КІРІСПЕ

 

Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында өндірістік қарқынды дамуы жаңа, жоғары жұмыс жылдамдықты және қуатты техникалар мен мен технологиялық жабдықтарың пайдалануға көптеп енгізілуімен тікелей байланысты, бұл шу жүктемесі жоғарылай түсетін еңбек жағдайын қалыптастырады.

Шудың өндірістік зиянды фактор ретіндегі әлеуметтік маңызы және одан қоғамымыздың шығындану деңгейі өте жоғары, ол еңбекке уақытша жарамсыздыққа ұшырататын сырқаттылықтың жиілеуінен, жұмысшылардың қажуы нәтижесінде еңбек тиімділігі мен өнім сапасының төмендеуінен, аппараттардың көбеюі мен мамандардың тұрақсыздануынан т.б. қалыптасады.

Бірқатар авторлардың (Тулин В.А., Бронникова Г.А., Кадыскина Е.Н. 1989) жинақтап-дәнекерлеу өндірісі мысалына жүргізген есептеулері, шу әсерінен еңбек өнімділігінің 2,7%-ке төмендейтінін көрсетті. Басқа авторларың мәліметтері бойынша, шу әсерінен өнімділіктің төмендеуі 2-30% аралығындла ауытқиды. Бірқатар өнеркәсіптерде біз жүргізген зерттеулерден шу деңгейі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс анықталды, мысалы шу деңгейінің 10 дБ-ге жоғарылауы еңбек өнімділігін 7%-ке, ал 20 дБ-ге жоғарылауы 18%-ке төмендетеді

Берілген материалдар жұмыс орнындағы шуды төменетудің тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар, кешенді түрде, бірігіп шешілуі қажетті маңызды экономикалық мәселе екенін көрсетеді.

 

I. ӘРТҮРЛІ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДАҒЫ ШУДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Қазіргі кздегі өнеркәсіп салаларының негізгі – машина құрылысы. Машина құрылысы саласы басқа барлық салаларды өз өнімімен қамтамасыз ете отырып, еліміздің ғылыми-техникалық даму деңгейін танытатын бірден-бір сала болып есептеледі. Бірқатар машина құрылысы өнеркәсіптерінде жүргізілген зерттеулер шудың негізгі көзі болып құю цехтардағы құю жәнек құйылған бұйымдарды кесу мен тазалауға арналған машиналар, ал ұсталау цехтарында – кесу штамптау қондырғылары болып табылатынын көрсетті.

Дайын құймаларды түсіру, пневматикалық пресстердің жұмыстары сәтіндегі жұмыс орындарындағы шу деңгейі 113-115 дБ-ға жетеді.

Аспапты және механикалық цехтарда негізгі шу редуктарлакр мен маторлардан шығады, бұл жерлердегі шу деңгейі 85-95 дБА құрайды.

Ағаш өңдеу қондырғысымен жұмыс істеу сәтінде жұмыс орнындағы шу 95-120 дБА-ға жетеді.

Металлургия зауыдтарындағы мартен цехтарының жұмыс орындарындағы шу 70-97 дБА аралығына ауытқиды. Қуаттылығы 100-200т. Тоқ пештеріә 112-118 дБА шу таратады.

Прокат өндірісіндегі еңбек жағдайы 90-114 дБА шу деңгейімкен сипатталады.

Кен өндіру өндірістеріндегі бұрғылау комбайындарынан шығатын шу деңгейі 115-127 дБА қрайды. Техникалық қайта қарулану, ауыр дене жұмысын механикаландыру, технологиялық процесстерді автоматтандыру, құрылыс индустриясының дамуы өндірістердің қарқындылығын арттыра отырып, жиі шу факторының өсуіәне әкеліп соқтырады.

Сонымен, қазіргі кезде іс-жүзінде барлық өндіріс салаларында шу басты факторлар қатарыена енеді. Құю және металл өңдеу өндірістері, ағаш дапйындап-өңдеу жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіріп-байыту, жеңіл өнекәсп міне бұлардың өзі, еңбек жағдайлары шу дңгейінің 90 дБА-дан жоғары болуымен сипатталатын өндірістердің толық тізімі емес.

Жеке өнеркәсіп салаларындағы басты шу көздері мен олардан туындайтын шу деңгейлері № 1 қосымшада берілген

 

2. ДЫБЫСТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Гигиеналық фактор ретінде, шу деп – адам организміне жағымсыз әсерін тигізіп, адамның демалуы мен еңбек етуіне кедергі жасайтын, кез-келген жағымсыз дыбысты, немесе дыбыстар жиынтығын айтамыз.

ШУ физикалық тұрғыдан тығыз орта (газды, қатты, сұйық) бөлшектерінің механикалық тербелісі салдарынан туындайтын толқынды процесс.

Қоршаған орта әсерінен, тұрақты тепе-теңдіктен шығарылған кел-келген тербелмелі дене шу көзі болып саналады.

Дыбыс бірқатар параметрлермен сипатталады:

Жиілік (f) – дыбыс толқынының белгілі бір уақыт бірлігінде жасаған толық тербелістерінің саны, Гц-пен өлшенеді (Гц – 1 секундтағы толық бір тербеліс). Тербеліс жиілігі дыбыстың субъективті қабылдау жоғарылығын активті анықтайды Жиілік неғұрлым жоғары болса (f), естілетін дыбыс тоны соғұрлым жоғары болады.

Дыбыс жылдамдығы (с) – толқынды процесстік бір секундтағы таралу қашықтығы, өлшемі м/сек. Дыбыс жылдамдығы, таралу ортасының тығыздығы мен серпімділігіне байланысты бола отырып, тербеліс жиілігіне тәуелді болмайды.

Дыбыс тербелісі температурасы 20о С, атмосфералық қысымы қалыпты ауада 334 м/сек жылдамдықпен тарайды. Тығызырақ ортада дыбыстың таралу жылдамдығы едәуір жоғары; суда –1500 м/сек құрышта (сталь) – 5000 м/сек

Адамның есту анализаторы 16-20 Гц тан 16-20 мың Гц, немесе кГц-қа дейінгі жиліктегі дыбыс тербелісін естуге қабілетті.

16 Гц-тан төмен дыбыс тербелісі – инфра, 16 Гц-20 кГц – естілетін, ал 20 кГц-тан жоғары – ультрадыбыс деп аталады.

400 Гц жиіліктегі шу – төмен, 400 Гц – тан 1000 Гц-қа дейінгі – орташа, ал 1000 Гц және одан жоғары шу - жоғары жиілікті шу деп аталады.

Дыбыс тербелісінің барлық диапазоны октаваларға бөлінген.

Октава деп, үстіңгі шекарасы төмнгісінен екі есеге көп жиілік диапазондарын түсінуге болады.

Октаваны, нақтылы диапазонды құрайтын жиіліктердің, орташа геометриялық еңгейімен белгілеу қабылданған. Акустикалық тәжрибеде октава жолағының келесі орташа геометриялық жиіліктері қабылданған; 31,5 Гц; 63 гЦ; 125 Гц; 250 Гц; 500 Гц; 1000 Гц; 2000 Гц; 4000 Гц; 8000 Гц; 16000 Гц;

Шуды гигиеналық нормалау, орташа геометриялық көрсеткішті жиіліктердің октавалы жолағында жүргізіледі: 16 Гц;31,5 Гц; 63 Гц; 125 Гц; 250 Гц; 500 Гц; 1000 Гц; 2000 Гц; 4000 Гц; 8000 Гц;

1000 Гц; жиіліктегі дыбысты стандартты дыбыс деп атау қабылданған.

Дыбыс көзі, ауадағы бөлшектердлі тербелмелі қозғалысқа келтіре отырып, дыбыс толқынын тудырады және оған белгілі мөлшерде энергия береді. Белгілі бір уақыт бірлігіне (1 сек) 1 м2 алаң арқылы өтетін энергия ағымының көлемі дыбыс қарқындылығы немесе дыбыс күші деп аталады. Өлшем бірлігі Вт/м2

Есту анализаторымен қабылданатын ең әлсіз дыбыс күші естілу табалдырығы деп аталады. Стандартты дыбыс үшін ол 10-12 Вт/м2.

Шығу көзінен туындаған дыбыс, оған жанасқан ауаға қысым тудыра отырып оның бөлшектерін тербеліске келтіреді. Атмсофералық қысымға қосымша туындайтын бұл қысымды дыбыс қысымы деп атаймыз.

Дыбыс қысымы – атмосфералық қысым мен дыбыс толқының максимальды қоюлануы сәтіндегі қысым арасындағы айырмашылық. Өлшем бірілігі, Ньютон/м2 немесе Паскаль (Па). 1 ньютон-,102 кг?

Адамның есту анализаторы дыбыс қысымын қатты дыбыс ретінде субъективті қабылдайды. Есту анализаторымен дыбыс ретінде қабылданатын, ең аз мөлшерегі дыбыс қысымы есту табалырығы деп аталады. ОЛ стандартты дыбыс үшін 2х10-5 Па-ға (1000 Гц) тең.

Ауырту сезімін тудыратын дыбыс қысымы ауырту табалдырығы деп аталады. Стандартты дыбыс үшін ол 2х102 Па-ға (1000 Гц) тең.

Дыбыс күші бойынша ауырту табалдырығы стандартты дыбыс үшін тан 102 Вт/м2-қа тең. Аамның есту анализаторы өте үлкен диапазондағы дыбыс күшін (10-12 Вт/м2 тан 102Вт/м2-қа дейінгі, ғни 1014 рет өзгерген) қабылдап, есту сезіміге тасымалдауға қабілетті.

 

3. ДЫБЫС ҚЫСЫМЫ МЕН ДЫБЫС КҮШІН

Дыбысты қабылдауға жүргізілген көптеген зерттеулер, адамның есту аппаратымен дыбыс күшінің қабылдану заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол мына формула бойынша сипатталады:

Ln

Lp- 10Lg дБ;

Lo

 

Бір дыбыстың басқа дыбыстан қанша рет қатты естілетінін білу үшін жоғарыда келтірілген формула қолданылады.

Басқа сөзбен айтқанда, берілген формула бастапқы дыбысқа қарағанда келесісін қаттырақ, яғни алғашқыдан 2 есе күштірек шығару үшін оған энергияны бірінші дыбыстыкінен 10 есе көп беру қажеттілігін түсіндіреді.

Стандартты дыбыс энергиясын 10 есе ұлғайту кезінде оның субъективті қаттылығы 2 есеге жоғарылайды (кесте 3.1.)

Децибелл – дыбыс қысымының, есту табалдырығына байланысты дыбыс деңгейін немесе дыбыс қысымын көрсететін салыстырмалы логарифмдік мөлшері.

Децибелмен (дБ) берілген шу күшінің деңгейі субъективті есту сезімдері жайында толық түсінік бере алмайды.

Дабыстың қаттылығы – бұл дыбыстың субъективті қабылдануы, ол дыбыс күшіне ғана емес, сондай-ақ шудың жиілік құрамына да тәуелді келеді.

 

Кесте 3.1.

100 102 14 Бел 140 дБ

10 10 1 13 Б 130

1 10 0 12 Б 120

0,1 10 -1 11 Б 110

0,01 10 - 2 10 Б 100

0,001 10 – 3 9 Б 90

0,0001 10 - 4 8 Б 80

0,00001 10 – 5 7 Б 70

0,000001 10 – 6 6 Б 60

0,0000001 10 – 7 5 Б 50

0,00000001 10 – 8 4 Б 40

0,000000001 10 – 9 3 Б 30

0,0000000001 10 – 10 2 20

0,00000000001 10 – 11 1 10

0,000000000001 10 – 12 0 0 дБ

 

 

Қарқындылығы бірдей, әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың қаттылығы құлаққа бірдей болып естілмейді. Жиілігі жоғарырақ дыбыстар қаттырақ сезіледі.

Анализаторлардың қабылдау бөліміне әсер ететін дыбыстарды өлшеу нәтижелері мен олардың шынайы физикалық сипаттамалары арасындағы сәйкестіліктің болмауы, әртүрлі жиіліктерде өлшенген дыбыс қысымы мен одан туындайтын сезінулер арасындағы заңдылықтардың бекітілуіне және бұл заңдылықтардың өлшеу бірліктерін енгізуге септігін тигізеді.

Көптеген адамдарға жүргізген зерттеулер нәтижесінде және олардың берген жауаптары қортындысынан, әр түрлі жиілістегі, бірақ адамға бірдейқаттылықта сезілетін, немесе бірдей жағымсыз әсер ететін дыбыстар үшін қысым көлемдері (өлшемдері) табылды. Зерттеу кезінде дыбыс жиіліктері 1000 Гц стандартты тонмен салыстырылды. Зерттеу қабылдауға дейін (қабылдау табалдырығында) және дыбыстың қаттылығын жоғарлату барысында жүргізілді.

Әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың өз есту табалдырығы (порог) бар. Неғұрлым төмен, яғни неғұрлым жоғары есту сезімі тербеліс жиіліктері 1000-нан 8000 Гц дыбыстардан туындайды. Жиіліктің төмендеуіне және жоғарылауына қарай құлақ сезімталдығы біртіндеп төмендейді, ал есту табалдырығы сезіну табалдырығына дейін көтеріледі. Бұл, тербелмелі қозғалыстың құлақта қысым сезімін тудыруымен сонымен қатар дыбыстың тері рецепторларымен сезінуімен түсіндіріледі.

Соныменқабылдау дәрежесі, яғни шудың организмге зияндылығы оның дыбыс қысымының жалпы деңгейімен, спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және тұрақтылығымен анықталады.

 

4. ШУДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Шу дыбыстар жиынтығынан тұрады, сондықтан олардың әрқайсының үлесіне шудың жалпы дыбыстық энергиясының белгілі бір үлесі тиеді. Шу спектрі (жиілік құрамы), шудың жиіліктер бойынша қандай дыбыстардан тұратындығын және олардың арасында дыбыс энергиясы қалай бөлінетіндігін, яғни жиіліктің қандай түрлеріне min немесе max энергия келетіндігін көрсетеді.

Спектрлік сипаттамасы бойынша шудың жиіктелінуі:

- ақ –энергия деңгейі барлық жиілікке бірдей тепе – тең бөлінген.

- кең жолақты – кеңділігі бір октавадан жоғары үздіксіз спектрлі.

- тональды – спектрінде айқын дискеретті тондары бар.

Тәжірибелік мақсатта шудың тондық сипаттамасы бір жолақтағы шу деңгейі көршілес жолақтағыдан 10 дБ-дан аса жоғары болатын жиіліктің 1/3 октавалық жолағында анықталады.

Уақыт сипаттамасы бойынша (дыбыс энергиясының уақытқа қарай бөлінуі) шудың жіктелуі

- тұрақты – шу өлшегіштің «медленно» уақыттық сипаттамасы бойынша өлшегенде, 8 сағаттық жұмыс күнінде (жұмыс ауысымында) уақытқа қарай деңгейі 5 дБ-ден көпке өзгермейтін шу.

- тұрақсыз – уақытқа қарай дыбыс деңгейінің 5дБ-ден жоғары өзгеруі.

Тұрақсыз шулар өз алдына төмендегідей бөлінеді:

- уақытқа қарай ауытқитын – уақытқа қарай дыбыс деңгейінің үздіксіз өзгеруі.

- үзілісті – дыбыс деңгейінің 5 дБ (А) және одан көпке сатылы өзгеруі, бұл жағдайда дыбыс деңгейі өзгермейтін уақыт аралығы 1 сек және одан жоғары

- импульсті дыбыс ұзақтығы 1 сек-тан, аз, дБ (А) және дБ-мен алғанда дыбыс деңгейлері шу өлшегіштің «медленно»және «импульсті» уақыттық сипаттамасында өлшегенде бір-бірінен 7 дБ-ден аз болмайтын айырмашылықта болатын, бір немесебірнеше дыбыс сигналдарынан тұратын шулар.

 

5. АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ШУДЫҢ ӘСЕРІ

Организмге акустикалық тітіркендіргіштердің қолайсыз әсерлерінің зардабы көптеген авторлармен жеткілікті зерттеліп, еңбектерінде жарық көрген.

Ұзақ және қарқынды шудың әсерінен естудің үдемелі төмендейтіні, яғни шу кереңдігінің дамитыны зертетулерде дәлелденген.

Әлемдік практикада жинақталған тәжірибеге жүгінсек, шу орталық нерв жүйесінде, жүрек тамыр (ОНЖ) жүйелерінде, организмнің иммунобиологиялық реактивтілігі мен гомеостаз күйінде туындайтын бірқатар өзгерістердің себепкері болып саналыд.

Е.Ц: Андреева-Галанина, 1957ж. Экстраауральдық құбылысты, шу ауруының симптомдық кешеніндегі маңызды көрсеткіштердің бірі деп санауды ұсынды.

Қазіргі кезде әдебиеттерде шу кейбір «цивилизация ауруларының! (психикалық өзгерістердің, гипертониялық аурулардың және т.б.) туындауына, сонымен қатар жалпы сырқаттанушылықтың өсуіне жиі себепкер болуда деген деректер жиі жарық көріп жүр.

Өнеркәсіп жағдайында жүргізілген зерттеулер, әртүрлі кәсіпкерлер арасында шу кереңділігімен қатар экстраауральды патологияның кең таралғанын анықтады.

Барлық кәсіптік аурулардың 7-10 %-і есту жүйкесінің невриті. Кәсіптік тұрғыдан, барлық анықталған патологияларды 50%-і ұсташылар, дәнекерлеу цехы, механикалық-жинақтау өндіірс жұмысшыларының үлесіне тиеді. Кохарлы невритпен металлургтардың 25-30%-і зардап шегеді.

Кәсіптік аурулар арасында жиілігі бойынша 1ші орынды кәсіптік кереңділік алады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері боынша бұл патология жалпы өнеркәсіп жұмысшыларының 10-20%кездеседі.

Г.А. Суворов, Э.И. Денисов, В.Г. Овакимов 79, 84, 93, 100 және 115 дБА шу деңгейі жағдайында еңбек атқаратын, машина құрылысы өндірісі жұмысшыларының үлкен тобын зерттеу нәтижесінде, зерттелгендерде қарқындылығы аз шу әсерінен есту қабілеттігінің қатты төмендеуі жағдайындағы нерваскулярлы бұзылудың жиі кездесетіні анықталды.

Шудың 1дБА-ға жоғарылауы нейроваскуляторлы патология мен есту қабілеттілігінің бұзылуы, сәйкес 1,5 және 0,5%-ке жиілетеді. Естудің бұзылуымен байланыссыз патологиялар арасында гипертензивті күй жоғары болды.

Ю.К. Тавтинаның заманға сай математикалық талдауды қолдана отырып жүргізген зерттеулері, шу деңгейі 90-95 дБА еңбек жағдайындағы өндіірстерде вегетативті тамыр бұзылуларының ерте туындайтының және олардың козлеарлы невриттерден басым болатындығын көрсетті. Олардың максимальды дамуы, шу жағдайындағы еңбек стаждары 10 жыл болатындарда байқалды. Тек шу деңгейі 95 дБА-ден асатын еңбек жағдайындағы, шулы кәсіп иелерінде еңбек стаждарының 15-ші жылында внеауральды әсер тұрақтанып, кереңділік күш ала бастайды.

Әртүрлі деңгейдегі шу жағыдайында еңбек стаждары бар жұмысшылар арасында есту қабілеттілігін жоғалтудың өсуі (а) және невртік-тамырлық бұзылыстар (б).

 

Абсцис осьінде – еңбек стажы;

Ординат осьінде - бұзылыстар жиілігі;

I-V – ші деңгейі 80, 90, 100 және 110 дБа-ге сәйкес кәсіптік топтар.

Шу әсері мен жүрек-тамыр жүйесі және ОНЖ-дегі функциональдық өзгерістер арасындағы этиологиялық байланысты анықтау «шу» симптомдарының көбінесе салыстырмалы түрде бейарнаулы және жиі жеткіліксіз айқын болатындығынан біршама қиын. Бұл сұрақты шешу барысында организмді, оның шудың әсеріне беретін әртүрлі реакцияларымен қоса, тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларға реакцияларын, сонымен қатар оның науқастылыққа жеке бастық бейімділігін ескере орытып бір бүтін деп қарастыру қажет.

Әр жеке науқастағы анықталған өзгерістердің шу әсерімен байланыстылығын анықтауда нақты еңбек жағдайы, белгілі бір мүшелер мен жүйелергі патологиялық процесстерге ұрындыратын шу әсерінің ерекшеліктері ескерілу керек.

Шудың әсерінен болатын өзгерістерді негіздеуегі басты критерилерге: патологиялық процесстік біртіндеп дамуы, көптеген жағдайлардағы есту сезімталдығының өзгеруімен ОНЖ мен ірқаар басқа да мүшелердегі белгілі корреляциялардың болуы, шу әсері жағдайындағы жұмыс кезеңінде аурудың басталуы, нақтылы кәсіптік топтар мен жалпы жұмысшылар арасында ұқсас жағдайлардың болуы жатады.

Ұқсас өзгерістерге әкелетін барлық басқа этиологиялық сәттерді сыртқа шығару керек. Бұнымен қатар шудың параметріне ерекше көңіл бөліп, еңбектің нақты жағдайларын зерттеу керек.

Шудың әсерін нақтылы дәлелдейтін негізгі диагностикалық белгі – кохлеарлы нврит типті естудің төмендеуі. Бұл аудиометрия деректері бойынша бағаланады.