Кіріспе 3 страница

Негізгі ережелер:

1) жеке тұлға өз бағдарын өзі таңдайды — құрбан немесе жаратушы;

2) жеке тұлға әрдайым оларға бақылау жасай отыра, армандайтын әлем мен тілейтін мінез-құлықты өзі таңдайды;

3) психотерапияның медициналық үлгісін және, әрине, терминологиясын жоққа шығару;

4) персоналдану мен оң жеке тұлғалық бағыттылықтың табыстылығы — жеке тұлға денсаулығының шарты.

Ең бастысы — клиентке парасатты және эмоциональдық жағынан тұрақты болуға көмек көрсету. Жеке мақсаттар — жеке тәуелсіздікке жету, өзін-өзі сезіну деңгейін арттыру және өзін-өзі жетілдіру жоспарын әзірлеу. Психолог бағдары мұғалімге жақын тәрізді анықталады; белгілі кәсіптік қасиеттер қажет: сензитивтілік, эмпатичность, талапшыл болу қабілеті және мінез-құлық үлгісі болу.

Психотехникамен пайдаланбай, (түсіндіру, көрегендік, іркіліс, қарсыласу талдауы), шынайылылық терапияның өкілдері тәжірибешілік жұмыстың негізгі құралы ретінде (У.Глассердің артынан) психопедагогикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін клиентпен бірге жасайтын жұмыстың жеті кезеңінің (қадам) бірізді іске асуында деп тапты:

1.Клиентпен қарым-қатынасты орнату.

2. Өткенді ұмыту және негізі көңілді ағымдағы мінез-құлыққа аудару.

3.Клиент мінез-құлқын бағалауда мадақтау. Мұндағы маңызды сәті — клиенттің жасағаны оған көмектесетінін немесе кедергі жасайтынын анықтауға жәрдемдесу.

4. Әрекеттердің баламалық тәсілдерін іздеуге және жоспарды әзірлеуге көмек көрсету.

5. Жоспарды орындау туралы міндеттемені алу.

6.Кешірімдерді қабылдаудан бас тарту.

7.Қатал болу, бірақ жаза қолданудан аулақ болу және бастысы, еш уақытта клиенттен, клиентпен жұмыс жасаудан бас тартпау.

Пысықтауға арналған сұрақтар

1. РЭТ – ң алғышарттары.

2. РЭТ – ң басты мақсаты.

3. У.Глассердің шынайы терапиясының негізгі ережелері.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.49-54.

6 тақырып. Рационалды психотерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Даму сатылары.

3. Негізгі ережелері.

4. Психологиялық көмектің мақсаттары.

Ең алғаш рет жан-жақты және жүйелі түрде швейцарлық невропатологы Дюбуа (Dubois P.) «Психоневрөзы и их психическое лечение» (1912) кітабында баяндалған. Иландыру терапиясының баламасы ретінде пайда болған Р.п., ең алдымен, науқастың ақылы мен ойлауына негізделді (лат. ratio — разум, рассудок).

Р.п. бірінші даму кезеңінің ерекшелігі әр түрлі психикалық сырқаттану кезіндегі ойлаудың бұзылуын толық сипатталуы, жетістіктерді формальды және «психоневрөз» ауруымен сырқаттардың қате ойларын түзету мақсатымен диалектикалық логикасын қолдану болып табылады.

Осы күнге дейін рациональдық-эмоциональдық және танылатын — когнитивтік-мінез-құлық психотерапия әдістеріР.п. қатысты анықталмаған, бұл, бір жағынан, Р.п. ұғымдарының жойылуына әкеледі, ал екінші жағынан — Р.п. әдісі дербестігінен бас тартуға. Р.п. шегін нақты белгілеп алу үшін, Р.п. негізгі ережелермен қасиеттері бір психотерапевтикалық әдістерді салыстыру аспектісінде көрсету керек.

 

Кесте

Рационалдық, когнитивтік және когнитивтік-эмоционалдық психотерапияның салыстырмалы сипаттамасы

Психотерапия әдісінің негізгі сипаттамасы Психотерапевттік әдістер
Рационалдық психотерапия Когнитивтік психотерапия Рационалды-эмоционалдық психотерапия
Негізін салушылар Поль Дюбуа Аарон Бек Альберт Эллис
Психикалық бұзылулардың негізгі түйіндері   Формалды логиканың қателері, «иллогизмдер» («осыдан кейін, осы себептен» — салдар мен себептің араласуы, негіздеменің жеткіліксіздігі және т.б.), диалектикалық логиканың категориялары мен заңдарын ескермеу, бұзылған «аурудың ішкі суреті» Когнитивтік бұзылулар, пікірлердегі қателер: персоналдау, ойлаудың дихотомиялылығыіріктелген абстрактылау, ерікті ой қорыту, шамадан тыс топтап қорыту, апаттылық Қатал когнитивтік-эмоционалдық байланыстар, рационалдық емес белгілер: өз қажеттіліктерінің міндетті іске асырылуы, бағалау белгілері (шамадан тыс жалпылау немесе қысқарту). Немесе он екі және одан да көп «негізгі рационалды емес идеялар»
Этиология Аурудың дамуы Жеке тұлғаның танымдық немесе когнитивтік үдерісіндегі қате оқыту Тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның белгілі рөль атқарса да, қазіргіден маңызы зор емес
Әдістің негізгі мақсаты Ауру туралы ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы, логикалық қателердің көрсетуі, сырқаттың дәрігердің негізгі тезисінде көндіру Когнитивтік бұзулардың түзетілуі Пікірлер жүйесін қайта құру, талаптар мен қатаң рационалды емес ойлардан бас тарту
Логикалық компонент Формалдық және диалектикалық логика саласы Формалдық логика саласы Формальдық логика саласы
Дидактикалық тәсілдер Психологиялық негіздемелерден басқа адамгершілік, моралдық қағидалар қолданылады, осыдан оның тәсілдерін қолданудың жүйелілігі Психологиялық бағдарлардың дидактикалық тәсілдері Психологиялық бағдарлардың дидактикалық тәсілдері
Риторика тәсілдері Риторика тәсілдерін белсенді және жүйелі пайдалану Риториканың жеке тәсілдерін белсенді пайдалану Риториканың жеке тәсілдерін белсенді пайдалану
Бастапқы кезең   Сырқатпен қарым-қатынасты орнату. Сырқаттың өз мәселесінің мәнін баяндау. Сырқатпен қарым-қатынасты орнату. Әдіс тиімділігін түсіндіру және негіздемесі. Сырқаттың өз мәселесінің мәнін түсіндіруі, оның мәселелі жағдайды шешудің нұсқаулары Сырқатпен қарым-қатынасты орнату. Әдіс тиімділігін түсіндіру және негіздемесі. Емдеу әдісіне сырқаттың келісімін алу.
Диагностика Логикалық қателерді, сырқаттың өз жағдайына байланысты қате ойларын анықтау. Аурудың анамнезі. Клиникалық және параклиникалық (объективті) деректер. Түрдің нақты техникалары: «не, егер», «байқалатын ойлар мен бейнелер», «автоматты ойларды» ұстап алу. Бектің торығу шкаласы, үмітсіздік шкаласы. Жеке теріс үлгілерді анықтау. «Не, егер» техникасы, «Джонс, Кассинове, Байсдена, Шоркидің рационалды емес пікірлерінің тізбесі», мәселелі жағдаяттарда сырқаттың рационалдық емес пікірлеріне қатысты өзін-өзі талдау.
Емдеу сатысы 1. Түсіндіру және түсініктеме беру, «ақпаратпен қаныққан» (түсініктердің қалыптасуы) 2. Пікір (жалған пікірлерді түзету), формалдық және диалектикалық логика қағидаларына оқыту 3. Қайта бағдарлау (ауруға деген қатынасты өзгерту, құндылықтар иерархиясының өзгеруі, өмірлік мақсаттардың тұрақты өзгеру) 4. Психогогика 1. Жалған идеялармен когнитивтік келіспеу 2. Мінез-құлықтық келіспеу 1. Иррационалды идеялармен когнитивтік келіспеу — «пікірталас сатысы» 2. Жеделдетілген оқиғаларды ұсыну, оқиғалар туралы жаңа, шынайы және рационалдық пікірлердің дамуы — «әсерлер сатысы»
Әсер ету деңгейінің спектірі Жеке, когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық Когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық Когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық
Нөзологиялық бағыттылық деңгейі Көбінесе ойлаудың өзгеше бұзылуымен сипатталатын ауруға бағытталған. Аурыдың этиопатогенезін есепке алатын каузалдық себепті терапияға жақын. Көбінесе синдромға бағытталған (әлсіреу, қияли, желікпе, депрессиялық), симптомдарға сирек (қорқыныш, үрей). Жеке синдромдарда болатын ақыл-ой бұзылуының шартты ерекшелігі Көбінесе жеке құбылыстарға (белгілер), ойлаудың бұзылуына бағытталған.
Когнитивтік техникалар Сократ сұхбаты,ұқсастықтар әдісі, өзін-өзі талдау (интроспекция) Сократ сұхбаты, «мағынасыздықты толтыру» техникасы, декатастрофизация, ұқсастықтар әдісі, реатрибуция, қайта тұжырымдау, децентрализация Сократ сұхбаты, когнитивтік диспут, өз ойын бақылау, ұқсастықтар әдісі, өзін-өзі талдау (интроспекция)
Мінез-құлық психотерапияның техникалары Шынайы өмірде науқас пікірінің негізділігін тексеру көрнекілігі мен иллюстрациясы мақсатында сирек қолдану. Мінез-құлық техникаларын белсенді қолдану ( рөльдік ойындар, экспөзициялық терапия, әрекетті жоспарлау, көңіл аудару техникалары) Мінез-құлық техникаларын белсенді қолдану ( рөльдік ойындар, шұғыл ескерту және т.б.)
Жеке бағдар Тұлғаны кең диапазонда қарастырады, психотерапия үдерісінде жеке ерекшеліктер серпілісін есепке алады Тұлғаның өзін-өзі жігерлендіруі негізнен ойлаудың жалған сипатының танылуы есебінен, өзін түзетуге жауапкершілікті өзіне қабылдаудан. «Когнитивтік осалдық» тұлға құрылысына жатады. Тұлғаның өзгеруі интегративті түрде «ABCDE» кестесі бойынша жасалады.
Теоретикалық алғышарттар Формалды және диалектикалық логикаға жету. Иландыруға деген жағымсыз қатынас Эмоционалдық бұзылулардың теориясы, депрессияның когнитивтік үлгісі. Психикалық талдауға жағымсыз қатынас. Дюбуаның рационалдық психотерапиясы, сезімнің мағынасына арналған Дежерин мен Гоклер жұмыстары.
Түсіну аппараты Дәстүрлі медициналық, психологиялық, философиялық Психологиялық ұғымдар басым Психологиялық ұғымдар басым
Көрсеткіштер «Ойлау түрінің» науқастары, ипоходрикалық жүйке төзуы, жабысқақ жағдайлар жүйке төзуы, психосоматикалық аурулар, әр түрлі фобийлер, ятрогениялар Интроспекцияға бейімділігі бар, өз ойларын талдай алатын, депрессиялық генерализацияланған эмоционалдық бұзушылықтары бар науқастар Психикалық аурулары жоқ жақсы дамыған сөйлеу ерекшелігі мен жеткілікті жақсы айқандалған ақыл-ойы бар науқастар
Өткізу нысаны Топтық емес, жеке құпталады Жеке Жеке, топтық, өз-өзіне көмек

 

Рационалды психотерапияның (Р.П.) ең алдымен ауруға деген нөзологиялық көзқарасқа бағдарланған және өзінің қолданысына жеткілікті деңгейде көп көрсеткіштері бар интегративтік әдісі болып табылады. Рационалды-эмоционалдық психотерапия және когнитивтік — когнитивтік-мінез-құлық психотерапия — өз мәнінде рационалды психотерапия әдісінің нұсқалары болып табылады. Бұл көзқарас когнитивтік және рациональды-эмоциональдық психотерапиямен, сондай-ақ психотерапевтикалық емдеу мақсатына бірыңғай теориялық көзқараспен салыстырғанда, рационалды психотерапевтикалық әсер етудің неғұрлым жүйелілігі мен молдығымен негізделген.

Одан басқа бұл терапия идеяларына диалектикалық логика мағынасы салынған, бұның формальды логикаға жетуді қолданудан гөрі болашағы зор. Рационалды психотерапия әдістері жүйесінде жұмыс жасайтын психотерапевт логиканың жетістіктерін жақсы елестететіп, дәлелдеменің заманауи теориясын игеру керек. Науқастардың контекстуальдық дәлелдерге қарсылық білдірудің күрделілігін белгілеу қажет (дәстүр мен бедел, ішкі түйсік пен наным, саналы ой дәлелдері), яғни қарсылық білдіруге логиканы білудің арнайы білім қажет дәлелдер.

Аталмыш терапия нейролингвистикалық бағдарлау әдісімен де, кейбір бірдей ұқсас жағдайлары бар, бұл табиғи болып табылады, себебі ойлау және тіл негізінен бір-бірінен ажырамайды, өзінің терапевтикалық қатынаста бұл әдістер тек әр түрлі деңгейі мен ұйыту мәнімен, сонымен қатар нейролингвистикалық бағдарлаудың нейропсихологиялық аспектілерімен ажыратылады.

 

 

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Рационалды психотерапияның негізін салушы кім?

2. Рационалды психотерапияның бірінші даму кезеңінің ерекшелігі.

3. РП – ң мақсаты.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

7 Тақырып. Трансактілік талдау.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Негізгі ережелері.

3. Психологиялық көмектің мақсаттары.

4. Психолог-кеңес берушіліктің рөлі.

Американдық психолог Эрик Бёрн дербес психотерапевтикалық бағытты ойлап тапты, ол трансакциялық талдау атауымен бүкіл әлемге кеңінен таралды. Трансакция сөзі өзара әрекеттесу деп аударылады, және, сәйкесінше, трансакциялық талдау ұғымы өзара әрекеттесудің талдауы, қарапайым түрде - адамдар қарым-қатынасы деп түсіндіріледі.

Трансакциялық талдау адам мінез-құлқының бейімделмеген кез келген нысаны негізінде (сәйкес емес, қанағатсыз) белгілі шала түсінік деңгейіндегі бағдарламаланған өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттер жататынына құрылған. Эрик Берн бұл өзара қарым-қатынастар кестелерін біз өзіміз, соны түсінбей, бүкіл өмір бойы ойнайтын ойындар деп атаған.

Трансакциялық талдау өзара қарым-қатынастар (ойын) үлгілерін біздің МЕНнің негізгі үш рөлін ойнатуға бөлінуді қарастырады.Ол (біздің МЕН) Ата-ана, Ересек және Бала рөлінде бола алады. Бұл рөльдер тұрақсыз және бір адамның өзінде жүйелі түрде жағдаятқа және оның қатынасатын адамының мінез-құлқы мен оның бейнені қабылдауға байланысты өзгеріп отырады.

Оның тұжырымдамасына сәйкес адам өмірлік ұстанымына қатысты «ерте шешімдермен» бағдарламаланған. Ол оның туыстарының, ең алдымен, ата-анасының белсенді қатысуымен жазылған «сценарий» бойынша өмір сүреді, өткенде оның өмір сүруіне қажет болып, ал бүгінгі күні жиі пайдасыз стереотиптерге негізделген шешімдерді осы күні қабылдайды. Психотерапевтикалық үдерістің негізгі мақсаты — өмірлік бағдарларды қайта қарау негізіндегі жеке тұлғаның қайта құрылуы, осы сәтте теңбе-тең шешімдерді қабылдауға кедергі болатын мінез-құлықтың ұтымсыз стереотиптерін сезіну, өзіндік қажеттілік пен мүмкіндіктерден шыға отыра, құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуы.

Трансакциялық талдау келесілер кіреді:

1) құрылымдық талдау — жеке тұлға құрылысын талдау;

2) трансакцияларды талдау — адамдар арасындағы вербалды және вербальды емес өзара әрекеттер;

3) психологиялық ойындар талдауы — жақсы нәтижеге (ұтыс) жеткізетін жасырын трансакциялар;

4) сценарий талдауы (скрипт-талдауы) — адам еріксіз көнетін жеке өмірлік сценарийі.

Жеке тұлға құрылысы «МЕН-нің» үш жағдайымен сипатталады: Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Ересек (Неопсихе). МЕН-жағдай – бұл адамдармен ойналатын рөльдер емес, өзекті жағдаятпен ушықтырылатын феноменологиялық шындық, мінез-құлық стереотиптері екені атап көрсетіледі. Ата-ана — бұл ата-анадан және басқа да беделді тұлғалардан балалық шақта алынған ақпарат, өсиет, уағыз, тәртіп ережелері, әлеуметтік нормалар, тыйым салулар — кез келген жағдаятта өзін-өзі ұстау және нені жасамау керектігі туралы санатындағы ақпарат. Бір жағынан, бұл пайдалы, уақытпен тексерілген ережелер жиынтығы, екінші жағынан — соқыр нанымдар мен теріс ұғымдар орналасу жері.

Ата-ана Бақылау жасайтын (тыйым салу, санкция) және Қамқоршыл ата-ана (кеңестер, қолдау, қамқоршы) түрінде бола алады. Ата-ананың жағдайын «мен тістімін», «маған болмайды» тәрізді пікірлер бойынша диагностика жасауға болады. Басқа вербальды сипаттамаларға «ылғи», «ешқашан», «доғар мұны», «еш уақытта», «сонымен, есіңде сақта», «мен саған қанша рет айттым», «мен сенің орнында», «жаным менің», «байғұс», «сұмдық» тәрізді оқытатын, сынайтын, қолдайтын немесе сыни ескертулер жатады. Ата-ананың дене белгілеріне қабағы түйілген маңдай, қымқырған ерін, бастың шайқауы, «қатал түрі», қолдың «нұсқайтын саусағы», аяқпен соғу, белдегі қолдары, кеудеде айқастырған қолдар, дем алу, басқаның басынан сипау және т.б. жатады.

Ата-ана. Әр адам өзінде ата-анасының бейнесін сақтайды және еріксіз түрде (кей кезде саналы ниет үлесімен де) белгілі жағдайларда олардың мінез-құлық үлгілеріне (немесе олардың біреуіне) еліктейді, яғни өзіни Ата-ана сияқты сезінеді.

Ересек. Әр адам жағдаятты және өз-өзін жиі немесе сирек объективті, жетілген күйде қабылдай алады. Шындықтың осындай объективті жетілген түрінде қабылдануы ересек күйі деп аталады.

Бала. Әр адам өзіндегі бала күйіндегі қабылдауын сақтайды, яғни белгілі бір жағдайларда жасына тәуелсіз өткен өміріндегі ұл немесе қыз бала ретінде сезінеді.

Адамдардың өзара әрекеттесуі кезінде (трансакция) әр түрлі МЕН-жағдайлары іске қосыла алады. Қосымша, қиылыс және жасырын трансакциялары ажыратылады. Өзра қарым-қатынас жасайтын адамдар күтетін тілектеріне сай келетін және салауатты адамзаттық қатынастарға жауап беретін трансакияларды қосымша трансакциялар деп атайды. Осындай өзара әрекеттер конфликтогенді болмайды және шексіз уақытқа жалғасуы мүмкін. Осындай әрекеттесудегі стимул және кері серпіліс параллельді жолақтар ретінде бейнеленеді.

Трансакциялық талдауда қатынас үдерісі трансакциялар деп аталатын қатынастың шартты бірліктеріне жіктеледі. Трансакциялар трансакциялық стимулдар мен трансакцялық серпілістер деп бөлінеді. Басқа адамға қаратып айтулардың барлығы трасакциялық стимулдар санатына жатады. Ал осы немесе басқа қаратпаларға қайтарылған жауаптардың барлығы трансакциялық серпілістер деп аталады.

Трансакциялық талдау (Т.Д.) тұжырымдамасына сәйкес адамдардың көпшілігі бала кезінен бастап санасыз түрде шынайы қатынасты белгілі қатынастағы ойындармен ауыстыра бастайды. Бұл баланың шынайы шындықтан, жеке жауапкершіліктен кету қажеттілігі туындағанда, моральдық (өзіндік пікір білдіру, өзін-өзі жақыс көру, құтқару және т.б.) немесе материальдық (кез келген сыйлық) түрде бір нәрсені ұтып алу жағдайларында болады.

Эрик Берн тағы ойынның патоло­гиялық таңдауы мүмкінболатынын атап көрсетеді, онда өзіңді кішкентай, бақытсыз, ең бастысы, өз мәселелерінің жауапкершілігінен (басқалардың ғана емес, өзіңнің де) қаша алатындай мүмкіндік беретін қанағаттанарлық тілектер қанағатсыздығын келтіреді.

Трансакциялық талдау тәжірибесіне сәйкес, клиенттің мәселесін шешудің бірінші қадамы оның бұған дейін өзін шынай емес, яғни ойнағаны туралы мойындағаны болып табылады. Келесі қадам - оны ойыннан бас тарту қажеттілігіне сендіру, әйтпесе, ол мәселе сонымен шешілмейтін болады. Бірақ мұнда жалғыз, бірақ өте маңызды күрделілік бар.

Басты мақсаты — клиентке өз ойындарын, өмірлік сценарийлерді, эго-жағдайларды сезінуге және қажетінше мінез-құлық пен өмір құрылымына қатысты жаңа шешімдерді қабылдауға көмектесу. Психологиялық көмектің мәні адамды мінез-құлықтың байланған бағдарламаларының орындауынан босату және оның тәуелсіз, спонтандық, толық бағалы жақындасуы. Қабілетті болуға көмектесу болып табылады.

Тұжырымдаманың жалпы түпкі ойы мен психологиялық көмек мақсаттарынан шыға отыра, психологтың негізгі мақсаты – қажетті көрегендікпен қамтамасыз ету. Бұдан оның бағдарларына деген талаптар шығады: серіктестік, клиентті қабылдау, мұғалім мен сарапшы бағдарларының үйлесуі. Трансакциялық талдаудағы жұмыс шарты контракттың қорытындысы болып табылады. Сондықтан психотерапия курсын өту шешімін қабылдайтын клиенттің бағдары жұмыс шарты мен қатынастардың сипаты туралы екі жақты келісімі тұжырымдалады. Клиентке жасырын қатысушының рөлі беріледі, ол өз мақсаттарын оларға жетудің бағалау критерийлерін көрсетіп қояды. Осындай екі жақты жұмыс нысаны тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетеді.

Трансакциялық талдаудың психотехникалары негізінен гештальт-терапиядан келген. Бірақ консультативтік және психотерапиялық үдеріс ортасында тұжырымдама мазмұнынан шығатын өзгеше тәсілдер бар.

Трансакциялық талдауды кең түрде танытқан негізгі ерекшеліктері — оның қол жетімділігі және тиімділігі. Аз уақытты психотерапиялық жұмысқа арналған трансакциялық талдау клиентке мінез-құлықтың сезілмейтін кестелері мен шаблондары шегінен шықпауға мүмкіндік ұсынады және басқа мінез-құлықтың когнитивтік құрылымдылығын қабылдап, оның ерікті, еркін түзетілуін алуға мүмкіндік жасайды.