Билет №1

1.Механикалық қозғалыс. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдықтың өлшем бірлігі.

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с.

2. Жылулық құбылыстар. Жылу мөлшері. Ішкі энергия.

Зат температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын құбылыстар жылулық құбылыстар деп атайды.

Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп атайды және оны Q-мен белгілейді. Басқаша айтқанда, жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады.

Назар аудар!

1.Қыздыру барысында судың температурасы t1 -ден t2-ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса, онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет.

2.Жылу мөлшері-физикалық шама және ол температураның t1 -ден t2-ге дейінгі өзгерісіне пропорционал. Яғни, Q~( t1 - t2)

3.Судың массасы неғұрлым көп болса, оны белгілі бір температуралар айырымына дейін қыздыру үшін соғұрлым көп жылу мөлшері қажет.

Дененің қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшері, заттың тегіне, массасына және оның ?тәуелді.

3. Есеп.

Берілгені:

R=6Ом

L=3м

S=0,25мм2=0,25*10-6м2 Жауабы: 0,5*10-6Ом*м

Т/к: –?