Байланысы

Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің алдында үлкен міндеттер қойылды. Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің заңдылықтарын білу үшін көптеген теориялық және практикалық ғылымдармен таныс болуымыз керек. Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі педагогика, лингвистика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Педагогика - жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөнiндегi ғылым. Әдiстеме ғылымында да оқыту және оның әдiстерi негiзгi қағидалар болып табылады. Шетел тiлiн оқытуды үйрену үшiн педагогиканы бiлу шарт. Педагогиканың бiр саласы дидактика деп аталады. Дидактика - мектепте оқытудың негiзгi жолдарын зерттейдi.

Әдiстер - дидактиктердiң айтуы бойынша, белгiлi бiр тақырыпты оқытудың жолдары.

Шетел тiлiн оқыту әдiстемесi, математиканы, тарихты оқыту әдiстемелерi сияқты дидактиканың негiзгi қағидаларын қолданады және оны байытады.

Мыс: “көрсету” принципi тұңғыш рет шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнде қолданылды.

Қазiр ол дидактиканың негiзгi принциптерiнiң бiрiне айналды және басқа да пәндердi оқытуда да қолданылады.

Шетел тiлiн оқыту дегенiмiз - оқушыда тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысы мен бiлiктiлiк қалыптастыру. Шетел тiлiн оқытуда психологияның негiзгi қағидаларын сөйлеу әрекетiне байланыстыра отырып пайдалану қажет.

Көрнектi психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетiн зерттей келiп, сөздер мен оларды пайдалану мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатынын айтты.

Егер мұғалiм оқушыға тiлдi үйреткiсi келсе, оқушыға оны тыңдау мен сөйлеудiң бар мүмкiндiктерiн жасау керек. Екiншi тiлдi сөйлеу дегенiмiз жаңа таңбалы бiлiм алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тiлдi үйренуде маңызды орын алады.

Шетел тiлiн үйренуде оқушының есте сақтау қабiлетiнiң орны зор. Сондықтан мұғалiм жаңа тақырыпты қалай есте сақтау керектiгiн, есте ұзақ сақтау жолдарын бiлуi керек.

Есте сақтау қабiлетiнде ерiктi, ерiксiз есте сақтау болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко ерiксiз есте сақтау қабiлетi бiр нәрсенi қайталап жаттағанда емес, керiсiнше осы нәрсе туралы белгiлi бiр қиындықтарды, мәселелердi талдағанда ғана iске қосылатынын айтады. Ол үшiн мынадай эксперимент өткiзiлген. А тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тiзiмi берiлген. Ал Б тобындағы студенттерге сөздер берiлмей, оларға ағылшын тiлiнде мәтiн берiлген және сөздермен жұмыстың түрлерi және сұрақтар берiлген. Келесi сабақта екi топ студенттерi бақылау жұмысын жазған, эксперимент В тобы студенттерiнiң сөздердi есте жақсы сақтағанын көрсеттi.

Психология ғылымы әдiстемеге көп көмек көрсетедi. Шет тiлiн үйренуде ана тiлiнiң орны мен оның шет тiлiн үйрену кезеңдерiндегi қызметi, әр түрлi дағды мен бiлiктiлiк түрлерiнiң сәйкес келуi, жаңа тақырыпқа арналған әдiстер мен тәсiлдердi таңдай бiлу т.б. психология ғылымының негiздерiн бiлмей мүмкiн емес.

Әдiстеме ғылымы нерв жүйесi физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары нерв жүйесiнiң қызметi - сөйлеу және ойлау, нерв жүйесiнiң ерекше қызметi. Бұл қызмет түрi тек адамда ғана дамыған. Павловтың теориясы бойынша сигналдар адамның сезiну органдары арқылы келiп түседi. Адамның әрекетiнiң бiр түрi - сөйлеу әрекетi.

Әдiстеме ғылымы лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебi лингвистиканың негiзгi проблемалары тiл мен ойлау, грамматика мен сөздiк т.б. әдiстемеге де қатысы бар.

 

Әдiстемеде лингвистика ғылымының оқу материалын iрiктеудегi зерттеулерi негiзге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қоймай, оларды тiлдi оқытуда қалай пайдалану керек екендiгiн де зерттеген.

Шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнiң басқа ғылымдар сияқты зерттеу проблемалары бар:

1. шетел тiлiн өз елiмiзде, шет елдерде оқыту жолдары;

2. әр түрлi мектептерде алдыңғы қатарлы мұғалiмдердiң тәжiрибесiн зерттеу және қолдану;

3. тәжiрибелер арқылы жаңа әдiстемелiк тақырыптар енгiзу.

Соңғы кезде эксперимент жасау әдiскерлер арасында кең тараған. Шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнде зерттеу қажет ететiн проблемалар көп. Жаңа оқыту материалдары және технологиясы жаңа идеяларды, шешiмдердi, әдiс-тәсiлдердi қажет етедi.

Оқу шет тiлiнде оқытылатын мектептерде ағылшын тілі пәнiнiң бiлiмдiк, тәрбиелiк мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргiзiледi.

Пәнаралық байланыс 2 бағытта iске асырылады.

1. Шет тiлiнiң орыс тiлi және қазақ тiлi грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсiндiрiледi.

2. Оқушыларға мәтiндер тарихқа, географияға, әдебиетке, еңбекке қатысты мағлұматтар ағылшын тiлiнде берiлiп оқытылады.

Осының нәтижесiнде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тiлiнде сапалы түрде ұғып, сөздердi қатесiз айтуға, сауатты жазуға үйренедi.

Ағылшын тілі пәнi өзге пәндермен тығыз байланысты өтетiндiктен мұғалiм өзара байланыстыра өткiзуге қолайлы тақырыптарды алдан-ала iрiктеп, анықтап алады. Өйткенi 2-шi тiлдi үйретуде жүргiзiлетiн сөйлеу әрекетi тiл пәнiн басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.

Пәндердiң бiр-бiрiмен байланысы төмендегiдей ағылшын тiлi, ағылшын әдебиетi пәнiмен мәтiндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткiзiлетiн көркем тiлмен жазылған оқу материалдары (әңгiме, ертегi, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздiк қорларын молайтып, тiлдiң грамматикалық құрылымын жетiлдiредi, байланыстырып сөйлесуге дағдыландырады. Әсiресе, көп көңiл бөлетiн нәрсе ағылшын тiлiнде айтылатын сөздерге екпiндi дұрыс түсiрiп айту, адамдардын көңiл-күйiн, қуанышын, ренiшiн бiлдiретiн сөздердi дұрыс дауыс ырғағымен айта бiлу .

Көркем шығармалар мазмұнындағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлiм-тәрбиенi сипаттайтын материалдарды ағылшын тiлi сабақтарында дидактикалық материал ретiнде пайдаланылады. Ағылшын тiлi, қазақ тiлi және орыс тiлi пәндерi тығыз байланыста, бiрлiкте өткiзiледi.

Ағылшын тiлiнiң дыбыстық жүйесi мен орыс тiлiнiң дыбыстық жүйесi септiк жалғауларының кейбiр ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ оқушы өзiнiң үйренген сөздерiн ағылшынша айтып, сөздiк қорын байытып, тiл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тiлi дамиды, тiлдiк бiлiмi жетiлдiрiледi, оқығанын, түсiнгенiн ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.

Ағылшын тiлi мен дүниетану арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсiмдiктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектерi, мамандық, халықтар достығы туралы әңгiме, ертегi, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тiлiнде оқылып, түсiнгендерiн ағылшынша айтатын болады.

Ағылшын тiлi мен математика пәнi бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сiздердi үйрету арқылы оқушының сөздiк қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша бiлу, қосу, көбейту, алу сан есiмнiң түрлерiне байланысты, сөз тiркестерi сөйлемдердi ағылшынша айтып дағдыланады.

 

Ағылшын тiлi мен бейнелеу өнерi арасындағы байланыс арқылы табиғат бояулары ұлттық өнер бояулар, өрнек, сәндiк бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тiркестерi оқушының сөздiк қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.

Ағылшын тiлi мен еңбек пәнi арасындағы байланыстар жасалып, бұйымдардың көркемдiгiн, қажеттiлiгiн, пайдасын, тиiмдiлiгiн ағылшынша жеткiзе бiлу, ұлттық еңбек түрлерiне: ыдыс-аяқ, тағам дайындау, киiм түрлерi т.б. байланысты сөздер де оқушының сөйлеу дағдысын дамытады.

.

Сұрақтар:

1) Әдістеме дегеніміз не?

2) әдiстеме ғылымының басқа ғылым салаларымен байланыстары бар ма?

3) әдiстеменiң лингвистика ғылымымен байланыстары туралы не айтасыз?

4) әдiстеменiң психология ғылымымен байланысы қандай?

5) әдiстеменiң педагогика ғылымымен байланысы қандай?

Тапсырмалар:

1. әдiстеме ғылымының негiзгi қағидаларын анықтаңыз.

2. әдiстеменiң басқа ғылымдармен байланысу жолдарын анықтаңыз.

 

Шет тiлiн бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары

 

Жоспар:

1. Шет тiлiн бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсiнiк.

2. Тәрбиелiк мақсаты.

3. Бiлiмдiлiк мақсаты.

4. Дамытушылық мақсаты.

5. Шет тілін ерте оқыту мәселелері

 

1. Ағылшын тiлiне оқытудың мақсаттары қандай? Оқытудың мақсаты дегенiмiз - жоспарланған нәтижелерге жету деген сөз. Оқытудың мақсаты - оқыту бағдарламасымен анықталады.

Оқыту бағдарламасы мемлекеттік құжат, онда әр курстың, әр сыныптың ненi оқитыны және қандай мөлшерде оқитыны көрсетiледi.

Бағдарламада оқулықпен салыстырғанда болған өзгерiстер, толықтырулар жылдам көрiнiс табады. Сондықтан мұғалiм өзiнiң оқыту – тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруға тиiс. Бағдарламаның түпкi және қосалқы мақсаттарын бөлiп ала бiлу керек. Әр сабақтың негiзгi және қосалқы мақсаты болады.

Негiзгi және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектерi, байланысы мұғалiм үшiн түсiнiктi болуы керек.

Оқыту арқылы жұмыстың негiзгi үш түрi бар

1) тәрбиелеу

2) ағарту

3) дамыту.

Оқыту мақсатының үш түрi бар

1) Тәрбиелiк мақсат.

2) Дамытушылық мақсат.

3) Білімділік мақсат.

Оқытудыңбілімділік мақсаты.

Оқытудың білімділік мақсатын түсiну үшiн, шетел тiлi пәнiнiң ерекшелiгiмен танысуымыз қажет. Тiл, ол ана тiлi болсын не шетел тiлi болсын - қатынас құралы, сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы бiлiм алу көзi. Мiне, тiлдi оқытуда осы ерекшелiктi есте сақтаған дұрыс.

Екiншiден, бұл пәндi оқытуда оқушылар химия, физика пәндерiндегi сияқты жаңа заңдармен таныспайды, тек қана бұрыннан белгiлi нәрсенiң шетел тiлiндегi атауларымен, құбылыстарымен танысады.

Танысу екi түрде - ауызша және жазбаша жүредi.Тілді ауызша және жазбашамеңгеру шетел тiлiн игерудiң білімділікмақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шетел тiлiн ауызша және жазбаша түрде пайдалана бiлуi тиiс. Ауызша сөйлеуге шетел тiлiн тыңдап түсiне бiлу және сөйлей бiлу жатады.

Жазбаша сөйлеуге тiлдiң жазбаша түрiн пайдалана бiлу немесе жазу және шетел тiлiнде жазылған мәтiндi оқи бiлу жатады.

Сызба түрiнде былай көрсетуге болады

 

 

Тыңдау, жазу, сөйлеу және оқу – бұл оқушыда қалыптасуға тиiстi дағдылар, осыны қалыптастыру арқылы – ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерiне қол жеткiзуге болады.

Бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының берiк негiзiн қалыптастыру қажет. Бұл әрi қарай тiлдi үйретуге көмектеседi. Бастауыш кезеңде не оқып үйренуге болады?

Жоспарланған нәтижелер бағдарламаға талаптар туралы құжатта көрсетiлген. Оқыту – әдiстемесiн комплекстi дұрыс пайдалану, дұрыс жоспарланған жақсы оқыту белгiлi бiр нәтижеге жетуге болатынын көрсеттi. Мысалы: V сыныпта 1 мин ұзақтықтағы мәтінді түсiнуге мүмкiндiк бар. Мысалы: [On a Sunday In Spring] текстiнде 1000 баспалық белгiсi бар мәтiнде Кiм? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап беретiн информация бар және тәрбиелiк мәнi бар.

Бастауыш кезеңнiң аяғында оқушы мыналарды бiлу тиiс:

- Амандасу – Good morning!

- Халiн сұрау – Hello! How are you?

- Қоштасу – Good bye!

- Таныстыру – This is Mike.

- Жауап беру – Hello! Glad to meet you.

- Туған күнiмен құттықтау – Happy! Biгthday!

- Жаңа жыл мен құттықтау – Happy New Year!

- Рұқсат сұрау – May I......

- Кешiрiм сұрау – I am sorry.

- Рахмет айту - Thank you!

- өзiнiң кiм екенiн, мекенiн, жанұясы, қызметi туралы, айтып беру, өзiнiң, туғандарының, достарын суреттеу, мектебi, үйi, көшесi, қаласы туралы айтып беру.

- Сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою.

Оқытудың бастапқы кезеңінде оқу мен жазу негiздерi қаланады.

Оқушылар ағылшын тiлiнде оқуды үйренедi. Оқу техникасы мен интонациясын қалыптастыру үшiн арнайы жаттығулар жасалады. Дауыстап оқу, жазу бiрiншi оқу кезеңiнде қалыптастырады.

Оқытудың тәрбиелiк мақсаттары

Оқушылардың көпшiлiгi ағылшын тiлiн оқуға үлкен қызығушылықпен кiрiседi. Олар ағылшын тiлiнде қалай сөйлейтiнiн естiгiсi және сөйлегiсi келедi. Олар амандасып, қоштасып үйренедi, заттардың атауларын бiлгiсi келедi. Мұғалiм осы кезде олардың тiлiн тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екi жақты, ол тыңдай бiлуге, сұрай бiлуге үйретедi. Мәдениеттi сөйлей бiлуге шетел тiлi арқылы үйренедi.

Оқушылар білім алуға үйренедi, кiтап оқи бiлудiң тәрбиелiк маңызы зор. Ағылшын тiлiнде оқуды үйрету оқу мәдениетiн үйретуге көмектеседi. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттiлiгiн көрсетедi. Оқыту әрекетінде ақыл – ой еңбегін де дамытуға болады.

Балаларды оқи бiлуге, ақыл-ой еңбегiнiң тәсiлдерiне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшiн қажет. Оқушылар оқулықты пайдалана бiлуi керек, сөздiктi және анықтамалықтарды пайдалана бiлуі керек, оқулықтың белгiлерiн түсiне бiлуі керек. Оқыту эстетикалықталғамды да қалыптастырады.

Ағылшын тiлiнде бiлiм алу мен тәрбие бiр сөзбен [education] сөзiмен берiлген. Бұл бiлiм алу мен тәрбиеніңбiр-бiрiмен тығыз байланыста екендiгiн көрсетедi.

Оқытудың дамытушылық мақсаттары

Тiлдiң дамытушылық қызметi өте зор. Дамытушылық мақсаттарға оқушылардың сезiмдiк, қозғалыс, ақыл-ой, ерiк-жiгерiн дамыту жатады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.

Оқу-ұйымдастыру бiлiгi мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттың бiрi.

Ана тiлiн оқып үйренгенде тiлдiң негiзгi құралдары – сөздер мен грамматикалық формалар туралы түсiнiк қалыптасады. Ал шетел тiлiнiң терминдерiмен салыстыру арқылы туған тiлдiң сөздерi мен грамматикасының категориясын толық түсiнедi.

Сондықтан мұғалiм бiрiншi сабақтардан бастап туған тiлi мен шет тiлiн салыстыра отырып оқытады.

Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тiлiн таныстыруда өлең арқылы таныстыруды ұсынады “What is your name?” Мысалы: дауысты дыбыстың ұзақ- қысқалылығы т.б. Шетел тiлiнде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Мыс: Listen, read and compare.Тiлдi үйрету тыңдау, көру, есту, қозғалыс органдарын белсендi пайдалануға үйретедi, ол естi, зейiндi, қиялды, ұғымды дамытады.

Шетел тiлiн үйрену қоршаған орта туралы бiлiмдi қалыптастырады. Тiлдi үйрену арқылы сол елдiң мәдениетiн де үйренедi, өнерi мен әдебиетi, әдет-ғұрпымен танысады.

Оқытудың барлық мақсаттары бiр-бiрiмен тығыз байланысты, олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейiнгi жастағы балалардың елiктегiш қасиетi жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тiлiнiң дыбыс жүйесiн үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерiн, сөйлемдерiн қайталағанды ұнатады. Бастауыш мектеп балалары да елiктеу арқылы үйренедi, бiрақ бұл балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшiн сөйлеу мүшелерiнiң жұмыстарын түсiндiруге болады.

5-6 жастағы балалардың негiзгi iс- әрекетi ойнау iс-әрекетi болып табылады, сондықтан ағылшын тiлiн үйрету үшiн мұғалiм осы факторды ескере отырып әртүрлi ойындарды пайдалануы керек. Ойындар арқылы мұғалiм балаларға жаңа сөздердi, сөз тiркестерiн үйрете алады.

7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бiрақ оларды ағылшын тiлiне оқыту үшiн тек ойындарды ғана емес, әртүрлi тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек.

Балабақшадағы балаларды ағылшын тiлiне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шет тiлiне оқытудың мынадай мақсаттары берілген: белгiлi бiр шетел тiлi бойынша оңай бiлiктiлiктерге үйрету, яғни қарапайым әңгiменi түсiнуге үйрету және шет тiлiнде сөйлеуге үйрету . Шет тiлiн үйрету балалардың ой-өрiсiнiң дамуына себепшi болады. Балабақшада шет тiлiн үйретудiң нәтижесiнде балалар төмендегiнi бiлу қажет:

Бағдарлама бойынша құрылған тiл материалын қолданып қысқа әңгiмелердi, шет тiлiнде айтылған өтiнiштердi, бұйрықтарды түсiну.

Ойын барысында сұрақтарға жауап беру және сөйлемдер қолдану, қысқа тақпақтарды, өлеңдердi айту.

Ағылшын тiлiн оқытудың сапасын көтеру үшiн ағылшын тiлiн оқытуды бастауыш сыныптардан бастаған дұрыс. Бастауыш сыныптардан бастап оқытудың нәтижесi осы кезеңдегi балалардың жас ерекшелiктерiн пайдалану болып табылады. Ағылшын тiлiн оқыту арқылы мұғалiм баланы жан - жақты дамытуға тырысуы керек керек.

Мұғалiмнiң мақсаты – қоғамдық жұмысқа белсендiлiгi мол, өз бетiмен жұмыс жасай алатын, iскерлiгi мол жанды тәрбиелеу. Сондықтан ағылшын тiлiн бастауыш сыныптардан оқыту белсендiлiк, жетiлдiру, тәрбиелеу, практикалық мақсаттарын көздейдi. Оқыту мақсаттарының ең бастысы – практикалық мақсат болып есептеледі.

Тәрбиелiк мақсаттар балалардың ағылшын тiлiн оқуға деген қызығушылығын арттыруды, оқу дағдыларын дамытуды көздейдi.

Дамыту мақсаттары ағылшын тiлiн оқыту барысында балалардың ой- өрiсiн, сезiмдерiн, зейiнiн, фантазиясын, ерiк- жiгерiн, есте сақтау қабiлетiн, тiл қабiлеттерiн дамытуды көздейді.Балалар бiр- бiрiмен қарым- қатынас жасауға, өз бетiмен жұмыс жасауға, басқа оқушылардың жұмысын қадағалауға үйренедi.

Практикалық мақсаттар оқушыларға ағылшын тiлiнде қарым – қатынас жасауды үйретуді көздейдi. Қарым-қатынас жасау үшін тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу әрекеттерін жүзеге асыру қажет.

 

Ағылшын тiлiн оқытудың мақсаттары.

Шет тілін ерте оқыту мәселелері

Біздің елімізде білім беру жүйесі, мектеп үлкен өзгерістерге әзірленуде. Бүкіл әлемдегі өмір үрдісі жоғары қарқын алып, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс-ақпарат құралдары және адамның ақыл-ойына қол жеткізетін әдістер кез-келген қоғамның негізгі байлығы бола бастады.

Әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған 12 жылдық білім беру жүйесі біздің елімізде де енгізілмекші. Оқытудың бірінші сатысында 1-5 сыныптар болады, оқу жасы 6дан басталады. Бұл сатының мақсаты баланың тұлғалық қалыптасуын, біліктілік пен дағдыларды игеруін, оқу, жазу, санау әрекеттерін игеруін қалыптастыру. 1-5 сыныптарда тәжірибелі оқу жоспары сынақтан өткізілуде, 2ші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылуда. Сынақтың маңызды бағыттарының бірі оқудың жетістігін бағалау жүйесін енгізу және қалыптастыру.

Қазір біздің елімізде ағылшын тілі мектептер мен гимназияларда ерте жастан оқытылуда. Шет тілін ерте оқыту ерте жастағы оқушының психологиялық ерекшеліктеріне атап айтсақ, оның есі мен сөйлеу қабылетінің қалыптасуына негізделген. Шет тілін неғұрлым ерте оқытса, соғұрлым оның нәтижесі де жоғары болады. 5-9 жастағы баланың шет тілін игеру қабілеті өте жоғары болады. Бұл кезде бала өзге тілдің негізгі құбылыстарын көшіріп алатын ,есте ұзақ сақтайтын қабілетке ие, бұл қабілет «импринтинг» деп аталады. Бұл қабілет 10 жастан ары қарай жоғала бастайды. Сондықтан 9 жасқа дейінгі балада тілдің негізгі образын қалыптастырып үлгеру қажет. Осы жастағы баланың сөйлеу механизмін саз балшықпен салыстыруға болады. 9 жасқа дейін балада туған тілдің формасы қалыптасып үлгереді, бірақ ол әлі де жұмсақ, сондықтан оған басқа да форма беруге болады. 9 жастан кейінгі өзгерту өте қиынға түседі. Бұдан әрі қарай тек қайталау арқылы яғни «drills» арқылы үйретуге болады. Бұл әдіс 3-4; 5-6; 7-9 жастағы балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктеріне , негізінен ес пен зейіннің қасиетіне, оның ішінде импринтинг пен ойынға негізделген.

Ерте оқытуды барлық педагог-зерттеушілер қолдамайды. Олардың айтуынша 1. шет тілін 1-2 сыныптан бастағанмен оның жоғары сыныптағы аптасына 1 сабақтан болуы ешқандай нәтиже бермейді. 2. осы жастағы баланың есі тұрақты болмайды, оқылған нәрсені тез ұмытады. Егер 1-5 сыныптарда апталық жүктемені ұлғайтса, әр сабақта практикалық дағды қалыптастырылса ғана жақсы нәтижеге жетуге болар еді. Аптасына шет тілі 3-4 сағат болса оқушыға қиын болуы мүмкін. Себебі бұл жаста бір тілде емес 3 тілді қатар меңгеруі қажет. 3. ерте жастан оқыту үшін шағын комплектілі мектеп пен бастауыш мектептің базасын ұлғайтып, жаңа бағдарлама жасау керек. Бұл мектептерде шет тілінің тәжірибелі мұғалімдері болуы керек. Ал бұндай мектептер саны қаншама. Бұл үлкен жұмысты талап етеді.

Шет тілін ерте оқытпау керек деп шешім қабылдауға болмайды. Асығыс шешім қабылдамау үшін әуелі ерте оқытудың тарихын қарастыруымыз керек. Ерте оқыту проблемалары Ресейде 19 ғасырдан бастап көтерілді. Бұл проблемалар әлі күнге дейін нақты шешілген жоқ. Соңғы жылдары ерте оқытудың мүмкіндігі мен тиімділігін негіздеп, дәлелдеп берген ғылыми, практикалық зерттеулер пайда болды. 19 ғасырда Ресейде шет тілін балаға ерте үйрету кең тараған дәстүр болды. Осы кезде 3 тілді француз, неміс, ағылшын тілін білетін балаларды кездестіруге болатын еді. Ауқатты адамдар 5-7 жастағы балаларға шет тілін оқытатын. Ерте оқытуды педагогикалық қауым да қолдап отырды. Сол кезде жарияланған мақалалар ерте оқытудың пайдасы туралы жазды. Бірақ көптеген педагогтар ерте оқытуға қарсы болды. Сол кездегі ерте оқытуға қарсы болғандар ішінде атақты педагог К.Д.Ушинский де болды. Ерте оқыту тек ауқатты жанұя балаларына мүмкін болды, бұл прогрессивті педагогтардың қарсылығын туғызды. Шет тілін білу балалардың іріктелуін туғызды. Ана тілінің мәртебесі төмендеді, барлық шетелдік нәрсеге бас ию сезімі қалыптасты.

Қазіргі кезде шет тілі жалпы оқытылады, сондықтан жоғарыда айтылған факторлар болмайды деп есептеуіміз қажет. 19-20шы ғасырларда шет тілін гувернанткалар оқытты. Олар бала психологиясы мен педагогиканы білмейтін еді. Көптеген педагогтар шет тілінің ағартушылық маңызы аз деп бағалады. Төменгі сыныптарда тілдің жүйесі ғана оқылады деп есептелді. Шет тілінің дамытушылық маңызын академик Л.В.Щерба мен оның шәкірттері ашып берді. Дұрыс ұйымдастырылған шет тілінің дамытушылық маңызы логикалық ойлауды дамытуы, ойлау және сөйлеу бірліктерін қалыптастыру біліктілігін негіздеуден тұрады.

Жоғарыда айтылған себептер шет тілін ерте оқытуға кедергі бола алмайды. Шетелдік психологтар В.Пенфельд, Р.Робертстің зерттеулері бойынша бала ересектерге қарағанда шет тілін тез үйренеді. Физиологтар мидың биологиялық сағаттары бар екенін ашты. 9 жасқа дейінгі бала жасы -шет тілін үйренудің ең ықтимал уақыты.

Баланың шет тілін үйрену әрекеті оның өмірінің маңызды бөлігі – ойын арқылы жүзеге асқанда өте нәтижелі болмақ.

3-6 жасқа дейін ойын әрекеті негізгі әрекет болады. Қазіргі кезде ерте жастағы оқушыда сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастырудың психологиялық шарттарын Е.И.Негневицкая өз еңбектерінде көрсетіп берді.

Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер ерте оқытуды саналылық принципі негізінде жүзеге асыруды ұсынады. Еліктеу әрекеті саналылықпен ауыстыруы керек. Еліктеу шет тілін үйретудің бірден –бір жолы емес. Бала тілді саналы түрде меңгеруі керек. Бала шет тілін қарым – қатынас құралы ретінде тануы керек және оқытудың барлық компоненттерін осы негізде игеруі керек. 5-6 жастағы бала ана тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолданып күрделі мәселелерді шеше алады. Егер бала тілдік бірліктердің комуникативтік функцияларын түсініп, оны ана тілімен салыстыра алса, осы бірліктерді белсенді қолданған жағдайда жоғары нәтижеге жетуге болады. Ерте жаста кез-келген тілдік бірлік, дыбыстар, буындар, сөздер коммуникативті байланыс жасаудың құралдары бола алады. Бұл жаста қарапайым тілдік бірліктер коммуникативті байланыс жасауға өте жоғары мүмкіндіктер береді.

Ойын - тек қана ұжымдық шара емес, ол оқытудың мақсаттарына жеткізетін тәсіл. Ол белгілі бір талаптарға сай болуы керек.

Ерте оқыту үшін мынадай жағдайлар болуы керек:

1. Шет тілін ерте оқытудың тиімді бағдарламасының болуы

2. Мектептің шет тілі мұғалімдерімен толық жабдықталуы

3. Оқу әрекетінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасының болуы

4. Оқу- әдістемелік комплектінің болуы

Оқу әдістемелік комплекті оқулық, мұғалім кітабы, жұмыс дәптері, аудио кассетадан тұрады. Педагогикалық кеңестің шешімімен шет тілінің апталық сағат саны белгіленеді.

Ерте оқытудың маңызды міндеттерінің бірі ерте оқыту әдістемесін жаңарту болып табылады. Сабақ үстінде мұғалімнің жеке сөйлеуі тілді үйретуге толық мүмкіндік бермейді. Сабақта қарым-қатынас екі жақты болуы керек. Баланың ақыл-ойы белсенді шығармашыл еркін түрде дамуы керек. Ерте жастан оқытатын мұғалім ОӘКінің теориялық негіздерін өте жақсы білуі керек. Мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен әзірленіп, ОӘКінің әдістемелік принциптерін есте ұстауы керек.

Әдістемені жақсы білетін, ерте жастағы оқушының психо-педагогикалық ерекшеліктерін білетін , соңғы оқыту технологияларын меңгерген мұғалім ған ерте оқытудың мақсаттарына жете алады.

Оқытудың жемісті болуы, оқушының пәнге деген қызығушылығы мұғалімнің сабақты қызықты және әсерлі етіп өткізуіне байланысты болады. Әр сабақ әсерлі, оқыту әдістері әр түрлі болуы керек. Бұл жастағы оқушы бірсарындылықты ұнатпайды.

Бұл жастағы оқушы үшін ең маңызды нәрсе ойын. Ойын- оқушының қоршаған ортаны тану құралы. Мұғалім ойынға негізделген қуанышты әсерлі сабақтарды ұйымдастыру керек, бұл сабақтарда төмен баға немесе қатал талап болмауы керек.

Оқытудың бірінші жылының мақсаты шет тіліне деген қызығушылықты оятып, оны үйренуге үнемі ынталандыру.

Шет тілін оқытуды басқа тілдерді оқытумен байланыста қарау керек. Жалпы тілді дамыту – білім берудің негізі болып есептеледі.

Шет тілін оқытудың әр түрлі мазмұндық және ұйымдастыру формалары бар. Шет тілі пәні бастауыш сыныптарда жеке пән ретінде өтіледі. Сонымен бірге оны біріккен пән (ана тілі, қоршаған орта) т.б. ретінде де өткізуге болады. Шет елдерде біріккен сабақтар өткізу практикасы бар. Тіл тек тілдік пәндер емес, бар білімді сақтау мен ұрпақтан ұрпаққа тарату құралы, сол себепті оны барлық пәнмен байланыстыруға болады. Кез-келген білім белгілі бір тілдегі сөздер, сөйлем, мәтін арқылы беріледі. Тіл бар білім салалар арасындағы байланыс қызметін атқарады.

Шет тілін басқа пәндермен біріктіре отырып, мысалы, қоршаған орта, музыка, сурет, еңбек, біз әлеуметтік қарым-қатынастың бар түрін жүзеге асырамыз, ол пәндік мазмұн мен әлеуметтік негізде жүзеге асады. Сөздік үлгілерді өзге пәннің негізгі әрекеттерімен байланыстырамыз. Мысалы, оқушы сурет сала отырып, ағылшын тілінде өзінің не істеп жатқанын айтады.

Шет тілін үйірмелік ,клубтық жұмыс түрінде қолдануға болады. Бұнда да сабақтың жиілігін сақтау керек.

Шет тілі жеке пән ретінде оқытылғанда да біз ана тіліне сүйенеміз. Екі тілді оқытуда да лингвистикалық, әдістемелік, елтанушылық байланыс сақталады. Бұл бағыттағы курстарды 1-2-3 сыныптардан бастауға болады. Шет тілін оқытудың уақыты оқыту жағдайларына байланысты. Сондықтан бастауыш мектепте шет тілін оқыту әр түрлі сыныптан басталуы мүмкін.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы шет тілін оқытудың басты міндеті- шет тілін төменгі сыныптан бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі оқытудың біртұтас жүйесін жасау. Бұл жүйенің құрамына кіретін әр бөліктің өзіндік мақсат-міндеттері, оқытудың тәсілдері мен әдістері болуы керек. Бұл міндетті орындау үшін 6-8 жас аралығындағы оқушыларды шет тіліне оқытатын арнайы даярланған мұғалімдер қажет. Бұндай мұғалімдерді даярлау орта арнайы педагогикалық оқу орындарынан жаңа деңгейдегі мұғалімді даярлауды талап етеді. Сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындары мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институттарымен бірге отырып, мұғалімдерді қайта даярлауды ұйымдастыру керек. Мұғалімдерге шет тілін ерте оқытудың теориялық психологиялық және әдістемелік негіздерін үйретіп, әдістемелік материалдарды ғылыми анализ жасауға оқу әрекетін ұйымдастыру мен жүргізудің әдіс-тәсілдерін ұсынуы керек.

Шет тілін ерте оқыту жөнінде жүргізілген эксперименттен кейін мақсатқа жетудің басты кедергілері мыналар екені анықталды: 1. шет тілінің бастауыш сыныптарда заңды статусының болмауы 2. кадрлардың жетіспеуі. 3. сапалы ОӘК болмауы

12 жылдық білім жүйесіне көшу шет тілін 2-ші сыныптан бастап оқытуды талап етеді. Сондықтан алдағы уақытта шет тілін ерте оқытудың ең оңтайлы бағдарламалары таңдалып оқу әрекетіне енгізілуі тиіс.

Шет тілін ерте оқыту тілді еркін практикалық игеруге көмектеседі. Оның интеллектуалдық ,тәрбиелік, адамгершілік потенциалы да өте жоғары.

 

Сұрақтар:

1. Нелiктен әрбiр мұғалiм оқыту бағдарламасын толық бiлуi тиiс?

2. Орта және орталау мектептерiнде шет тiлiне оқыту қандай мақсаттарды көздейдi?

3. Шет тiлiне оқытудың үш мақсатының негiзгi мәнi неде?

4. Шет тілін ерте оқытудың маңызы қандай?

5. Шет тілін ерте оқыту баланың қандай ерекшелігіне негізделген?

Тапсырмалар:

1. Шет тiлiне оқыту бағдарламасын алып, оқыту мақсаттары бойынша толық танысып шық.

2. Бағдарламаның түсiнiктемесiн қарап шығып, шет тiлiне оқытудың мақсаттарын анықта.

3. Өзiң сабақ беретiн сыныптардағы сөйлеу iс-әрекеттерiнiң сандық және сапалық ерекшелiктерiн анықта

4. Осы тақырыпты оқып шыққаннан кейiн оқулықтан, мұғалiмге арналған оқулықпен т.б танысып шық.

Шет тілін бастауыш сыныптарда оқытудың лингвистикалық,

психологиялық, методологиялық негіздері

Жоспар:

1. Оқытудың мазмұны – әдiстеменiң негiзгi проблемаларының бiрi.

2. Лингвистикалық компонент.

3.Психологиялық компонент.

4. Методологиялық компонент.

 

Оқытудың мазмұны әдiстеменiң негiзгi проблемаларының бiрi. Мазмұн сөзi ағылшын тiлiн пән ретiнде қалай және ненi оқытуды анықтайды.

Оқытудың мазмұны негiзгi 3 компоненттен тұрады:

1. методологиялық

2. лингвистикалық

3. психологиялық

Мұғалiм осы 3 компонентке байланысты ненi оқытуды, неге оқыту керек екенiн бiлуi керек.

Методологиялық компонент.

Қазiргi дидактика ғылымы - оқу процесiнде оқушының белсендiлiгiн арттыруға, әдiстердi жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңiл бөледi. Бұл жағдайда мұғалiм оқу процесiн ұйымдастырушы болады, оқушының белсендiлiгiне басты назар аударылады.

Тiлдi үйренудiң нәтижелiлiгi оқушыға тiкелей байланысты, олар мүмкiндiгiнше шет тiлiнде көп сөйлеп, тыңдап, оқып, жазулары керек. Немесе M West сөзiмен айтқанда’’A language is not a subject which can be taught: it is a subject which must be learnt ’’

Тiлдiк ортаның болмауы – тiлдi оқыту iсiнде керi әсер етедi. Сондықтан мұғалiм сабаққа шығармашылықпен әзiрленуi керек, тiлдi үйренудi оқушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да ұмытпауы керек.

Тiл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3- 4 рет болса, жоғары сыныптарда 1 рет болады, сондықтан жоғары сыныпта өзiндiк оқу ерекше маңызды. Ол үшiн оқушыны оқу әдiстерiне, тәсiлдерiне үйрету керек.

Мысалы: Оқушы тiлдiк фактiнi бақылап үйренедi.

Белгiлi бiр сөздi айтып үйренуде сөздiң айтылуының айырмашылығын үйренедi, сол арқылы оқылу ережесiн үйренедi, пайдаланады.

Оқыту процесiнде екi тiлдiң ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсiлдерiне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.

Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-шi компонентiн - методологиялық компоненттi анықтайды.

Методологиялық компонент - оқудың тәсiлдерiн үйрену, қарым- қатынас жасау үшiн тiлдiк дағдыны және бiлiктiлiктi қалыптастыру.

Шынында да белгiлi бiр дағдысыз, бiлiмсiз шетел тiлiн оқып- үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкiн емес. Ол үшiн күнде аз - аздан болса да оқып тұру қажет, сөздердi жаттау қажет. Бұдан басқа тiлдi үйрену жолы жоқ.

Лингвистикалық компонент

Оқытудың мазмұнын анықтау лингвистика ғылымынсыз мүмкiн емес. Лингвистика ғылымы - тiлдi белгiлi бiр таңбалар жүйесi ретiнде зерттейдi. Адамдар бұл таңбалар жүйесiн өзара түсiнiсу үшiн қолданады. Ал әдiстеме осы белгiлердi қалай оқытуды зерттейдi. Лингвистика тiлдiң нормаларын зерттейдi, оның дыбыстық морфолого-синтаксистiк, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерiн зерттейдi.

Қазiргi лингвистика тiлдiң белгiлi бiр белгiлер жүйесi мен қызметiн зерттейдi. Ал сөйлеу дегенiмiз осы белгiлер жүйесiн қарым-қатынаста қолдану. Тiл мен сөйлеу бiр құбылыстың екi құрамдас бөлiгi, олар бiр-бiрiн толықтырады.

Тiлдiң және сөйлеудiң өзiне тән бiрлiктерi бар. Тiлдiң бiрлiктерiне: фонема, морфема, сөз, фразеологиялық бiрлiк, микро, макротекстер жатады.

Оқытудың мазмұнын анықтауда тiлге немесе сөйлеуге үйрету керек пе деген сұрақ туады?

Тiлдi жүйе түрiнде оқыту керек пе, әлде сөйлеудi үйрету керек пе?

Тiлдi лингвистикалық феномен ретiнде оқытса, ол практикалық қарым-қатынас құралы ретiнде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, қарым-қатынас құралы ретiнде қолданып фонетиканы олардан бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтiк мiндеттердi шеше алмайды.

Әзiр фразаларды оқыту да тiлдi толық қамтымайды. Ағылшын тiлiн оқытуда сөйлеуден тiлге қарай жүру жүйесiн сақтау қажет, яғни тiлдi ұйымдастырылған мақсатты сөйлеу процесi арқылы үйрету керек. Осыдан келiп мазмұнның лингвистикалық компонентi шығады, оған мынадай тiлдiк материалдар жатады: нақты iрiктелген фонетикалық, грамматикалық, лексикалық минимумдер және тiлдiк материалдар, сөздiк үлгiлер. Iрiктеу, жүйелеу және мөлшерлеу қарым-қатынастың талабына байланысты. Тiлдiк бірлік сөйлем, диалог, монолог түрiнде берiледi және сөйлеу үлгілерi ретiнде берiледi. Осындай тiлдiк үлгiлер тiлдiң жүйесiн құрайды және ол үйренушiнiң есiнде қалады.

Ал оқыту бiрлiктерi жағдаятқа байланысты сөйлемдер арқылы берiледi. Олар белгiлi-бiр ырғақпен айтылады.

Оқыту мазмұнына тiл бiлiмiнiң әлеуметтiк лингвистика бөлiмi де әсер етедi. Бұл бөлiмде тiлдiң мәдениетпен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледi.

Тiл - ұлттың негiзгi белгiлерiнiң бiрi. Сондықтан шетел тiлiн үйрету тiлге- белгiлi бiр жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тiлде сөйлейтiн халықтың мәдениетiн үйрену. қазiргi әдiстемеде елтану туралы мәлiметтер көп қолданылады, ол сол елдiң географиясын, тарихын, өмiрiн зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған текстер арқылы берiледi.

Лингвистика әдiстемеге оқытудың лингвистикалық компонентiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Шет тілін оқыту мазмұнының лингвистикалық компонентіне тiлдiк және сөйлеу материалдары кiредi.

Психологиялық компонент.

Оқытудың мазмұнын анықтау психология ғылымынсыз мүмкiн емес. Психология адамның iс – әрекетi мен оның қалыптасуын зерттейдi. Шетел тiлiнде сөйлеу де адамның iс – әрекетiнiң түрiне жатады. Сөйлеу әрекетiнiң құрылысын зерттейтiн ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Психолингвистика адамның сөйлеу әрекетiн зерттейді.Ол тыңдағанда және сөйлегенде пайда болатын iс- қимылды, ойлау әрекетi моделдерін зерттейдi. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесiнде қандай тiлдiк бiрлiктер қандай тәртiппен қатысады, тiлдiк жүйе қандай тәртiппен оқылады деген сұрақтарға жауап береді.

Сөйлеу процесiнде сөйлеу механизмi қалыптасады: тыңдау мен оқуда тiлдiк материал қабылданады: сөйлеу мен жазуда пайдаланылады.

Диалог, әңгiме, текстер тек сөйлеу әрекетi арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекетi - тiлдiк және сөйлеу материалын меңгеру оқу үрдісінің әр кезеңінде дағды мен бiлiктiлiк

деңгейіне жеткізіліп отырғанда ғана жүзеге асырылады..

Дағды дегенiмiз- жаттығу мен қайталау арқылы автоматтандырылған iс- әрекеттiң бөлiгi. Мыс: Леонтьев А. А. сөйлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетiн айтады.

Қарым - қатынас жасау үшiн тiлдiк дағды аздық етедi, ол үшiн тiлдiк бiлiктiлiк те қ. Тiлдiк бiлiктiлiк творчествалық iс-әрекетпен тығыз байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е. И. Пассов дағдыға- айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық , оқу және жазу дағдысын жатқызады.

Сонымен қатар психологиялық компонентке- коммуникативтiк мақсат үшiн тiлдiк дағдысын және бiлiктiлікті пайдалана бiлу де жатады.

1. Лингвистикалық компонент: тiлдiк және сөйлеу материалы.

2. Психологиялық компонент: дағды мен бiлiктiлiктi қалыптастыру.

3.Методологиялық компонент: оқыту тәсiлдерiн игеру әдiстерi.

 

 

Сұрақтар:

1. Ағылшын тiлiн оқытудың мазмұны дегенiмiз не?

2. Оқытудың мазмұнының қандай түрлерiн бiлесiң?

3. Оқытудың мазмұнының негiзгi 3 компонентінiң айырмашылығы қандай?

Тапсырмалар:

1. Қойылған сұрақтарға жауап бер.

2. Мұғалiмге арналған оқулықтың “Жоспарлау” бөлiмiмен танысып шығып, 3 сынып оқушылары қандай тiлдiк және сөйлеу материалдарын игеру керек екенiн анықта.

 

Шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың принциптері

Жоспар:

1. Оқыту принциптерi – оқу тәрбие iсiнiң ең маңызды негiзiн салушы қағидасы.

2. Оқыту принциптерiнiң түрлерi.

3. Оқытудың арнайы (спецификалық) принциптерi.

4. Оқытудың жалпы дидактикалық принциптерi.

 

Оқыту принциптерi – оқу– тәрбие iсiнiң ең маңызды негiзiн салушы қағидасы болып есептеледi, принциптер негiзiнде оқытудың мақсаты, мазмұны, әдiстерi арасындағы қарым – қатынас анықталады.

1. Қарым – қатынас жасауға бағытталған принцип.

Қазiргi заманғы әдiстемедегi негiзгi принцип болып есептеледi. Бұл принцип бойынша оқушыларға ағылшын тiлiн үйрету, тыңдап түсiну, сөйлеу iс – әрекеттерi арқылы ауызша сөйлеудi арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым – қатынас жасау жүзеге асады. Тілді игеру – сол тілде сөйлеудің дағды мен біліктілігін игеру, тілді қарым – қатынас құралы ретінде пайдалану болғандықтан – қарым – қатынас жасау принципінің негізгі қызметі: қарым – қатынастық мақсат, міндетін, мотивін анықтау. Бұл принцип тілдік материалды іріктеуді, ұйымдастыруды, сөйлеу, үйрету жаттығуларының қарым – қатынастық бағытын, сабақтың ұйымдастырылуын және құрылымын анықтайды. Сабақта қарым – қатынас жасай білу үшін жақсы психологиялық жақдай жасау керек: балаларды жиі мақтап, олардың әр табысын атап, әр оқушыға жақсы сөз айтып, қателерін жаймен түзеп отыру керек.

Яғни, бұл принцип бойынша ағылшын тiлiнде оқыту бағдарламасы бiткенше сөйлесу, әңгiмелесу қарым – қатынасы үйренiп жатырған тiлде болып отыруы тиiс.

2. Екiншi негiзгi принциптiң бiрi – iрiктеп араластыра оқыту.

(принцип дифференцированного и интегрированного обучения). Сөйлеу iс – әрекетiнiң әрбiр түрiне жеке өзiне тән талдау iс-әрекетi, өзiне тән лексикалық – грамматикалық сипаттама сай болады. Сонымен бiрге, тiл үйрену кезiнде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға, сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу iс – әрекеттерi араласа жүредi. Шет тiлге үйренудiң алғашқы бөлiмiнде iрiктеп оқыту немесе араластыра оқыту негiзiнде iске асады.

3. Келесi принцип – ана тiлiне сүйене оқыту принципi. Шет тілін үйрету ана тілінің негізінде, оның көмегімен жүзеге асырылады.

Бұл принцип бойынша, барлық грамматикалық, лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тiлiндегi осы iс – әрекеттерiмен салыстырмалы түрде, балалардың ана тiлiндегi бiлiктiлiгi ескерiле үйретiледi. Жоғарыда аталған үш принцип спецификалық (арнайы) принциптерге жатады.

Келесi кезекте жалпы дидактикалық, жалпы әдiстемелiк принциптер сөз болады.

4. Бұлардың iшiнде ең негiзгiсi – тәрбиелеп оқыту принципi. Шет тiлiн оқыту тек оқыту мақсатын емес, тәрбиелiк мақсатты да көздейдi. Яғни ағылшын тiлiн үйрену оқушының эстетикалық еңбек, саяси – идеялық, мiнез – құлықтарының қалыптасуына әсер етедi. Сондықтан ағылшын тiлiне үйрену процесi оқушыдан жан – жақты жүйелi түрде өзiн - өзi жетiлдiрудi талап етедi.

5. Ұғып – түсiну принципi.(принцип сознательности). Қазiргi әдiстемеде ұғып түсiну принципiне үлкен көңiл бөлiнедi; себебi пән игеруде ұғып түсiну оқушының интеллектуалдық қызығушылығын, бiлiктiлiгiн, ой қорыту, оны игеру iс – әрекеттерiнiң артуына себебiн тигiзедi. Бұл принцип бойынша, оқыту әрекетi бiр мақсатты көздейтiн қабылдау, ұғынып түсiну арқылы жүзеге асады.

6. Белсендiлiк принципiұғынып түсiну принципiмен тығыз байланысты. Ағылшын тiлiн үйренуде әрбiр оқушының белсендiлiгiн көтеруде бұл принциптiң алатын орны зор. Бұл принцип бойынша оқу процесiне әрбiр оқушы белсендi қатысып, ынтасымен, қызығушылықпен араласуы тиiс. Бұл принцип бойынша оқушы оқу әрекетіне шығармашылықпен қатысу керек. Оқулықпен жұмыс жасау оқушыларда оқу дағдыларын, өз бетімен жұмыстануды, көру және есту есін дамыту әрекеттерін іске асырады

7. Көрнекiлiк принципi – шет тiлiн үйрену әдiстемесiнiң келесi принципi. Өйткенi оқыту iс – әрекетi бiр нәрсенi көрiп қабылдау арқылы жүзеге асады. Көрнекiлiк принципi әсiресе бастауыш сыныпта, оқытудың алғашқы сатысында көбiрек қолданылады.

8. Қиын материалды жеңiлдетiп беру принципi. Бұл принцип бойынша алынатын материал, жаңа тақырып оқушының қабылдауына еш кедергi келтiрмейтiндей, оқушылардың бiлiм дәрежелерiне сай жеңiл түрде берiлуi тиiс. Кездескен қиындықтарды өз бетiмен немесе мұғалiмнiң көмегiмен шеше алатындай тақырыптар берiледi. Бұл принципте балалардың жас ерекшелігі ескерілуі керек, алынатын тілдік бірліктер оқушының қабылдауына кедергі келтірмейтін, оқушылардың білім дәрежесіне сай түрде берілуі керек. Бұл жас ерекшелігі – балалардың ойын әрекеті, олардың бар жаңа материалды ойын арқылы жылдам және тиянақты қабылдауы. Ойын балалардың қарым – қатынасын және білу қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жоғарыда айтылған принциптердің бәрі – бір ғана мақсатқа ағылшын тілін қарым – қатынас құралы ретінде пайдалануға, сөйлей білуге қызмет етеді.

9. Дәйектiлiк принципi. Шет тiлiн оқытудағы маңызды принцип, өйткенi бiлiм жүйелi түрде өсiп отыруы тиiс. Алынған барлық сөздер, сөз бiрлiктерi оқушының есiнде сақталуы тиiс, тыңдап түсiну, сөйлеу, оқу және жазу кезiнде барлық материал дәйектi түрде алынып отыруы керек. Берiлген бiлiмнiң оқушының есiнде сақталуынан бiлiм берудегi нәтиже анықталады.

10. Жеке ерекшелiктерiн ескеру принципiбойынша мұғалiм әр оқушының жеке қасиеттерiн, ерекшелiктерiн, бiлiм дәрежесiн бiлуi керек, соған байланысты әр оқушыға әртүрлi тапсырмалар берiлуi көзделедi. Бұл әсiресе үлестiрмелi материал берген кезде ескерiледi.

11. Бiрiздiлiк принципiбойынша барлық материал бiрiн – бiрi жалғастыратын негiзде берiлуi керек. Ана тiлiнде берiлген материалдың негiзiнде берiледi.

12. Жүйелiлiк принципiбойынша белгiлi бiр жүйе бойынша оқыту процесi бiр мақсатты көздейтiн iс – әрекет болуы көзделедi. Әрбiр жаңа алынған тақырып кешегi өткен тақырыпты күрделi түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы тиiс.

13. Ғылымилық принципi,яғни теориялық практикамен байланысы. Ағылшын тiлiн оқытуда алынған бiлiмдi практикада яғни iс – әрекетте дәлелдеуге үлкен көңiл бөлiнедi. Iс – әрекет кезiнде ғана оқушының бiлiм дәрежесi, материалды меңгеру дәрежесi анықталады. Берiлген материалды игерген оқушы әрi қарай басқа да ғылым салаларында техника пайдаланғанда, өнер саласында өз бiлiмiн пайдалана алады.

Сұрақтар:

1. Оқытудың принциптерi дегенiмiз не?

2. Шет тiлiне оқытудың әдiстемелiк принциптерiн бiлу не үшiн керек?

3. Арнайы принциптерге қандай принциптер жатады?

4. Жалпы дидактикалық принциптерге қандай принциптер жатады?

Тапсырмалар:

1. Берiлген сұрақтарға толық жауап берi¡iз.

2. Бағдарламаның “Түсiнiктеме” бөлiмiн қарап шығып шет тiлiне оқытудың қандай принциптерiн орындау керек екенiн анықтаңыз.

3. Оқу әдiстемелiк комплексiн талдап шығыңыз, оның авторлары қарым – қатынас жасауға бағытталған принциптi, iрiктеп араластыра оқыту принципiн, ана тiлiне сүйене отырып оқыту принципiн, тәрбиелеп оқыту принципiн, ұғып түсiну принципiн қалай жүзеге асырғанын анықтаңыз.

 

 

Шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың әдістері мен тәсілдері

Жоспар:

1. Шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың негізгі әдістері

2. Шет тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану