Тема 11. Арт-терапия.

Жоспар.

1.Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2.Негізгі ережелер.

3.Арт-терапияның негізгі бағыттары.

АРТ-ТЕРАПИЯ (А.).Арттерапия оқытубіздің жүзжылдықтың 20-жж Принцхорн (Prinzhorn H., 1922) еңбектерінен басталды. Ресейде 1926 ж. А. арналған бірінші монография шықты – П.И.Карповтың «Творчество душевнобольных и его влияние на развитие науки и техники» кітабы, психикалық аурулар кезіндегі шығармашылық байқаулар мәселесі тек медициналық түрде емес, сонымен бірге тарихи және биологиялық аспектілерде қарастырылды. АҚШ-та психотерапиялық үдерісте суреттеу құралдарды алғаш рет 1925 ж. өз науқастарының түстерін талдау кезінде Левис (Lewis N. D. S) қолданды. Терапияның теориялық негіздері суреттеу құралдары А. сондай психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытпаса да, арқылы Фрейд (Freud S.) психоаналитикалық көзқарастарынан, өз суреттеулерін дербес және әмбебап символдар туралы идеялардың дәлелі ретінде қолданған Юнгтың (Jung С. G.) аналитикалық психологиясынан, Наумбургтың (Naumburg M., 1966)терапиялық көмектен динамикалық теорияға кестелік өзіндік көзқарастан шығады. Әрі қарай А. дамуына адамгершілік бағыттаманың психотерапевттері көп әсерін тигізді.

«Арттерапия» термині (art — өнер, artterapy (сөзбе-сө) — өнер терапиясы) көбінесе ағлшын тілдес халықтар бар елдерде кеңінен таралған және жиі науқастыңпсихикалық-эмоциональдық жағдайына әсер ету мақсатымен пластикалық суреттеу шығармашылықпен емдеуді білдіреді. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде сонымен қатар «изотерапия» немес «көркем терапия» терминдері қолданылады, бірақ олар ағылшын тілдегіге тең емес және оның мағынасын сәл тарылтады.

А. –да науқастарға бір жағынан, өздерінің күйзелістерін, мәселелрін, ішкі қайшылықтаын, екінші жағынан, шығармашылық өзіндік байқауларының анық, нақты айқындалуы үшін психотерапевтпен немесе жалпы топпен қарым-қатынастың белсендірілуіне бағытталған суреттеу және көркем қосымша сипатты әртүрлі сабақтар (сурет, гарфика, кескіндеме, мүсін, дизайн, ұсақ пластика, бұрма, күйдіру, бедер салу, батик, гобелен, өрнек, фреска, витраж, жүн, тері, матадан жасалған әртүрлі заттар және т.б.) ұсынылады. Бүгінгі күні А.-да бейне-арт, инсталляция, перформанс, қарым-қатынастың көзбен шолатын желісі жетекші рөль атқаратын компьютерлік өнер тәрізді формалар да енгізіледі.

А. — әртүрлі формалар мен тәсілдерден тұратын жинақ ұғым. Сондықтан оның жалпыға танылған жіктемесі жоқ. Кратохвил (Kratochvil S.) А. сублимациялық, қызметтік және жоюалық деп бөледі. Дельфино-Бейли (Delfino-Beighley С.) А. қолдануда 4 негізгі бағттарды бөледі.

1) Емдеуге бар өнер туындыларын талдау және науқаспен түсіндіру (А. пассивті) жолымен пайдалану.

2) Науқастарды өзіндік шығармашылықты талап ету, шығармашылық акт негізгі емдеу фактоы ретінде қарастырылады (белсенді А.).

3) Бірінші және екінші принциптерді бір мезгілде пайдалану.

4) Психотерапевттің өзінің рөлін, оның шығармашылыққа үйрету үдерісінде науқаспен өзара қатынастарына аса назар аудару.

Р. Б. Хайкиннің (1992) «Художественное творчество глазами врача» кітабындағы жіктемесі А. қолдану жағдайында емдеу әрекеті мен бейімделудің бірнеше сатысын қосады.

1) Бейімделудің әлеуметтік-тұлғалық деңгейі: бейімделу әсер ету негізінде танылмайтын, үйлесімді, интеграцияланған өнерде бастауын алатын эстетикалық және шығармашылық бастаманың небір күші жатыр.

2) бейімделудің жеке-байланыс деңгейі: жеңілдену, компенсация эстетикалық әсерден емес, әртүрлі кикілжіңді күйзеліс және олардың сублимацияларының әрекеттесуімен дәлелденген жүктеменің төмендеу салдары есебінен болады.

3) Бейімделудің байланыс-қарым-қатынас деңгейі: А. емдік қасиеті интеллектулаьдық операциялардың (проекция, талқылау және кикілжіңді мойындау), психотерапиялық контактілерді жеңілдету және эстетикалық компонентті талап етпейтін дәрігердің психикалық патологиялық күйзелістерге қол жетімділігі, себебі нәтижеге проблеманың сәл қарапайым жобалық елестету жағдайында жетуге болады.

4) Бейімделудің басымдық әлеуметтік-қарым-қатынас деңгейі: бейімдейтіндер ретінде шығармашылықтың қосымша мүмкіндіктері қолданылады – А. қамтудың бір түрі ретінде қарапайым түрде қарастырылады, принципиальды түрде басқа ұқсас әдістерден айырмашылығы жоқ ұйымдастыру және уақыт өткізудің нұсқасы.

5) Бейімделудің физиологиялық деңгейі: пластикалық бейнелеу өнерінің ағза мен психикаға дене, физиологиялық, үйлестіру-кинетикалық әсері.

Жіктеу элементтерінің әрқайсысы өнерді науқастардың өздері жасағанда экспрессиялық шығармашылық нұсқада, сондай-ақ бейнелеу өнерінің дайын шығармаларының қабылдануы импрессиялық нұсқада қолданылуы жіберіледі.

Әлемдік әдебиетте А. емдік қасиет механизмі туралы әртүрлі көзқарастары бар – креативтік, сублимативтік, жобалық елес, А. қамтылық ретінде және т.б.

Креативтік елес — психикаға А. бейімделу әсерін өнердің мәнімен байланысты түсіну елесі. Бірінші кезекте адамның шығармашылық негізіне сенімі, өзінің терапиялық ықпалы бар шығарашылық латенттік күшінің мобилизациясы қойылады. Осындай елестердің теориялық негізі – оның мінез-құлқын белгілейтін бастапқыда рухани, альтруистік қажеттіліктері бар жеке тұлғаны небір психологиялық білім беру ретінде қарастыратын псиологияның гуманистік бағыты. Әр адамда мүмкіндіктер бары, босатуға, тұлғаның өзін-өзі жігерлендіруді жеңілдету үшін мобилизациялауға болатын, оның әлеуметтік және жеке интеграциялануына бағытталған жасырын потенциал бардеп шамаланған. А. міндеті барлық адамдарды суретші немесе мүсінші қылу емес, жеке тұлғаның шекті шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға бағытталған белсенділікті қөздыру. Терапияда шығармашылық белсенділікке, шығару мүмкіндігі мен науқасты өз бетінше жасандылыққа итермелеуге жете көңіл бөлінеді.

Гольдштейн (Goldstein K.) көзқарастарына сәйкес, шығармашылық – Мінез-құлқын тұлғаның іске асуына талпыну басқаратын адамда қалыптасатын кикілжіңмен байланысты пайда болатын үрейді жеңе білу құралдарының бірі. Шығармашылық адамдар кедергілерді жеңу үшін және ішкі және сыртқы кикілжіңдерді шешу үшін назарын өз күштеріне, өз энергиясына аударады.

Маслоу (Maslow А.) пікірі бойынша адам қызметінің негізгі көзі өзін-өзі жігерлендіру және өзін-өзі айқындауға үздіксіз ұмтылу болып табылады. Нерв жүйкесімен ауыратындар бұл қажеттілік блокталған және өнер оның қалпына келтіру тәсілінің бірі бола алады.

Өзін-өзі жігерлендіруге әкелетін тәсілдерді айта отыра, Маслоу сұлулық пен рахаттанудың жоғары күйзелісі сәтін атап өтеді. Психотерапевт міндеті – адамдарға сол сәттерді сеінуге көмектесу, олардың болуына жағдай жасау, науқасқа тұншыққанды босатып, меншік «Менді» тануға көмектесу.

Шығармашылық күштерді ұстап тұру нерв ауруларының себебі болып табылады және психотерапия мәні – оның босатылуында, сондықтан шығармашылық стимуляциясы психикалық алдын алу құралы ретінде де қызмет ете алады.

Жоғарыда аталған көзқарастардың жақтаушылары бұрыш басына шығармашылықты әрекет, үдеріс ретінде қоймай, оның эстетикалық жағын ерекше атап өтеді. Өнердің интеграцияланған рөлі неврөзға әкелетін шығармашылық үдерістің жүктемені түсіріп және ішкі кикілжіңдерді объектілендіруде болады. Анастази (Anastasi А.), Фолей (Foley I. P.), M. П. Кононова өнердің интеграциялық-креативтік мүмкіндіктерді дезинтеграция мен психиканың бейберекеттілігімен күресідің тәсілі, көру елестерінің құрылыс сипатына ықпал жасау құралы, ақиқат жойылған жағдайдағы «Мен» реттелуі мен қайта құру ттәсілі ретінде қолданады.

А. бейімделу бағдарынан тұлғаның жалпы үйлесімдеуге септігін тигізетін ортаға бейімделу мүмкіндігіне қатысты адамға белсенді бағдар ұсынатын интеграцияланған бейімделу механизмі болып саналады.

А. емдеу әрекетінің басқа механизмдері жауап қайтару (елеу) және сублимация болып табылады. Көркем сублимация адамның түйсікті серпіні көру, көркем-бейнелік елеспен ауыстырылған жағдайда пайда болады. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары шығармашылық сублимацияның бір формасы ретінде өнерде айқындауға, тануға және әртүрлі түйсіктік серпіндерді (жеңсіктік, өзбыр) және эмоциональдық жағдайларға (торығу, сағыныш, ашу, қанағатсыздық және т.б.) жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Солай, белгіленген күйзелістердің әлеуметтік жағымсыз қызметте ішкі көріну қаупі төмендейді. Шығармашылық науқастың өзін жазбада немесе сөйеуден гөрі өзін неғұрлы ашық көрсетуге мүмкіндік беретін, ал дәрігерге санасыздыққа тікелей рұқсатты қамтамасыз ететін максимальды өзін-өзі айқындау құралы ретінде қарастырылады. Кляйн (Klein M.) бейнелеуді науқастың брутальдық агрессияны басуға мүмкіндік беретін орынын толтыру актісі ретінде қарастырады. Бұл саналы шығармашылық қызмет жолымен және оның сублимация үдерісінде ішкі кикілжіңдер мен танылмаған талаптардың символдық түрде айқындалуы арқылы жүзеге асады.

Арттерапиялық шығармалар комплекстер мазмұының сана мен оларға еріп жүретін теріс эмоциялар күйзелісінің шығуына ықпал жасайды. Бұл әсіресе «бәрін айта» алмайтын науқастарға аса маңызды; шығармашылықты өз фантазияларын айтудан айқындау жеңіл. Қағазда салынған немесе сазбен жасалған фантазиялар жиі күйзелістер вербалдануын жылдамжатып жеңілдетеді. Жұмыс үдерісінде вербальды, үйреншікті қатынаста бар қорғаныс жойылады немесе төмендейді, сондықтан А. нәтижесінде науқас өз бұзылулары мен қоршаған орта сезімдерін дұрысырақ және шынайы бағалайды. Суреттеу түс көру сияқты санасыз кикілжіңді нәтижелердің ауызша айқындалуын қиындататын «эго-цензура» тосқауылын шешеді.

Жобалық суреттеу толық мағынасында А. болып табылмайды, себебі мұнда эстетикалық нәтижеге жету мақсаты қойылмайды. Алдыңғы бағыттардан қарағанда бұл жағдайдағы науқастармен жұмыс басты назар жасап шығару үдерісіне аударылмайды. Жетекші психотерапевтің процедураның жобалық аспектісіне мақсатты бағытталған бағдары мен ақпаратта шоғырланушылығы болып табылады. Жобалық терапияның қызметінің мәні ішкі елестердің жобасы кристалданады және еске алу мен фантазияның тұрақты формасында күшейеді. Жобалық А. барысында сезім, қатынас, жағдайлардың көрсетілімі адамның осы барлық сезімдерді түсініп, өзінде жеңе білу үшін ынталандырылу керек. Жобалық бейнелеудің ерекшелігі дәрігердің науқасқа жобалық сипатты сюжетті ұсынатынында, содан кейін суреттерді талқылап, оларды түсіндіретінінде болып табылады.

А. қол бос болмаушылық ретінде қарастыру кезінде, бейнелеу өнері басқа науқастармен жұмыс жасау формалары сияқты әсер етеді деп жорамалданады, А. кезіндегі мақсатты және құнарлы жұмыс бұзуларды әлсіретіп, сау реакцияларды біріктіретін «сауықтыру үдерісі» болып табылады. А. сабақтарының ұжымдық сипатына аса көңіл бөлінеді. Оларға өзін-өзі сезінуді жақсартуға, өзінің қоғамдағы рөлін, өзіндікшығармашылықпотенциалын түсінуге, өзін-өзі көріну қиындықтарын жеңуге мүмкіндік беретін каталогтайтын және қарым-қатынасты әсерін жатқызады. Одан басқа А. қызықты, бос болмаудың эмоциональдық маңызы зор формасы болып табылады, ол – тағы науқастардың бір-бірімен қатынас жасау тәсілі. Бірлескен шығармашылық науқасқа басқа адамның әлемін тануға көмектеседі, бұл әлеуметтік бейімделуді жеңілдетеді.

А. физикалық және физиологиялық әсері бейнелеу шығармашылығы үйлестірудің жақсаруына, қалпына келуіне және идеомоторлық актілердің одан да жақсы саралап жіктелуіне мүмкіндік беретінінде. Сондай-ақ оның ағзаның түсі, жолағы, формасына тікелей әсерін ұмытпаған жөн.

Кейбір авторлар А. аса терапиялық эффектіге жатқызатынына қарсы және оның пайдалылығына аса мұқияттылықпен бағалауға шақырады. Мадежска (Madejska N.) кез келген шығармашылық актіні терапиялық деп түсінуге қарсы пікір білдіреді, емдеу «интеграцияны» сырттан деп жорамалдайды, яғни науқасқа бғытталған ықпал, шығармашылық кезіндегі белсенділік, керісінше, науқастың өзінен болады. Бейнелеу шығармашылығына сөзсіз емдеу қабілеттерінің қатыстылығына Куби (Kubie S.) де қарсы, ол белгілі суретшіледің өмірін суреттеу мысалында шығармашылық және нерв жүйкесі потенциалдары қиын жолмен жүзеге асатынын атап көрсетеді, тіпті сәтті шығармашылық құбылыстар жиі сауықтыру болып табылатын неврөздық үдерісті күшейтеді және тереңдетеді. Федерн (Federn P.) психөз кезінде зиян келтіруі мүмкін деп жазған, сондықтан дәрігер комплекстерді анықтамай, оны тұншықтырып немесе санасыздықтың кез келген сыртқы әсерсіз болған білдірулерді бәсеңдетуге тырысу керек.

А. көрсеткіштері айтарлықтай кең, оның қолданылуы қатысты «үстірт бос болмаушылықтан» жасырын жеке күйзелістердің тереңдетілген талдауына дейін «мөлшерленуі» мүмкін. Өнер мен шығармашылықтың көп жоспарлы әсері ең кең диагностикалық шекте әр жастағы науқастарға қолдануға мүмкіндік береді. А. көрсеткіштерін қарастыру кезінде, клиникалық суреттен, күйзеліс қарқындылығы мен науқастың эмоциональдық орта жағдайынан басқа оның преморбид және ауыру кезіндегі бейнелеу шығармашылығына деген қызығушылығы мен қатынасын, дайындығын, интеллект және т.б. факторларды есепке алу қажет. А. психомоторлық қөзу мен агрессиялық үдерістер кезінде седавтивтік (тыныштандыратын) ретінде қолдануға болады; ол аудару және бос болмаушылық қызметін орындауы мүмкін; әлеуметтік дезадаптация кезінде қарым-қатынасты жеңілдетіп, жасырын күйзелістерді анықтауға көмектеседі; жеделдету және дағдылану қызметтерін орындауға; сонымен қатар босаңсу әрекетін жасайды.

Қарсы көрсеткіштерге келетін болсақ, науқасқа белгілі уақытт бойы жұмыс үстелінде отырғызбайтын немесе науқас басқа адамдарға бөгет болған жағдайлар туралы айтуға болады. Психотерапевтке ең ауыры әрекет ету объектісіне назарын аудартпайтын айқын психомоторлық немесе желікпелі қөзуы бар аурулар болып табылады. Сондай-ақ қарсы көрсеткіштер ес бұзылуы мен өзін-өзіне кеткен ауыр тұнжырау бұзылулар болады.

Кейбір авторлар А. жаттығуларын алдын алу құралы ретінде қолдануды ұсынады. Клумбиес серіктес авторымен (Klumbies G. et al., 1971) түстің үдемелі бұзулары кезінде еркін сурет салуды ұсынады, Порембески-Грау (Porembeski-Grau В., 1975) ойындар титықтау мен жабырқаңқылықты азайтатын, өзіндік құндылықты сезінуді қайтаруға, өз қабілеттерінде күмәнданудан босауға мүмкіндік беретін тұжырымдама негізінде суреттеу мен бояумен ойындарды «жасампаз тренинг» психикалық алдын алу әдісі ретінде қолданды.

А. бір науқаспен, ерлі-зайыптылармен, бүкіл отбасымен, топпен және ұжымда өткізуге болады. Психотерапевт қатысушыларға көркем шығармашылыққа қажетті материалдар мен құралдарды ұсыну қажет: бояулар жиыны, қарандаш, бор, бояу жаққыштар, жабыстыру үшін саз, сонымен бірге ағаштар, тастар, материал кескіндері, қағаз. Сабақ өткізетін орын жақсы жарықтандырылған және қатысушылар еркін орын ауыстыра алатындай болу керек. Арттерапевт қызметтері жеткілікті қиын және жағдаятқа байланысты өзгеріп отырады. Ол белгілі көркем және сәндік-қолданбалы өнерді білу керек, себебі А. өткізу кезде тек қана әңгімелеу емес, сонымен қатар көркем шығармашылықтың техникалық тәсілдерін көрсету керек болады. Арт-терапевтке көркем шығармашылықпен жүйелі өзіндік жаттығулар қажет, олар арқылы әдістің психотерапиялық шамасы маңызды түрде іске асатын көптеген үдерістерді сезінуге және тануға болады.

А. сабақтарында бірінші кезеңде кең таралған «олақтық кешені» үйреншікті емес сабақтарағы қымсынумен байланысты қарсыласуды жеңу керек. Бұл алдағы емделуге белгіленген дағдылармен тығыз байланысты, себебі терапияның нәтижелілігі сырқаттың жеке қатысуы, белсенділігі, жұмысқа деген араласуына тәуелді. Жұмыстың ақпараттық кезеңіне сырқаттың бейнелеу өнері техникасының негіздерімен танысу, әртүрлі бағытта және стильдегі шығармашылық туралы әңгімелер, мұражайлар мен көрмелерге бару кіреді. Бұл кезеңде әлеуметтік-комуникативтік сипаттағы мәселелер шешіледі. Бірізділігі сақталған, қатаң белгіленген тақырып жиынтығын ұстану міндетті емес. Тақырыптар сырқаттың не топтың әртүрлі өмір салаларын қамтиды және бағдарлар ғана болып табылады. Тақырыптар әртүрлі ұсынылады. Топтағы бастаманы ұсыну оның жұмыс сатысына байланысты. Жұмыстың алғашқы сатыларында тақырыпты арттерапевтпен ұсыну орынды, әрі қарай белсенділікті топтың қатысушылары танытады. Тақырыптар біріншіден, сурет сала алмайтын немесе адамдарды жасай алмайтын науқастардың табиғи қарсыласуын, екіншіден, топтың бірінші кезектегі міндеттерін есепке алатын белгілі бірізділікте ұсынылу керек. Тақырыптың шын мәніндегі тұжырымдалуы аясы тар мақсат болып табылмайды. Тақырыпқа деген басты талап кейінгі талқылауды шақырудың потенциальды қабілеті болып табылады.

Жұмыстағы нысаншылықты азайту бойынша білінетін науқас қарсыласуды жеңген кезде, арт-терапевт емдеу міндеттеріне тікелей кірісе алады. Бейнелеу өнері ауызша өзін-өзі айқындаудың әсерін күшейтеді. Сурет, жасау, тігу және т.б. – жеткізетіннің кең түрдегі ашылуы ғана емес, сонымен бірге болашақта қайтып келуге болатын құжат болып табылады. Сондықтан арт-терапевт науқасқа жұмыс кезінде пайда болған ойларды жазып алуға кеңес береді.

А. артықшылығы науқастың мінез-құлқын неғұрлым терең бағалй алу, сырқаттың қандай өмір кезеңінде екендігі туралы пікір құрай алу мүмкіндігінде болады, – сурет пен жасанды бұйымдар арқылы сол сәттегі ғана емес, сонымен қатар науқастың өткені мен болашағына қатысты ойлар айқындала алады, сондай-ақ тұншықтырылған және жасырын күйзелістер, оған қоса бейнелеу нысанында айқындалғанның барлығы өмір және емделудің айқын күнделігі бола алады. Ландгартен (Landgarten H., 1981) науқастарға «көрегендікті күшейту және қөзғалысты нақтылау үшін» бұрынғы өз жұмыстарына қайтуды бұлтартпай ұсынған. Әр сырқаттың жеке символикасын анықтау да маңызды болып саналады, ол арқылы сырқат өмірінің әр кезеңіндегі талпыныстарын айқындауға болады.

Әдетте А. сырқаттар арасында белгілі болғанмен, мұнда сыртқы әсерсіз белсенділік туралы айтудың керегі жоқ. Бейнелеу өнеріне деген мұндай қатынасты оның терапиялық үдеріске ықпал ету көқарасы жағынан қарастыру керек, себебі табыс көбінесе сырқаттардың бұл жаттығуларды қалай қабылдайтынына тәуелді, бұл олардың нәтижелілігін белгілейді. Сырқаттардың жаттығулардың оң терапиялық әсер туралы түсініктері көбінесе олардың өз жұмыстары туралы әсерден қалған жағымды эмоциялармен және сырқаттың емделуге жалпы белгілегеніне негізделген. Арттерапия тобында эстетикалық та, эстетикалықтан тыс емдеу әсерінің нәтижелері психотерапиялық тотық нәтижелермен тығыз байланысты, мәселен, шығармашылықтың неғұрлым коммуникативтік әсердің бір тақырыпқа катаристік және катализаторлық әсермен, өзін-өзі бағалаудың өзгеруімен және жабырқаңқылықты жеңу қабілетімен.

Арттерапия тобын, шын мәнінде топтық психотерапия нұсқасына жатқызуға болады, онда бейнелеу шығармашылығы потенциальды түрде белгілі нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін негізгі құрал ретінде пайдаланылады. Тәжірибеде тек ұзақ емдеуді қолдау орынды болады (кейбір кездері бірнеше жаттығулар қатарынан), ең алдымен таза шығармашылық фактордың ықпалын жіберіп алмау керек. Одан басқа ұзақ жаттығу науқасты ұзақ мерзімге өз мәселесімен жеке қалдырып, мәселені жан-жақты талдап және катарсисқа жете отыра, мәселеге терең бойлауына, белсенді түрде назарын шоғырландыруға мәжбүрлейді.

Ұзақ әрекет етуде топтық қарым-қатынас та ұлғаяды, топтық бірігуі, ынтымақтастығы дамиды. Топтар әдетте 8-10 адамнан тұрады. А.-ға белсенді қатысу барлық топ мүшелеріне міндетті шарт болып табылады. Топтың жұмыстың басы арнайы әңгімемен ашылады, онда топтың қызмет етуі үшін А. мәні түсіндіріледі және алдыңғы топтар қатысушыларының жұмыстары көрсетіледі. Одан басқа алғашқы сабақтарда бейнелеу материалдарымен танысуды жаңарту, жүктемені төмендетуге бағытталған шығармашылық ойындар жүргізуге болады. Бірте-бірте А. проблема болудан қалады, қорқыныш жойылады, көрініс қиындықтарымен байланысты қарсылықтар азаяды және назардың орталығында шығарманың өзі емес, оның авторы болады. Автордың тұлғасымен байланыстыратын аналитикалық талқылау басталады, сырқаттарда берілетін тақырыптар бойынша болжалдар, қатаң және жалпылауыш бағалаулар, эмоциялар айда болады.

Жұмыстарды талқылау тікелей суреттеу, қолмен жасау, бұйымдарды жасаудан кейін болады. Арттерапевт сезіну, суретке қарап автордың айтар ойы туралы ойлану ұсынысынан пікірталас басталады. Арттерапевт талқылауға кірісе алады, бірақ оны ең алдында, түсіндіретіндерге сұрақ түрінде жасаған қолайлы, себебі арттерапевт түсіндірулері басқа топ мүшелерімен оның «барлығын білуді» күтумен қабылданады және топтың бастамасын шырмап тежеуі мүмкін.

Талқылау кезінде арттерапевт міндеті пікірталас стимуляциясы және сабақ барысында жұмыс аяғында ғана емес, сонымен қатар топ мүшелерінің мінез-құлықтары ерекшеліктерінен пайда болатын ақпаратты қолдану болып табылады.

Психотерапияда нерв жүйкесі ауыратын сырқаттар А. маңызды орын алуда(Хайкин Р. Б., 1977; Сабинина-Коробочкина Т. Т. Және т.б., 1982, Подсадный С. А., 1999). Резистенттік формалы жан-жүйкелік дерттің өзінде А. емдеу-бейімделу рөлі туралы терапия шығармашылық ретінде жеке және топтық психотерапияның маңызды компоненті екендігін атап айтатын М. Е. Бурноның тәжірибесі дәлел.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Арт – терапия термині нені білдіріді?

2. Арт – терапияның негізгі бағыттары.

3. Арт – терапияның мақсаты.

4. Арттерапевтің міндеті.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.68-71.

12 тақырып. Дене-бейімделу психотерапиясы.

Жоспар.

1.Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2.Психологиялық көмектің жалпы ережелері және мақсаттары.

3.Психолог-кеңес берушітың рөлі.

4.Талаптар мен клиенттен күтілетн нәтижелер.

Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.

Рөльфинг, биоэнергетика және гештальт-терапия;Александер әдістері (Alexander F. М.), Фельденкрайз әдісі (Feldenkrais М.) және гештальт-терапия (Рубенфельд — Rubenfeld I. әдісі); гипнөз,қосалқы кинезиология; Яновтың бастапқы терапиясы,Райх терапиясы (Reich W.) және гештальт-терапия тәрізді аралас әдістердің тәжірибесі кеңінен таралған.

Райхтың мінезтанушылық талдауы, Лоуэннің биоэнергетикалық талдауы, Фельденкрайздың тән ұғыну тұжырымдамасы, Александердің қөзғалыстардың бірігу әдісі, Селвер (Selver С.) және Брукстың (Brooks С. V. W.) сезінушілік ұғыну әдісі және рөльфтің құрылымдық бірігуі және т.б. Д.П. ең белгілі түрлері болып табылады. Еліміздегі аса танымал емес биосинтез (Boadella D., 1987), бондинг техникалары (Rynick G. М., 1994), Рөзен әдісі (Rosen M., Wooten S., 1993), Баскаков «танатотерапия» техникасы (Баскаков В., 1996).

Д.П. практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсігудің терең өзгерістеріне әкеледі.

Бүгінгі күнгі Д.П. әдістері біртұтас тәсілдің барлық талаптарына жауап береді: оларға адам — бір саладағы өзгерістер басқа саладағы өзгерістермен бірге жүретін дене мен психиканың қорытпасы, бірбүтін әрекет ететін бүтіндік. Оларды адамға бүтіндік сезімін қайтаруға, шеттетілген ақпаратты түсінуге ғана емес, сонымен бірге осы уақытта дене мен психиканың бірлігі, бүкіл ағзаның бүтіндігін сезінуге үйретуге тырысу біріктіреді. Д.П. барлық әдістері науқас өз тәірибесін психикалық және тәндік өзара байланысы ретінде қайғыра алатындай, өзінің әрекет етуінің жақсаруына мүмкіндік беріп, өзін сол күйде қабылдау жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған (Сергеева Л. С., 2000).

Д.П. ең белгілі әдістерінің бірі мінез талдауы және Райхтың вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе «бұлшық ет сауыты» деп атаған сөзылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, «бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. «Бұлшық ет сауыты» адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: «Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады» (Reich W., 1997).

Райх теориясының негізінде адам психикасының қалыпты қызметін қиындататын қорғаныс механизмдерге денеге тікелей әсер ету арқылы қарсы әрекеттер жасауға болатыны туралы ұғым жатыр. Ол «вегетотерапия» деп атаған қорғаныс бұлшық етке тікелей әсер етуден «мінез-құлық талдауы» және «биофизикалық қызмет саласындағы мінез-құлық талдауы» деп атаған өзінің аналитикалық түсіндірулерін атаған. Райх тұлға өсуінің негізгі кедергісін адамға айналадағы адамдар мен қоршаған табиғатпен үйлесімді толыққанды өмір сүруге бөгет болатын қорғаныс бұлшық ет сауыты деп көрген. Ол денені қамтитын «бұлшық ет сауытының» жеті сегментін жіктеген: 1) көз тұсы, 2) ауыз және жақ, 3) мойын, 4) кеуде, 5) диафрагма, 6) іш, 7) жамбас.

Райх «бұлшық ет сауытының» босаңсуы маңызды либидинөздық энергияны босатады және психикалық талдау үдерісіне көмектесетінін анықтаған. Райх белгілі бұлшық ет тобының сөзылмалы күштенуін төмендетуге, сол арқылы сол күштенуді тежеп тұрған эмоцияларды босатуға мүмкіндік беретін арнайы терапиялық әдістемені әзірледі. Ол науқастың әртүрлі дене мүшелеріндегі өмірлік сезімдерін қалай басатынын сезінуге мүмкіндік беру үшін, бөлшекті түрде науқастың қалпына және оның физикалық әдеттеріне талдау жасайды. Райх науқастардан сол дене бөлігімен байланысты эмоцияны жақсы сезініп және анықтау үшін белгіленген қысқышты күшейтуді өтінді. Ол науқас жабырқаңқы эмоцияны қабылдап, өз көрінісін тапқан соң, соңғысы толығымен өз қысқышынан бас тартуға болатынын байқады. Бірте-бірте Райх байланған эмоциялардың босатылуына ықпал ету үшін, қолдарымен уқалап, қысылған бұлшық еттермен тікелей жұмыс жасай бастады. Райхтың түсініктер дамуының динамикасын бақыласақ, бірыңғай ауызша тілге негізделген аналитикалық жұмыстан мінез-құлық және «бұлшық ет сауытының» психологиялық және тәндік аспектілеріне, ағзадағы биологиялық энергияның еркін таралуын қамтамасыз етуге бағытталған, содан кейін бірыңғай бұлшық ет қорғаныс сауытымен жұмыс жасау акцентіне қарай дамығанын байқауға болады.

Лоуэн биоэнергетикасы мінез-құлық талдауында дененің рөліне топталған, оған Райхтың тыныс алу әдістемесі кіреді, көбі оның эмоциональдық босату техникаларынан. Заманауи психикалық талдауға ұқсас әдістемені сақтай отыра, биоэнергетикадағы психологиялық жұмыс арнайы қалыптарда терең тыныс алу аясында күш салынған бұлшық еттерге жанасу және қысым жасауды қолданады, сонымен бірге ағзаның психофизикалық бірігуіне көсектесіп, дененің кең сезінуіне, сыртқы әсерсіз бейнеліліктің дамуына мүмкіндік береді.

Лоуэннің пікірінше, неврөз, жабығу және психикалық тәндік бұзылуларының себебі сезімдердің тұншығуы болып табылады, ол адам ағзасындағы энергияның еркін ағуын жауап тастайтын және жеке тұлға қалыптасуының өзгерісіне әкелетін сөзылмалы бұлшық-ет күш салулармен бірге болады.

Сонымен бірге Лоуэннің биоэнергетикалық терапиясы Райхтың терапиясынан айырмашылығы орасан зор. Мәселен, Лоуэн бұлшық-ет сауыты блоктарының басынан аяғына дейін – бірізді әлсіреуіне талпынбайды. Ол басқаларына қарағанда психоталдауға тән науқаспен тікелей қатынасты қабылдамауды жеңе білетін ағзаға қолмен емдеу тәсілін сирек қолданады. Одан басқа Лоуэн Райхтың неврөздың жеңсіктік табиғатына деген көзқарастарымен келіспейді және сондықтан оның жұмысы замандастар арасында құпталады. Лоуэн өз сезімдерін елемеу және түсінбеу ауруларға әкеліп соғады және өз денесінен сезілетін түйсіктер өзінің эмоциональдық жағдайын түсінудің кілті болып табылады.

Адам ағзаны босату арқылы өмірлік энергияның еркін айналуымен ере жүретін бұлшық-ет күш салуынан босайды, бұл Лоуэн пікірінше науқастардың терең жеке өзгерістеріне әкеледі. Есейген тұлға өз сезімдерінің айқындалуын бақылау, сондай-ақ сыртқы әсерсіз ағымға беріліп, өзін-өзі бақылауды тоқтату сияқты тең дәрежеде болады. Ол қорқыныш, ауыру, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз сезімдермен қатар, қанағаттандыратын жеңсіктік күйзелістер, қуаныш, махаббат сияқты сезімдерге тең дәрежеде қол жеткізе алады. Адамның өмірге деген қатынасы мен мінез-құлқы дене бітімінде, қалпында, қимылында айқындалады, адамның дене өлшемдері мен оның мінезі мен тұлға құрылуының арасында тығыз байланыс бар, деп ойлайды Лоуэн. Ол адамның психикалық және дене көріністерін негізге алып, адам мінезінің бес түрін жіктейді: «есалаң», «ауызды», «психопатиялық», «мазохистік» және «ригидтік» түрі. Одан басқа биоэнергетикалық терапияда «энергия», «бұлшық-ет сауыты», «жерге қосу» жататын ұғымдар қатары әірленген. Сонымен бірге соңғысы биоэнергетикалық терапияда маңызды категория болып табылады, оның пайда болуы Лоуэннің Райх теориясының дамуына принципиальды үлесі саналады. Бұлшық-ет шандырларымен қимылдар жасау, тыныс алу гимнастикасы, эмоциональдық босаңсу техникасы, дененің құрысып қалған бөліктеріне энергия жіберу үшін күшейтілген қалыптар («Лоуэн аркасы», «таздық арка»), белсенді қөзғалыс жаттығулары, эмоцияларды босатудың вербальды тәсілдері, терапиялық топ мүшелерінің дене қатынастарының түрлі нұсқалары және т.б. биоэнергетиканың негізгі тәсілдері болады. Мұндай қатынастар топ мүшелеріне қолдау бола алады. Тренинг үдерісінде топтық жаттығуға қатысушыларға қатынас бойынша жағымсыз эмоциялардың айқындалуына ықпалын тигізетін жаттығулар қолданылады. Ыза, қорқыныш, мұң, өшпенділік сияқты жағымсыз сезімдердің көрінісі барлығы дерлік ажғымды эмоциялардың алдында болады. Биоэнергетика жақтаушыларының пікірінше, жағымсыз сезімдер оң сезімдер мен рақаттылыққа деген терең қажеттілікті жасырады. Барлық жаттығулар циклі бойында дене жағдайын әрдайым науқастың талқыланатын психологиялық мәселелерімен сәйкестендіруге талпынулар болады.

Адам денесі мен психиканың қызметтік бірлігін атап көрсететін өмірде денені тиімді қолданудың Д.П. мүлдем басқаша бағдарлары Александер және Фельденкрайз әдістері болып табылады.

Александр әдісін мүсін мен үйреншікті қалыптарды түзету техникасы ретінде қабылдайды, бірақ бұл шын мәніндегі қызметінің бір бөлігі ғана болады. Шын мәнінде бұл өзін-өзі тануға аса терең бағытталған жүйелі бағдар, ағзаға жоғалған психофизикалық бірлікті қайтаруға тырысатын әдіс. Александр бойынша аданың бүкіл әрекеті оның денемін басқару қабілетіне байланысты. Осыған көптеген қарама-қарсы мүмкіндіктер бар, бірақ әр жағдайда нәтижеге жеңіл және жылдам жетудің ең жақсы тәсілді қамтамасыз ететін бір ғана жол болады. Александр ағзаның ауруларға әкеліп соғатын қызмет ету тәсілі дене бұлшық-еттерінің теріс (тиімсіз) қолдануымен айқындалады, ол бұлшық-ет күш салуы арқылы жүзеге асады. Ол қөзғалысты орындаудың үйреншікті тәсілдерінің орнына өзіндік денені жақсартуға септігін тигізетін, ағзаны сауықтыруға ықпалын тигізіп, жаңаны құруды ұсынған. Александер пікірінше, нерв жүйкесімен ауыратын адамдар әрдайым «қысылған» болады, оларға тегіс емес бөлінген бұлшық-ет жүктемесі (тонустың құбылмалдылығы) мен жаман мүсін тән. Ол неврөздар «... ойлармен емес, дененің ойларға деген тонустық реакциялармен пайда болады...», бұлшық-ет реакциялары есебінсіз психотерапия табысқа әкелмеуі мүмкін және жан жарақаттарының себептерін зерттеуге ғана емес, бұлшық-еттерді басқарудың жаңа жүйесін құруға көңіл аудару қажет деп тұжырымдаған. Александер әдісі екі іргетас қағидаға негізделген – тежеу қағидасы және директива қағидасы. Тежеу – оқиғаға тікелей реакцияның шектелуі. Александр ойынша, ізделіп отыратын өзгерістердің іске асуы үшін алдымен өзінің үйреншікті тума қасиетті реакцияны нақты қөздырғышқа тежеп (немесе тоқтату), және содан кейін ғана директиваны қолданып, осы жағдайдағы әрекеттің ең тиімді тәсілін табу керек. Ол келесідей директиваларды қолдануды ұсынды: дененің сөзылып кеңеюі үшін, мойынды бастың алға және жоғары қарай жылжитындай етіп босату керек. Александер бас пен мойынның өзара қатынасына аса мән берді. «Бастапқы бақылау» - бас, мойын және дененің өзара байланысын сипаттайды - басты рефлекс, ол үйлестіру және денені теңгерімді басқаруды қоса, барлық басқа рефлекстерді бақылайды. Ол мойын бұлшық-еттерінің қысылуы мен бастың артқа қарай ауытқуы нәтижесінде адам қөзғалысының табиғи үйлестіруі ғана емес, сонымен қатар қөзғалыстан кейінгі қалыпты жағдайға оралудың механизмі бұзылады. Александер әдісін оқыту үдерісінде адам қандай жағдайда бұлшық-еттерінің теңбе-тең емес күш салуы пайда болатынын ұғыну, тиісті бұйрыққа қөзғалысты жасаудың кез келген рефлекторлық әрекетін тежеуге, саналы ойлау арқылы бұлшық-еттердің күшін шешуді үйрену керек.

Александерден қарағанда Фельденкрайз тек «ұғыну әрекетті ниетке сәйкес жасайды» деп санап, көп көңілді сезінуге бөлген. Фельденкрайз әрекет бейнесінің теориясының әзірлемесіне үлесін қосып, ағзаның қалыптасуына деген біртұтас көзқарас мәселесіне арналған әдісті әзірледі. Ол қызметтердің бұзылуы қате құрылғылармен ғана емес, сонымен бірге адам ойланғанды орындау үдерісінде қате қимылдар жасайтынымен де байланысты деп тұжырымдайды. Фельденкрайз пікірі бойынша «мақсатты әрекетке» кедергі болатын іс-әрекет үдерісінде көптеген артық, кездейсоқ қимылдар жасалады; нәтижесінде кей әрекеттер оған қарама-қарсы бір мезгілде жасалады. Бұл адамның өзінің тек түрткілері мен әрекет нәтижесін ұғынатытынан, ал соңғының үдерісі танылмайтын болып қалады. Фельденкрайз бұлшық-ет қөзғалысын адам қимылының маңызды құрамдас бөлігі деп санаған және денені басқарудың жаңа тәсіліне үйретіп, мінез-құлықты өзгертуге тырысқан. Ол өз жұмыстарында өз бейнесі мен қимыл бейнесі ұғымдарын қолданған. Фельденкрайзқа сәйкес аамның мінез-құлқын өзгерту үшін өзімізге тән бейнені өзгерту керек, ал бұл реакция серпілісінің, мотивация табиғаты мен осы қимылға жүгінген барлық дене бөліктерінің жұмылдырылуын талап етеді. Фельденкрайз әзірлеген жаттығулар мақсаты өзінің әрекеттерін ұғына отыра, ең аз күш салумен қөзғалу мүмкіндігі мен аса жоғары тиімділікті туғызу. Ерікті қөзғалыстар жасауға қатысатын бұлшық-еттерге назарды шоғырландырып, артық болатын және ұғынылмайтын бұшық-ет күш салуларын анықтауға болады. Сонымен бірге субъектінің бастапқы мақсатына қайшы келетін әрекеттерден құтылуға мүмкіндік бар. Фельденкрайз өзінің идеяларын іске асыру үшін әртүрлі дене мүшелерінің өзара әрекеттесуіне, түйсіктердің саралап жіктелуіне, қөзғалыстың стандарттық паттерндерін жеңуге бағытталған жаттығуларды әзірледі. Ол сезімталдылықты жетілдіру арқылы қөзғалысты неғұрлым нақты басқаруға үйретіп, адамның мінез-құлқын өзгертуді ұсынды.

Райхтың классикалық терапия тәжірибесі шегіне жатпайтын Д.П. жеке түрлері бондинг, сезіктік ұғыну әдісі, құрылымдық интеграция әдісі болады.

Сезіктік тәжірибе ұғымы, оның сараланып қабылдануы және күйзелу сезіктік ұғыну әдісіндегі негізгі болып табылады. Сезіктік түсіну – бұл дене түйсіктерін ұғыну үдерісі, дене түйсіктері, эмоциялар, бейнелерді саралап қабылдауды және олардың арасындағы байланысты орнатуды оқыту. Адам жастайынан өзіндік тәжірибе маңыздылығын төмендетуге үйренген және «өзгелердің тәжірибесінде үйренеді», яғни өз тәжірибесін айналадағыларды қанағаттандыратын құрылымдармен ауыстырады. Сонымен бірге өзінің дене түйсіктері еленбейді. Сезіктік түсіну әдісі бойынша сабақтар бұл тосқауылдан өтуге көмектеседі, неғұрлым толыққанды дене-түйсіктік қызмет етуге оқытады.

Сабақтар барысында қабылдау біршама, ал біздің ойлауымыз жиі шынайы өмірден емесеайналадағылардан алынатын субъектілік ақпаратқа негізделеді. Әдістің басты ережелерінің бірі тәжірибеден алынатын түйсіктерге бағдар беру біздің ойлауымызды неғұрлым объективті етеді, ал мінез-құлықты көп дәрежеде біздің ниетімізге сәйкестейміз. Сезіктік ұғыну әдісінің басқа маңызды аспектісі болып топ мүшелерінің өзара байланысындағы қарым-қатынас үдерісі мен жанасу мәнін зерттеу болып табылады. Жақындық пен дистанциялылық дәрежесі, өзара көмек және жауапкершілік, айналаны сезу және субъектінің айналамен сезу және қабылдау – бұл топ қатысушыларының дене деңгейінде жеңіл және жылдам ұғынылатын үдерістің жақтары.

Гиндлер (Gindler Т.), Селвер, Штольц (Stolze H.) – осы әдістің даму негізінде тұрған мамандардың толық емес тізбесі.

Біздің жүзжылдығымыздың 20 жж. Гиндлер дене терапиясының жаңа түрін әзірледі, оның негізінде ағзаны өзінен-өзі реттелуіне әсер ету талпынысы жатыр.

Селвер АҚШ-тағы Гиндлердің идеяларын кеңінен таратқандардың бірі болды. 1938 ж. бастап сезіктік ұғыну (sensory awareness) әдісі деп атаған әдіспен белсенді түрде жұмыс жасады. Нәтижесінде оның жұмысына психоаналитиктер қатары қызығушылық танытып, олардың кейбіреуі Фромм (Fromm E.) және Перлс (Perls F.) — оның шәкірттері болды.

Селвер және Брукс жұмыстары көбінесе оның ұстазының жұмысымен үндесетін онымен «сезімді қөзғау» (sensory awakening) деп атаған техниканы шығарған Гунтерге (Gunther В., 1974) әсерін көп тигізді.

Бұл техниканың жаттығулары өз денеңді сезінуге және өз сезімдерімен үйлесуге, басқаларға жанасуға және жанасуларды қабылдай білуге үйренуге көмектеседі.

Қарастырылғанна бөлек тұратын Д.П. келесі әдісі құрылымдық интеграция немесе өзінің шығарған адамы рөльф есімімен аталған рөльфинг болып табылады. Дене құрылысы, жүрісі, отыру әдебі, қарым-қатынас стилімен жұмыс жасау кіретін денені ұғынуға бағытталған кешенді көзқарас болып табылады. рөльф пікірінше, адам ағзасы қызметінің бұзылуы тек қана психикалық емес, сонымен бірге физикалық факторларға да байланысты. Ол адамның дұрыс қызмет ететін денесі тік жағдайда минимальды энергия жұмсағанда тік болады, бірақ титықтау әсерінен ол соңғының әсеріне икемделіп, өзгереді. Бүкіл дене құрылымының өзара байланысының нәтижесінде бір бөліктегі күш салу басқа дене мүшелеріне компенсаторлық әсер етеді. Қорытындыда сүйек-бұлшық-ет жүйесінің дезинтеграциясы дене салмағының тепе-тең бөлуінің жоғалуы мен оның құрылысының өзгеруіне әкеледі, ағзаның дұрыс қызмет етуін бұзады. Құрылымдық интеграция әдісіне бұлшық-ет шандырларының жағдайын өзгертуге, дененің тепе-теңдігі мен иілгіштігін қалпына келтіруге сепігін тигізетін денемен тікелей қимылдар кіреді. Шандырлармен жұмыс жасау буындардың жұмсақ тіндері табиғи жағдайын келіп, буындар дұрыс қөзғалады, ал бұлшық-еттер неғұрлым келісілді қысқартыла бастайды.

Әдістің басты құрайтыны 10 сессия ішінде шандырлардың жүйелі түрде босаңсуына бағытталған саусақтар, буын және шынтақ арқылы массаж болады. рөльфинг процедурасы ауру мен дененің құрылымдық зақымданумен байланысты болған соң, оны тек қана тәжірибелі мамандар ғана жүргізу керек. рөльф пікірінше, шандырлар босаңсығанда, бұрын өткерілген естеліктер босайды. Сеанс барысында науқас өткеннің жарақат жағдайын қайта сезінуі мүмкін. Сонымен бірге сабақтар мақсаты дене интеграциясына басымдық танытады, үдерістің эмоционльдық-мінез-құлық аспектілері арнайы талдаудың объектісі болмайды.

Жеке тұлға рөльфингпен қамтамасыз етілген өзгерістер санасын дене құрылысы мен қызметінде сақтаса, алынған әсер тұрақты болады. Ол үшін қалып пен дене тепе-теңдігімен жасалатын жаттығулар кіретін «құрылымдық паттерндер қамтамасыз етілуі» жүйесі бар.

Көптеген мамандар рөльфингтің физикалық жағдайда оң нәтижелерге жетіп, алдағы уақытта әсер етудің психологиялық әдістерін неғұрлым тиімді жасауға мүмкіндік туғызады деп атап көрсетеді.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Дене – бейімделу психотерапиясының мақсаты.

2. Д – БП-ң белгілі әдістерінің бірі.

3. Райх теориясының негізіне не жатады?

4. Александр әдісінің мәні.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.43-49.

13 Тақырып. Экзистенциалдық психотерапия.

Жоспар.

1. Концепцияның жалпы сипаттамасы.

2. Экзистенциональдық психотерапияның негізгі ұғымдары, ережесі және өкілдері.

3. Психологиялық көмектің мақсаттары.

4. Кеңес беруші – клиент қатынасы.

Гуманистік психотерапияның ішінде таралған түрлерінің бірі (әсіресе шығармашылық интеллигенция арасынан) экзистенциональдық психотерапия (Э.П.) болып табылады. Бұл терапия экзистенциализм деп аталатын одан да белгілі философиялық бағыттың идеялар негізінде пайда болды.

Экзистенциализм ғылым мен мәдениеттің көптеген белгілі өкілдері идеяларының шығармашылық бірлесуінен шықты (Кьёркегор, Гуссерль, Сартр, Камю, Ясперс, Хайдеггер және т.б.). Бұл бағыттың аты Кьёркегор еңбектерінде жиі қолданылатын экзистенция терминінен шықты (яғни мән, тіршілік ету), олар экзистен­циализмнің дербес флософиялық бағыт болуына бірінші себеп болды.

Экзистенциализмнің басқа даму көзі Гуссерльдің феноменологисы болып есептеледі.

Себебі экзистен­циализм философиядағы басты орынды адамдардың субъект және оның субъективтік күйзелістерін зерттеуі алып жатыр, ол психологтар назарын айдартпай қоймайды, олар болашақта өздері де экзистен­циональдық философияға маңызды психологиялық үлестерін қосты, сонымен қатар психология мен психотерапияда экзистенциализм идеяларын қолданды және дамытты.

Экзистенционалдық психологияның дербес психологиялық бағыт ретінде танылуында ең алдымен В.Дильтей, Э.Фромм, В.Франкл, Ф.Пёрлз және т.б. психолгтар мен философтардың рөлін атап өту керек. Осылай Ф.Пёрлз әрқашан онымен әзірленген гештальттерапия терапиясының бағыты экзистен­циальдық психотерапия түрінің (бағыты) бірі деп есептеген.

Бүгінгі күні экзистенциональдық психотерапияның көптеген түрлері, мектептері және модификациялары бар, оларды бір жұмыстың ішінде қарастыру мүмкін емес. Сондықтан экзистенционалдқ психотерапияның өкілі және негізін салушылардың бірі Виктора Франклдыңтеориялық және тәжірибешілік көзқарастырмен шектелеміз.

В.Франклдың пікірі бойынша адамның басты талпынысы – өзінің тіршілік ету мәнін түсініп табу. Егер ол мүмкін болмаса, адам фрустрация немесе экзистенциональдық вакуумды сезінеді (бостық, тіршілік етудің мәнсіздігі). В.Франкл бойынша өмірдің мәні туралы сұрақты адам қоймайды, керісінше адама өмір қояды, демек ол соған сөзбен емес, іспен жауап қайту керек.

Экзистенциональдық терапияның жақтаушылары тіршілік ету мәні әрбір дұрыс адамға қол жетімді, ол жынысқа, жасқа, интеллектке, мінез-құлыққа, қоршаған ортаға, дінге және идеологиялық көзқараста