Билет № 11

1. Мұражай туралы

Мұражайлардың басты жұмысы - табиғат пен адам қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі - материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін, табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, оларды зерттеу және сақтау, жәдігерлерді (экспонаттарды) халыққа көрсету, насихаттау. Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін 3 мұражай болды. Қазір елімізде 50-ден астам мемлекеттік мұражай бар. Сол сияқты қоғамдық негізде жүздеген мұражай жұмыс істейді . Бұл мұражайлар өлкетану, тарихи–мемориалдық, этнографиялық мұражайлар болып бірнеше түрге бөлінеді. Еліміздегі Республикалық мемлекеттік мұражай 1929 жылы құрылған. Барлық облыс орталықтарында тарихи-өлкетану мұражайлары ұйымдастырылған. Бұл мұражай жәдігерлері қазақтың көне тарихынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан дерек береді, еліміздің тарихи даму жолын көрсетеді. Халқыңның тарихын біліп, еліңді танығың келсе, мұражайға бар.

Билет № 12

1. Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстандағы ең ірі өзендер - Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады. Оның биіктігі - 6996 метр.

Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әр түрлі болып келеді. Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан алуан, әрі бай. Бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректі, 485 түрлі құс, 15-ке жуық балық пен көптеген жануар-эндемиктер (тышқан, сайғақ т.б.) кездеседі.

Қазақстанда 6 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкімет қамқорлығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар