КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда.

Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе.

Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - бағдарлама қолданушының зейнетақы туралы мәлімет алуына мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама зейнетақы қорының қызметкерлерінің жұмысын неғұрлым жеңілдете түседі. Себебі, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес үш тілде құрастырылған. Бағдарламаның жеңілдіктері жоғарыда аталғандай үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жасалған. Бұл бағдарламады барлық ЕНПФ туралы мәліметтер көрсетілген.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады және 27 суреттен тұрады.

Негізгі бөлімінде жинақтаушы зейнетақы қорының мүмкіндіктерін талдау мен болжау және өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген.

Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.


1 Есептің қойылымы

1.1 Қазіргі кездегі зейнетақы қоры

Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жо- ғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және тағы басқа себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды, себебі зейнетақы – бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады.

Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:

1. еңбек зейнетақылары;

2. әлеуметтік зейнетақылар.

Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақысын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен анықталады.

Еңбек зейнетақылары өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:

¾ жасына байланысты зейнетақылар;

¾ мүгедектігі бойынша зейнетақылар ;

¾ еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;

¾ асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді. Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің реформалардың алғы шарттары:

¾ 1991 жылғы 15 маусымда тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның зейнетақы туралы алғашқы заң «Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты- зейнетақылардың мөлшерін жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен қатар зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есебінен қаржыландыруды ұйымдастыру табылады.

¾ ҚР зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі кезең болып 1994 жылы «1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы» заңды қабылдау нәтижесінде жүйеде біршама өзгерістер енгізілді: жасына байланысты зейнетақылар жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өзімен қаржыландырылатын болды. Адамның еңбекке қабілеттігінің жоғалтуымен байланысты жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен тиісті жәрдемақы түрінде төленетін болып қалды.

¾ Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап,«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы» өз күшіне енді.Зейнетақы көлемі еңбекақының 50 пайызы есебінен белгіленді және соңғы жұмыс істеген он жылының 5 жылғы жұмыс өтіліне және еңбекақысына байланысты болды. Зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.

Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :

¾ Ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ); Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген .

¾ Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру);

1. Ортақ жүйе элементтері: базалық зейнетақы (яғни,еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді); еңбек стажы (еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға төленеді).

2. Жинақтаушы жүйе элементтері: міндетті жарналар (ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар) және ерікті жарналар(ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат). (Міндетті және ерікті зейнетақы туралы төмендегі 1-сызбадан көруге болады.)

ҚР Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келесідей қарастыруға болады:

Ортақ жүйенің артықшылықтары:

¾ зейнетақыны мемлекет төлейді;

¾ кірісі аз адамдардың тұрақтылығы.

Ортақ жүйенің кемшіліктері:

¾ зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу;

¾ демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді);

¾ зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің артықшылықтары:

¾ салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі;

¾ МЗЖ мемлекет кепілдігі жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру;

¾ нвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту;

¾ мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесініңкемшіліктері:

¾инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы;

¾ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ;

¾МЗЖ сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі.

Зейнетақы мөлшердің өзгерістері.

Жалпы ең төменгі зейнетақы мөлшерін 2010-2013 жылдар аралығында салыстырғанда, айтарлықтай көп мөлшерде өскенін көре аламыз.

Егер 2010 жылы ең төменгі зейнетақы қоры 18325 мың тг құраса, 2013жылы бұл сома 28396 мың тг құрап, 10071 мың теңгеге өскені байқалып тұр. Қорыта келе,14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы – 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғары зейнетақы – 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.

Зейнетақы жүйесінің жас ерекшеліктері бойынша өзгеріс болуы:

¾ 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.

¾ 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер – 61 жасында, әйелдер – 55 жасында;

¾ 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62 жасында, әйелдер – 57 жасында;

¾ 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62,5 жасында, әйелдер – 57,5 жасында; 2001 жылдан бастап ерлер – 63 жасында, әйелдер – 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.

Қазіргі таңда зейнетақы реформасына өзгерістер енгізу жөнінде бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның ішінде басты жаңалық ол әйелдердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа дейін ұзарту жөніндегі ұсыныстар болып отыр. Қазіргі таңда бұл зейнетақы реформасын жүргізудің екі нұсқасы әзірленіп талқылану үстінде. Бірінші нұсқа бойынша зейнетақы реформасын 2014 жылы бастап 2023 жылы аяқтау жоспарланса, екінші нұсқа бойынша 2018 жылмен 2027 жыл аралығында жүзеге асыру қарастырылады. Жаңа заң жобасында әйелдердің 55 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылған, ол үшін олардың жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде қазіргі жағдайды ескергенде 3 млн. теңгеден астам салымы болуы шарт, ал бұл сома мөлшері жыл санап өзгеріп отыратындығы мәлім. 1-кесте. Әйелдердің зейнетке шығу жасы бойынша болжамды нұсқалар І-нұсқасы бойынша ІІ-нұсқасы бойынша Жылдар: Әйел адамдардың зейнетке шығу тәртіптері: Жылдар: 2014жыл 58 жас 6 ай 2018 жыл 2015 жыл 59 жас 2019 жыл 2016 жыл 59 жас 6 ай 2020 жыл 2017 жыл 60 жас 2021 жыл 2018 жыл 60 жас 6 ай 2022 жыл 2019 жыл 61 жас 2023 жыл 2020 жыл 61 жас 6 ай 2024 жыл 2021 жыл 62 жас 2025 жыл 2022 жыл 62 жас 6 ай 2026 жыл 2023 жыл 63 жас 2027 жыл Бүгінгі күні ҚР Парламентіне жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалдық базасын дамытуды көздейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары енгізілді.Енгізілетін өзгерістер жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың зейнетақы шоттарын есепке алу және олардың зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі функцияларын бөлуді көздейді. Салышылардың зейнетақы шоттарын басқаруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылатын болады. Оның міндетіне мыналар кіреді: - салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті түрде есепке алу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың жағдайларына (кетуі, зейнет жасына жетуі, қайтыс болуы және т.б.) байланысты уақытылы өзгерістер енгізу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін, зейнетақы төлемдерін инвестициялау және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; - зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына мониторинг жүргізу. Зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Заң жобасындаҚР Президентінің жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ айырмашылықтары: БЖЗҚ құру. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы «МЖЗҚ» АҚ базасында акционерлік қоғам нысанында құрылатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері болады. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады, және де азаматтардың өздерінің таңдауы бойынша ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтайды.

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру

Зейнетақы – жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігінің табысының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Халықтың ақшалай табыстарының дәрежесі халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды әлеуметтік индикаторы саналады.Ақшалай кірістердің негізгі көзі ретінде еңбек табысы көбірек орын алады, ол жалпы табыстар көлемінің66%-ын құрайды; жәрдемақының салыстырмалы салмағы 4,5%-ды құраса, мекендік әлеуметтік және тұрғындық көмектер -1,2%, стипендиялар – 0,1%-ды құраған.Осы тұрғысынан алғанда, көрсетілген мәлімет халықтың ақшалай табыстарының жалпы құрылымындағы 16,7%-ын зейнетақы құрайтынын айғақтайды.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 10-ға тарта лицензияланған жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. 2005 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 33-ші бабында көрсетілгендей жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративті болып бөлінді. Зейнетақы бекітілген заңдылық ретімен әлеуметтік қорғаудың және басқа да қайнар көздерінің белгілі категория тұлғаларына берілетін үздіксіз ақшалай төлем ретінде танимыз. Қазақстанда бекітілген зейнеткерлік жас Еуропа және Америка елдерінен әлде қайда төмен.Мысалы: Германия, АҚШ, Англияи, Австрия, Польшадағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы 65 жасты, Норвегия мен Данияда 67 жасты құрайды. Зейнеткерлік жасты анықтайтын факторлардың бірі орташа өмір сүру ұзақтығы болып табылады.

Біздің елде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 60-64 жас, ал әйелдердің 70-73 жасты құрайды. Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші шетел мемлекеттеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Зейнеткерлер саны және олардың қамтамасыздандыруға мемлекет шығындарының көлемі барған сайын өсуде. 2008жылы елімізде халықтың 17%зейнетақы алатын еді, ал 2009 жылдың1-қаңтарында Республика бойынша зейнеткерлер саны 2771 мың адамды, яғни жалпы халық санының 17,3% және зейнетақының орташа мөлшері 32830 теңгені құрайды.Зейнетақымен қамсыздандыруға шығын2006жылы – 9,5 млн. теңге, 2007 жылы-78 млн. теңге, 2008 жылы – 1,3 млрд.теңге, 2009 жылы - 20 млрд. теңге болды. Көптеген дерек көздерінде дағдарыс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін шетте қалдырмады деп айтылып жатады.

Жалпылай алғанда, ол бірнеше бағытта қамтылды- зейнетақы қорының шектілігі және оған мемлекеттік бюджеттен құралдардың түсуі және зейнетақылықсақтандыру салымдарының нашар жиналуы салдарынан зейнеткерлерге зейнетақыны төлемеуіне әкеліп соқтырды. Осы аса маңызды механизмдер мәселесі, тіпті халықтың жағдайы үшін де өте маңызды құрылым проблемасы тек бір ғана „дағдарыстың әсері ғой“ деген сылтаумен көрініс тауып отыра берді. Жақсы, дағдарыстың әсері ғой“ деген сылтаудың көрінісі 2008 жылдың 1-ші тоқсанында көптеген облыстармен зейнетақы қорына сақтандыру салымдарынан түсім жоспары орындалмауына, зейнетақы қорына сақтандыру салымшыларының қарызы 2008жылдың 1-ші сәуірінде -57,5 млрд. теңге, зейнетақы төлеудегі қарыз-33,2 млрд. теңге болды. Осы тұста-кез-келген жүйе, мейлі ол экономика, мейлі ол халықаралық ынтымақтастық болсын оның кішігірім кемшіліктері болады. Жалпы зейнетақы қорының да қазіргі таңда кемшілітері мүлде жоқ деп айтуға да болмайды.

Олардың қатарына мыналарды жатқызсақ болады: зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу, демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пензейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді), зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі, ендігі кезекте жинақтаушы зейнетақы жүйесінің де кемшілітерін атап өтсек: нвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы, ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ,мзж сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі. Жалпы Республикамыздағы зейнетақы жүйесінің дамуы, оны жан-жақты, түпкілікті жетілдіру туралы сөз болғанда- ең алдымен осы кемшіліктер жиыны алға қойылу керек деп ойлаймын. Ал 2013 жылдың бас шенінде барлық зейнетақы жүйесін бір жүйеге келтіру, яғни біртектендіру жұмыстары бастау алды. Оның іске асуына 6 ай уақыт берілді, қазіргі таңда өте күрделі аударымдар іске асуда. Бәлкім, оның бірігуі зейнетақы қорының үлкен алға басуына әкелер, алайда онға жуық зейнетақы қорланында жұмыс жасап отырғандардың жағдай не болмақ?! Осындай жағдайлар уақыт алға баспай тұрып өз жауабын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Жуырда әйелдер үшін зейнеткерлік жастың 63 жасқа дейін көтерілу мүмкін болатындығы да айтылып жатыр. Бес баланы дүниеге әкелген аналар 50 жасында зейнеткерлікке шығады деп тағы да айтылып өтті. Десек те осы міселелерді толық қанды шешіп алмай,зейнетақы жүйесінің жетілдіру қиынға соғары да анық.

Әрбір зейнетақыны тағайындау жүйесінде белгілі бір шарттар көзделеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы бұрынғы істеген жалақы көлемінен (олардың арасындағы қатынас табысты ауыстыру деп атайды) зейнетақы көлемін белгілеу болып табылады.Негізінен, зейнетақының көлемі мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктеріне қарай, зейнетақы көлемі күнкөріс минимумын және олардың белсенді еңбек қызметі уақытына сәйкес қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (әрі қарай ЕХӘҚМ) ұсынысына сәйкес зейнетақы деңгейі 2 жолмен: жалақысына қатысты зейнетақы көлемін анықтау және біріңғай мөлшерлеме бойынша анықталады. Қазақстандағы ынтымақтастық жүйе бірінші жолмен құрылған, бір уақытта табыс деңгейінің мөлшеріне шектеу қоймайды.Елде зейнетақы тағайындаудың келесі шарттары заңды анықталған:зейнетақы жасы (58/63 жас, жеңілдіктерді пайдаланушылардан басқа);қажетті стаж (20/20 жыл); зейнетақы тағайындау үшін табыс көлемі, орташа айлық табысына қарай жұмыстағы үзілісіне қарамастан қатарынан әрбір 3 жыл жұмысына 1995 жылдың 1 – ші қаңтарынан (15 АЕК аспайтын);зейнетақы көлемі орташа айлық табысы есебінен 60 % болуы қажет. Ол үшін зейнетақының көлемі әрбір істелінген жылға қажетті стаждан жоғары 1 % - ға жоғарылайды,бірақ зейнетақыны есептеуге арналған табыстан 75% аспауы қажет. Жоғарыда аталған шарттар негізі тым қатты деп айтатындар бар ма? Жақсы, осы шарттар бар және осылай қалады делік. Шарттар сақталды, алайда осы зейнетақы аударымдары дұрыс, оңтайлы пайда ікелетін зейнетақы қорына жинақталып жатыр ма? Оның кепілі, қарапайым халыққа, не болмақ? Деген сияқты сұрақтар ширегіне кім жауап катпақ. Уақыт алға басқан сайын-зейнеткерлік жас та өсіп келеді. Дұрыс-ақ, алайда, «жастардың жұмыспен қамтылуы», «жас мамандарды даярлау» секілді енді-енді жанданып келе жатқан өзекті мәселелер өз шешімін оңтайлы ете ала ма? Ол тез іске аса ала ма?...Басқа жағынан алып қарайық, жасы 27 келген азамат жоғары оқу орнын бітірген делік, жұмысқа орналасуға келеді, оның мамандығы бойынша жасы 67-гі азамат жұмыс жасап отыр. Жұмыс табу оңтайлы шешім таппағаннан соң, ол жалдамалы жұмысқа орналасуға тура келеді, бәлкім бұл мысал алыстап кеткен де болар, бырақ мұндай мысалдар негізінің тікелей қатыстылығын ешкім қайтара алмайды. Сонымен қатар, тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен жеткілікті қамтылмауы; ерікті зейнетақы жинақтарының үлес салмағы төмендігі; зейнетақы жинақтарын инвестициялаудың тиімсіздігі; қарттық келіп жеткенде зейнетақы төлемдерінің лайықты өмір сүру үшін жеткіліксіздігі деген сияқты мәселелер жиыны да бізге таңсық емес.

«Өткен күн, кеше – тарих, келер күн, ертең – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый» деген данагөй Қорқыт бабамыздың нақыл сөзі бар. Ертеңгі күнге батыл қадам жасау үшін бүгінгі күннің маңызын бағалау қажет. Сондықтан да әрбір адамөз болашағын мәнді түрде көргісі келе­тіндігін мойындау қажет. Бұл – қалыпты жағдай.Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» дей отырып, Сондықтан жұмыс жасап жүріп, келешігіңе зейнетақы қоры арқылы қор сақтау үлкен прогресс деп түсінуміз керек.

Қазіргі кездегі зейнетақылық жинақтау жүйесінің дамуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін керек қаржылық құрал проблемасы қиындығы жағынан алда тұр. Осы уақытта елдің экономикасы «ұзақ» ресурстарды қажет етеді. Осыған байланысты ағымды жылда қаржылық құралдар тапшылығын шешуге арналған бір бірімен байланысты екі бағдарлама- бірі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қор нарығының орта қарқынды даму бағдарламаларының мәнінде жатыр. ҚР-ның зейнетақы жүйесін жетілдіру-қазіргінің, бүгінгі таңның басты талабы болып отыр.Ол үшін мынадай алғышарттарды қатайта түссе оң болар еді:нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу есебі мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру; дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау; республикадағы зейнетақы қорлары есебінің қызмет тиімділігін арттырудың маңыздылығын анықтау; шетел тәжірибелерін талдай отырып, Қазақстандық зейнетақымен қамсыздандыру моделінің құрылу ерекшеліктері; жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінің экономикалық коэфициенттер көмегімен қаржылық талдау әдістерін талдау. Осы маңызды мақсаттарды басты орынға қойғанда - қазіргі кездің басты талабы өзінің нақты оң шешімін табатынына сенеміз.

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсызданды­руға құқықтары Конституцияда бекітілген.

Қазақстан қоғамдық қатынастар өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыздандыру моделін таңдауды жүзеге асырды. Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру және халықаралық институттардың ұсы­ным­дарын есепке ала отырып жасалды.

Чили тәжірибесіне негізделген қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу скандинавиялық (Швеция, Дания, Норвегия) модельге үйлеседі. Сақтандырудың болуы және тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі консервативтік-корпоративтік (Германия, Франция, Италия) және либералды (АҚШ, Канада, Ұлыбритания) модельдерге сәйкес келеді. Әлеуметтік саясаттың эконо­микалық өсуге тәуелді болуы Шығыс Азия моделінің (80 жж.-ға дейінгі Жапония, Оңтүстік Корея) үлгісінде жүзеге асырылады.

Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады.

Зейнетақы реформасы капитал рыногын жеке­шелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономика­лық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды.

Реформаның ұзақ мерзімді мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден тұрады. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарының шеңберінде жүргізілген Дүниежүзілік банктің актуарлық есептеулері бойынша аталған транзит 2043 жылға қарай аяқталады деп болжануда. Сол уақытта зейнеткерлер зейнетақыны толықтай капитал рыногында инвестицияланатын міндетті дербес жинақтау шоттарындағы жинақтардың есебінен алуға тиіс.

Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және норма­тивтікқұқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Са­лым­шылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеуші­лердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп). Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. Теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтарысомасының 96 %-ы. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кездемемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамастан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге (29 шарттан 6,5 мың шартқа дейін), зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге (32 млн. теңгеден 15,8 млрд. теңгеге дейін) өсті.

2008 жылы басталған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын ескерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды. Осындай дағдарысқа қарсы шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығар кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды.

Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн. 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы – 42,8%, 2001 жылы – 34,2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%-дық өсірулерді ескере­тін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1 %-ды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді. Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін 35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін 52226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнет­ақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі, шынайылығына(зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Эконо­микалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйе­сінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ете­тін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнет­ақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зей­нетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынты­мақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетілдіру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің басты бағыты болып табылады.

Қазақстан Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ның аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіменқамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтыл­ғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстан­дықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған. Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1,0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан 10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22,2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады.

Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық проблемаларын шешу құнды қағаздар рыногының жай-күйімен тікелей байланысты, себебі салынған зейнетақы активтерінен инвестициялық табыс алу портфельдік инвестициялар шеңберінде ғана мүмкін және орынды болады. Биылғы жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық құралдар құрылымы бойынша және инвестициялық қатерлер деңгейі бойынша ерекшеленетін бірнеше инвестициялық портфель­дерді (консервативтік, біркелкі) қалыптастыратын болады. Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қоры­ның әрбір салымшысына (алушысына) зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше таңдау құқығы беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту аяқтал­ғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.

Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабель­дігіне тікелей әсер ететінтыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүрудеңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да береді.

 

 

1.3 Бағдарламаны құруға негіздеме

 

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Республика жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жылдық жүргізілген операцияларды талдау және бағдарламалық қамтамасын құрастыру. Бұл бағдарлама қолданушының зейнетақы туралы мәлімет алуына мүнкіндік береді. Бұл бағдарлама зейнетақы қорының (ЕНПФ) қызметкерлерінің жұмысын неғұрлым жеңілдете түседі. Себебі, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес үш тілде құрастырылған. Бағдарламаның жеңілдіктері жоғарыда аталғандай үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жасалған. Бұл бағдарламады барлық ЕНПФ туралы мәліметтер көрсетілген.

 

 

Сурет 1.1. Қазақстанның зейнетақы жүйесі

1.4 Бағдарламаны құрастыруға қажетті кірістік мәліметтер

 

Бағдарламаны құру үшін ең алдымен зейнетақы қоры (ЖЗҚ) орталығына бардым. Ол жерде: қор туралы, салымшыларға арналған ақпарат сақталады екен. Атап айтқанда:

- Қор туралы;

- Басқарма төрайымының блогы;

- Салымшыларға арналған ақпарат;

- Интернет үзінді көшірме;

- ЗА бойынша инвеститциялық қоржын;

- Баспасөз орталықтарының жаңалықтары;

- Қордың негізгі көрсеткіштері;

- Сұрақ-жауап;

- Бейне роликтер;

- Қордың байланыс көздері;

- Мемлекеттік сатып алулар;

Зейнетақы қорының құжат айналымын Delphi программасы арқылы дамыту. Зейнетақы қорының құжат айналымын зерттей келе зейнетақы қорының жұмысын автоматтандыру үшін осы бағдарлама құрылды.


2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау