Кіріспе 2 страница

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. К. Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары.

2. «Мен» тұжырымдамасының негізгі мақсаты.

3. Кеңес берушілік үдерістің кезеңдерін ата.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма «Класс», 2001. — 336 с.

2. Грановская Р. М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б. Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон - Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А. А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.57-61.

 

4 тақырып. Гештальт терапиясы.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Гештальт-терапияның негізгі ұғымдары мен ережелері.

3. Психологиялық көмектің мақсаты.

4. Гештальт-терапиядағы психолог пен клиенттің рөлі.

Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды.

Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» »қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік «қопаруларды» қате және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі бабалық естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін оқиғалар әсер етеді деп санады.

Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне деп те ауларылады, сондай-ақ құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Гештальтпсихология, гештальт-терапия сияқты, психология (әсіресе психотерапия) тұлғаның жеке бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады. Батыста гештальт-терапия кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды. Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана игеріп алады.

Негізгі ұғымддар:

Осында және қазір.«Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса.

Пішін және фон.Перлзтұтастай қабылдау мүмкіндігін,клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра,осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.

Ақыл-ойдың кеңеюі.Бұл терминпсихотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада.Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.

Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген».

Сезімдердің амбиваленттілігі.Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз.Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.

Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.

Қашқақтау— «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.

Жүйкенің төзу деңгейлері— Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуының бес қабатын алып тастау керек деген:

1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар, рөльдер;

2) қалыптар қабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен кездесуден қашуға тырысады;

3) «тұйық және ашыну» қабаты — өзіндік жеке шарасыздық күйзелісімен байланысты сәттер;

4) өзіндік «МЕН» оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады;

5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы «МЕНІНЕН» өмір сүріп әрекет ете бастайды.

Энергия және энергияның қоршалуы— психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.

Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.

Қызба орындық.Терапевтикалық топ мүшелері шеңбер болып орындыққа отырады. Топ мүшесінің бірі өз еркімен, ол әрине, тактикалық шамада терапевтпен «арандатылады», шеңбердің ортасындағы «қызба орындыққа» отырады және шынайы түрде өз мәселелері туралы айта бастайды, сондай-ақ басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Терапевт өз жұмысын осы адамнан бастайды, ал топ бұл жұмысқа қолдау ретінде және осы жеке тұлғаның белсенділігі үшін мейірбандылық жағдай тудырады. Мұндай қолдау арқылы жеке тұлға батылдық пен дербестікке ғана ие болмай, сонымен қатар басқа топ мүшелері өз мәселелерін жете ұғынуына және оның шешілуінің ұқсас жолдарын өзіндік белсендіру арқылы табуға жағдай туғызады.

Екі рөлі. «Қызба орындықта»отырғанклиентке қарам-қарсыбос орындық қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады. Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады, клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді жақсырақ түсіне бастайды.

Кері байланыс.Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай бастайтын айна тәрізді болып табылады.

Қазір мен ұғынамын...Бұл жаттығудың мәні– бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.

«Сараптау сұхбаты» техникасы («диссоцияланған сұхбат»), «бос орындық» деген атаумен де белгілі, клиенттің ішкі кикілжіндерін талқыға салуға арналған. Техника клиенттің екі полярлық бағдары арасында болатын психодраманы пайдалануға құрылған. Сұхбат клиенттің өзімен жүргізіледі, ол ілікпе сөздерді кезекпен алдымен бір психологиялық бағдар атынан, кейін екіншінің атынан айтады.

«Шеңбер бойынша жүру»— клиент (топтық жұмыста қолданылады) барлық қатысушыларды кезекпен аралап, оларға не бір нәрсені айтады, не олармен қимылдар жасайтын психотехниканы атайды. Топ мүшелері мұндайда жауап бере алады. Техника топ мүшелерінің белсендірілуі, оларды жаңа мінез-құлық тәуекеліне және өзінің ойларын білдіру еркіндігі үшін мадақтауға қолданылады.

«Керісінше» техникасы (“аударыспақ”)— клиент өзіне ұнамайтын мінез-құлыққа қарама-қарсы ойнайды. Техника клиенттің өзін жаңа мінез-құлықта қабылдауына және тәжірибенің жаңа құрылыстарының «МЕН»-де жинақталуына бағытталған.

«Сараптамалық асыра көрсету»— дене, вокалдық және басқа қимылдардың әсірелеу жолымен өзін-өзі тану үдерісінің дамуы — бұл әдетте кез келген мінез-құлыққа тиесілі сезімдерді күшейтеді. Техниканы қолдану ішкі қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді.

«Мен бұған жауаптымын»— психолог бұл тәсілді қолдана отыра, кей сезімдерді білдіру туралы өтінішпен немесе «мен де бұған жауаптымын» дегенді міндетті түрде қосып алу арқылы ой-пікірді білдірумен клиентке өтіне алады.

Сезінутехникасы.Клиенттерді өз дене тілін, өзіндік тынысын, дауыс пен эмоциялардың ерекшелігін сезінуге, сондай-ақ қандай да болсын миға байланған ойларға есеп бере алатындай әрекеттер жасауды сұрайды. Шын өмірдегі сезіну техникасы кей кездері фокальды сезіну деп аталатын шоғырлану техникасы болып табылады. Бұл техника арқылы клиенттер әрбір «қазірді» ойлауға және өзінің әрбір қажеттілігін, сондай-ақ олардың бір салаға қатысты сезімдері мен мінез-құлықтары басқа салаға қатысты сезім мен мінез-құлыққа байланысты екендігін сезінуге үйренеді.

Негізгі мақсаты — адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:

1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;

2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікті мадақтау;

3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және оларды жою.

Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы «гештальтқа», бірыңғай тұтастыққа интегралданған «катализатор», «көмекші» және «жаратушы» ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.

Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.

Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.

 

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Гештальттерапияның негізін қалаушы кім?

2. Гештальт сөзінің мағынасы.

3. Сезімдердің амбиваленттілігі дегенді қалай түсінесін?

4. Жүйкенің төзу деңгейлерін ата.

5. Гешталь – кеңес берушінің басты мақсаты.

Әдебиет:

1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

5. Осипова А.А.Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

6. Романин А.Н.Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.49-54.

 

5 тақырып. Когнитивтік психотерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Альберт Эллистің тиімді-эмотивтік терапиясы.

3. Аарона Бектің когнитивтік психотерапиясы.

4. У.Глассердің шынайы терапиясы.

Когнитивтік психотерапия эмоциональдық серпілістер мен психикалық бұзушылықтар бұрын пайда болған танылатын құрылыстар мен актуальдық танылатын үдерістермен жанамаланған сияқтықарастырылатын мінез-құлық психотерапияның дамуы болып табылады, басқаша айтқанда, мұнда аралық ауыстырылатынның орнына ой (когниция) жүреді.

Танылатын парадигма кеңес беру мен психотерапияда — тәжірибелік психологиядағы таза американдық бағыт. Олардың мінез-құлық пен эмоцияларға деген АКЦЕНТ пен Бихевиоризм мен гештальт-психологиясына реакциясы ретінде танылатын психология дамуымен байланысты, когнитивтік психотерапия негізінен психиканың танылатын құрылысына көңіл аударады және жеке тұлға, жеке тұлғалық құрылымдар, және тұтас логикалық қабілеттерге сүйенеді. Ең соңғы жылдары когнитивтік бағыт өзінде үш түрін біріктірді: А.Эллистің рационалды-эмотивтік терапия (РЭТ), А.Бектің когнитивтік терапиясы және Э.Бернның трансактілік талдауы.

РЭТ негізін қалаушы А. Эллис ортодоксальдық психоаналитик сияқты бастаған, содан кейін К.Хорни басшылығында оқыды. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында А.Эллис тәжірибешілік психологиядағы жаңа бағыттың негізін қалаған ережелер қатарын тұжырымдаған. А. Эллиспен жиі айтылатын сондай ережелердің бірі тарихшы Эпиктеттің нақыл сөзі болып табылады: “Адамдарға нәрселер емес, оларды қаншалықты көру көзқарасы бөгет жасайды”. А.Эллис тұжырымдамасында адам екі жағы бар белгілі күш-әлеуетпен туады: рациональды және рациональды емес; махаббат пен өсуге және бұзылу мен өзін-өзі кінәлауға ұмтылатын құрылымдық және бұзылған.

РЭТ-тегі маңызды ұғым «қақпан» болып табылады – дәлелсіз (жүйке төзғандық) қорқыныш, ашушаңдықты сезінетін барлық когнитивтік құбылыстар.

А.Эллис латын әліпбиінің алғашқы әріптерімен (А+В+С+D — теория) аталған жеке тұлғаның мінез-құлық актілерінің көп компонетті құрылысын ұсынды. Бұл теория тәжірибелік психологияда кең қолданысын тапты, себебі ол клиенттің өзіне күнделік жазбалары түрінде тиімді өз-өзін байқау мен өзін-өзі талдауына жағдай жасайды. Бұл А тұжырымдамалық кестеде – активтеген оқиға, В (belief) — оқиға туралы пікір, С (consequence) — оқиғаның салдары (эмоциональдық немесе мінез-құлық); D (dispating) — оқиғаға деген кейінгі серпіліс (ойлау өңделуі нәтижесінде); Е (effect) — аяқтайтын құнды пайымдау (құрылымдық немесе бұзылған).

Жалпы РЭТ психологиялық келесі алғышарттары бар:

1) өз мәселелеріне жеке жауапкершіліктің мойындалуы;

2) бұл мәселелерге табанды әсер ету мүмкіндігінің бары туралы идеяны қабылдау;

3) эмоциональды мәселелер рациональды емес түсініктерден шығатынын мойындау;

4) осы түсініктердің табылуы (сезінуі);

5) сол түсініктерді талқылаудың пайдалылығын мойындау;

6) өзінің ұқсас көзқарастарының конфронтациясына күш салуға келісу;

7) РЭТ-ті қолдануға келісім.

Басты мақсаты — пікірлер, нормалар мен түсініктер жүйелерін қайта қарауға көмек. Жеке мақсаты — өзін-өзі кінәлаудан босау. Осы тұжырымдамамен жұмыс жасайтын психолог-кеңес беруші немесе психотерапевттің бағдары директивті. Ол түсіндіреді, сендіреді, ол — олардың нақсыздығы мен еріксіздігіне нұсқай отыра, қате пікірлерді жоққа шығаратын беделді болып табылады. Клиентке оқушының рөлі беріледі, және сәйкесінше, оның табыстары оқушының рөлімен мотивациясы мен сәйкестендірумен байланысты түсіндіріледі. Клиент көрегендіктің үш деңгейінен өтеді деп жорамалданады: үстіңгі (мәселені сезіну), тереңдетілген (өзіндік түсіндірулердің танылуы) және терең (мотивацияның өзгеру деңгейінде).

РЭТ-ке жақын А.Бектің когнитивтік психотерапиясы болып табылады, онда ең басты эмоционалдық бұзуларға көңіл бөлінеді. Эмоционалдық бұзылу А.Бекпен ең алдымен танылатын бұзылу ретінде түсіндіріледі. Психотерапия процедурасы психологпен қатынас жасауды арнайы ұйымдастырудан тұрады, онда: «Егер...., сен неден айырыласың?» немесе «Сен білесің бе ..... тырысуға нәтижесіз...». Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі сынау деңгейі, баламалық шешімдер мен әрекет ету тәсілдерін шығару қарастырылуда.

Рационалдық-эмоционалдық психотерапия тәрізді, когнитивтік психотерапия объект не оқиғаны сезіну ойлау арқылы жүзеге асады, және тек сол көмекші түйінді түсінген кезде ғана жеке тұлғаның серпілісін, ең алдымен эмоциональды және мінез-құлық аспектілерін түсінуге болатынынан шығады. Қоршаған орта мен жеке тұлғаның өзара әрекеттесу кестесі S->O->R (түрткі — ең алдымен қабылданғанның когнитивтік өңделуі кіретін О аралық ауысу серпілісімен болады) түрінде айқындалады. Когнитивтік психотерапия нейрофизиологиялық бұзылулар кезеңінің алдындағы психологиялық бұзылулар ойлау аберрациясымен байланысты. Бек ойлау аберрациясын объекті мен жағдаятты көруін жоятын ақпараттың когнитивтік қайта өңдеу сатысындағы (белгілеу, сұрыптау, шоғырлану, түсіндіру) бұзылулар деп түсінген. Бұзылған танулар (когницийлер) жалған түсініктер мен өзіндік белгілердің, демек сәйкес емес эмоциональдық сірпілістердің себебі болып табылады. Сондықтан К.п. мақсаты сәйкес емес когницияларды түзету. К.п. өмірлік міндеттерді оң жолымен шешуде және олардың шешілуінің мәселелі салаларға топтап қорытуындағы науқас тәжірибесін максимальды түрде қолдану неғұрлым қажет болып саналады. Бек когнитивтік психотерапевт жүргізетін жұмысты музыкалық аспапта ойнау кезінде қөзғалмалы стереотиптің түзетуімен салыстырды.

Ақпараттың сәйкессіз өңдеу ережелерін сезіну және оларды дұрысына ауыстыруК.п. басты міндеттері. Ол адамдарға неғұрлым өзін-өзі байқау және өз ойларын талдай білу қабілетімен көрсетілді. Психотерапевт пен науқас арасындағы өзара серіктестікке жақын екі жақты қарым-қатынасын айтады. Науқас және психотерапевт ең басында психотерапия мақсаты (түзетуге жататын орталық мәселе), оған жету құралдары, емделудің мүмкін болатын ұзақтығына қатысты келісімге келу керек. Психотерапия сәтті болу үшін, науқас жалпылай К.п. эмоциялардың ойлауға тәуелділігі туралы базистік деңгейді қабылдау керек: «Егер біз сезімдерді өзгерткіміз келсе, оларды тудырған идеяларды өзгерту керек». Қатынастың орнауы науқас ауруының біртіндеп К.п. бағдарына ауысатын сырқаты туралы психотерапевтттің бірнеше түсініктерін қабылдаудан басталуы мүмкін. Психотерапевттің артынан білмей жүру және жоғары скептицизм – алдағы болатын емдеуге теріс қарым-қатынастың полюсі. Сондықтан орталыққа осындай бағдарларды келтіру – психотерапия сәттілігінің кепілі.

1960 жж. У.Глассермен жасалған шынайылылық терапия бастапқыдан жас құқық бұзушы әйел адамдармен психологиялық түзету жұмысына арналған болатын. У Глассер мінез-құлықтары ауытқыған қыз балаларға арналған мектепте жұмыс істеп, өз тұжырымдамасын әзірлеген, оның негізгі тағайындалуы — шынайы көріністегі ақиқат контекстінде, жауапты және шынайы мінез-құлыққа оқыту.

У.Глассердің шынайы терапиясы адамның өзіндік шешімдерімен мінез-құлқын негіздеуден сондай-ақ психодинамикалық көзқарастың кейбір бағдарларынан шығады. У.Глассердің ойынша адам — негізгі психологиялық қажеттіліктері бар өз-өзінен детерминаланған тіршілік иесі. Адам — өз өмірінің субъектісі, ол өз-өзіне жасайтын әлемнің субъектісі.