Берілгені.

B=1Тл

S=400см2=4*10-2м2

M=0,2Н*м

I-?

M=IBS

I =M/BS=0,2/1*4*10-2=0.5*10=5А

 

 

29-Билет:

1.Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі. P-n ауысу. Транзисторлар.

Жартылай өткізгіштер — өзінің электрлік қасиеті жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің (мысалы, германий, кремний) арасынан орын алатын элементтер. Металдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер электр тоғын аз өткізеді, ол сәулелену кезінде жарық энергиясының ағымымен өзгере алады. Радиолампалармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер құралдардың көлемі мен салмағы аз, электрлік және механикалық беріктігі жоғары болады, олар ұзақ уақыт қызмет ете алады және электр энергиясын аз пайдаланады. Осындай қолайлы қасиеттеріне орай жартылай өткізгіштерді әскери радиотехникалык аппаратураларда жиі қолданады.

Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері. Жартылай өткізгіштердің кәдімгі температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгішітігі мен салыстырғанда аз. Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай өткізгіш неғұрлым қатты жарықталынса, оның электрөткізгіштігі де соғұрлым жоғары болады. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі оның құрамына өте аз шамада қоспалар енгізу жолымен басқарылады.

Екі бөліктен тұратын жартылай өткізгіштің кристалын алайық: оның біреуі р-типті қоспалы және екіншісі n-типті қоспалы болсын. Бұл екеуінің шекарасы р-n ауысуы деп аталынады.

Айталық, жартылай өткізгіштің бұл екі бөлігі енді ғана түйістірілсін (шын мәнінде бұл бір кристалдың екі бөлігі, оның біреуінде р-типті қоспа басым болады). Сонда бірден электрондары көп n-типті жартылай өткізгіштен электрондар, олардың саны аз р-типті жартылай өткізгішке ауысады, ал кемтіктер кері бағытқа қарай орын ауыстырады. Бұл электрондар мен кемтіктердің диффузиясы екі сұйықтармен немесе газдармен өзара диффузиясына ұқсас, бірақ бұл процестерден айырмашылығы, электрондар мен кемтіктердің диффузиясы өте жылдам өтеді.

Кемтіктер мен электрондар зарядтарды тасымалдамайтын болса, олардың диффузиясы кемтіктер мен электрондардың концентрациясы толығымен теңескенге дейін жүрер еді. Алайда, n - аймақтан р - аймаққа көшкен электрондар теріс заряд алып өтеді, сонда n - аймақ оң зарядталады, ал р – аймақ теріс зарядталады. Қарама-қарсы бағыттағы кемтіктердің диффузиясы да р – аймақты теріс зарядтайды, ал n – аймақты оң зарядтайды, яғни р - және n – аймақтары арасында түйісу потенциалдар айырымы пайда болады.

Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.

2.Булану және конденсация. Қайнау.

Булану (Испарение) — заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі.

Конденсация (газдың сұйыққа айналуы; лат. condensatio — тығыздалу, қоюлану) — заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан төменге карай ығысуынан болады.

Конденсация тұман және бұлт қалыптасуы түрінде білінеді. Конденсация температураның төмендеуінен немесе қысымының өзгеруінен болады. Булануға қарама-қарсы процесс.

ҚАЙНАУ – сұйықтықтың тұтас көлемінде бу көпіршіктерінің пайда болып, олардың сұйық бетіне шығып буға айналуы

3.Берілгені:

l=0,2м

B= 0,25Тл

I=20А

F-?

F=B*I*l=0,2м* 0,25Тл* 20А=1H

Билет.

1. Вакуумдегі электр тоғы.Электрондық шам түрлері және қызметі.

Вакуумдегі электр тоғы дегеніміз-термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы.Оған электрондық шамдар жатады.шамның 2 түрі бар: 2 электродты электронды шам-диод, 3 электродты электронды шам -триод, триодтың диодтан ерекшілігі қосымша тор дегені болады

Электрондық Шам – электрондар ағыны арнаулы электрондармен (тормен) басқарылатын электр вакуумдық прибор. Ол ішінде жоғары вакуум жасалған, электродтары бар шыны не металл баллон түрінде болады.

Электрондық Шамның қарапайым түрі – 2 электродты шам (диод). Мұндай шам айнымалы тоқты тұрақты токқа түрлендіру (кенотрон) және түзету (детектор) мақсатында пайдаланылады. 3 электродты Электрондық Шамның (триод) аноды мен катодының аралығында басқарушы электрод – тор орналасады. Тор потенциалының аз ғана өзгерісі анод тогының шамасын едәуір шамада өзгерте алады. 3 электродты және электродтарының саны бұдан да көп Электрондық Шамдардың (тетрод, пентод, октод, гексод, гептод) осы ерекшелігін ғылым мен техниканың әр түрлі саласында электрлік тербелістерді тудыру (алу), күшейту және түрлендіру мақсаттары үшін кеңінен пайдаланады. Аса жоғары жиілікті сигналды күшейту және түрлендіру үшін арнаулы Электрондық Шамдар немесе басқа принципке негізделіп жасалған приборлар қолданылады.

2.Кристалл және аморф денелер. Балқу мен қатаю. Сублимация.

Кристалдар(гр. krys-tallos – алғашқы мағынасы мұз) – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық жағдайда (қысым, температура) кристалдық күйде болатын заттың нақты, тек өзіне тән кристалдық атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады.

Аморфденелер - барлық бағыттарда физикалық қасиеттері бірдей болатын қатты денелер. Аморф денелер ихотропты. Аморф денелерінің барлық бағыттардағы қасиеттері бірдей болатыны немесе изотроптығы олардың құрамындағы атомдар немесе молекулалардың бейберекет, ретсіз орналасуымен байланысты. Сыртқы күштер әсер еткенде қатты дене деформацияланады. Деформация нәтижесінде қатты денеде Fс серпімділік күші пайда болады және оның бағытты деформация тудырған күштің бағытына кері болады.

Балқу— қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу). Таза заттар балқуының басты сипаттамалары — балқу температурасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.

Сублимация (лат sublіmo – биікке көтеремін) – заттың кристалдық күйден газ тәрізді күйге ауысуы; жылудың жұтылуымен жүретін процесс. Сондай-ақ сублимация қатты және газ тәрізді фазалар қатар өмір сүретін температура мен қысымның барлық интервалында болатын буланудың бір түрі. Сублимация үшін қажетті энергия сублимация жылуы деп аталады. Сублимация жылуы мен қатты дене бетіндегі қаныққан бу қысымы мен температура арасындағы тәуелділік Клапейрон-Клаузиус теңдеуімен өрнектеледі. Металдық кристалдар сублимациясының нәтижесінде бір атомды булар пайда болады; иондық кристалдар буланып, газдық фазада полярлы молекулалар құрады; молекулалық кристалдар молекулалардан тұратын бу түзеді.

3.Берілгені:

q=3,4*105Дж/кг

t=00С

m=3кг

Q-? Q=q*m=3,4*105Дж/кг*3кг=10,2*105Дж