Билет № 25

1.Әр адамның мінезінен – халықтың мінезі құрылады. Халықтық мінез сол халықтың рухани жан дүниесін, көзқарасын, қарым-қатынасын айқындап тұрады. Халықтар да адамдар сияқты бір-бірінен ерекшеліп тұрады. Олардың дәстүр, тұрмыс, мінез айырмашылықтарын көру қиын емес. Қазақ халқының халықтық мінез қырларын айтып өтуге болады: ол - сабырлылық, еңбекқорлық, қарапайымдылық, қонақжайлылық т.б. Халқымыздың “жаман халық жоқ, жаман адамдар болады” деген даналық сөзі бар. Бұл - рас сөз

Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді, жаман мінез-құлық – бұл рухани дерт.

Жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты, адамның қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күш болып екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адам бойындағы мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре тұра пайда болады. Әбунасыр Әл-Фараби

2. Диалект сөздер- белгілі жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілде баламалары болады. Мысалы: тәртіп – нұсқау, бұйрық (Орал облысы), шалбар – сым (Алматы, Шығыс Қазақстан), қабырға – жар (Атырау, Ақтөбе), жұмыртқа – тұқым (Оңтүстік Қазақстан), тыңда – тыңла, құдағай – құдағи, бережақ – берешек, келулі – келді.

Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақдомбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына жатқызған.

 

Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі. Бір қызықты жай - Абай поэзиясында да, прозасында да қыстырма сөз өте аз ұшырасады. Әдетте, мәдениетті сөйлеу, жазу дәстүрінде қыстырма сөзді көп қолдана бермеген де дұрыс. Тілдің эстетикасын өте терең ұғынған және халық тілінің байлығын еркін игерген Абай Қыстырма сөзді орыңды-орынсыз көп пайдаланудың қисынсыздығын жақсы білген. Тағы бір қызық жай - Абай шығармаларында қыстырма сөз «біл» сөзінің қатысуымен жұмсалып отырады: «Кім біледі, Сен кәпір, Баяңдыдан сендің бе? Әлде айналып, кім білер, Боталы түйе секілді Қорадан шықпай өлдің бе», «Ақынды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын кердім», «Мен білемін, қайтейін. Мұндай асыл тумайды», «...Әзіде білмей ме. Көп сөйлеп созбайын». Әдеттегідей, А. туыңдыларындағы Қыстырма сөз айтылған ойына автордың сенімін, күдігін, жорамалын т.б. көзқарасын аңғартады