Глоссарий

ІІІ СЫН-ПІКІР БЕРУШІ

Ф.ғ.к., аға оқытушы ________ Нұрғалиев Н.А.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні

 

« __ » ____________ 20__ ж.

 

 

ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.

 

Ү АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20______ж.

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл

 

Сабақ №1 Саясаттану пәні, әдіс-тәсілдері мен қызметтері

Семинар сабағының жоспары:

1. Саясаттану пәні, әдістері мен қызметтері. Әлеуметтік–гуманитарлық ғылымдар

жүйесіндегі саясаттанудың алатын орны.

2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

3. Саясаттың шығу тегі мен табиғаты, оның қоғамдық өмірдің өзге де салаларымен

байланысы.

 

Сабақтың мақсаты: Саясаттану пәнінің зерттеу нысаны не екенін, саяссаттанудың әдіс-тәсілдері мен қызметтерінің, саясаттану заңдары мен категорияларының мәнін аңықтау.

Бақылау сұрақтары

1. Саясат деген не және ол қашан пайда болды?

2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма?

3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?

4. Саясаттың қызметтеріне не жатады?

5. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде?

6. Теориялық және қолданбалық саясаттанудың ара қатынасы қандай?

7. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?

8. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруды, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге саясаттанудың әсері қандай?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
Бейсаясаттық азаматтардың, халықтық бір бөлігінің саясатқа саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы ол қоғамдық – саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
Бихевиоризм жеке адамдар мен топтардың іс - әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс - әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
Биосаясат саясатты зерттеуде биологиялық ұғымдар мен тәсілдерді пайдалануға бағытталған концепция.
Геосаясат сыртқы саясатты географиялық факторларға ( аумағына, ауа – райына, қазба байлықтарына) байланысты жүргізетін саясат.
Диверсификация мәселенің әр – түрлі, жан – жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көптүрлілігі.
Күш қолданбау саясаты саяси әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық. Оны жақтаушылар, өз жұмысында адамгершілік, жалпыхалықтық принциптерді басшылыққа алады.
Мораторий ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
Парадигма жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар, өз пікірін, көзқарасын салыстырып дәлелдеу үшін тарихтан алынған мақсат ретінде де қолданылады.
Саясат өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға,оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің, мекемелердің қызметі.
Саясаттану саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынасы туралы ғылым.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Қазіргі қоғамдағы саяси ғылымның мәні неде?

Басқа қоғамдық ғылымдардан саясаттану ғылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қалай сипатталады?

Реферат тақырыптары:

1. Саяси ғылымдар генезисі.

2. Жеке маман тұлғасын қалыптастырудағы саясаттану ғылымының маңызы, қазіргі қоғамдағы саясаттану ролінің артуы.

3. Саясат ғылым және өнер ретінде.

4. Саясаттың әр түрлі тұжырымдамалары мен анықтамалары.

5. Саясат және экономика.

6. Саясат және мәдениет.

7. Саясат және психология.

8. Саясаттағы білім және интуиция.

9. Саясат және адамгершілік.