КІРІСПЕ 17 страница

Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады.

Елдiң оңтүстiгiндегi ocі өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе (оңтүстiк бөлiгi), Атырау және Маңғыстау облыстарының оқшауланған экономикалық тораптарын еуропалық, таяушығыстық, шығыс-азиялық және оңтүстiк-азиялық экономикалық кеңiстiктерiне негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Оңтүстiкқазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн (жаңарған Ұлы Жiбек жолын) құрады.

Елдiң экономикалық кеңiстiгiнiң тiрек қаңқасы елдiң орталық бөлiгiнде Оңтүстiк және Солтүстiк даму осьтерiн байланыстыратын Орталық осі болады.

Орталықдаму oci Балқашқа, Достыққа тармақталумен және Қытайға, сондай-ақ Жезқазғанға шығумен, Батыс Қазақстанның теңiз порттары бағытына шығу перспективасы бар "Астана - Қарағанды - Алматы" бағытында қалыптасады.

Оське қосылатын даму аумақтарының ерекшелiгi олардың игерiлу дәрежесiнiң төмендiгi, өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайсыз жағдай, қалыптасқан аумақтық шаруашылық жүйелердiң оқшаулығы және көлiк-коммуникация желiлерiнiң дамымауы болып табылады. Сонымен бiр мезгiлде елдiң орталық аумақтары оның резервтiк ресурстық аймағы болып табылады.

Ocьтiң бойында орналасқан аумақтарды игеру "Ақтөбе - Атырау, Ақтау", "Семей - Өскемен - Алматы" жергiлiктi осьаралық желiлердi дамытумен қатар, елдiң бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiгiн, Ресей Федерациясының Азиялық бөлiгi - Орталық және Оңтүстiк Азия (Солтүстiк - Оңтүстiк) бағытындағы сауда-экономикалық дәлiздердi қалыптастырудың негiзiне айналуға тиiс.

Қалыптастырылатын даму осьтерiнiң аса маңызды тораптары аумақтық-шаруашылық жүйелердiң iрi экономикалық орталықтары болып табылатын, әлемдiк, өңiрлiк және ұлттық еңбек бөлiнiсiнде бәсекеге қабiлеттi, серпiндi дамып келе жатқан көшбасшы қалалар мен тiрек қалалар болады.

2 деңгейдегi қалаларды басым дамыту көзделiп отыр:

-жалпыұлттық, ал перспективада Орталық Азия деңгейiндегi 2-3 iрi көшбасшы қала, бұлар тауар, қаржы, технология және мәдениет алмасудың еуразиялық жүйесiнде аса маңызды тораптарға айналады;

-көшбасшы қалалар жаһандық, өңiрлiк және ұлттық нарықтарға кiрiктiрiлген, өсу полюстерiнiң орталықтарына айналуға және елдiң барлық қалған өңiрлерi үшiн "локомотив" рөлiн атқаруға тиiс;

-өзiне өз өңiрлерiндегi экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және бәсекеге қабiлеттi өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың катализаторы болатын әрi өңiрлердiң ұлттық және сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық және өңiрлiк (облыстық) деңгейдегi тiрек қалалар.

Қалыптастырылатын ocьтер шеңберiнде аумақтарды кешендi дамыту қалыптасқан аумақтық-шаруашылық жүйелер - экономикалық макроөңiрлер (географиялық орналасуына, экономикалық мамандануына және кооперация деңгейiне, көлiк жүйелерiнiң ортақтығына байланысты елдiң екi немесе одан көп облыстарын қамтитын), өңiрлер (бiр облыс немесе республикалық маңызы бар қала шегiнде) мен өңiрге қарасты өңiрлер (бiр немесе бiрнеше аудандар шегiнде) бөлiнiсiнде көзделiп отыр.

Қалыптастырылатын стратегиялық даму осьтерi мен экономикалық макроөңiрлер (өңiрлер, субөңiрлер) халықты таратып орналастыру жүйесiнiң негiзiне айналады және таратып орналастырудың тиiстi (солтүстiк, оңтүстiк, орталық) макроаймақтары мен елдi мекендер жүйесiн (макроөңiрлiк, өңiрлiк және өңiрге қарасты өңiрлiк) қалыптастырады.

Осыған байланысты тәжірибеде бұрын қалыптасқан жоспарлау әдiстерiне қарағанда, өңiраралық теңсiздiктердi жою емес, экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау мiндетi тұр. Аумақтарды бiркелкi дамыту тұжырымдамасының орнына полярлық дамыту тұжырымдамасы келуге тиiс, мұнда өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген әр елдiң қалған барлық өңiрлерi, ал перспективада бүкiл Орталық Азия өңiрi үшiн "локомотивтер" рөлiн атқаратын неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан қалалар немесе өңiрлер өсу полюстерiне айналуы мүмкiн. Осыған байланысты алдағы кезеңде ел бойынша тұтастай экономикалық белсендiлiктiң өсуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен қатар орталық деңгейде жалпыұлттық ауқымдағы реттеу басымдығы, өсу полюстерiн қалыптастыру болады.


ҚОРЫТЫНДЫ

1. Жергілікті мемлекеттік басқару – ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі.

2. Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

3. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат аппараты – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

Қосымша әдебиеттер:

 

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 ж. 11 қараша

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

Семинар сабағының жоспары:

Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

Мақсаты:тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының жүйесін зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

1. ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі

2. Парламенттің құрамы мен құрылымы

3. Парламенттің өкілеттігі мен жұмыс істеу нысандары

4. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Тақырыптың сұрақтарына ауызша жауап беру керек.

2. «Қазақстан Республикасының өңірлік саясаты» тақырыбына реферат жазу.

Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты ұсынылған әдебиеттерді оқудан бастау керек. Бұл тақырыпты қарастыру кезінде Мемлекеттік биліктің әрбір басқару ұйымдары механизмінің мәнін түсінген дұрыс.

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

 

1. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері қай органның өкілі болып табылады:

А) ҚР Президенті

В) ҚР Үкіметі

С) жергілікті өзін-өзі басқару органдары

Д) ҚР Президенті мен ҚР Үкіметі

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

2. Қазақстан Республикасында жергілікті атқарушы орган:

А) мәслихат

В) әкімшілік

С) мәжіліс

Д) кеңес

Е) cенат

3. Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті орган:

А) әкімиат

В) мәжіліс

С) маслихат

Д) кеңес

Е) сенат

4. Маслихаттардың негізгі қызметтеріне …

А) нақты аумағында жоспарларды, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бекіту, жергілікті бюджетті және оның атқарылу есептерін, сонымен қатар бюджет бағдарламаларын бекіту

В) облыстық коммуналды меншікті басқару және оны қорғау шараларын жүзеге асыру

С) облыс аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамытуға бағытталған жағдайлар жасау

Д) ҚР өндірістік күштерді орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық схемасын жоспарлау, облыстық орталықтың бас жоспарын жасау

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

5. Әкімиаттың қызметтеріне тікелей байланысты:

А) нақты аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бойынша бағдарламаларды бекіту

В) нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жоспарларды, облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын жасау, облыстық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз ету, сонымен қатар бюджет бойынша есеп жасау

С) жергілікті әкімшілік- аумақтық құрылым мен жергілікті қоғамдық шекараларды анықтау туралы мәселелерді шешу

Д) атқарушы органдар басқармасының есептерін қарау және нақты органдарға жауапкершілік туралы ұсыныстарды енгізу

Е) барлық жауаптар дұрыс

6.Облыс әкімін кім тағайындайды:

А) Премьер-Министр

В) Мәжіліс депутаттары

С) Сенат депутаттары

Д) Президент

Е) Халық

7. Конституция азаматтардың еркі мен мүдделерін білдірудің, қоғамдық құрылыстың негіздерін белгілеудің қайсысына жатады:

А) Заңдық

В) Құқықтық

С) Рухани

Д) Саяси

Е) Қоғамдық

8. Жергілікті өкілді орган

А) Мәслихат

В) Парламент

С) Сенат

Д) Мәжіліс

Е) Әкімият

9. Жергілікті атқарушы органды кім басқарады:

А) Әкім

В) Мэр

С) Премьер-Министр

Д) Президент

Е) Жергілікті сот

10. Мемлекеттік басқару кағидаларының ерекше белгілері:

А) басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы

В) олардың диалектикалылығы, жүйелілігі

С) олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы,өзара байланыстылығы

Д) олардың өзара байланыстылығы

Е) объективті факторларға тәуелділігі

 

9-ТАҚЫРЫП. Басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет

 

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты: Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функциясының жіктеуі бойынша өте ірі экономикалық саясат құрайтынын зерттей отырып, онымемлекеттік қызметтің әртүрлі экономикалық қызметтері экономикалық саясатты әзірлеуде қарастыратын экономикалық міндеттерін негізге алу. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мәртебесі мен жіктеуі туралы түсінік қалыптастыра отырып, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Мемлекеттiк қызмет әлеуметтiк-құқықтық институт және қызмет саласы ретінде.

2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәртебесі және жіктеуі.

3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерi.

Негізгі түсініктер:Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саяси қызметші, мемлекеттік әкімшілік қызметші, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң.

 

Тақырыптың мазмұны

1.Мемлекеттік қызмет ұғымы мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі деп түсіндіруге болады.

Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік қызмет институттарының экономикалық функциясының жіктеуі және әр түрлі топтық нұсқалары бар. Мысалы, оларды қандай да бір белгілері бойынша (әлiпби бойынша, маңыздылық дәрежесi бойынша, экономикалық саясаттың құрылымы бойынша және т.б.) атап шығуға болады. Осылайша, мемлекеттік қызмет институттарының экономикалық функциясы жіктеуінің маңыздылығы, және алдыңғы қатарға көбіне нарықтық және мемлекеттiк реттеудiң мәселелерін шешу жолдарын іздестіру, кәсіпкерлік еркіндікті дамытуды қолдау және экономиканы мемлекеттік реттеу маңыздылығы бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларын жіктеу жиі ұсынылады. Бұл байланысты ғылыми түрде және өлшемнің жүйесін анықтау арқылы, нарықтық және мемлекеттік тетіктің шоғырлану дәрежесін, сонымен қатар оның серпімділігін және есептік шегін анықтау қажет.

Алайда мұндай ұстанымның экономикалық тұрғыдан атқаратын қызметі жеткіліксіз және төзімді болады, өйткені қоғамның дамуында қоршаған ортаның атқаратын қызметі қарастырылады, олардың басымдылығы экономикада елеулі орын алады.

Сондықтан, мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функциясының жіктеуі бойынша өте ірі экономикалық саясат құрайтынын көруге болады.Экономикалық саясатты әзірлеуде мемлекеттік қызметтің әртүрлі экономикалық қызметтері қарастырылатын экономикалық міндеттер негізге алынады.Сонымен экономикалық функцияның жіктеуін келесі суреттен көруге болады (1-сурет).

 


 

 

1-сурет. Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық саясаты бойынша экономикалық функциясының жіктеуі

 

Өз кезегiнде, мемлекеттік қызмет институтының экономикалық қызметтерінің тағайындалуы және табиғаты бойынша (құрылымдық, монополияға қарсы, инвестициялық саясат және т.б.) бақылаушы, реттеуші, ынталандырушы бола алады.

Экономикалық функциялардың мұндай бөлiмшелері экономикалық тетіктің негізгі пайдалы көзі болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет институтының экономикалық функциялары әлеуметтік міндеттерді, сонымен қатар әлеуметтік саясаттың құрамына енетін әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-мәдени сала, тұрғындар саны және т.б. міндеттерді орындайды. Ең алдымен, мемлекет пен оның органдарының қатысуы мемлекеттік қызметте нарықтық экономиканы реттеуде экономикаға әлеуметтік бағыттылықты тудыратын әлеуметтік нарықтық экономиканы құрайды.

Әлеуметтiк нарықтық экономиканың басты нүктесі нарықтық экономика болып табылады, оның ең басты мақсаты мен міндеті – өндірістің өсуі мен табыстылығы.Сондықтан да нарықтық экономика бұл мақсаттарға жетумен бірге бірнеше әлеуметтік сұрақтарды да шешеді.Оның ең басты міндеті – көп мөлшерде тауар өндіру, яғни бұл жерде жұмысбастылық, еңбекақы төлеу жүйесі, және т.б. жайлы айтылады.Бірақ нарықтық экономикада бәсекелестікке негізделген, мұнда әлеуметтік әділеттілік жайлы мүлде қаралмайды.Әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік қорғау ең алдымен мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша мемлекет әлеуметтік нарықтық экономиканы өз еркімен халықтың мүддесіне қарай бұрмалайды.

Осы шарттарға байланысты мемлекет халықтың әлеуметтік қорғалуы және қоғамның тыныштығы үшін көбінесе экономикалық белсенділігін жояды. Мысалы, әлеуметтік нарықтық экономикасы дамыған Жапония, Швеция елдеріндегі зағип адамдарға арналған қосымша әуендері бар бағдаршамдарды, қоғамдық көліктерге орнатылған арнайы көтергіштері бар құрылғыларды қорытынды ретінде атап кетуге болады.

Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің белсенділігін іске асыру бағытындағы Қазақстанның шетел мемлекеттерінің тәжірибесін қолданудағы кейбір жайларын атап кетуге болады. Жапонияда экономиканы мемлекеттік реттеу және әлеуметтік-еңбек қызметтері әлсіз дамыған. Мысалы, мемлекет тікелей әлеуметтік әріптестіктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ та жапон тәжірибесіне тереңірек талдау жасайтын болсақ, мемлекеттік реттеу барлық жерде жүргізіледі. Осыған байланысты мемлекет барлығын орындауға міндетті бірыңғай стандарттарды бекітеді. Дәл осындай құралдар еңбекақы мәселелері, жалдау және т.б. мәселелерді реттеуде қолданылады.

Сонымен бiрге Жапонияда бес жылдық жоспар ойдағыдай қолданылуда. Оған тән ерекшеліктер – бұл үрдісті жүзеге асырудағы ұйымшылдық, үлкен тәрбиелік мәні. Жобалардың бес жылдық жоспары ұжымдарда, кәсiпорындарда, оқу және ғылыми орындарында белсенді түрде талқыланады.Талқылау барысында формализм болмайды, өйткені жапондықтардың барлық жоспарлары адамзаттың дамуына, рухани байлығының өсуіне, адамзат өмірінің жақсаруын дамытуға бағытталады.

Сондықтан да ел тұрғындары бұл жоспарлардың орындалуына қызығушылықтарын танытады. Бұл жоспарлардың іске асуы өз кезегінде мемлекеттік қызмет институтының құрамына енгізіледі.

2.Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Саяси лауазымдарға мыналар кіреді:

1. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

2.1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;

3. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;