КІРІСПЕ

 

Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігі көбінесе оған байланысты болады. Өнеркәсіптің көптеген салаларында жұмысшылардың еңбегі микроклиматы жағымсыз келетін бөлмелерде өтеді. Осыған байланысты жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігін болжаудыңбазалық негізі ретінде микроклиматты құраушы негізгі заңдылықтарын, организмнің термо бейімделуін, профилактика жолдарын гигиеналық бағалау міндеттері әрқашанда өзекті болып келеді.

Микроклиматты зерттеуде маңызды гигиеналық міндеттерді шешуде салмақты үлесті А.А. Летавет, Г.Х. Шахбазян, Н.Ф. Галанина, А.Н. Ажаев, Н.К. Витте, Б.Б. Койранский, Ф.М. шлейфман, И.С. Кондрор, В.И. Кригагин, Р.Ф. Репин. т.б. ғалымдар қосты.

 

2. НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕРІ, ТҮСІНІКТЕРІ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАРЫ

1. Микроклимат – шектеулі кеңістіктегі физикалық факторлардың (ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалыс жылдамдығы, сәулелі жылу) кешені мен құралатын және организмнің жылулық алмасуына әсер етуші, қоршаған ортаның жылулық жағдайы.

2. Организмнің функциональдық жағдайы – организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасын, оның тіршілігін және іскерлігін көрсетуші физиологиялық жүйелердің сипаттамаларының жиынтығы.

3. Жылулық комфорт – адамның организміне жағымды жағдайы жасалған, белгілі бір метеорологиялық жағдайлардағы адамның жайлы ахуалы.

4. Адамның жылулық бейімделуі – нейрогуморалдық реттеу механизмінің жұмысын жаңашадан ұйымдастыру, жүрек-тамыр жүйесінің, тер бөлужәне басқа жүйелердің функцияларын қарқындату арқылы жылу беру тиімділігін қамтамасыз ететін организмнің термореттеуін оңтайландырушы физиологиялық процесс, бұл процессте адамның көңіл-күйі жақсарып, денсаулығы сақталып, іскерлігі жоғарылайды.

5. Жылу өндіруі – ол үздіксіз жүруші экзотермиялық реакциялардың салдары.

6. Химиялық термореттеу- жылу өндіру деңгейін өзгерту арқылы, яғни организмнің клеткаларында зат алмасу процесстерінің қарқындығын күшейту немесе азайту арқылы жүргізіледі.

7. Физикалық термореттеу – жылуды беру қарқындығын өзгерту арқылы жүргізіледі.

8. Жылу сезу – (жалпы және локальды жылу сезуі де) өзінің ообъективті жылулық жағдайына жеке қатынасын көрсетеді.

9. Адамның жылу беруі – адамның денесінің беті мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуы, яғни тіршілік процессінде бөлінген жылудың организмнен қоршаған ортаға өтуі.

10. Адамның жылулық жағдайы – ол «ядрода» (адам денесінің терең қабаттары) және «қабықшасында» (беткі қабаты) жылудың мөлшері мен таралуын және термореттеуші аппаратына күш түсу дәрежесін сипаттайтын оның функциональдықжағдайы.

3. ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Ауаның температурасы - өндірістік ортаның, әсіресе технологиялық процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты жылуды көп бөлетін цехтарындағы микроклиматты анықтаушы басты факторларының бірі болып саналады. Осындай өндірістердің мысалы болып металлургия (домналық, конвейерлік, мартендік, электрлік болат балқыту, прокаттық цехтары), машина жасауда (құю цехтары, ұсталық, термиялық цехтары), тоқыма (текстиль), резиналық, түсті металлургия, тағам өнеркәсіптеріндегі бірқатар өндірістері, құрылыс материалдарын жасау өндірісі саналады.

Аталған цехтардағы өндіріс бөлмелеріндегі ауа жабдықтар мен материалдардың ысыған беттерінен жылуды конвекциялық беру нәтижесінде ысиды. Жоғары температура жылу электростанцияларының кейбір бөлмелерінде, және де терең жерасты кендерін шығару орындарында болады.

Бірқатар өндірістер ауаның төмен температурасымен сипатталады. Мұндай жағдайлар жылдың қым мерзімдерінде жылытылмайтын жұмыс бөлмелерінде (элеваторлар, қоймалар, тоңазытқыш камералары), және де ашық ауада жұмыс істеуінде байқалады.

Ауаның ылғалдылығы – ондағы су буларының мөлшері-абсолюттік, максимальды және салыстырмалы түсініктермен сипатталады.

Абсолюттік ылғалдылығы – су буларының парциалдық қысымында (Па) немесе белгілі көлемдегі салмақ бірілігінде (г/м3) беріледі.

Максимальды ылғалдылығы – осы температурада ауаның толық қанығуындағы ылғалдың мөлшері.

Салыстырмалы ылғалдылығы – пайызда (%) берілген, абсолюттік ылғалдылықтың максимальдікке қатынасы. Максималды және абсалютті ылғалдылықтың арасындағы айырмасы қанығ дефициті деп қаралады.

Өндірістік бөлмелердегі ауаның ылғалдылығы технологиялық процесстік сипатына байланысты қатты өзгеруі мүмкін. Ылғал бөлуші көздері бар (су немесе су ерітінділері бар ашық сиымдылықтар) бірқатар өздірістерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-100% жетуі мұмкін. Осындай өндірістерге тоқыма өнеркәсібінің бояу-өңдеу цехтары, машина жасау зауыдтарының гальваникалық цехтары, тау-кен өндірісіндегі жерасты бөлмелері жатадыү

Ауаның қозғалысы - өндірістік бөлмелерде жылу бөлуші көзден ауа массасының біркеліксіз жылу нәтижесіндегі конвекциялық ағымдарымен құралады, м/с өлшенеді.

Инфрақызыл (жылулық) сәуле таратуы – толқындық және кванттық қасиеттері бар, толқынының ұзындығы 500-0,076 мкм электромагниттік сәулелер, инфрақызыл сәулелердің қарқындылығы Вт/м2 өлшенеді.

 

4. АДАМ ОРГАНИЗМІНІҢ ТЕРМОРЕТТЕМЕСІ

Микролиматтық температуралық) фактор-барлық организмдердің тіршілігінің міндетті шарты. Оның организмге әсері жан-жақты (универсальды) болып, тірі организмдер өтуші процесстердің қарқындылығы менбағытын өзгерту арқылы оның барлық процесстеріне әсерін тигізе алады. Температуралық фактордың әсерінен организмде басталушы процесстеріне биофизикалық және биохимиялық фазаларынан тұратын өзгерістері кіреді де, күрделі физиологиялар деңгейіне жетеді.

Термореттеме – ол нервтік-эндокриндік жолымен реттелетін жылу өндіру және жылу беру процесстерінің өзара үйлесімі.

Радиациялық жылу беру – ол адамның денесінен жылуды өзінен төмен температурадағы қоршаған беттерге сәулелерді тарату арқылы беруі.

Конвекция – ол адамның денесінен жылуды температурасы төмен ауа ағынына беруі.

Өткізу – ол жылуды адамның денесінің бетінің тікелей жанасушы затқа беруі.

Адам терісінің бетінен тердің булануы – булану жолымен жылу беру деп аталады.

әртүрлі климаттық жағдайларында адам организмінде, термореттеуде қатысушы бірқатар жүйелер мен органдардың функцияларын белгілі өзгерістері пайда болады - әсіресе қан айналым, нервтік және несеп бөлуші жүйелерінде. Адам организмінің жылулық жағдайының интегарльді көрсеткіші болып адамның температурасы саналады.

Организмнің радиациялық салқындаунда, конвекциялық салқындауымен салыстырғанда, ОНЖ тітіркендіру процессі аздаған шамада жүреді.

 

4. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Организмнің ысып кетуі– (жылулық гипертермия) организмде жылулық шамадан тыс көп жиналуында болады, оның негізгі белгісі болып дене температурасының 380Сдейін одан жоғары шамаға көтерілуі саналады. Мұндай жағдайда адам бетінің гиперемиясы, қатты терлеуі, әлсіздік, бас ауруы, құсуы сияқты белгілері байқалады. Тынысы мен қан тамырының соғуы жиіленеді, артериялық қысымы (АҚ) басында көтеріліп,ғ соңынан төмендейді. Ауыр жағдайларда гипертермия жылу соққысы түрінде өтеді, мұнда дене температурасы 400С дейін және одан жоғары көтеріледі, беті бозарып, қан тамырының соғуы әлсіз және жиі болып, қан қысымы төмендеп, есінен айырылуы мүмкін.

Сіреспе ауруы су – тұздың балансының бұзылу салдары болып келеді.Мұнда әлсіздік, бас ауруы байқалады. Ең басты симптомдары күрт пайда болатын, жанғабататын ауру сезімін тудыратын тоникалық сіреспелер, әсіресе олар қол-аяқтарында байқалады.

Күн өтуі (солнечный удар) адамның басына күн сәулесінің көп түсуінде, әсіресе ашық ауада жұмыс істеуінде пайда болады. Мұнда бас ауруы, бастың айналуы, мазасыздық, құлақтарға келетін шу, құсу сияқты белгілері байқалады. Ауыр жағдайларында едәуір нервтік ауытқулар-есінен тануы, сіреспелере, галлюцинациялар т.б. байқалады. Қан тамырының соғуы әлсізді және жиі болып, тыныс алуы қиындалып, жиіленеді.

Кәсіптік катаракт немесе шыны үрлеушілердің катарактісі, жылулық сәуленің ұзақ әсер етуінде дамуы мүмкін. Оның себебі – толқын ұзындығы 1 мкм қысқатолқынды инфрақызыл сәулелерінің көз органына неғұрлым терең өтіп, көздегі қан тамырларының өткізімдік қабілетін бұзушы жылулық эффект.

Өндірісте адамның жаурауы мен мұздауы төмен температураның және жоғары ылғалдылықтың және ауаның жоғары қозғалысының әсерінен пайда болады, яғни конвекция жолымен жылу беруі күшейіп, организмнің жаурауына және мұздауына келтіреді.

Жұмыс орнындағы микроклиматты нормалау және бағалау

Микроклиматтық жағдайларды гигиеналық бағалау үшін мына негізгі нормативті құжаттарға жетекшеленеді:

1. Өндірістік бөлмелердің микроклиматының санитарлық нормалары № 1.02.006-94

2. Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары және еңбек процесстерінің ауырлығы мен қиындығы көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын бағалаудың гигиеналық критериялары. № 01.02.091-98 (Кестелер:1, 2, 3, 4, 5)

3. Әдістеелік құралы мен нұсқаулары «Өндірістік микроклимат», Қарағанды, 1988, 19б.

4. Жабдықтар мен қоршауларыдң беттерінің ысуынан инфрақызыл сәулелерінің қарқындылығының гигиеналық нормалары № 1.02.27-94

5. Форма 336/У ҚР Денсаулық сақату министрлігімен бекітілген № 467, 20.10.93ж.

Микроклимат параметрлерін өлшеу жылдың жылы және суық кезеңдерінде бір күн ішінде жұмыс ауысымның басында, ортасында және соңында жұмысын тұрып істеуде еденнен 1,5м биіктікте, ал отырып істеуде 1,0 м биіктікте жүргізу керек. Өлшеулердің минималды саны бөлменің ауданы 100м2 дейін – 4,101 – 400 м2-8, ал 400 м2 жоғары болса-онда өлшеу учаскелерінің саны олардың арасындағы қашықтығы10 м аспайтындай алынуы керек. Микроклимат бойынша еңбек жағдайларының классы жылдың кезеңіне (суық және жылы) байланысты әртүрлі көрсеткіштермен анықталады.

Мысалы, қыс мерзімінде өндірістік бөлменің микроклиматын бағалау үшін жұмыс орнындағы ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын және қозғалыс жылдамдығын өлшеу керек (1 кесте). Жылдың осы мерзімінде ашық территорияда және суық бөлмелерде (тоңазытқыштар, жылытылмайтын қоймалар) температураны ғана өлшеу жеткілікті болады.

Жылдың жылы кезеңінде микроклимат параметрлерін өлшеудегі алынған нәтижелерді, және де жылулық сәуле тарату мәлімдемелерін № 3,4,5 кестелерімен салыстырады.

Жылдың суық мерзімінде (қыс) ашық территорияның және суық бөлмелерінің микроклиматтық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларының класстары климаттық аймақтрына байланысты бағаланады (Қазақстан негізгінен ІІ және ІІІ аймақтарында орналасқан).

ІІ аймақ үшін рұқсатталатын темпетаруа – 230С, зияндық класстары 3.1 – (-29,40С); 3,2 – (-31,50С) ; 3,3 – ( -35,70С); 3,4- (-480С). Ал ІІІ аймақ үшін оңтайлы температура (-15,6); 3,1 – (-21,3); 3,2 – (-23,0); 3,3- (-26,1); (арнайы киім қолдануда), 3,4- (-37).

 

ӨНДІРІСТЕ МИКРОКЛИМАТ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Қазақстанның метеорологиялық жағдайлары, гигиеналық тұрғыдан организмнің жылу алмасуына және оның жылулық жағдайына әсер етуші қоршаған орта факторларының кешені болып келеді. Мұнда өндірістік ортаның микроклиматы негізінен технологиялық процесстің түріне және Қазақстанның территориясының қандай өңірінде орналасуына байланысты болады. Қазақстанның оңтүстік аудандары қысқы мерзімде жылы микроклиматымен, ал жазғы кезеңде-неғұрлым ыстық болып сипатталады, ал орталық және солтүстік аудандары күрт-континенталды – қыста суық, жазда ыстық – микроклиматымен ерекшеленеді.

Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау ретінде «Өндірістік бөлмелердің микроклиматының санитарлық нормалары» №1.02.006-94 және «Машиналық және қазандық бөлмелерінде және басқа өнеркәсіп бөлмелерінде, кемелерде жабдықтар мен қоршаулардың бетінің ысуынан инфрақызыл сәулелерінің қарқындылығының гигиеналық нормалары» №1.02.027-94 нормативтік құжаттарына сәйкес микроклимат параметрлеріне бағалау жүргізеді. Бұл құжаттарда орындайтын жұмыстың ауырлығын және жыл мерзімдерін және олардың өлшеу мен бағалау әдістерін ескеріп, бөлмелердің микроклиматтың оңтайлы және рұқсатталатын параметрлері берілген.

 

ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫ НОРМАЛАУ ТЕРМИНДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

1. Өндірістік бөлмелерді микроклиматы – адамның организміне ауаның температурасының, ылғалдылығының, қозғалыс жылдамдығының және жылулық сәулесінің қосарласып әсер етуші осы бөлмелердің ішкі ортасыынң микроклиматтық жағдайлары.

2. Оңтайлы микроклиматтық жағдайы– адамға ұзақ және жүйелі әсер етуінде термореттеу механизміне күш түсірмей организмнің қалыпты жағдайын сақтаушы микроклимат параметрлерінің үйлесімі.

3. рұқсатталатын микроклиматтық жағдайы– ұзақ және жүйелі әсер етуінде адамның термореттеу механизміне оның бейімделуілік мүмкіншілігінің шегінен аспайтындай күш түсуімен жүретін, организмнің жылулық жағдайында тез етуші және тез қалпына келуші өзгерістерді тудыратын микроклимат параметрлерінің үйлесімі. Мұндай жағдайда адамның денсаулығында өзгерістер болмайды, бірақ дискомфорттық жылу сезуі және іскерлігінің төмендеуі байқалады.

4. Жылдың жылы кезеңі– сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +100С жоғары температурамен сипатталатын жыл кезеңі.

5. Жылдың суық кезеңі– сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +100С тең және одан төмен температурамен сипатталатын жыл кезеңі.

6. Жұмыстардың категориясы– организмнің жалпы энергошығынының негізінде жұмыстарды ауырлғы боынша бөлу.

7. Жеңіл дене жұмысы– (Іа категория) – энергошығыны 120 ккал/сағ дейінгі – отырып орындайтын, денеге күш түсірмейтін жұмыстар.

7.1. Жеңіл дене жұмысы –(1 б категория) – энергошығыны 120 дан 150 дейін ккал/сағ – отырып, тұрып атқаратын немесе жүруімен байланысты денеге аздаған күш түсумен орындалатын жұмыстар.

8. Ауырлығы орташа дене жұмысы (ІІ а категория) – энергошығыны 150 ден 200 ккал/сағ дейінгі –жүруімен байланысты, отырып немесе тұрып ұсақ бұйымды (1 кг дейін) тасымалдаумен, денеге белгілі күш түсумен орындалатын жұмыстар.

8.1. ауырлығы орташа дене жұмысы –(ІІ б категория) – энергошығыны 200ден 250 ккал/сағ дейінгі – тұрып орындалатын, жүрумен, салмақтарды тасумен (10 кг дейін) байланысты, денеге айтарлықтай күш түсумен атқарылатын жұмыстар.в

9. Ауыр дене жұмысы –(ІІІ категория) – энерго шығыны 250 кка/сағ жоғары – жиі қозғалумен, жүрумен және ауыр салмақтарды тасумен (10 кг жоғары) байланысты, денеге көп күш түсумен орындалатын жұмыстар.

МИРКОЛИМАТТЫҚ ЖҰМЫСШЫҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Бұл топқа көптеген әдістері кіреді. Неғұрлым жиі қолданылатындары мыналар:

1. Дене температурасын өлшеу

2. Тері температурасын өлшеу

3. Жүрек-тамыр жүйесінің жағдайына бақылау

4. Тыныс алу жүйесінің жағдайына бақылау

5. ОНЖ жағдайын зерттеу

 

1. Дене температурасын өлшеу -Әдетте дененің температурасын қолтықтың астында немесе тілдің астында медициналық термометрмен немесе электротермомғетрмен өлшейді.

Дененің қалыпты температурасы 36,1-36,80С шамасында. Тіпті дене температурасының аздаған көтерілуі, организмнің термореттеу механизміне күш түсуін көрсетуші маңызды физиологиялық көрсеткіші болып келеді.

2. Тері температурасын өлшеу – электротермометрді көмегімен жүргізіледі. Тері температурасын өлшеу, оның динамикасын бағалау үшін, қатаң белгіленген нүктелерде жүргізілу керек: маңдайда (қастың үстіндегі иіннің (доға) арасында, олардың жоғарғы қырынан 0,5 смбиік); Кеудеде (төстің жоғарғы шетінде); қолдың басында (қолдың сырт жағында абс бармақ пен сұқ бармақтың бірінші фалангаларының арасында). Комфорттық жылулық жағдайда маңдай терісінің температурасы 32-330С деңгейінде, ал қол терісінің tо – 30-310С шамасында болады.

Қолайсыз микроклиматтық жағдайларда, мысалы, жоғары температурада, тернің температурасы 35-35,50С дейін өзгеруі мүмкін, ал төмен температурада, керісінше 10 және одан көп градусқа төмендейді (дискомфорттық жылу сезу).

3. Жылуға рефлекторлық реакциялардың жасырын уақытын анықтауорталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайының көрсеткіштеріні бірі болып кледі. Өлшеу үшін универсалды хронорефлексометр қолданылады.

Өндіріс жағдайында жылу әсерінен реакцияның жасырын уақыты қысқарады, ал төмен температуралардың әсерінен – ол ұзарады.

4. Жүрек-тамыр жүйесінің– жоғары температуралардың әсерінен үлкен күш түседі, қанның құрамы да өзгереді. Мұнда қан тамырының соғу жиілігі өсіп, қанның Ақ төмендейді, бірақ кейдеол жоғарылауы мүмкін.

5. Су тұдың және витаминдердің алмасуы- жоғары температураның әсерінен тер бөлуі ұлғаяды – дененің салмағы 3-4 кг кемиді, натрий хлоридтері және суда еруші витаминдер шығындалады.

 

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

Қажетті микроклиматтық параметрлерін жасау және ауаның тазалығын ұстау ең бірінші кезекте технологиялық жабдықтарды герметизациялау мен жылуды қшаулау арқылы жетіледі.

Жылу бөлуші жабдықтарды экрандау (футеровка, ватержакетті пештер, су бүркелері).

Вентиляция - жұмыс бөлмелерінде ауа ортасының қажетті жағдайын қамтамасыз етуші шаралар мен қондырғылар жиынтығы.

Ауа душықарқынды инфрақызыл сәулелерінің әсер ету жағдайында жылу беруді жақсарту үшін тағайындалған.

Ауа оазисі - қысқа уақыттық демалу үшін бөлменің шектеулі алаңында микроклиматтық жағдайларды жақсарту мақсатымен қолданылады.

Жеке сақтану құралдары