Билет №20.

1. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясы Казақ филиалының казақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы секторы болып құрылды. 1941 жылдан бастап бұл сектор Тарих, тіл және әдебиет институты құрамына еніп, 1945 жылы Тіл және әдебиет институты болып қайта құрылды. 1961 жылы мамыр айында осы институт негізінде Казақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты болып жеке бөлініп шықты. Сол жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды. М. О .Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты кұрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды. Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер кайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Институтта әр жылдары З.Ахметов, М.0.Әуезов, Л.М.Әуезова, И.Х. Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы. Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, А.Қ.Жұбанов, К.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.К,Каратаев, Е.В.Лизунова, Ш.К.Сәтбаева, М.С.Силъченко, Н. С. Смирнова, Ә. Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет кайраткерлері жұмыс істеді. Институтта "Қазақ әдебиетінің тарихы" (казақ тілінде 6 том, орыс тілінде 3 том) іргелі зерттеуі дайындалып, "Көпұлтты кеңес әдебиетінің тарихы" (Мәскеу, 9 том), "Әлем әдебиетінің тарихы" (Мәскеу, 9 том) және т.б. іргелі еңбектер үшін қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы тараулар жазылды. С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин туындыларының көп томдық шығармалар жинағы, Абай мен Жамбыл шығармаларының екі томдық академиялық басылымы дайындалып жарияланды.

 

 

2. Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

 

1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара,ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз –шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

 

2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығындақолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші;

2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б.

3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

 

Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

 

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

 

1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор –әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат т.б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.

 

Билет№ 21

1. Қазақ тілі – ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең бай тілдердің бірі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны шексіз. Қазақ тілінің сөздік құрамы өзінің даму барысында басқа тілдерден енген сөздер, байырғы сөздермен толысып, дамып отырады. Қазақша сөйлеуге және жазуға қатысатын барлық сөздердің жалпы жиынтығы қазақ тілінің сөздік қоры немесе лексикасы деп аталады.

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз. Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.

Мемлекеттік тіл барлық халықтарды біріктіруі тиіс. Сондықтан да оны осы елдің әрбір азаматы еркін меңгеруі керек. Ал қазақ тілінің қазақтардың ана тілі екендігі – айдан анық нәрсе.

Қазақстанда саяси реформалар басталды. Бүгін біз Қазақстанның лингвистикалық қазынасы жалпы қазақстандық мәдениетті байытып, көп ұлтты халықтың бірлігін нығайтудың маңызды факторына айналды деп мақтанышпен айта аламыз.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» демеп пе еді Ахмет Байтұрсынов.

Тіл – халық тарихы, бір ұлттың өткені мен бүгіні, әдебиеті мен мәдениеті...

Ол жоғалса – сол ұлттың да жоғалғаны!

Мемлекет тіліне қиянат жасау – оның жүрегіне балта шабумен бірдей. Өйткені, ол ғасырлар бойы ата-баба рухымен қайраттанып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір елдің өмірі, қайғысы, қуанышы...

Дүниедегі ең ауыр қайғы – ұлтыңның тілін жоқ ету.

Негізінде тіл мен қоғам бір-бірімен тікелей байланысты. Өйткені қоғамсыз тіл – жоқ, ал тілсіз қоғам – жоқ

 

Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытанын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн.

2.синоним