Билет № 15

1. Қазыбек Келдібекұлы - Орта жүздің төбе биі, шешендік өнердің маңдайалды өкілі ретінде еліміздің тарихында мәңгілік орын алған аса ірі тұлға.Ол Тәуке ханның кезінде «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын жасаушылардың бірі болған. Ол - халқының біртұтас, дербес мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Сонымен бірге Қазыбек өз тұсындағы қазақ хандарының ақылшысы, мемлекетаралық шиеленісті бейбіт жолмен реттеуді жақтаған парасатты елші-мәмлегер, дипломат та бола білген. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген. Атап айтқанда, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 ж. орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан. Қаз дауысты Қазыбекті үш қырынан қарастырған жөн. Ең алдымен ол - асқан шешен, ақын болған кісі. Екішіден, ел басқарған, дау-жанжалды шешкен, әділ қазы. Үшіншіден, ол халықарлық дәрежедегі елші - дипломат, қоғам қайраткері.

Халық аңызы - Қазыбектің дауысы қоңыр қаздың даусындай болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен. Сондықтан оны Қаз дауысты Қазыбек деп атаған, - дейді.

Қазыбектің туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи ғимаратында жерленген.

Қазыбек бидің ақылдылығының бір көрінісі.

Қазыбектің ағайындары - Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігіне сүйеніп, оны бір күні шақырып алады. Әуелі Бертіс би:

Ақылы елден артылған,

Ақылың болса, мақтан.

Ынтымағы жұрттан асқан,

Жақының болса, мақтан.

Сенің жасың кіші ғой,

Ағаның алдына шығудан сақтан! - деп ескертеді. Қазыбек оларға:

Бір бала бар -

Атаға жете туады.

Бір бала бар -

Атадан өте туады.

Бір бала бар -

Кері кете туады! - деп, жауап береді.

Мұның айтканын, ана екеуі кек тұтып, күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді. Бұзықтар Қазыбектің үстіне шекпен жауып, сабамаққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің кенже інісі Бөдене батыр екен. Ағайындарының ағасын оңаша шақыруынан қауіптеніп, асығып жеткен беті осы еді.

Әйтеке би

Әйтеке 1644 ж. Өзбекстан Республикасының Қазбибі тауы, Қызылша аулында дүниеге келген. 12 жасына дейін үлкен әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, Бұхар, Самарханд медреселерінде араб-парсы тілдерін оқып үйренген. Әмір Темірдің әскеи өнері мен ел басқару жолымен тәлім алған. 36 жастағы Әйтеке Нұрата аймағынан бастап, Сыр бойы, Қызылқұм, Үстіртте жасаған Кіші жүз руларының төбе биі болып сайланады. Әйтеке би Тәуке ханның «Хан кеңесіне сайланған» алты бидің бірі болған.

Бабасы Жалаңтөс батырдың әскери мектебінен тәрбие алған Әйтеке қазақ хандығының саяси бірлігін нығайтуды, тәуелсіздігін сақтап қалуды көздейді.

Әйтек - артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған шешен, ол тапқыр шешендігі, әділ билігімен мәлім болған.

1698 ж. Хан кеңесі орыс патшасына қосылу жөнінде мәселе көтереді. Сонда Әйтеке би: «Тазыдан қашқан түлкі қақпанға тап болады» дегендей, қазақты біржола құрсаулы қақпан, қазулы орға түсіріп, ақыр заманға дейін орысқа бодан етіп беретін пиғылыңды құптамаймын. Әкең Жәңгір қалмақтармен соғыста жекпе-жекке шығып, кебін кигенін ұмыттың ба? Ұлың Сұлтан Қалмақтың қолында тұтқында. Ендігі қалғаны қазақ халқын орысқа тұтқын ету ме ойың? Қайсы елге болса да мойнымызды ұсынып, өмірлік бодан болуға үзілді-кесілді қарсымын», - дейді.

Әйтеке би 1700 ж. 56 жасындап қайтыс болды.

2. Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан олбұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады.