Жалпы талаптар

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бөлімінің мазмұны бітіру жұмысының негізгі тақырыбына сәйкес болу керек және төмендегілерден тұрады:

1. Кәсіпорынның табиғатты қорғау жұмысын бағалау.

2. Зиянды және қауіпті факторлардың пайда болуы және олардың өндіріс персоналына әсері тұрғысынан технологиялық құрылғыларды пайдалануда еңбек жағдайын талдау. Талдау жасауда бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес келетін нақты материалдар мен нормативті деректер қарастырылуы қажет.

3. Кәсіпорынның жерсілкінісі, өрт-жарылыс қауіпсіздігі және электр тоғынан зақымдалу қаупі бойынша классификациясы.

4. Еңбек пен қоршаған ортаны қорғаудағы, төтенше жағдайдың алдын алу және жоюдағы әр түрлі сұрақтарын стандарттарға, ережелерге және басқа да нормативті құжаттарға, техникалық әдебиеттерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отыра техникалық шешу.

Есептерде сызбалар, графиктер және схемалар көрсетілуі қажет. Мысал ретіндегі көрсетілген есептер2.1-2.5. тарауында келтірілген.

Нақты шешімдерді ережелер, шаралар, міндеттер және тыйымдармен ауыстырып жазуға болмайды, яғни қандай нақты шешімдер қолданғанын көрсету керек.

Бөлімнің жалпы көлемі машинамен жазуда 10 параққа дейін болуы керек (ЖЭҚ және КЖЭ студенттері үшін 15 параққа дейін) және ол экономика бөлімінің алдында орналасады.

Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша бітіру жұмысындаға сұрақтар жасалмаса немесе толық жасалмаса қорғауға жіберілмейді.

Бөлім бойынша жұмысқа тапсырма алу үшін студенттер «Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының оқытушы-консультантына бітіру жұмысының тақырыбы нақты бекітілгеннен кейін бір аптаның ішінде келуі керек.

Есептеулер санын бітіру жұмысының тақырыбы және мамандықтары бойынша консультант (оқытушы) береді.

Бітіру жұмысындағы тапсырманың түсініктеме жазбасы көрсетілген бастапқы (титуль) парағында және санитарлы-қорғаныс зонасы, өртке қарсы жарылыс көлемі және т.б. көрсетілген өндірістік бөлмелер мен ғимараттардың роза желдері ескертіліп орналасуындағы басты жоспарда (ген.план) консультанттың қолы қойылады.

 

 

2. Бітіру жұмысының (есептеулердің) мысалдық тақырыптары

2.1 Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және қызмет көрсетуші персоналдың еңбек ету жағдайын жақсарту

1. Өндіріс бөлмесін, жұмыс орнын эстетика және түс бойынша безендіру.

2. Өндіріс бөлмелерінде пайда болатын шу және дірілді азайту бойынша шаралар қолдану.

3. Технологиялық құрылғылардағы (дыбыс оқшаулаушы беттің материалы мен кострукциясын таңдау, қалыңдығын есептеу, қоршау өлшемдері) шу мен дірілді азайту.

4. Өндіріс бөлмесіне қойылатын санитарлық және өртке қарсы нормаларды және құрылғыда қызмет көрсететудегі қауіпсіздік талаптарын ескере отыра жұмыс орнына жоспарлау жасау.

5. Өндіріс бөлмесінде және жұмыс орнындағы жарықтану жүйесін таңдау, бөлменің табиғи және жасанды жарықтануын есептеу.

6. Ауа алмасу (вентиляция) жүйесінің құрылғысы және есебі.

7. Ауаны кондиционерлеу жүйесінің құрылғысы және есебі.

8. Цехтардың, бөлімнің апатты жарықтануын жасау (қоректену көзін, шамдарды, жарық түрлерін және т.б. ларды таңдау).

9. Өңделетін бұйымды, аспапты, аппарат және құрылғыларды эстетикалық безендіру.

10. Жобаланған қондырғыда қызмет көрсететін адамға әсер ететін физикалық және психологиялық жүктемені бағалау.

 

2.2 Электр қауіпсіздігі

1. Цехта орналасқан электр қондырғыларындағы қорғаныстық жерге қосу құрылғысы (нөлдеу) және оның есептелуі.

2. Электр құрылғысындағы қорғаныстық ажыратуға, электр қауіпсіздігін және торап параметрлерін ескере отыра, есеп жүргізу және таңдау.

3. Құрылғыдағы оқшауланбаған тоқ жүретін бөлікке жанасып тиіп кетпеуді қамтамасыз ететін шараларды жасау.

4. Мазут құю барысында, цистернаны жерге қосудағы тоқ жүретін жалғанудың кедергісін есептеу.

5. Жобаланған қондырғы орнатылған бөлмеге, электр тоғына түсіп қалмау қаупі негізінде, сипаттама беру.

6. Нақты құрылғыны алғанда, бейтарабы жерге қосылған (оқшауланған) торапта адамның бір фазалы кернеу астына түсіп қалған адам арқылы өтетін тоқтың шамасына есеп жүргізу. Оның алдын алу шараларын жасау.

7. Нақты құрылғыны алғанда, бейтарабы жерге қосылған (оқшауланған) торапта адамның екі фазалы кернеу астына түсіп қалған адам арқылы өтетін тоқтың шамасына есеп жүргізу. Оның алдын алу шараларын жасау.

2.3 Технологиялық процесстермен қондырғыларда қызмет көрсетудегі қауіпсіздік

 

1. Зиянды газ, бу және шаңдардан тұратын ауаны тазалау және жоюды қамтамасыз ететін құрылғыны жасау.

2. Өндіріс бөлмесін жинау механизациясы, соның ішінде сыртқы әйнектерді тазалау (жұу) бойынша жүргізілетін шаралар.

3. Құрылғының қауіпті зонасын блокировка жасайтын қоршауды таңдау және есептеу.

4. Тормоздық, блокировка және біріктіру құрылғылары жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету.

5. Қауіпсіздік құрылғыларымен аспаптарын (сақтандыру клапандары, жүк көтеру және жылжу шектегіштері) жасау.

6. Өндіріс бөлмесіндегі шаңдануды төмендету бойынша шаралар жасау (технологиялық процессті, құрылғы герметизациясын жақсарту, шаңды сумен басу және т.б.).

7. Жобаланған құрылғыда жұмыс істеу барысында қауіпсіз зона шегарасын анықтау және қамтамасыз ету.

8. Өңделген технологиялық процессті жұмыс жағдайы және еңбек өнімділігі бойынша бағалау.

9. Жобаланған объектіде монтаждау және құрастырып жинау жұмыстарын жасауда қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету бойынша шараларды таңдау және негіздеу.

10. Технологиялық процессті және өндіріс құрылғыларын қауіпсіз түрде пайдалану бойынша экспертиза жүргізу.

 

2.4 Төтенше жағдайдың алдын алу, оны жою және профилактика жұмыстарын жүргізу

1. Жылу, энергиямен қамтамасыз ету жүйесінде және өрттен пайда болған апатты жағдайларда құтқару және шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу және халықты қорғаудың әдістері.

2. Өрттің пайда болу көздерін талдау және өртке қарсы техниканы тиімді таңдау.

3. Кәсіпорынның өрт қауіпсіздігі бойынша категориясын және бөлменің өрт жарылыс қауіпсіздігі бойынша классын анықтау.

4. Өртке қарсы бөліктердің шамасын СНжЕ (СНиП) бойынша және есептеу жолымен анықтау.

5. Ғимараттың құрылыс конструкциясының өртке қауіптілік шегін нормативтік құжаттар және есептеу арқылы анықтау.

6. Ғимараттарды, АТҚ ны найзағайдан қоғау жобасын өңдеу.

7. Талап етілген ауданның әйнекпен немесе жеңіл панелмен жабылуын, жарылыс болған кездегі мүмкін болатын қысымды ескере отыра анықтау.

8. Өндіріс бөлмесінде және ғимаратта эвакуация жолдарын есептеу.

9. Жеке аппараттарға немесе бөлмеге автоматты өрт сөндіру жүйесін қолдануды негіздеу және таңдау.

10. Жарылыс және өрт пайда болу қауіпсіздігін азайту бойынша шараларды өңдеу.

11. Өрт қауіпсіздігі бойынша конструкторлық шешімнің сенімділігін бағалау.

12. Құрылғыларды дозиметрлік бақылау жағдайындағы реактивті заттар және рентген сәулелері бар көздерінде жұмыс істегенде профилактикалық шараларды өңдеу.

 

 

2.5 Қоршаған ортаны қорғау

1. Газ және шаң аулаушы құрылғыларды таңдау және есеп жүргізу.

2. Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін таңдау.

3. Ақаба суларды тазалауға арналған тәсілдерді және қондырғыларды есептеу және таңдау.

4. Қолданылатын материалдардың, технологиялардың және техникалардың экологиялық экспертизасы.

5. Құрылғылардың және технологиялық процесстердің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту, олардың тиімділігін анықтау.

6. Зиянды заттардың атмосфераға сейілуін есептеу және санитарлы-қорғаныс зонасының класын таңдау.

7. Автокөліктен шығатын зиянды заттардың атмосфераға таралуы және оның төлемін анықтау.

8. Өндірістік кәсіпорындардың атмосфераны ластауына бақылауды ұйымдастыру.

9. Қалдықсыз технология схемасын өңдеу.

10. Химиялық қоспаларды және өндіріс қалдықтарын азайтуға мүмкіндік беретін суды өңдеуді және тиімді құрылғыларды таңдау.

11. Отынның түріне байланысты NOх ның пайда болуын ұсынылған деңгейге дейін азайту үшін технологиялық әдісті таңдау.

12. Көмірдегі күкірт құрамы, ошақтардың қуаты, бір тонна SO2 ныаулау бағасы, сонымен бірге атмосфераны ластауына байланысты күкірттен тазалау қондырғыларының жұмысын негіздеу және таңдау.

13. Стационарлы және қолға алып жүретін аспаптарды пайдалана отыра, атмосфераны ластауды есептеу және технологиялық бақылау жүйесін таңдау.

14. Тұтынушыларды құрғақ күл және т.б. лармен залалдануын азайту бойынша тиімді және үнемді қондырғыларды таңдау.

15. Қолға алып жүретін реактивтік заттарды қолдануға байланысты кәсіпорындарда санитарлы-қорғаныс зонасының енін есептеу және таңдау.

Әдебиеттер тізімі

1. Еремкин А.И., Квашнин И.М., Юнкеров Ю.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу. Учебное пособие. – Москва: изд. АСВ, 2000г. – 176с.

2. Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д. и др. Инженерные решения по безопасности труда на транспорте: Справочник. Из-во «Бастау». Алматы: 2002г. – 460с.

3. Орлов Д.С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении. Учеб. пособие. –М.: Высш. шк., 2002г. – 334с.

4. Медеу А.А. Управление риском в инвестиционной деятельности в нефтегазовой отрасли экономики. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002г. -224с.

5. Гарин В.М., Кленова И.А., Колесников В.И. Экология для технических вузов. Под ред. В.М. Гарина. Ростов н/Д: Феникс, 2003г. -384с.

6. Раздорожный А.А Безопасность производственной деятельности. Учеб. пособ. –М: Инфра – М., 2003г. – 208с.

7. Дюсебаев М.К. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к выполнению раздела в дипломных проектах для студентов всех форм обучения. –Алматы: АИЭС, 2003г. -27с.

8. Кузнецов К.Б., Мишарин А.С. Электробезопасность в электроустановках железнодорожного транспорта: Учеб. пособ. для вузов ж.д. транспорта/ Под. ред. К.Б. Кузнецова. – М.: Маршрут, 2002г. – 456с.

9. Основы организации охраны и безопасности труда в Республике Казахстан / Сост. В.И. Скала, Н.В. Скала. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2005г. -340с.

10. Хакон Скистад (редактор), Элизабет Мундт, Питер Нильсен и др. Вытесняющая вентиляция в непроизводственных зданиях / Пер. с англ. М.: АВОК-ПРЕСС., 2006г. – 104с.

11. Хакимжанов Т.Е. Сборник задач по ОТиБЖД: Учеб. пособие для вузов, Алматы: Эверо, 2007г. -88с.

12. Хакимжанов Т.Е. Охрана труда. Алматы, 2006г. Учебное пособие.

13. Абдимуратов Ж.С., Дюсебаев М.К., Санатова Т.С., Хакимжанов Т.Е. Еңбекті қорғау. Дәрістер жинағы(050718- ЭЭ мамандығы бойынша барлық түрде оқитын студенттер үшін) Алматы: -АЭжБИ, 2006. - 36 б.

14. Абдимуратов Ж.С., Дюсебаев М.К. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. 050717- жылу энергетика мамандығы бойынша барлық түрде оқитын студенттер үшін дәрістер жинағы- Алматы: -АЭжБИ, 2007. - 35 б.

 

 

Құрастырған: доцент Абдімұратов Ж.С.