Кіріспе 6 страница

Иландыру гипнөздық ұйқы жағдайында емдеу мақсатымен кеңінен таралған. Нашақорлық психотерпия әдісін қолданғанда И. емдеу әсері жасанды шақырылған есірткі ұйқы жағдайында іске асады. Нашақорлық психотерпия әдістеріне жақын газды қосынды мен шала тотық азотын психотерапевтік мақсатпен қолдануы жатады (қ. Газды қосынды мен шала тотық азоты арқылы нашақорлық психотерапия). Жанама И. соңғы кездері курорттық психотерапевттер жұмыстарында дамыған жанама және потенциалды түрдегі жанама психотерапия әзірлемесінің негізі болып табылады. Плацебо-терапия иландыру жанама түрі болып саналады, онда плацебо-препараты (лат. placebo — ұнаймын, қанағат етемін) тағайындалады – кез келген емдеу құралы ретінде қолданылатын зиянсыз препарат.

Өзін-өзі иландыру (Ө.И.) — бір ойлар, тілектер, бейнелер, сезінулер, жағдайлардың өз-өзіне иландыру әдісі. Психотерапиялық тәжірибеде өзін-өзі иландырудың әр түрлі әдістемесін қолданады. Олар жиі бұрын ұсынылыған Куэ бойынша өзін-өзі иландыру әдістемесі болады (Coue E., 1928). Өзін-өзі иландыру психотерапияның басқа әдістерінің негізі (немесе емдеу әрекетінің маңызды механизмдерінің бірі) болып табылады (қ. Аутогендік жаттығу).

ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ.Өзін-өзі иландыру, немесе аутосуггестия, — бұл өз-өзіне бағытталған иландыру үдерісі. Ө. И. субъектіге өзінде сезінулер, әсерлер, зейін, жады, эмоциональдық және соматикалық реакциялармен басқаруға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі иландыру мәні И. П. Павлов бойынша ағзаның терең мүделлерін, оның бүтіндігі мен өмір сүруін айқындайтын басқа ми қабығы бөлімдерінің қатты тежелуімен бірге болатын бас ми қабығының белгілі бір бөлігінің жинақталған қөзуы болып табылады. Сондай-ақ ескерту ретінде Ө.И. кезінде ағзаның өлуі оның тарапынан ешқандай дене күресінсіз болуы мүмкін.

А. А. Ухтомский теориясы бойынша Өзін-өзі иландыру әсері қабықтың нақты учаскесінің жинақталған қөзуымен, яғни төмендетілген қабықтық тонус аясында қөзу ошағының пайда болуымен түсіндіріледі. Қабықтың осындай жағдайында ортаның шынайы әсеріне екінші белгілік еретін үдерістер басым болады.

В. Н. Куликов (1974) Ө.И. иландыру базасындағы филогенетикалық және онтогенетикалық жоспарларда құрылатынын атап айтады. Ең алдымен адамдар арасындағы интерпсихикалық қатынастар үдерісінде гетеросуггестия құрылады, содан кейін жеке тұлғаның басқа адамдарға иландыру қабілеті, жеке тұлғаның интрапсихикалық қабілеті болады. Бұл жағдай Л. С. Выготский және оның шәкірттері — А. Н. Леонтьев және т.б. психикалық қызметтердің пайда болуы туралы оқуына негізделеді.

Аутосуггестия кері афферентация және жеделдететін бейне механизмдерінде негізделеді деген пікір бар (Бернштейн Н. А., 1961; Анохин П. К., 1975, және т.б.).

Емдеу өзін-өзі иландыру әдісінің әзірлемесін отандық зерттеушілер енгізді. 1881 ж. И.Р.Тарханов ағзаның еріксіз қызметтеріне Ө.И. әсері туралы ең бірініші шынайы бақылаулардың бірін жариялады. Я. А. Боткин 1897 ж. соматикалық аурулар белгілерінің неврөздық белгіленуін күресіп алдын алу үшін науқастарға Ө.И. саналы қолдануды ұсынды. В. М. Бехтерев (1911), ө.и сергектік күйде емдеуді ұсынып, «ө.и ең қолайлы уақыты ұйқы алдында және оянудан кейінгі кезеңді» санады. Ол «әрбір жеке жағдайға өз атынан бұйырумен және болашақта емес бүгінгі күнмен айтылатын Ө.И. жеке белгілі формуласы әзірлену керек» деп санады. Ө.И. формулаларын сыбырлап «бірнеше рет.. сонымен бірге толығымен көңіл аударып» айту керек. В. М. Бехтерев неврөздық ауруларда Ө.И. тиімділігін бағалады, сондай-ақ үш тағанның үшінші бөлімі ретінде маскүнемдікті емдеу жүйесіне қосты (қ. Бехтеревтің психотерапевттік үш тағаны).

Аутосуггестияның белгілі тәсілдерінің бірі Куэ бойынша Ө.И. болып саналады. Өзін-өзі иландыру психотерапияның әр түрлі әдістерінің негізі (немесе емдеу әрекетінің маңызды механизмдерінің бірі) болып табылады: аутогендік жаттығу, биологиялық кері байланыс, медитация, йога, релаксация.

Өзін-өзі иландыру көптеген отандық және шетелдік психотерапевттер сәтті қолданды. Н. В. Иванов (1959) маскүнемдікпен ауыратын науқастарды емдеуге арналған Ө.И. мотивацияланған әдістемесін әзірледі. Маскүнемдік туралы әңгімеден кейін психотерапевт 10-15 адам санымен топты гипнөзға батырып, емдеу мотивацияланған ұйытуға келтіреді. Аптасына 2 рет өткізілетін бірінші сеанстар тыныштандырады, сенімділік береді. 5-6 сеанстан бастап науқастарға күніне 2 рет 2-3 минутқа ерікті күш арқылы ұзақ күйде тартынуды сақтау шешімі тұрақты қасиетке айналуы туралы ойлар шегінде назарларын аударту керек: «Мен кез келген өзімді еліктіретін жағдайда белсенді және бұйыру түрде «жоқ» деф аламын.

И. К. Шхвацабая және т.б. (1983) гипертониямен ауыратын науқастарда жүйке бұзылуларын түзету үшін ең басты Ө.И. емдеу әрекетіне негізделген әдістемені ұсынды. Алдымен науқастар аутогендік жаттығулар кезінде сезілетін сезінулер («релаксация бейнесі») кешенін есте сақтауға үйретеді. Әрі қарай жаттығулар (дербес немес топпен) «релаксация бейнесін» көзбен көретін символмен байланыстыра алатындай құрылады, мұндағы символ ретінде симметрия орталығымен («релаксация пішіні») дұрыс геометрикалық фигура қолданылады. Эмоциональдық психикалық күш салу жағдайында науқас 1-2 минут бойы («релаксация пішіні») еске алып немесе елестетіп «релаксация бейнесін» жасайды.

Ө.И. емдеуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Тіпті ауыр жағдайларда түсініктеме көмектеспегенде, ал гипнөз және аутогендік жаттығулар жеткілікті әсер бермей, күрделі салдары болса, науқас алдағы ұстаманы сезсе, Ө.И. арқылы («Ұстама болмау керек!») «жылжытып» немес оны болдырмау мүмкін.

БЕХТЕРЕВ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ.В. М. Бехтерев 1890-1892 жж. сипаттаған бұл әдістеме суггестивтік психотерапияға жатадыжәне жеңіл гипнөздық ұйқы жағдайында (гипнөздың бастапқы сатысында) жасалатын өзін-өзі иландырудың өзгеше тәсілі болып табылады.

Емдеу емханалық түрде жасалады. Жеңіл гипнөз ұйқысына келтірілген науқас аурудың басты белгілерін жоюға бағытталған өзін-өзі иландыру сөздерін үш рет қайталайды. Келесі сеанстарда басқа ауру бұзуларын жоюға бағытталған өзін-өзі ұйытулар қосылады. Сеанстар арасындағы күндерде науқас мүмкіндігінше «жадына иландыру жасалған жағдаятты жасап», иландыру формуласын қайталау керек.

Кейін 1911 ж., В. М. Бехтеревпен табиғи ұйқы алдында немесе оянудан кейінгі өзін-өзі иландыру әдістемесі сипатталды. Бұл әдістемеге өзін-өзі иландыру формуласы нақты жағдайға сәйкес жасалып, бірінші жақтан айтылады, болашақта емес, нақты осы шақта бұйырумен айтылады. Бұл тәсілді автор иландыру жолымен емдеуге қосымша ретінде қарастырған, бірақ көп жағдайларда дербес қолдануда оны тиімді деп есептеген.

Өзін-өзі иландыру әдісі гипнөздың бастапқы кезеңінде жүйке жұқару, есірік, ұзақ мерзімді жұқпалыдан кейінгі әлсіздік жағдайында тиімді болып шықты.

КУЭ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІН ИЛАНДЫРУ.Өзін-өзі иландыру тәсілдері ішінде кеңінен таралғаны француз аптекарі Куэ әдістемесі болды (Coue E., 1857-1926), оны «саналы өзін-өзі иландыру жолымен өзін-өзі ұстай білу мектебі» деп атаған. Өзінің дәретханада сатқан дәрілерінің емдеу қасиетін жиі физиологиялық түрде негіздей алмаған және науқастардың «елестету күші» деп түсіндірді. Ол иландыру және гипнөз техникасына Льебо (Liebault А. А.) және Бернгеймнен (Bernheim Н.) үйрене бастады, ал 1910 ж. Нансида өзінің әдістемесі бойынша емдейтін меншік емханасын ашты. Бұл әдістемесі туралы өзінің отаны Англияда дәрістер оқыды, кейін оларды жинақтап кітап шығарды. Куэ жеткілікті ұйытылатын адам қарсылық білдіріп, оны өзін-өзі иландыруға айналдырмаса, иландыруды қабылдамайды. Куэ және Бодуэн (Baudouin Ch.) басшылығындағы Неонансия мектебінің басты тезисі: иландыру жоқ, тек өзін-өзі иландыру бар. Куэ дәрігер болмағандықтан, өзінің науқастарын «шәкірттер» деп атап, оларды үйретті, саналы түрде өзін-өзі иландыруды бұл «табиғаттың тума күшін», қолданды.

Ең алдымен (терапиялық табыстың маңызды болып табылатыны) ол «шәкіртін» бірнеше тәсілмен өзін-өзі иландырудың күшіне сендірді: түзеліп, өзін тақтай болып сезініп, балтыр-аяқ буындарында ғана қөзғалу мүмкіндігін қалдырып, «шәкірт» өзін артқа, алға қарай құлауын елестетеді («Мен артқа құлаймын», «Мен алға құлаймын»); қолдың саусақтарын қиыстырып, қолдың жазылмайтыны туралы көзарбайды («Мен жасай алмаймын, мен жасай алмаймын»); жұдырығын жаза алмайды деп ұйытады. Куэ айтқандай, бүкіл жерде бұл жағдайда «басшының иландыруы өзін-өзі иландыруды қөздырады». «Шәкірт» ондағы өзін-өзі иландыратын күштің құдіретін білген кезде, ол Куэ айтқандай, «дәннің гүлденіп өсіп кететін өңделген далаға сәйкестенеді; соншалықты дән өспейтін өңделмеген жерге ұқсаған екен».

Содан кейін «шәкірке» айналадағы заттар бөгет болмас үшін, көзін жұму ұсынылады, және мысалы, «іші ауырған» жағдайында ол сөздері түсінікті естілетіндей ернімен жыбырлап, өзінің жағымсыз түстерсіз тыныш ұйықтайтыны және күнде таңертең жақсы тәбет пен нәжіс болатыны туралы иландырады. Кез келген сырқатта таңертең, оянғанда бірден, кешке төсекте, көзді жұмып, айтқаныңа назар аударып, Куэ өзін-өзі келсідей иландыруды ұсынған: «Күн сайын барлық жағынан менің жағдайым жақсарып жатыр». Зорлықсыз, ойланусыз, бала сияқты, кенеттен, «дұға сияқты» илану керек. Сонымен бірге жіңішке арқанның түйіндерін жақсылап ажырату керек (қанша сөз, сонша түйін). Куэ әр түрлі сырқаттары бар науқастарды емдеген. «Өзін-өзі иландыру медициналық қолдануды айырбастай алмайды, – деп ойлайды, – бірақ науқастың болсын, дәрігерге де құнды қосалқы құрал болып табылады.

Куэ әдістемесін адамның мінез-құлқымен елес пен шала түсініктегі еліктірулер басқарады деген пікірден негізге алған Бодуэн дамытып тұжырымдаған. Бір фразаларды қайта-қайта қайталаудан автоматты түрде санасыздыққа әсер ететін ішкі қадалу пайда болады. М. Е. Бурно (1974) тұжырымдағандай, Бодуэн өзін-өзі иландыруды дәл ояну кезінде немесе дәл ұйқтар алдында өткізуге науқастарды өзін-өзі гипнөзға келтіруге үйретуді ұсынған. Өзін-өзі гинөзға келтіру көңілді бір нәрсеге аудартуға септігін тигізеді (қараңғыдағы шамның оты), ондағы назардың зорлықпен болмауы үшін бір дыбысты (сағат тықылы) өзін-өзі иландыру мақсатын біріктіретін қысқа сөздермен жеткілікті айқын бір ойға аудару. Иландырудың (өзін-өзі иландыру) теориялық әсерін Бодуэн арнайы идеомоторлы үлгісі – санадан гөрі дене қимылымен жеңіл басқара алатын шала түсінікке терапиялық бұйрықтың «енгізуімен» қолданып түсіндірді. Назарды бір нәрсеге ұзық аударып тұрса, (қарап тұрғанды көрсейміз, естіп тұрғанды естімейміз), ұйқыға ұласатын релаксация пайда болады(ойлаудан босау). Релаксация шала түсініктің «босатылуына» септігін тигізеді, және енді терапиялық бұйрықты шала оңай «кіргізуге» болады.

Куэ және Бодуэн өзін-өзі иландыру рөлін медициналық тәжірибе шегінен тыс кеңейткен, олар өзін-өзі иландыру адамдардың көзқарастарын өзгертетінін айтып, қоғамның жетілу жүйесін құруға тырысты. Куэ— Бодуэн бойынша өзін-өзі иландыру 20-е жж. кең танымал болды. Біздің елімізде «куэизм» аурудың нөзологиялық ерекшеліктері мен аурудың жеке тұлғасын ескермегендіктен сынға ие болды.

Психотерапияның мен өзін-өзі иландырудың белсенді әдістерін насихаттау Куэ және оның ізбасарларының жағымды жағы болды. Куэ емдеу үдерісінде науқастың белсенді рөлін бекітуге мен психотерапиядағы жаттығулар мен оқыту идеяларының дамуына ықпал етті. Сонымен қатар ол жағымсыздың орнына жағымды өзін-өзі иландырудың пайдалылығын көрсетті («Мен ауру емеспін» орнына «Менің денім сау»). Осындай жағымды жақтарының арқасында Ө.И. және К. В. М. Бехтеревпен құпталды.

АУТОГЕНДІК ЖАТТЫҒУ (А. Ж. )(грек. autos — өзім, genos — шығу). Күйзелу нәтижесінде бұзылған адам ағзасының гомеостатикалық өзі реттелетін механизмдер жүйесінің динамикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған психотерапия, психологиялық алдын алу және психологиялық гигиенаның белсенді әдісі. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшық релаксация жаттығуы, өзін-өзі иландыру және өзін-өзі тәрбиелеу(аутодидактика) болып табылады. Аутогендік жаттығу белсенділігі классикалық үлгідегі гипнөзды терапия – науқастың емдеу үдерісіне енжар қатынас, дәрігерге тәуелділік сияқты кейбір жағымсыз жақтарына қарама-қарсы.

Аутогендік жаттығу емдеу әдісі ретінде жүйке төзуын емдеу үшін Шульцпен (Schultz J. Н.) 1932 ж. Ұсынылды. Елімізде оны 1950-жж. қолдана бастады. Аутогендік жаттығу емдік қасиеті дамумен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі тонусының күшеюімен сипатталатын трофотроптық реакция релаксациясы нәтижесінде, сонымен қатар жалпы үрейдің төмендеуі мен жаттығатындардың күйзеліске қарсы үдерістерінің дамуымен бірге жүретін лимбиялық және гипоталамиялық бөліктері белсенділігінің әлсіреуіне негізделеді (Лобзин В. С., 1974).

Аутогендік жаттығу екі сатысын жіктейді (Шульц бойынша):

1) төменгі саты — ауырлық, жылылық сезінулерді шақыруға, жүрек қызметі мен тыныс алу ритміне ие болуға бағытталған жаттығулар арқылы релаксацияға оқыту;

2) жоғары саты — аутогендік медитация — түрлі деңгейдегі транстық жағдайларды жасау.

Төменгі саты, аутогендік жаттығу - 1, науқастармен келесі үш қалыптың бірінде орындалатын алты стандартты жаттығуларды құрайды:

1) отыру жағдайында, «көшір қалпы» — жаттығатын алға қарай басын түсіріп орындықта отырады, қолдары мен білектері жамбастың алдыңғы жағында, аяқтары бос тұрады;

2) жату қалпы — жаттығатын арқамен жатады, басы төмен жастықта, сәл шынтақтары бүгілген қолдары дене бойы алақанымен төмен қарай еркін жатады;

3) жартылай жату қалпы — жаттығатын арқаға шалқайып еркін креслода отырады, қолдары жамбастың алдыңғы жағында немесе шынтақ таянышында, аяқтар еркін тұрады.

Барлық үш қалыпта толығымен әлісрегендік болады, одан да жақсы шоғырланушылық болу үшін көз жабық болу керек.

Жаттығулар жаттығу басшысымен айтылатын өзін-өзі иландырудың тиісті формулаларын ойша (5-6 рет) қайталау жолымен жасалады. Стандартты жаттығулардың әрқайсысы «Мен толығымен сабырлымын» формула-мақсатпен бірге орындалады.

Бірінші жаттығу. Қол мен аяқтағы ауырлық сезімін шақыру, бұл көлденең-жолақты бұлшық еттердің босаңсуымен бірге болады. Формулалар: «Оң қол тым ауыр», одан кейін «Сол қол тым ауыр» және «Екі қолым тым ауыр». Дәл сондай формулалар аяқтарға арналады. Соңғы формула: «Қол мен аяқтар тым ауыр».

Екінші жаттығу. Қол мен аяқтардың тамырлы иннервация реттемесін болдыру мақсатында қол мен аяқта жылуды келтіру. Формулалар: «Оң (сол) бүтіндей жылы», одан кейін «Қолдар бүтіндей жылы», дәл сондай формулалар аяққа. Соңғы формула: «Аяқ пен қолдар бүтіндей ауыр және жылы».

Үшінші жаттығу. Жүректің кему ритмдерін реттеу. Формула: «Жүрек қатты және дұрыс соғады».

Төртінші жаттығу. Тыныс алу ритмінің дұрысталуы мен реттелуі. Формула: «Мен толығымен мазасыз тыныс аламын».

Бесінші жаттығу. Құрсақ қуысында жылу сезінуін келтіру. Формула: «Менің күнмен тұтасуым жылу шығарады».

Алтыншы жаттығу. Тамырлы генездің бас ауруларын алдын алу және жеңілдету мақсатымен маңдай бөлігінде салқындықты келтіру. Формула: «Менің маңдайым жағымды салқын».

Кезекті жаттығуды игеру көрсеткіші сезінулер генерализациясы болып табылады. Мысалы, аяқ-қолдардағы жылуды иландыру бойынша жаттығулар жылу барлық денеге таралған кезде игерілген болады.

Әр жаттығуды жасау үшін 2 апта кетеді. А.Ж. бүкіл курсы шамамен үш айға сөзылады. Әдетте сабақтар топпен аптасына 1-2 рет психотерапевт басшылығымен өткізіледі; сабақтың ұзақтығы 15-20 минут. Күніне екі рет өткізілетін науқастардың дербес жаттығуларына көп көңіл бөлінеді (таңертең, тұру алдында, және кешке, ұйқтар алдында), оның үстіне науқастар сабақ үстінде сезілетін сезінулерді сипаттап жазатын күнделік жүргізеді.

Алғашқы екі стандарттық жаттығуды игеру кезінде («ауырлық» және «жылылық») ерекше аутогендік берілудің жағдайы туындайды. Оны Шульц Шульц «қайта қосылу» деп атаған және физиологиялық түрде «сақтаулы сана кезінде биотонустың төмендеуі» деп анықтаған. Мюллер-Хегеманн (Muller-Hegemann D.) бұл жағдайды сыртқы тітіркеніс жоқ болғанда қабық белсенділігінің төмендеуі және жаттығу формулаларына көңіл аудару салдарынан ойлау үдерісінің қысқаруы деп түсіндіреді. Бұл жағдай түс пен сергектік аралығындағы болып сипатталады, ол гипнөздық ұйқының (сомноленциялар) бірінші сатысына жақын. Аутогендік берілудің тереңдігі үш фазаға бөлінеді. Бірінші фазада пациент барлық денеге таралған ауырлық, жылу, маужырауды сезінеді. Екінші фаза дене жеңілдігімен, салмақсыздықпен сипатталады, сонымен қатар дене кстесінің бұзылуы жиі орын алады. Үшінші фазаны «дененің жоғалуы» деп сипаттауға болады.

Бірінші және екінші фазалар электроэнцефалографиялық түрде саралап жіктелуі мүмкін. Қабықтың маңызды тежелуінің арқасында қайталанатын формулалар өзін-өзі иландырудың тиімді құралы болады. Аутогендік шомуда науқас белгілі ауру бұзуларына қарсы бағытталған өзін-өзі иландыруға кіріседі.

Лутэ (Luthe W.) формула-ниеттердің 5 түрін бөледі:

1) бетараптайтын, өзін-өзі иландырудың «бәрібір» нұсқасын қолданатындар: «Жұту бәрібір» — эзофагоспазма кезінде, «Гүл төзаңы бәрібір» — аллергия кезінде және т.б.;

2) күшейткіш, мысалы: «Менің қуығым маған белгі бергенде, оянатынымды білемін» — энурез кезінде; «Менің миым автоматты түрде айтады» — кекештену кезінде;

3) абстиненттік-бағытталған, мысалы: «Мен ішімдіктің бірде-бір тамшысын, ешбір формада, еш уақытта, қандай болмасын жағдайда ішпейтінімді білемін»;

4) парадокстік, мысалы: «Мен нңғұрлым жаман жазғым келеді» — жазу құрысқан кезде;

5) көмектесетін, мысалы: «Мен дәрілерге тәуелді еместігімді білемін» — тыныс демікпесі; «Есімдер қызықты» — есімдерді жаман есте сақтау кезінде.

Жалпы пікір бойынша, аутогендік жаттығу жүйке ауруларын, қызметтік бұзулардың және психосоматикалық ауруларды емдеуге аса тиімді. Жүйкесі жұқарған адамдарды емдеуге ұсынылады. Осындай неврөз формасында психогендік сексуальдық бұзулар мен түстің бұзылу кезінде аса тиімді әсер береді. Жабысқақ жағдайлар неврөзы кезінде бұл — фобиялық синдром; обсессияларды емдеу кезінде нәтижелер қанағаттанарлық. Көптеген зерттеушілер есірік кезіндегі аутогендік жаттығу тиімсіздігін атайды, онда аурудың ерекше «қажеттілігі» анықталады. Ипохондриялық синдроммен ауыратын науқастар салыстырмалы резистенттілікті анықтайды. Жабысқақ аурумен ауыратын науқастардың компульсивті синдром кезінде мүлдеем әсері болмайды. Сондай-ақ психастения кезінде де емдеу тиімділігі төмен.

Аутогендік жаттығу қолданудың ең жақсы нәтижелері эмоциональдық шиеленіспен және тегіс бұлшық еттер қабынуымен байланысты айқындалатын ауруларды емдеу кезінде байқалады, сонымен қатар парасимпатикалық әсер, симпатикалықтан жеңіл беріледі. Әдебиетте бронхтық астма, гипертония ауруы, бітелу эндартериті, диспноэ, эзофагоспазма, стенокардия, спастикалық аурулар, ішек-асқазан аурулары және іш қатудың инициальды кезеңінде А.Ж. қолданудың жақсы нәтижесі көрсетілген. Ойық жаралық ауруларды емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері туралы деректер бар, оның негізгі себебі - кең таралған пікірлердің бірі, тамырлардың жергілікті жүйке түйілуі болып табылады. А.Ж. сөйлеу және фонацияның әр түрлі жүйке бұзылуларын емдеу тәсілі ретінде тиімді. Бірақ науқастардың жалпы тобында А.Ж. логофобия құбылыстарын ғана жинақтайды, ал жүйелі неврөзы ретінде кекештікті емдемейді, осыған байланысты логоневрөзбен ауыратын науқастарға мамандандырылған психотерпиялық топтарда сабақтар өткізу қажет.

Аутогендік жаттығу маскүнемдік пен есірткі құмарлықтың кешенді емдеуіне енеді, нақтырақ абстинентті синдром мен антитоксикалық ұстанудың қалыптасуын жою үшін қолданылады. Неврологиялық емханада А.Ж. нерв жүйесінің органикалық бұзылу суретін толықтырып қиындататын, психогендік бұзуларды жинақтау мақсатында нерв жүйесінің органикалық ауруларының қалып қойған құбылыстарын емдеу, сонымен бірге мидың тамыр бұзылулары, тұлғаның рекциясын түзету, бас-сүйек ми жарақатының қалдық құбылыстары, нейроинфекцияларды және т.б. емдеу кезінде қолданылады.

Аутогендік жаттығу арқылы эмоциональдық күйзеліс пен үрейді сәтті түсіру оның түрлі аурулардың психикалық алдын алу әдістерінің көптеген нұсқаларына қосылуын дәлелдейді.

Сонымен қатар А.Ж. споршыларды, эмоциональдық күйзеліс пен экстремальды жағдайда жұмыс істейтін адамдарды дайындағанда, психогигиеналық және психикалық алдын алу құралы ретінде кең қолданысқа ие болды. А.Ж. өндірістік гигиена әдісі ретінде арнайы нұсқаларын қолданудың оң тәжірибелері жинақталған.

Аутогендік жаттығу айқын емес сана және сандырақ жағдайында қолдануға болмайды, әсіресе қатынас және әсер ету сандырағы жағдайында. Аутогендік жаттығу өткір тәндік талма және жандандырылған күрт асқыну кезінде пайдалану ұсынылмайды. Айқындалған қызылтамырлы гипотония кезінде вагустық жүйенің жағымсыз басымдылығын жеңу үшін кейбір арнайы тәсілдер қолданылады (қар. төменде К. И. Мировский және А. Н. Шогамның модификациясы).