КІРІСПЕ 18 страница

4. орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды

Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді.

Өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметке кіру кезінде жынысына, нәсіліне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дініне, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.

Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:

1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;

1-1) тараптардың өзара келiсуi бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттiк қызметте болу мерзiмiн бiр жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы;

2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

7-1) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi.

 

3.ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiнiң:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

7) өзi атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi:

1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;

6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;

7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;

8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

9)мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;

10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;

12) мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгiне түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға мiндеттi.

Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiктi қоспағанда, оны пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.

Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.

Мемлекеттiк қызметке:

- белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

- сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

- бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

- өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

- жұмыстан босату түрiндегi тәртiптiк жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

- мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

- мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

- мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.

Аталған мәлiметтердi табыс етпеу немесе бұрмалау мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1. ҚР мемлекеттік қызметі екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті; ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.

2. Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

3. Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

4. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

Қосымша әдебиеттер:

 

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992ж. 11 қараша

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

Семинар сабағының жоспары:

Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

Мақсаты:тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметті зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

 

1. Мемлекеттік қызмет әлеуметтік-құқықтық институт және қызмет аясы ретінде

2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі мен жіктеу негіздері

3. Мемлекеттік қызмет түрлері және оны басқару

4. Мемлекеттік басқарудың интеллектуалдық әлеуеті

5. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттері

6. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындау

2. ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына талдау жасауға дайындалу

3. «Мемлекеттік басқарудың интелектуалдық әлеуеті» тақырыбына реферат дайындау, әдістемелік сипаттама.

Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындалу ұсынылған әдебиеттерді оқудан басталады. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесіне, құқығы мен міндетіне. Мемлекеттік қызметтің топтастығы мен мемлекеттік қызметтің түрлеріне Ерекше зейін қойып көңіл аудару керек.

 

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

 

1. Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функция-ларына жатпайды:

А) мемлекет бостандығын қамтамасыз ету

В) мемлекеттік және нарықтық реттеулердің байланыс өлшемін табу

С) кәсіпкерліктің дамуын қолдау

Д) экономиканы мемлекеттік реттеу

Е) барлық жауаптар дурыс

2. Әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тұру құқығына ие емес:

А) Парламент депутаттары

В) саяси мемлекеттік қызметкерлер

С) Мәслихат депутаттары

Д) судьялар

Е) министрлер

3. Мемлекеттік қызметкер құқылы:

А) атқарушы органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға

В) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға

С) ақылы педагогикалық, ғылыми және басқа қызметпен айналысуға

Д) өзінің мемлекеттік органында үшінші мүше істер бойынша өкілі болуға

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

4. Мемлекеттік қызметке тағайындалады:

А) мемлекеттік қызметке дейін бес жыл ішінде жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлға

В) бекітілген тәртіп бойынша қызметті атқара алмайтын тұлға

С) мемлекеттік қызметке дейін үш жыл ішінде жемқорлық құқық бұзушылық жасау бойынша әкімшілік сотқа түскен тұлға

Д) жемқорлық әрекетті жасаған тұлға

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

5.Саяси лауазымдарға төмендегілердің қайсысы жатады:

А) жауаптардың барлығы дұрыс

В) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары

С) ҚР Парламентінің палаталары және олардың төрағалары тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары

Д) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер

Е) ҚР Жоғарғы Сотының қызметшілері, олардың орынбасарлары, орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар

6.Басқару ақпараттарының негізгі көздері:

А) халықаралық ұйымдардың мәліметтері, заңдар, мемлекеттік органдардың жарлықтары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің баяндамалары

В) заң актілерінің нормалары, азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын орындау жөнінде мемлекеттік органдар алдында мәселе қоюы Жоғары мемлекеттік органдардың нұсқаулары, бақылау барысында анықталатын фактілер, қарым-қатынастар, күрделі мәселелер, қарама- қайшылықтар, төтенше жағдайлар

С) статистикалық жылнамалар, халық санағының мәліметтері, сот шешімдері

Д) заң актілерінің нормалары, күрделі мәселелер, фактілер, қарым-қатынастар, әр түрлі отырыстардың хаттамалары

Е) бухгалтерлік, қаржылық актілер, қызметкерлер хабарламасы

7. Саяси мемлекеттік қызметке қабылдауда қосымша талаптарды қандай лауазымды тұлға анықтайды:

А) ҚР Президенті

В) ҚР Премъер-министрі

С) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның басшысы

Д) ҚР Парламент палаталарының төрағалары

Е) ҚР Конституциялық кеңесі

8. Мемлекеттік басқарудың өзіне ғана тән ерекшеліктерін көрсетіңіз:

А) әлеуметтік және басқа қызметтер көрсету, қоғам өмірінің әртүрлі салаларында ұйымдастырушылық функцияларды орындау

В) саяси режим

С) билік күші, адамға үстемдік көрсету

Д) оның басқарушылық әсерінің мемлекеттік билікке сүйенуі және сол арқылы қамтамасыз етілуі, барлық қоғамға таралуы, жүйелілігі

Е) тәуелсіздік, мемлекеттік меншік негізінде экономикалық қызметтерді жүзеге асыру

9. Мемлекеттік басқару субъектілері қандай белгілер бойынша бөлінеді:

А) басқару субъектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай

В) мемлекеттік билік түрі бойынша

С) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай