және өзіндік реттеу (мінез-құлық аспект), бұл емделушінің өзіндік танылу саласының кеңею ретінде Т.п. жалпы мақсатын анықтауға ықпал етеді. Жеке тұлға өзгерісіне бағытталған кез келген психотерапиялық жүйенің міндеттері келесідей болуы мүмкін. Бірақ Т.п. емдеу әсерінің құралы ретінде өзара қарым-қатынас, топ динамикасы есебінен емделуші мәселелерін түсіну және түзетуге септігін тигізетін психотерапиялық топ болады.

Топтық динамика топ мүшелерінің өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттері, қызметтері және сыртқы ортаның әсері нәтижесінен пайда болатын топтық әрекеттер мен интеракциялар жиынтығы болып табылады және уақыт ішіндегі топтың дамуы немесе қөзғалысы. Жалпы түрінде топтық динамиканы топтың мақсаттары, міндеттері, нормалары, оның құрылымы, ондағы көшбасшы құрылымы, топтық рөльдер, топ тұтастығы, топ қкаты, бұрынғы эмоциональдық тәжірибе өзектілігі, топшық қалыптасуы, топтағы вербальдық қарым-қатынастың басты түрлері. Топтық динамиканың барлық элементтері жұмыс үдерісінде талқыланады, себебі оларда мінез-құлықтың қарым-қатынас, міндеттер, ерекшелік және т.б. жүйесі жақсы айқындалады және сонымен бірге топтық пікірталастың негізгі тақырыптары ретінде қарастырыла алады.

Топ жұмысының «осында және қазір» үдерісіне шоғырлануы топтық динамика мен өзара жеке байланысқа сүйенуі кейде Т.п. өзара жеке байланыс саласындағы кикілжіңдерді өңдеуге бағытталатындай пікірді қалыптастырады, ал жеке п. Терең өзара жеке кикілжіңді ашып өңдеуге бағытталады. Бірақ Т.п. нақты психотерапиялық бағыт шеңберінде жеке п. тәрізді сол мәселелерді, бірақ өз құралдары арқылы шешеді. Егер психотерапия мақсаты ішкі психологиялық кикілжіңді ашу және оның пайда болуы мен субъектілік шешілмеуіне негізделген теңбе-тең емес, бұзылған жеке тұлға қатынасын болса, онда бұл мақсат жеке психотерапия үшін де, Т.п. үшін де жалпы болады.

Өзара жеке қатынас, өзара кикілжің саласындағы қиындықтар маңызды түрде терең қақтығыстар мен жеке тұлғаның бұзылған қатынастарының нәтижесі болып табылады. Жеке кикілжіңдерде жасырын және танылмайтын психологиялық мәселелер «ашылады». Өзара жеке қатынас деңгейінде әсер ету ең алдымен мінез-құлық тренингі деп қарастырылады, себебі психотерапия міндеттері одан терең және күрделі. Бірдей мақсатты жеке және Т.п. айырмашылығы Т.п. көбінесе өзара жеке аспектіге, ал жеке – тарихи аспектіге көңіл бөледі. Алайда, ол ескерту емес, көбінесе солай болады. Т.п. ішкі психологиялық кикілжің мен тұлғаның бұзылған қатынастары олардың топ ішіндегі емделушінің шынайы күйіндегі тікелей айқындалуы арқылы ашылады. Дәл солай Т.п. басты интеракциялық бағытқа қарамастан, «осында және қазір» актуальды жағдаймен шектелмейді. Жеке тұлғаның бұзылған қатынастарын теңбе-тең түзетуді емделуші топтық өзара әрекет етуде айқындалатын психологиялық ерекшеліктердің бүкіл кешені оның топтан тыс шынайы жағдайы мен мәселелерімен сәйкес қатынаста болып, «сонда және сол кезде» жағдайындаөзара қатынастарды қайта құруға мүмкіндік берген кезде ғана жүзеге аса алады.

Заңды қайталанушылық, кикілжің жағдайлардың, топ ішінде және одан тыс мінез-құлық пен эмоциональдық реттеу ерекшелігінің стереотиптілігі бүгінгі күні және өткенде емделушіге топтағы алған кері байланыс мазмұнын аса бейнелі және сенімді етеді. Бұл өз қарым-қатынастарын өзіндік зерттеуге және түзетуге тұрақты мотивациясының құрылуына ықпал етеді, әртүрлі жағдайда мінез-құлықтың артында тұрғанды бөлектеуге мүмкіндік береді. «Осында және қазір» жағдайымен шектелуі туралы

Т.п. үдерісінің көрініс нәтижесі тек психотерпиялық әсер ету тиімділігінің азаюы ғана болады. Топтық психотерапия емдеу әрекетінің маңызды механизмдердің бірі – топ ішінде емделушінің шынайы өткен өмірінде болған және субъективтік шешілмеген әрекет етілмеген болып табылатын эмоциональдық жағдайларды бастан кешіру және пайда болуы, ол топ ішінде актуальды эмоциональдық жағдайда көрінісін беретін өткендегі теріс тәжірибенің өңделуі болып табылады, ол болмаса, оң жеткілікті терең жеке өзгерістерге жету мүмкін емес. Теңбе-тең өзіндік түсіну емделушінің жеке дамуы мен қалыптасудың жалпы контексінен тыс мүмкін емес. Т.п. сияқты өзара жеке деңгеймен шектелмейді, сол сияқты жеке психотерапия тарихи талдау арқылы тануға ғана негізделмейді. Жеке психотерапияда, топтық п. сияқты, шынайы эмоционалдық өзара әсер ету (топта немесе психотерапиялық диадада), емделушінің өзі, өмірі, өткен өмірі белгілі деңгейде «осында және қазір» қағидасына жауап береді.

Біріншіден, емделушінің вербальдық белсенділігі (белсенді еместігі) оның психотерапевтпен (топ) актуальдық өзара әрекеттесуіне негізделген: сенім немесе сенімсіздік, қауіптілік пен қауіпсіздік сезімі, тілектестік білдіру тілегі, түсіністік, контакт табу, серіктестік жасау немесе емдеу үшін бар жауапкершілікті психотерапевтке аудару. Екіншіден, өткені туралы әңгіме, олар да шынайы жағдайда болған эмоциялармен сәйкес жиі қатты эмоцияларды тудырады. Алайдаөткен туралы әңгіме қатты актуальды күйзелістерді өршітіп қана емес, сонымен бірге олардың те