I тарау

Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің теориялық негіздері

Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік

Жоспар:

1. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі пәні туралы түсiнiк.

2. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістеменің басқа ғылым салаларымен

байланысы.

 

1. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі пәні туралы түсiнiк

Мектепте оқытылатын барлық пәндердің әдістемесі сияқты шет тілін оқытудың да өз әдістемесі бар. Шет тілін оқыту әдістемесі – шет тілінің оқыту заңдылықтарын, жолдарын,үйретудің тиімді әдіс – тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі - шет тілін бастауыш сыныпта оқытудың заңдылықтарын, мазмұнын, мақсатын, принциптерін,әдіс-тәсілдерін, сөйлеу әрекетінің түрлерін, бастауыш сыныптағы шет тілі сабағы, оқытудың құралдары сияқты мәселелерді оқытады.

Шет тіліне үлкен көңіл бөлініп жатырған қазіргі кезеңде оқушыларға шет тілін жоғарғы дәрежеде үйрету арқылы, оқушылардың үйретілген грамматикалық материалдар мен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін орынды пайдаланып шет тілінде қарым – қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру – шет тіліне оқыту әдістемесінің басты мақсаты болып табылады. Шет тілін оқыту әдістемесінде мектепте шет тілін оқытудың мақсат – міндеттерін анықтай отырып, осы мақсат – міндеттерге жету жолында оқыту процесінде пайдаланылатын тиімді әдіс – тәсілдер, жаңа технология мен стратегиялардың түрлері қаралады. Сонымен қатар, шет тілін оқыту принциптерінің түрлері, олардың әрқайсысының зерттеу объектілері, оқыту құралдары, оның негізгі және қосымша түрлеріне жеке – жеке анықтама беріледі. Шет тілін оқыту әдістемесінің мақсаттары барлық басқа пәндермен тығыз байланыста орындалып отырады, әр сыныпта оқытудың мазмұны анықталады.

Шет тілі сабағының құрылымы, кезеңдері, әр кезеңге берілетін уақыт т.б мәселелер шет тілін оқытудың негізгі объектілері болып табылады.

Методика (әдістеме) – сөзі грек тілінің (metodid ) «жол» деген ұғымды білдіретін сөзінен шыққан термин. Методика белгілі бір пәннің оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Шет тілі методикасы бастауыш мектепте шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін баяндайтын ғылым болып табылады. Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі - ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсат –міндеттерін, принциптері мен әдіс-тәсілдерін, сабақ түрлерін, сабақта әдістер мен технологияларды қолдану жолдарын практикалық тұрғыдан студенттерге саналы түсіндіретін ғылым. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде болашақ шет тілі мұғалімдерін теориялық және практикалық даярлауды қамтамасыз етеді.Ол әзірлік лекция, семинар, практикалық сабақтарда, педагогикалық машық кезінде, курстық және дипломдық жұмыс жазу кезінде іске асырылады.

Бағдарлама балаға нені оқыту керек екендігін көрсететін болса, әдістеме соны қалай оқытқанда тиімді болатынын анықтайды. Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады? Қандай мақсаттар қойғанда қандай нәтижеге қол жеткізуге болады ?деген мәселелерді шеше отырып болашақ ағылшын тілі мұғалімінің бойында кәсіптік құзыреттілікті(оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныса отырып тілді үйрету

 

қабылетінің болуы), коммуникативтік құзыреттілікті(үйренген тілді сөйлеуде қолдану қабылеті) қалыптастырады.

2. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістеменің басқа ғылым салаларымен