ДИНАМИКА

1. Масса.

2. Күш.

3. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.

4. Ньютонның бірінші заңы. Қандай санақ жүйелерді инерциалды деп атайды?

5. Импульс. Ньютонның екінші заңы.

6. Ньютонның үшінші заңы.

7. Ауырлық күш деп нені айтады? Дененің салмағы деп нені айтады? Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасында қандай айрмашылылық бар?

8. Қандай күштерді консенрватив күштер деп айтады? Консерватив күштер өрісінің жұмысы неге тең?

9. Механиқалық жұмыс неге тең?

10. Дененің кинетиқалық энергиясы неге тең?

11. Потенциалдық энергия немен анықталады? Ауырлық күш өрісіңдегі дененің потенциалдық энергиясы.

12. Потенциалдық энергия немен анықталады? Серпімді қысылған серіппенің потенциалық энергиясы.

13. Механиқалық эенгргия деп нені айтады.

 

АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ДИНАМИКАСЫ.

1. Қозғалмайтын нүтеге қатысты қүш моменті деп нені айтады? Күш моментінің векторы қалай бағытталған? Өлшембірлігі.

2. Күш иіні деп нені айтады?

3. Қозғалмайтын оське қатысты күш моменті деп нені айтады?

4. Қос күш деп нені айтады? Қос күштің моменті неге тен?

5. Қозғалмайтын нүктеге байланысты бөлшектің импульс моменті деп нені айтады? Импульс моментінің векторы қалай бағытталған?

6. Қозғалмайтын оське қатысты импульс моменті деп нені айтады?

7. Дененің инерция моменті деп нені айтады? Неге ол байланысты?

8. Айналу осьне қатысты материалық нүктенің инерция моменті.

9. Айналу осьне қатысты дененің инерция моменті.

10. Штейнер теоремасы.

11. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.

12. Айналмалы қозғалыс кезіңде жұмыс неге тең?

13. Айналыстағы дененің кинетиқаллық энергиясы.

14. Ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстардың арасындардағы ұқсастығы.

 

САҚТАЛУ ЗАҢДАРЫ, ИНЕРЦИЯ КҮШТЕРІ.

1. Импульстің сақталу заңы. Кеністіктің жәңе уақыттын қандай қасиетімен импульстің сақталу заңы байланысты.

2. Жабық жүйенің масса центрі қалай қозғалады?

3. Импульс моментінің сақталу заңы. Кеністіктің және уақыттын қандай қасиетімен импульс моментінің сақталу заңы байланысты?

4. Механиқалық энергияның сақталу заңы. Кеністіктің жәңе уақыттын қандай қасиетімен механиқлық энергиянын сақталу заңы байланысты?

5. Инерциалды емес деп қандай жүйелерді айтады?

6. Инерция күштері деген не?

7. Инерция күштерінің әдеттегі күштерден айырмашылығы қандай?

 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЕОРИЯНЫН ПРИНЦИПТЕРІ. СҮЙЫҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАСЫ.

1. Галилейдің салыстырмалы приципі.

2. Галилей түрлендірулері.

3. Арнаулы салыстырмалы теорияның постулаттары.

4. Арнаулы салыстырмалы теорияда қандай инварианттар бар?

5. Релятивтік механикадағы оқиғалардың арасындағы аралық.

6. Лоренц түрледірулері.

7. Қозғалыстағы релятивтік бөлшектің массасының жылдамдықпен байланысы.

8. Ұзындықтын релятивтік қысқаруы.

9. Уақыттын релятивтік қысқаруы.

10. Масса және энергияның өзара байланысы.

11. Материалық нүкте ұшін релятивтік динамикасының неғізгі заңы.

12. Материалық нүктенің релятивтік импульсің қандай тендеу арқылы есептеуге болады?

13. Кинетиқалық энергияның релятивтік теңдеуі.

14. Паскаль заңы.

15. Архимед заңы.

16. Идеал сүйыққа анықтама беріңіз.

17. Гидростатиқалық қысым.

18. Сүйықтың үздіксіз заңы.

19. Ағын сызығыжәңе ағын түтіғі деп нені айтады?

20. Бернулли теңдеуі.

21. Ламинарлық жәңе турбуленттік ағыстардың айырмашылығы.

22. Рейнолдс санынын физиқалық мағынасы.

23. Стокс теңдеуі.

24. Тұтқырлық коэффициентінің физиқалық мағынасы. Сүйықтар мен газдардың тұтқырлық коэффициенті неге тәуелді?

МКТ. ТАСЫМАЛДАУ ҚУБЫЛЫСТАРЫ.

1. МКТнің негізгі ережелері.

2. Идеал газ молекуласының орташа кинетиқалық энергиясы.

3. Температураның молекула- кинетиқалық мағынасы.

4. МКТнің негізгі теңдеуі.

5. Идеал газдын моделі.

6. Авогадро заңы.

7. Дальтон заңы.

8. Изотермиялық процестің графигі және теңдеуі.

9. Изобарлық процестің графигі және теңдеуі.

10. Изохорлық процестің графигі және теңдеуі.

11. Менделеев- Клапейрон тендеуі.

12. Максвелдің таралу заңы.

13. Идеал газ молекуларының ең ықтимал жылдамдығы?

14. Идеал газ молекуларынын орташа арифметиқалық жылдамдығы.

15. Идеал газ молекуларының орташа квадраттық жылдамдығы.

16. Барометрлік тендеу.

17. Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшектер үшін Больцманнын таралу заңы.

18. Тасымалдау қубылыстарының жалпы сипатамасы.

19. Диффузия теңдеуі.

20. Тұтқырлық тендеу.і

21. Жылу өткізгіштік теңдеуі.

22. Диффузия коэффициентінің физиқалық мағынасы және кинетиқалық теория бойынша оның теңдеуі.

23. Тұтқырлық коэффициентінің физиқалық мағынасы және кинетиқалық теория бойыңша оның теңдеуі.

24. Жылу өткізгіштік коэффициентінің физиқалық мағынасы және кинетиқалық теория бойынша оның теңдеуі.

25. Молекуланың еркің жүру жолы.

 

ТЕРМОДИНАМИКА. НАҚТЫ ГАЗДАР. ФАЗАЛЫҚ АУСУЛАР.

 

1. Идеал газдын ішкі энергиясы.

2. Еркіндік дәрежелер саны. Энергияның еркіндік дәрежелер бойынша таралуы.

3. Көлемі өзгеретің газдың жұмысы.

4. Жылу мөлшері. Меншікті және мольдік жылу сыймдылықтар.

5. Процестің түріңе байланысты идеал газдын жылу сыйымдылығынын тәуелділігі. Майер теңдеуі.

6. Бірінші термодинамиканың бастамасы.

7. Қандай процессті адиабаттық деп атайды? Пуассон теңдеуі.

8. Изохорлық процесс ұшін бірінші термодинамиканын заның қолдану.

9. Изобарлық процесс үшін біріңші термодинамиканын заның қолдану.

10. Изотермиялық процесс үшін бірінші термодинамиканың заның қолдану.

11. Адиабаттық процеес кезіңдегі жұмыс.

12. Қандай процессті политрлопиялық деп атайды? Политропияның теңдеуі.

13. Жылу машинаның ПӘКі.

14. Карно циклі және оның ПӘКі.

15. Термодинамиканың екінші бастамасы.

16. Энтропия (анықтамасы, статистиқалық мағынасы).

17. Термодинамиканың екінші бастамасының статистиқалық түсіңдірмесі.

18. Молекулар арасындағы өзара әсер күштері (графигі).

19. Молекулардың өзара әсерлесу потенциалдық энергиясы (графигі).

20. Потенциалдық шұнқыр деп нені айтады?

21. Әртүрлі агрегаттық күйлер үшін молекулардың өзара байланыс потенциалдық энергиясы және жылу қозғалысынын кинетиқалық энергиясы арасыңдағы теңдеулер.

22. Бір моль газ ұшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

23. Ван-дер-Вальс теңдеулеріңдегі а және в тұрақтыларының физиқалық мағынасы.

24. Әртүрлі температуралар үшін Ван-дер-Ваfльс изотермаларын суретеңіз.

25. Фаза ,фазалық аусу деп нені айтады?

26. Біріңші текті фазалық аусуларға қандай кұбылыстар жатады?

27. Екіңші текті фазалық аусуларға қандай қубылыстар жатады?

28. Біркомпоненттік қоспа үшін фазалық диаграмманы сызыныз және балқу, булану,сублимация қисықтарың көрсетіңіз.

29. Үштік нүкте деп нені айтады?

30. Кризистік температура деп нені айтады?

31. Сублимация деп неңі айтады?

 

ВАКУУМДАҒЫ ЭЛЕКТР ӨРІС.

 

1. Электр өріс деп нені айтады?

2. Электр зарядының сақталу заның тұжырымданыз.

3. Қандай электр зарядын нүктелік деп сануға болады?

4. Кулон заңы.

5. Электр өрісінің кернеулігі деп неңі айтады?

6. Нүктелік зарядтын кернеулігі неге тең?

7. Электр өрісінің кернеулігі деп неңі айтады? Он және теріс зарядтардың электр өріс кернеуліктері қалай бағытталатынын суреттеп көрсетіңіз.

8. Өрістердің супперпозиция принципің тұжырымданыз.

9. Электр өрісінің күш сызықтары деп нені айтады? Нүктелік зарядтын күш сызықтарың сызыныз.

10. Жабық бет арқылы өтетің кернеулік веторының ағыны.

11. Вакуумдағы электрстатиқалық өріс үшің Остроградский- Гаусс теоремасы.

12. Зарядтың беттік тығыздығы. Біркелкі зарядталған шексіз жазықтың өріс кернеулігі.

13. Зарядтың беттік тығыздығы. Әр аттас зарядталган екі жазықтың өріс кернеулігі.

14. Қандай өрісті біртекті деп атайды?

15. 1 нүкте ден 2 нүктеге q зарядың тасымалдауға кеткен электростатиқалық өрістің жұмысы неге тең?

16. Потенциал деп нені айтады?

17. Нүктелік заряд өрісінің потенциалы.

18. Эквипотенциал бет деп нені айтады? Эквипотенциал беттер мен күш сызықтары өзара қандай бұрыш жасайды?

19. Нүктелік заряд өрісінің эквипотенциал беттерің сызыныз.

20. Потенциалдар айырымы деп нені айтады?

21. Кернеулік пен потенциал арасындағы байланыс.

22. Электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы қандай байланыста?

23. Электр өріс кернеулігі векторының циркуляциясы.

24. Электр өріс кернеулігі векторының циркуляциясы неге тең?

 

25. Электрстатиқалық өрістің энергетиқалық және күш сипаттамасы болып қандай шамалар есептеледі?

 

ЗАТ ІШІҢДЕГІ ЭЛЕКТР ӨРІСІ.

1. Электр диполь деп нені айтады?

2. Диполь моменті деп нені айтады( дипольдің электр моменті)?

3. Қандай молекуларды полярлы емес деп атайды?

4. Қандай молекуларды полярлы деп атайды?

5. Диэлектриктің электрондық поляризациясы деп нені атайды?

6. Диэлектриктің бағдарлама поляризациясы деп нені атайды?

7. Диэлектриктің поляризациясы деп нені айтады?

8. Поляризация деп нені атайды?

9. Изотропты диэлектриктер үшін электр өрісінің кернеулігі мен диэлектриктің поляризациясы арасындағы тәуелділігі.

10. Қандай зарядтарды байланысқан деп атайды? Еркің деп?

11. Диэлектриктен жасалған пластина конденсатордың ішіңе орналастырылған. Диэлектриктегі қорытынды өріс кернеулігі неге тен?

12. Заттын диэлектірлік өтімділігі нені көрсетеді?

13. Заттын диэлектірлік қабылдағыштығы және диэлектірлік өтімділігі арасындағы өзара байланыс.

14. Электр ығысу векторы.

15. Диэлектриктегі электр өріс үшін Острградский- Гаусс теоремасы.

16. Сегнетоэлектрик деп нені айтады? Сегнетоэлектриктің басқа диэлектриктерден айырмашылығы?

17. Өткізгішке біршама заряд берілген. Өткізгіштің ішіңдегі электр өріс кернеулігі неге тен? Потенциалы?

18. Өріс кернеулігі Е0 біртекті электр өрісіңе зарядталмаған өткізгіш орналастырылған. Өткізгіш ішіңдегі өріс кернеулігі неге тең?

19. Өткішгіштердің электр сыйымдылығы деп нені айтады? Электр сыймдылық неге тәуелді? Өлшебірлігі қандай?

20. Конденсатордың сыйымдылығы. Конденсатордың сыйымдылығы неге тәуелді?

21. Жазық конденсатордың сыйымдылығы.

22. Конденсатолрлардың паралель қосылуы. Жалпы сыйымдылығы неге тен?

23. Конденсаторлардың тізбектей қосылуы. Жалпы сыйымдылығы неге тен?

24. Зарядталған конденсатордың энергиясы.

25. Электр өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

 

ТҰРАҚТЫ ТОҚ.

1. Электр тоқ деп нені айтады?Электр тоғы болу үшін негізгі шарттарды айтыңғыз.

2. Тізбектегі тұрақты электр тоқты сақтауға электр өріснің мүмкіншіліғі неге жоқ?

3. Тоқ күші деп нені айтады?

4. Тоқ тығыздығы деп нені айтады?

5. Кернеу деп нені айтады?

6. Тосын күштер.

7. ЭҚК.

8. Тосын күштер өрісінің кернеулік векторының циркуляциясы.

9. Біртекті тізбек бөлігі үшін интеграл түрдегі Ом заңы.

10. Дифференциал түрдегі Ом заңы.

11. Біртекті емес тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.

12. Тұйық тізбек үшін Ом заңы.

13. Қысқаша тұйықтау.

14. Өткізгіштің кедергісінің температураға және өлшемдеріңе тәуелділігі.

15. Өткізгіштерді тізбектей қосу.

16. Өткізгіштерді паралель қосу.

17. Интеграл түрдегі Джоуль -Ленц заңы.

18. Дифференциал түрдегі Джоуль-Ленц заңы.

19. Видеман-Франц заңы.

20. Тоқ тасушылардың багытталған қозғалыс жылдамдығы жәңе тоқ тығыздығы арасындағы байланыс.

21. Газдардағы тоқ үшін Ом заңы.

22. Тармақталған тізбектер үшін Киргхоф заңдары.

23. Әртүрлі орталар үшін тоқ тасушылар болатың зарядталған бөлшектер.

1. Тікұшақ горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 400км ұшып, 900 бұрыш жасап бұрылып, тағы 300км ышты. Тікұшақтың жолын және орын ауыстыруын табыңыздар.

2. ОХ осі бойымен екі нүктенің қозғалыс теңдеуі берілген: біріншінікі – , ал екіншінікі - . Олар қандай уақыт аралығында кездеседі.

3. 5 с ішінде автомобильдің жылдамдығы 20 м/с-тан 35 м/с-қа дейін өзгереді. Автомобильдің қозғалған мезеттегі үдеуін анықта.

4. Доп 4 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылды. Лақтырғаннан кейін 0,2 с өткенде доп қандай биіктікке көтеріледі ?

5. Тас бастапқы жылдамдықсыз жартастан құлай бастады. Құлай басталуынан 3 с уақыт өткеннен кейінгі тастың жылдамдығы қандай ?

6. Поезд 0,2 м/с2 үдеумен қозғалып 30 с ішінде жылдамдығын 30 м/с-қа арттырды. Осы уақыт ішінде ол қанша жол жүреді.

7. Дененің жүріп өткен жолының уақытқа тәуелділік теңдеуі берілген . Дененің t = 2 c уақыт мезетіндегі үдеуін анықта.

8. Бастапқы жылдамдықпен автомобиль сағ, бірқалыпты кемімелі қозғалып, t = 20 с уақыт өткенде тоқтайды. Автомобильдің а үдеуін анықта.

9. Ұзындығы 60 м мұз айдынының хоккей шайбасы 4 с «шінде кесіп өтіп тоқтады. Хоккейші шайбаны таяқпен ұрғанда, оған қандай бастапқы жылдамдықты береді ?

10. Радиусы 10 м дөңгелек арена бойымен бірқалыпты 20 м/с жылдамдықпен қозғалған мотогонщиктің үдеуі неге тең ?

11. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыстағы нүктенің жылдамдығын 2 есе арттырсақ оның центрге тартқыш үдеуі қалай өзгереді ?

12. Дене шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалады. Шеңбердің радиусын 2 есе арттырса оның үдеуі қалай өзгереді ?

13. Жүзуші өзен ағысымен жүзеді. Жүзушінің өзен жағасымен салыстырғандағы жылдамдығы 2 м/с, өзен ағысының жылдамдығы 0,5 м/с. Жүзушінің сумен салыстырғандағы жылдамдығы неге тең ?

14. Дене қандайда биіктіктен құлайды. Жердегі оның жылдамдығы 30 м/с. Дененің құлау биіктігін табу керек ( ).

15. 100 H күштің әсерінен 0,05 м/с2 үдеумен қозғалған дененің массасын анықта.

16. Массасы 1 кг түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 10 м/с-тан, 20 м/с-қа дейін өзгерткендегі импульстің өзгерісін тап.

17. Екі күш F1 = 3 H және F2 = 4 H, дененің бір нүктесіне берілген. F1 және F2 күштердің векторының арасындағы бұрыш p/2 – ге тең. Осы күштердің тең әсерлі модулін анықта.

18. 10 H күш денеге 3 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 1,5 м/с2 үдеу бере алады ?

19. Радиусы 1 м шеңбер тәріздес тұйық траекториямен қозғалған дененің 10 h ауырлық күшінің жұмысы неге тең ?

20. Массасы 3 кг қозғалыс жылдамдығы 4 м/с дененің кинетикалық энергиясын тап.

21. Массасы 0,8 кг жоғары лақтырылған дене қандай биіктікке көтеріле алады. Лақтыру мезетіндегі дененің кинетикалық энергиясы 200 Дж.

22. 8 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг денені тоқтату үшін қандай жұмыс атқару қажет ?

23. массасы M оқ , жылдамдықпен горизонталь бағытта ұшып, жұқа тақтайды тесіп өтеді. Тақтайдан Ұшып шыққандағы жылдамдығы . Тақтайдан өткен кезде пайда болатын үйкеліс күшінің жымысын анықта ?

24. Электровоз орнынан қозғалып 380 кH тарту күшін өндіреді. Кедергі күші 250 кH болса, массасы 500т составқа ол қанша үдеу береді ?

25. серіппені 3 см сығу үшін 20 H күш жұмсалған. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясын табыңыздар.

 

B

1 4 м/с жылдамдықпен қозғалған автомобиль двигателін өшіріп, 1 м/с2 үдеумен тежеле бастады. Тежелу басталғаннан кейін 5 с ішіндегі жолын анықта.

2 Егер шар доғасында жатқан нүктенің сызықтық жылдамдығы , шардың центріне 10 см –ге жақын орналасқанның сызықтық жылдамдығынан 2,5 есе үлкен болса, айналмалы шардың радиусы қандай ?

3 Радиусы 100 м шеңбер бойымен велосипедші бірқалыпты қозғалып, 2 минут ішінде 1 айналым жасайды. 1 мин ішінде велосипедшінің жолын және орын ауыстыруын анықта.

4 Дене aτ = 1м/с2 тұрақты тангенциалды үдеумен қисық бойымен қозғалады. Радиусы R = 3 м қисықтың бөлігіндегі нүктенің толық үдеуін анықта. Егер осы бөліктегі жылдамдығы υ = 2 м/с болса.

5 Массалары және екі дене бір – біріне қарама – қарсы және жылдамдықтармен қозғалып, серпімсіз соқтығысын тоқтады. Осы денелердің массаларының қатынасы қандай ?

6 Ұзындығы 4 мм серіппені созу үшін 0,02 Дж жұмыс істелу қажет. Осы серіппені 4 см –ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет ?

7 Дененің импульсі , ал кинетикалық энергиясы 20 Дж. Дененің жылдамдығы неге тең ?

8 1,5 м биіктіктен құлаған болат шар болат тақташаға құлап, υ2 = 0,75υ1 жылдамдықпен ыршиды. Ол қандай биіктікке көтеріледі ?

9 Массасы 600 кг балға, 3 м биіктіктен құлап, стерженді детальға қағады. Егер әр бір соғуда стерджень детальға 6 см терендікке енсе, оның орташа кедергі күші қандай ? Соққыны серпімсіз деп сана.

10 Салмағы 600H адам 8 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп, салмағы 800 H, 2,9 км/сағжылдамдықпен келе жатқан арбаны қуып жетіп, оған секіріп мінеді. Арба қандай жылдамдықпен қозғалады ?

11 Массасы m=16т вагон, υ= 0,6 м/с жылдамдықпен қозғалып серіппелі буферге мінгесін, серіппені Δх=8 см сығып тоқтайды. Буфердің серіппесінің қатаңдығын анықта.

12 Массасы 5 кг мылтықтан массасы 5 ·10-3 кг оқ 600 м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Мылтықтың берілу жылдамдығын табыңдар ?

13 Массасы 2 кг сноряд 300 м/с жылдамдықпен ұшып, массасы 100кг құмы бар бөгетке тиіп, сондақалып қояды. Егер бөгет снорядқа қарсы қозғалса, снаряд тигенненкейін бөгет қандай жылдамдықпен және қандай бағытқа қарай қозғалатынын есептеп шығар.

14 Массасы m снаряд υ жылдамдықпен ОХ осі бойымен ұшып, екі бірдей жарық шоққа бөлінеді. Біреуі сол бағытта 2 υ жылдамдықпен қозғалады. Екінші жарықшақтың импулсі неге тең ?

15 Денеге әсер ететін гравитациялық күш жер бетінен қандай биіктікте 2 есе аз болады, жер бетінен гөрі.

 

С

1 Бастапқы жылдамдығы 10м/с дене а=-2 м/с2 үдеумен қозғалады.8 с ішінде дененің жүрген жолын анықта.

2 Айналмалы дискінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы , ал айналу өсіне 1 см қашықтықтағы жылдамдығы . Дискінің айналу жиілігі неге тең ?

3 Бастапқы жылдамдығы 10 м/с дене көкжиекке 450 бұрышпен лақтырылған. Дененің ұшу алыстығын анықта.(g= 9,8 м/с2)

4 Доңғалақ ε = 2 с-2 тұрақты бұрыштық үдеумен айналады. Қозғалыс басталғаннан кейін t = 0,5 с өткенде доңғалақтың толық үдеуі 13,6 см/с2-қа тең болды. Доңғалақтың радиусы неге тең ?

5 Күштің бағытымен тұрақты модулі мына заң бойынша F=5+9t2 өзгереді. t2-t1 уақыт аралығында осы күштің импульсінің модулін анықта (t2=2c, t1=0).

6 Тас 10 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Тастың кинетикалық энергиясы қандай биіктікте оның потенциалдық энергиясына тең?

7 Дене бірқалыпты көлбеу жазықтықпен қозғалады. Денеге 50 H ауырлық күші, 30H үйкеліс күші және 40 H тіректің реакция күші әсер етеді. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.

8 Электровоз 54 км/с жылдамдықпен қозғалып, 600кВт қуат өндіреді. Егер оның ПӘК –і 75% тең болса, Электровоздың тарту күшін анықта.

9 Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с2 үдеумен көтеген кездегі жұмысты тап.

10 Массасы m1=200 г шар υ1=10 м/с жылдамдықпен қозғалыптыныштқтағы массасы m2=800 г шарды соғады. Соқтығысу тік абсолют серпімді центрлік деп, соқтығысқаннан кейінгі шарлардың жылдамдықтарын анықта.

11 Массасы m1=2 кг дене υ1=8 м/с жылдамдықпен қозғалып, массасы m2=3 кг дене сол бағытта υ2=4 м/с жылдамдықпен қозғалған екі дененің абсолют серпімсіз центрлік соқтығысулардың нәтижесінде бөлініп шыққан жылу мөлшерін табыңдар.

12 Массасы m = 4,65·10-26 кг молекла, υ = 600 м/c жылдамдықпен ұшып, нормальға 600 бұрышпен ыдыс қабырғасына соқтығысын, одан сондай бұрышпен жылдамдығын жоғалтпай кері қарай қозғалады. Соқтығысу кезінде қабырғадан алған күш импульсін анықта.

13 Масссы 5·103 кг зеңбіректен салмағы 1000 H снаряд ұшып шығады. Снарядтың ұшқандағы кинетикалық энергиясы 7, 5·106 Дж-ге тең. Зеңбірек қандай кинетикалық энергияны алады.

14 Қатаңдығы 800H/м , Δ х = 6 см сығылған серіппені, қосымша Δ х = 8 см сығу үшін қандай жұмыс атқару қажет ?

15 Жерде тәуіліктің қандай ұзақтығында дененің салмағы экваторда нольге тең.Жердің радиусы .

 

Айналмалы қозғалыс механикасы

 

1. Диск секундына 25 айналым жасайды. Дискінің бұрыштық жылдамдығы неге тең ?

2. Инерция моменті айналу өсіне қатысты 4 кг*м2 доңғалақ 1 рад/с2 бұрыштыңқ үдеумен айналады. Оған қандай күш моменті әсер етеді ?

3. 0,3 кг массасы кг материялық нүктенің оске қатысты нүктедегі 20 см қашықтықтағы инерция моментін анықта.

4. массасы 2 кг материялық нүктенің радиусы 2 см шеңбер бойымен қозғалғандағы инерция моментің анықта.

5. Радиусы R=0,2м біртекті дискінің шетіне F= 100 Н. тұрақты тангенсиалды күш түсірілген.Дискіге әсер ететін күш моментін анықта.

6. Біртекті дискіге әсер ететін күш моменті М=5 Н∙ м. Диск ε = 100 с-2 тұрақты бұрыштық үдеумен қозғаоса, оның инерция моменті қандай?

7. Радиусы R=0,5м доңғалақтың шетіне түсірілген тангенциалды күш моменті 10 Н∙ м.Әсер етуші күшті анықта.

8. Массасы 2 кг шардың оске қатысты масса центрінен өтетін инерция моменті 6 кг·м2 Осы шардың О нүктесіне қатысты шардың центрінен 5 м қашықтықта орналасқан инерция моментін анықта.

 

В

 

1. Жұқа қабырғалы цилиндрдің радиусы 20 см массасы 12 кг цилиндр 2 рад\с бұрыштық жылдамдықпен айналады.Цилиндрдің импульс моментін анықта.

2. Инерция моменті 245 кг∙ м маховикті доңғалақ 20 об \ сек айналады. Минут өткеннен кейін доңғалаққа айналу моменті әрекеті әсер етуші тежеліп,ол тоқтайды.Үйкеліс күш моментін анықта.

3. Біртекті ұзындығы 1м массасы 5 кг стержень вертикаль жазықтықта көлбеу осі айналасында стерженьнің ортасынан өтетіндей айналады.Егер айналу күш моменті 9,81 ·10-2 Н∙ м.тең болса.стержень қандай бұрыштық үдеумен айналады?

4. массасы 2 кг, ұзындығы 0,8 м. оске қатысты стерженьнің ұшынан өтетін инерция моментін анықта.

5. А = 2 рад/с, В = 0,2 рад/с3 болатын φ = At +Bt3 теңдеуіне қатысты оның центрінен өтетін ос арқылы стержень айналады.Стерженьнің инерция моменті J = 0,043 кг×м2 болатын айналманың басталуынан t =2 с кейін стерженьге әсер ететін айналу моментін анықта.

6. M = 50 кг массалы радиусы R = 0,5 м диск шарға F = 100 Н қатысты күш әсер етті.Шардың бұрыштық үдеуін анықта.

7. Шар бірқалыпты кемімелі тежемелі айналып бір минут ішінде айналу жылдамдығын 300 ден 180 айн \мин. ға дейін азайтты.Шардың инерция моменті 2 кг·м2. Тежеуші моменті анықта.

8.

С

1. Көлденең жазықтықта 4 м/c жылдамдықпен сырғанаусыз массасы 2 кг тұтас біртекті диск домалайды.Дискінің кинетикалық энергиясын анықта.

2. Барабанға ұшы массасы 2 кг жүкке байлаулы массасы М = 9 кг бау оралған.Жүк үдеуін анықта.Жүкті тұтас біртекті диск деп сана.

3. Тұрақты жылдамдықпен 5 айн\ сек айналатын валдың кинетикалық энергиясы 60 Дж.Осы валдың қозғалыс санының моментін анықта.

4. Диск пішінді массасы m = 5 кг маховикке F = 2 Н күш әсер етті.Күштің әсерінің басталуынан кейінгі t = 5с уақыттағы маховиктің кинетикалық энергиясын анықта.Үйкеліс ескерілмейді.

5. Көлденең жазықтықта сырғанаусыз 4 айн/сек..жасай отырып диаметрі 6 см шар домалайды.Шар массасы0,25 кг. Шардың кинетикалық энергиясын анықта.

6. Бірдей массалы обруч және диск бірдей сызықтық жылдамдықта v. сырғанаусыз домалайды.Обручтың кинетикалық энергиясы 4 Дж. Дисктің кинетикалық энергиясын анықта.

7. 10 айн/ мин жасай платформа центрінен өтетін вертикаль остің айналасынан массасы 100 кг көлденең платформа айналады. Платформа шетінде массасы 60 кг адам тұр.Егер адам платформа шетінен ортасына өтсе, платформа қандай бұрыштық жылдамдықта болады?Платформаны біртекті, ал адамды материалдық нүкте деп қарастыру қажет.

8. Көлбеу жазықтықта сырғанаусыз ширатылатын дисктің ауырлық центрінің сызықтық жылдамдығын анықта.Көлбеу жазықтықтың биіктігі Н = 0.5 м. Бастапқы жылдамдық нөлге тең.

9. Өз өзіне берілген массасы 100 кг радиусы 0.4 м тұтас диск түрінде бір секунда ішінде алты айналым жасайтын айналу жиілігі бар маховик айналдырылған.Күш әсерінен маховик үдеуі 50 секунд тоқтап қалды.Үдеткіш күш моментін анықта.

Сұйықтар механикасы

А

1. Екі автомобиль бір бағытта жер бетінің қатысымен V1 және V2 жылдамдықпен қозғалады.Санақ жүйесі бойынша бірінші автомобильдің фарының жылдамдығы, екінші автомобильге қатысты қандай?

1. 0,6 жарық жылдамдығымен қозғалып келе жатқан электронның кинетикалық энергиясы қандай?

2. 2,4·108 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан протон массасы қандай?

Протонның тыныштық массасы 1,672·10-27 кг

3. Массасы он есеге артқан үдеткіштегі протонның қозғалыс жылдамдығын анықта.

4. 27000 км/с қозғалыс жылдамдығында уақыт жүрісі қаншаға кемиді? (қозғалмайтын бақылаушы сағаты бойынша)

5. Қозғалмайтын жердегі бақылаушының қатысы бойынша сызғыш ұзындығы 2 м.0,5 с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан сызғыш ұзындығы қандай?(с вакуумдағы жарық жылдамдығы)

6. 25 жылдық ішінде жерге қатысты 0,4 с жарық жылдамдығымен қозғалады.Қандай уақыт аралығы өтеді?

7. Өзінің қозғалысына бағыттап иондалған атом үдеткіштен 0,8 с жылдамдықтан фотон шығарады.Үдеткішке қатысты фотон жылдамдығын анықта.

8. Тыныштықта стержень ұзындығы 1 м-ге тең.Егер осы стерженьді 0,6 с жылдамдықпен қозғалтса оның ұзындығы қандай?(с=3 . 108 м\с)

9. 0,8 с (с=3 . 108 м\с)жылдамдықпен қозғалып келе жатқан материалдық нүкте массасы қандай?

10. Жерге қатысты фотондық ракета 0,6 с жылдамдықпен қозғалады.Жердегі бақылаушының көзқарасы бойынша ракетаның уақыт жүрісі қаншаға кемиді?

11. Ұшақ 360 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді.Тұтқырлықпен байланысты ұшақ қанатындағы ауа қабаты тең.Жылдадық градиенті қандай?

12. Сұйықта массасы 3 кг 60% батырылған дене балқуда.Осы денеге әсер ететін итеруші күш қандай?

13. Гидравикалық пресстің поршеньнің S1=200 см2 ауданына f = 10кН күш әсер етеді. S2 = 4 м2 ауданды поршень әсер ететін Ғ күшті анықта.

14. S1=2 см2 қиылысумен V1 = 6 м/с, жылдамдық ағысымен сұйық труба арқылы ағады. S1=12 см2 қиылысумен қандай жылдамдықта ағады?

15. S1=2 см2 қимасында сұйықтың ағу жылдамдығы V1=6 м/c, ал S2 қимасы бойынша 0,5м/c жылдамдықпен ағады. S2 екінші қиманың ауданын тап.

16. Суы бар бассейнге тығыздығы тұрақты, яғни р=1000 кг/м3 водолаз түсті.h=10 м тереңдіктегі (g=10м/с2) водолаздың алатын қысымын анықта.

17. Цилиндрлік ыдысқа 58 см биіктікте қалайы құйылған.Ыдыс түбіндегі қысымды анықта.

В

1. Жер бетінен өлшегенде жүрген жолы екі есе қысқа болу үшін ғарыш кемесі қандай жылдамдықпен жылжуы қажет?

2. Жер бетіне қатысты ғарыш кемесіндегі сағат 4 есе артық жүру үшін,ғарыш кемесі қандай жылдамдықпен жылжуы қажет?

3. Егер К жүйесінің сағатынан Δt = 0,10c ке қалып қойған,Δt =5,0с уақытпен қозғалып келе жатқан сағат санағының жылдамдығы қандай?

4. Екі пойыз бір біріне 36 км /сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен қарама қарсы жүріп келеді.Бірінші пойыздағы жолаушыт екінші пойыздың оның жанынан 6 с уақыт ішінде өтіп кеткенін байқады.Екінші пойыздың ұзындығы қандай?

5. 0,96 жарық жылдамдығымен ұшып келе жатқан ракетаның 1 жылдық ұшу уақыты табылды.Жер бақылаушысының санағы бойынша қанша уақыт өту керек?

6. Бөлшектің реалитивтік импульсі оның ньютондық импульсін 5 есе арттыратын жылдамдығын анықта.

7. Қандай жылдамдықта бөлшектің кинетикалық энергиясы оның тыныштық энергиясына тең.Электронның кинетикалық энергиясы оның тыныштық энергиясынан екі есе үлкен.Тыныштық массасымен салыстырғанда оның массасы қанша?

8. Кинетикалық энергиясы оның тыныштық энергиясынан екі есе үлкен.Қозғалыс жылдамдығы қандай?(электронның тыныштық массасы m0=9,1 . 10-31 )

9. 0,7 жарық жылдамдығымен қозғалып келе жатқан электронның импульсін тап.

10. 0,7 жарық жылдамдығымен қозғалып келе жатқан электронның толық және кинетикалық энергиясын тап.

11. Трубаның кең және тар бөлігінде орналасқан екі манометрикалық трубадағы сұйықтың ағыс жылдамдықтары 2м/с және 5м/с болғандағы сұйықтың өзгеріс деңгейі қандай?

12. Көлденең орналасқан трубаның кең бөлігінен 5м/с жылдамдықпен мұнай ақты.Егер трубаның кең және тар бөлігінің қысым өзгерісі 40мм.рт.ст болса,трубаның тар бөлігінен аққан мұнайдың жылдамдығын анықта.

13. Насостың көлденең цилиндрінің диаметрі 20 см.Диаметрі 2 см тесіктен суды итеретін поршень 1 м/с жылдамдықпен насостың көлденең цилиндрінде жылжыды.Тесіктен су қандай жылдамдықпен ағады?

С

1. дене, массасы 2кг, К/ жүйесі бойынша жылдамдығы 200Мм/с қозғалып,К жүйесі бойынша 200Мм/с ауысқан. К жүйесіне қатысты дене жылдамдығы қандай?

2. Металл шар 0,5 мм радиуспен,2,5м/с жылдамдықпен сұйықтыққа бір қалыпты батырылады.Егер сұйықтық тығыздығы 900кг/м3 ал сұйықтың тұтқырлығы 0,8Па. С болса,оған түсетін қарсы күш итеруші күштен қаншаға үлкен?

3. Динамикалық тұтқырлығы сек/м2,тығыздығы кг /м3 Трансформаторлық майға толтырылған кең ыдысқа бірқалыпты болат шар тасталды.Шардың диаметрін тап.

4. Қандай жылдамдықта кез келген заттың бөлігінің кинетикалық энергиясы тыныштық энергиясының 1/3бөлігіне тең?

5. Электронның кинетикалық энергиясы 0,8 МэВ.Электрон импульсін анықта.

6. Екі үдеткіш бөліктерді бір біріне қарама қарсы 0,9 жылдамдықпен лақтыруда.Бір бөлікпен қозғалып келе жатқан бақылаушының көзқарасымен бөлшектердің жақындасуының қатыстық жылдамдығын анықта.

7. Үдеткіш радиоактивтік ядроға 0,4 c жылдамдық берді.Үдеткіштен ұшып шығу уақытында ядро өзінің қатыстық үдеткішін 0,75 c жылдамдықпен өзінің қозғалу бағытынан бөлшекті шығарды.Ядроға қатысты бөлшектің жылдамдығын тап.

8. Қандай да бір тұрақсыз бөлшектің меншікті уақыты t0 =10 нс. Оның өмір сүру уақыты t =20 нс. болатын санақтың зертханалық жүйесінде бөлшек ыдырағанға дейін қандай арақашықтықты ұшып өтеді?

 

МКТ.Термодинамика. Нақты газдар. Фазалық ығысулар

А

1. Идеал газды қыздырғанда молекулалар қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 4 есеге артты.Абсолюттік температура қалай өзгереді?

2. Біратомды газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы

- 73oC температурадағыдан екі есе көп болатын температураны анықта.

3. молярлық массасы M=32 . 10-3 кг/моль болатын бір молекуланың массасын тап

4. массасы 3 . 10-27 кг 1 км / с орташа квадраттық жылдамдықпен қозғалатын концентрациясы 100 млрд куб миллиметрде болатын молекулалы идеал газ қабырғаларына қандай қысым көрсетеді?

5. 150 кПа қысымда, 270C температурада 2 м3 көлемді газда қанша молекула бар?

6. 270C температурадағы идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясын анықта.

7. T=120 K температурадағы 1,5 моль гелийдің барлық молекулаларының үдемелі қозғалыс кезіндегі Ек кинетикалық энергиясының жиынтығын анықта.

8. 270C температурадағы 5 . 106 Па қысымдағы сутек 30 дм3 көлемді баллонда.Сутекті идеал газ деп есептеп,газ массасын анықта.

9. массасы 0,5кг -10 0C температурадан +100C температураға дейін қыздыруға қажет жылу мөлшерін анықта.(темірдің меншікті жылу сыйымдылығы780 )

10. m1 массалы T1 температурадағы су m2 массалы T1 температурадағы сумен араласты.Қоспа температурасын тап.

11. Газ 0,2 МДж жылу алып, ішкі энергиясын 50 кДж көбейтті.Газдың атқарған жұмысын анықта.

12. Идеал газға5 Дж жылу берілген және ішкі күштер 8 Дж жүмыс атқарды.Газдың ішкі энергия өзгерісін анықта.

13. Изобаралық қыздыруда оттектің біршама массасы 200 К-де 25кДж жұмыс атқарды.Оттектің массасын тап.( -3кг/моль, R=8,31Дж /(моль . К))

14. Изохоралық процессте азотқа 60 Дж жылу берілді.Азоттың ішкі энергиясын арттыруға қанша жылу кетеді?

15. Газ Карно циклін атқарады.Изотермиялық кеңеюдегі газдың жұмысы А1=5 Дж ПӘК 20% болатын изотермиялық сығылудың А2 жұмысын анықта.

16. Бу трубинаға 4800C түсіп және оны 300C температура да қалдыратын болса,идеал бу трубинасының ПӘК ің анықта.

17. Пәтердегі ауаның көлемі 105 Па тұрақты қысымда 20дм3 ке артты.Газ қандай жұмыс атқарды?

 

В

1. р=200 кПа қысымда V=2 л сыйымдылықты ыдыстағы газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын анықта.Газ массасы m=0.3 г.

2. Гелиймен толтырылған 270С температурадағы 105 Па қысымдағы шардың көлемі 500 м3.Атмосфераның жоғарғы қабатында температура - 350С қа дейін төмендеп,ал қысым 5 *104 Па тең болса,шардың көлемі қандай?(Гелий массасы тұрақты)

3. Газды қысқанда оның көлемі 8 л-дан 5 л-ға дейін азайды,ал қысым 60кПа артты.Бастапқы қысымды тап.

4. 1,5 есеге артқан қысымда 140 К қыздырылған жабық ыдыстағы газ қандай температурада болды?

5. Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 450м/с.Газ қысымы 5*104Н/м2.Газдың тығыздығын анықта.

6. 100С температурадағы 20 г оттектің жылу энергиясы қандай?Осы энергияның қандай бөлігі үдемелі қозғалысқа, ал қандай бөлігі айнымалы қозғалысқа?

7. Р=200кПа қысымдағы массасы m=0.6г газы бар колба сыйымдылығы V=4л.Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын анықта.

8. Қандай температурада азоттың орташа квадраттық жылдамдығы 50м/с жылдамдықтан жоғары болады?

9. V=5 л сыйымдылықты ыдыстағы азот молекуласының еркін жолының орташа ұзындығын анықта.Газ массасы 0,5г.

10. Р=20МкПа қысымды сутек Т=300К температурадағы осындай газдың молекуласының еркін жолының орташа ұзындығын анықта.

11. Қалыпты жағдайда сутек молекуласының еркін жолының ұзындығы 0,160мкм.Сутектің 1 молекуласының диаметрін анықта.

12. Қандай қысымда азот молекуласының еркін жолының орташа ұзындығы 1 м ге тең болады.температурасы t=100С.

13. Р=133нПа қысымды Т=200К температурадағы оттегі берілген.Оттегі молекулаларының r=1c уақыт ішіндегі басқа молекулалармен соқтығысу санын анықта.

14. Азот пен оттегі қоспасынан тұратын газ қандай температурадат азот пен оттек молекулаларының жылдамдығы бір-бірінен V=30м/с ке өзгерісте болады?

15. Көлемі 70м3 бөлменің ауасының температурасы 280К болды.Пешті аздап жағып қойғанда температура 296 К дейін көтерілді.Қысым тұрақты 100кПа болып ауа ұлғайған кездегі жұмысын анықта.

16. Сутек Т=300К температурада 0,5 моль сутектің бір молекуласының айналмалы қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын <εвр> және осы газдың барлық молекулаларының кинетикалық энергиясының жиынтығын анықта.

17. Изохоралық процессте 190С тан 210С дейін қыздырғанда екі атомды идеал газдың үш молінің ішкі энергиясы қаншаға артады?

18. Жылуөткізбейтін ыдыста газ сығылса,оның температурасы қалай өзгереді?

19. Адиабаталық процесте 2 моль біратомды газдың температурасы 80К ге азайды.Газдың істеген жұмысын анықта.

20. Біратомды газдың қысымы 6 есеге артты,ал көлемі 2 есе азайды.Ішкі энергияның өзгерісі қандай?

21. Біратомды газдың қысымы 6 есеге артты,ал көлемі 2 есе азайды.Ішкі энергияның өзгерісі қандай?

22. 160 г оттекті ΔТ = 12 К қыздырғанда Q = 1,76 кДж жылу жұмсалды.Процесс қалай өтті?

23. Адиабаталық сығылуда газ температурасы 300К нен 1200 К ге дейін артты.егер =1,5 болса,қоспаның көлемі қаншаға кемиді?

24. Изобаралық процессте 299 К нен 301 К ге дейін қыздырғанда біратомды идеалгаздың үш мольнің ішкі энергиясы қаншаға артады?

25. Көлемі 70м3 бөлменің ауасының температурасы 280К болды.Пешті аздап жағып қойғанда температура 296 К дейін көтерілді.Қысым тұрақты 100кПа болып ауа ұлғайған кездегі жұмысын анықта

26. 5 кг аммиактыңNH3 340K температурадағы ішкі энергиясын анықта.

27. Біратомды газдың қысымы 6 есеге артты,ал көлемі 2 есе азайды.Ішкі энергияның өзгерісі қандай?

28. Адиабаталық процесте 2 моль біратомды газдың температурасы 80К ге азайды.Газдың істеген жұмысын анықта.

29. Идеалдық жылу двигателінің абсолюттік қыздыру температурасы тоңазытқыш температурасына қарағанда үш есе артық.Қыздырғыш газға 40кДж жылу берді.Газ қандай жұмыс атқарады?

30. Идеалдық жылу машинасында қыздырғыштан алынған әр кДж энергияға 300 Дж жұмыс атқарылады.Тоңазытқыш температурасы 280 К болғандағы машинаның ПӘКін және қыздырғыштың температурасын анықта.

31. Карно цикліндегі қыздырғыш температурасы 380 К нен 560 К ге дейін көтерілген кезде ПӘК і қанша есеге артады?Суытқыштың температурасы 430 К.

32. 1 моль газ 2 изохорадан және 2 изобарадан тұратын цикл жасайды.Газдың ең аз көлемі 10л, ал ең көбі 20л. Ең аз қысым 2,5 атмосфера,ал ең көбі 5 атмосфера.Циклдің жұмысын анықта.

33. m=1 кг мұздың еруінің (t=00C). энтропиялық өзгерісін тап.Мұздың еру жылуы r = 335 кДж/кг.

34. 250 нен 300К ге дейінгі изохоралық қыздыру кезіндегі 10 г ауаның энтропиялық өзгерісі қаншаға тең?

35. 3 л ден 8 л ге дейінгі изотермиялық кеңейу кезіндегі 10 г ауаның энтропиясын анықта.

36. массасы 0,2 кг оттегі 270С температурадан 1270С температураға дейін қыздырылуда.Бастапқы және соңғы қысым бірдей екені белгілі.Энтропиялық өзгерісін анықта.

37. 100 0C температурадағы 1 кг будың конденсациясы кезіндегі энтропиялық өзгерісін анықта.

38. Идеал газ процесс жасады.Нәтижесінде қысымы n есе артты.Еркін жолының орташа ұзындығын l әне n молекуланың t уақыт ішіндегі басқа моекулалармен соқтығысу санын анықта.Процесс изохоралық.

 

1. 20 г. Газды 100С-та изохорлық қыздырғанда 630 Дж. Ал изобарлық қыздырғанда 1050 Дж жылу керек болды. Газдың мольдік массасын анықтаңыз.

2. Сутегінің молекуласының орташа еркін жолының ұзындығы <L> 2 мм болса, оның тығыздығы табыңыз.

3. Қалыпты жағдайдағы оттегінің орташа еркін жолының ұзындығы <ℓ> 100 нм болса, осы жағдайдағы оттегі молекуласының орташа раифметикалық <υ> жылдамдығын анықтаңыз.

4. Көлемі =5 л ыдыста массасы 5=0,5 г сутегі бар. Осы ыдыстағы сутегі молекуласының еркін жолының орташа ұзындығын <ℓ> анықтаңыз.

5. Газ молекулаларының орташа квадрат жылдамдығы 450 м/с. Газ қысымы 5.104 Н/м2. Осы газдың тығыздығын анықтаңыз.

6. Температурасы Т=350 K, қысымы 0,4 Мпа, көлемі 300 л және жылу сыйымдылығы Сv=857 Дж/К идеал газдың адиабат көрсеткішін анықтаңыз.

 

Электростатика (вакуумдағы)

1. Әрбіреуінің заряды 10 Кл ені нүктелік хзарядтар 10 Н күшпен әсерлеседі. Олар қандай қашықтықта орналасқан?

2. Әрбіреуі 1 Кл екі заряд 1 м қашықтықтан қандай күшпен әсерлеседі?

3. Екі зарядтың біреуінің шамасын 4 есе артырғанда олардың арақашықтығын қанша есе өзгерту керек?

4. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 10-7 Кл зарядқа әсер етуші күш 4.10-3Н. Сол нүктедегі өрістің кернеулігін анықтаңыз?

5. Электр өрісінің 0,1 мк Кл заряд орналасқан нүктесінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әсер етуші күшті табу керек.

6. Массасы 2.10-16г бөлшек кернеулігі 10 В/м. Электр өрісінде қозғалады. Оның үдеуін анықтаңыз.

7. Электронның біртекті электр өрісіндегі қозғалысының үдеуі 1012см/2. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

8. Зарядтары тең q1= q2= q арақашықтығы d екі зарядтың ортасындағы нүктенің вакуумдағы кернеулігін табыңыз.

9. Ұзындығы 10 см таяқшаның заряды 1 мк Кл. Таяқшаның зарядының сызықтық тығыздығын анықтаңыз.

10. Радиусы 1 см металл шарға 6,3 мк Кл заряд берілді. Шардың зарядының беттік тығыздығын анықтаңыз.

11. Ішіне + q1 және (-q2) зарядтары орналасқан вакуумдағы сфералық бет арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын табыңыз.

12. Электр өрісінің берілген нүктесіне орналасқан нүктелік 10 нКл зарядтың потенциалдық энергиясы 10 мн Дж. Осы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

13. Егер 2 мн Кл зарядты шексіздіктен берілген нүктеге әкелгендегі істелген жұмыс 4.10-4 Дж болса, нүктенің потенциалын анықтаңыз.

14. Зарядтары бірдей q аттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Әрбір зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

15. Зарядтары тең q әраттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Екі зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.

16. Потенциалдар айырымы 8 В екі нүктенің арасында электр заряды q қозғалған кезде атқарылған жұмыс 4 Дж. Заряд q шамасы қанша?

17. 20 н Кл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғандағы атқарылатын жұмыс қанша?

18. 20 н Кл заряд потенциалы -100 В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғандағы істелген жұмыс қандай?

19. Потенциалдар айырымы 10 кВ нүктелер арасында қозғалған электрон қандай кинетикалық энергияға ие болады?

20. Бір күш сызығының бойында бір-бірінен 4 см қашықтықтағы нүктелердің потенциалдар айырымы 120 В. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

21. Кернеулігі 60 кв/м біртекті өрісте 5 нКл заряд орын ауыстырды. Модулі 20 см орын ауыстыру бағыты күш сызығымен 600 бұрыш жасайды. Өрістің жұмысын табыңыз.

22. Заряды 9,8.10-18 Кл бөлшек горизонталь орналасқан конденсатордың астарларының арасында тепе-теңдік күйінде қозғалыссыз тұр. Конденсатордың өрісінің кернеулігі 2.104 В/м. Бөлшектің массасын анықтаңыз.

23. Конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің вакуумдағы кернеулігі 40 В/м, астарларының арақашықтығы 2 см. Конденсатор астарларының арасындағы кернеуді табыңыз.

24. Электр өтімділігі ε=1,5, кернеулігі Е=2. 103 В/м электр өрісінің тығыздығы қандай?

В

1. + q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі кернеуліктердің қатынасы қандай? ОА=АС

 

2. + q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі потенциалдарының қатынасы қандай? ОА=АС

 

3. Екі бірдей метал шариктердің біреуінің заряды екіншісінен 3 есе артық етіп зарядталады. Зарядтар аттас. Шариктердің бірі-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орнына апарып қойды. Олардың өзара әсерлесу күштері Ѓ2 / Ѓ1 қалай өзгерді.

4. Екі бірдей металл шариктердің біреуінің заряды екіншіден 3 есе артық. Зарядтар аттас емес (әр аттас). Шариктерді бірін-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орындарына апарған олардың өзара әсерлесу күштерінің қатынасы Ѓ2 / Ѓ1 қалай өзгереді?