Билет№ 24

1. Жастар - қоғамның белсенді күші, еліміздің - ертеңі. Қай заманда да жастар қоғамның қозғаушы күші болып келе жатыр және бола береді де. Соңғы жылдары жастарымыздың қоғамдағы белсенділігі бұрынғыдан да артып келе жатыр. Осы бағьтта 1993 жылдан бері еліміздің дарынды жастары шет елдерге «Болашақ» бағдарламасы бойынша жіберіле бастады. Бұл бағдарлама бойынша жоғары деңгейде білім алып келген жастарымыз бүгінде ел экономикасын өркендетуге зор үлестерін қосуда.

Елімізде түрлі жастар үйірмелері, клубтары, қозғалыстары құрылып, олар қоғамда белсенділік таныта бастады. Жастарымыздың қоғамның саяси өміріне қатынасуы да терең бағыт алып келеді. Жастардың алды ел парламентінде депутат болып отырса, кейінгілері «Жасыл ел», «Атамекен», «Жас Отан» қозғалыстарын құрып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында аянбай қызмет етуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы жылдары жастармен бірнеше рет кездесіп, олардың алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. Соның ішінде қоғамдағы жас ұрпақтың жетекшілік рөлін күшейту ең басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі еліміздің келешегі жастардың қолында. Қоғамды жетілдіретін де, ілгері апаратын да жастар. Білімді, саяси сауатты, дарынды, іскер жастарымыздың бұл міндет биігінен абыроймен көріне берері кәміл

3. Сөздердің орын тәртібі.Қазақ тілінде сауатты жазу үшін тілде қолданылатын сөздердің орын тәртібін білудің маңызы зор. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі орыс тіліндегідей емес, тұрақты болып келеді. Сөйлемдерді құрайтын бас мүшелер (главные члены) – бастауыш (подлежащее) пен баяндауыш (сказуемое). Осы екі бас мүшеден құралған сөйлемдерде құралған сөйлемдерде бастауыш бірінші, баяндауыш екінші тұрады. Мысалы: Мен отырмын. Ол – бригадир. Сен жалқаусың. Асан үлкен