Билет№13

1.Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі - ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалары мен орталықтарының болуында. Бұл қалалардың саяси-экономикалық, әскери-шаруашылық, сауда, ең бастысы ел басқаруда маңызы зор.

Орынбор

Орынбор - тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын.

1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген. Сөйтіп, Орынбор бекінісі Ресейдің бүкіл Орталық Азияны басып алуының кілті болған. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары аталған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген “Айқап” журналы осы қалада басылып шыққан.

Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай және т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, еңбектерін жазған.

Қызылорда

 

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазір Қызылорда қаласы астана болды.

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық елестейтін.

Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты бой көтерген.

Қазіргі Қызылорда - ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы.

Алматы

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

Алматы - көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан екі мың жыл бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-ақ Алматы деп аталған.

1854 жылы Кіші Алматы өзені бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға “ Верный” деген ат берілді.

1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.

Қазіргі Алматы - өндірістің, ғылым мен мәдениеттің, өнердің аса ірі орталығы. Қазіргі кезде миллионнан астам көп ұлтты халқы бар.

Республика тәуелсіздігінің белгісі - Алтын адамның биік бағана үстіне орнатылған мүсіні алыстан көз тартады.

Астана - Қазақстанның бас қаласы

Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау” туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналады. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би , Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның ХХІ ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.

Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. “Бәйтерек” ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.

Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласының төсінде, көшпелілердің ежелгі өркениеті осынан бастау алған.

Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені.

1832-1961 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды, ал КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша – Астана деп аталды.

Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университеттер, институттар, колледждер бар.

Астана Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Парламент және Үкімет орналасқан.

Астана – алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет ғимараттары, «Континенталь» қонақ үйі салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды.

21 ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

Атырау – мұнайлы өлке

Атырау – Қазақстандағы ескі қалалардың бірі. Оның іргесі 1640 жылы қаланды. Қаланың Гурьев аталуы орыс көпесі Михаил Гурьевтің есімімен байланысты. Ол 1640 жылы өз туыстарымен Жайық бойына көшіп келіп, балық аулау кәсіпшілігін ашқан.

Атырау – мұнай өндіру, балық аулау, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өндіру, құрылыс материалдарын өндіру жағынан өте дамыған өңір. Атырау қаласы – облыс орталығы. Облыстың Мақат, Доссор, Қосшағыл, Құлсары т.б. мұнай өндірістерін дүние жүзі біледі.

Атырау алқабы мәдени ескерткіштерге өте бай. Хан ордасы Сарайшық кесенесі салынды. Күй атасы Құрманғазы, Дина Нұрпейісова осы елден шыққан. 1955 жылы қаланың Гурьев аты Атырау болып өзгерді.

Облыс құрамында бір қала, жеті әкімшілік аудан бар. Соның ішінде Мақат және Жылыой мұнайлы аудандары. Ал Атырау қаласы – мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінің орталығы. Атырау өңірі түрлі пайдалы қазбаға, бай, соның ішінде, ілеспе газдары бар тұз үсті және тұз асты мұнай кен орындары ретіндегі көмірсутегі шикізаттары, Атыраудың кен орындары елді мекендерден өте алыс жатыр. Ең жақын деген Сарықамыс поселкесінің өзі 70 шақырым. Одан кейінгі жақын жер 90 шақырымдағы “Опорный” темір жол станциясы.

Исатай ауданының орталығы Аққыстау кеніші мұнайшылардың қалашығына айналды. Аққыстауда 15 пәтерлік көп қабатты үйлер салынып, пайдалануға берілді. Сол сияқты Елемес, Сазтөбенің басында жұмысшыларға арналған жатақханалар салынды.

Атырауда ұлттық және шетелдік көптеген белгілі компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр: “Қазақойл – Ембі”, “Қазақстан Каспий Шельф”, “Теңізшевройл”, “Жайық мұнай”, Agip, Chevron, MobiI, British, Gas және т.б..

Облысымызда көптеген мұнай-газ өндіруші өндіріс орындары бар: Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау химия зауыты, “Ембімұнайгаз”, “Теңізмұнайгаз”.

 

Сырға толы Сарайшық

Сарайшық - Атырау қаласының солтүстігінен 50 километр жерде Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан орта ғасырлық қала. Тарихи деректерге қарағанда қала іргесі ХІ ғасырда қаланған. Ол - Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым Қытаймен байланыстырған маңызды діни саяси-экономикалық орталық. Сарайшық - Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Ол Шыңғыс ұлы Бату Сарайынан кейінгі екінші астана, кезінде Кіші Сарай есептелінген. Сарайшық қаласының гүлденген дәуірі - ХІІІ-ХІҮ ғасырлар аралығы. Қасым ханның тұсында Сарайшық қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.