Билет№ 17

1. Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

2. Көмекші сөздер (Служебные слова)

Көмекші сөздер үшке бөлінеді:

1.Көмекші етістік (Вспомогательные глаголы) 2.Көмекші есімдер (служебные имена)

3.Шылау (союзы)

Көмекші етістік – сөзге грамматикалық мағына үстейді.

Мыс: ал, бұр, бер, бол, кел, кет, көр, қал, шық, жүр, отыр, жатыр, сол, таста, баста, қай, түс, е, еді, екен, емес, де.

Көмекші есімдердің мағынасы есім сөзге жақын. Зат есімнің мекендік, мезгілдік, мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздер.

Мыс: алды, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, арқасы, арасы, ортасы, іші, маңы, бойы, беті.

Шылау – толық мағыналы сөзге тіркесіп, грамматикалық мағына қосу үшін сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын көмекші сөздер.