Сахналау ойындары

Мектепке дейінгі ересек жас балаларының балалар әдебиетінен (ертегілер, өлеңдер) таныс көркем шығармалары бойынша көріністерді сахналай білуін дамыту. Ол үшін арнайы атрибуттар (қуыршақ, ойыншық, костюм және көркем безендіру элементтері) қолдануға үйрету.

Тәрбиеші-режиссердің ойлаған ойына бағына білу, сонымен бірге сахналық ойында өзінің рөлін мәнерлі орындау.

Орындаушылық біліктерді жетілдіру.

Музыкалық сахналық ойындар

Балаларға қимылы, сөзі, ән айтуы, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы сияқты рөлдік бояуы бар сахналық ойындарды ұсыну.

Музыкалық ойынды музыкалық-қимыл жүйесімен дайындау.

Балаларды түрлі кейіпкерлердің ұжымдық әрекетінен жеке әрекетке көшуін бейнелей білуге үйрету.

Балаларды ойын кейіпкерлерінің ерекшеліктерін, бейнелі, пантомимикалық, мимикалық және дауыс ырғақтық сипаттамаларын өздігінен таба білуге үйрету, шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Ойында орын ауыстырғыш заттарды, қиялдағы заттарды, «бейнеге ене білуді», сол бейнеде ойын аяғына дейін қала білуді меңгерту.

Құрылыс материалдарымен ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануға үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық құрылыс жасауға қатыстыру, жұмысты бірлесіп жоспарлауға, көре білуге, мақсат қоюға, келісуге, ойлаған ойларын ортаға салуға үйрету.

Ойында табиғат материалын кеңінен қолдануға жағдай жасау: құм, саз балшық, су, қар, мұз.

Қимылды ойындар

Балалардың қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамыту.

Достық сезімге, шыдамдылық және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындауға, әділ болуға тәрбиелеу.

Балалардың негізгі қимылдарын жетілдіретін, дене қимылдарын қалыптастыратын өз еркімен ойнайтын қимылды ойындарын мадақтау.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыратын ойындарды қосу.

Балаларды спорттық ойындарға және эстафета ойындарына қатыстыру.

Дидактикалық ойындар

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.

Жыл соңында ойын бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- ойынның тақырыбын өз бетінше таңдау, сюжетін дамытуды;

- ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға талаптануды;

- қоршаған ортадағы шындықты сюжеттік-рөлдік ойындарда бейнелеуді және өзгертуді;

- барлық ойынға қатысушы ұйымдастырушының және орындаушының рөлін өзіне алуды;

- ойын тәртібін анық сақтауды және олардың орындалуына риза болуды;

- құрдастарының тобына жатуынан, оны басқа балалардың қабылдауынан қуаныш сезінуін;

- таныс сюжеттерді драмалауды;

- театрландырылған ойын, ойын-сауық ұйымдастыруды;

- өзара әрекет етудің жалпы ережелері негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатысуды;

- ойында қойылған нәтижеге жетуге талаптануды;

- ойында әрекет логикасымен жүруді;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануды;

- қимыл ойындарын, жарысу элементтері бар ойындарды, спорттық ойындарды өз бетімен ұйымдастыруды;

- ұлттық ойын ерекшеліктерін, оны сипаттайтын белгілерді және оның ұлттық мәдениетке жататын ажыратуды;

- бірін-бірі түсінуді, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетуді;

- ойында өзінің мінез-құлқын және құрдастарының әрекеттерін бағалауды білуі тиіс.

ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ

Мақсаты:мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру.

2. Еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындауға үйрету. Айналасындағы адамдар үшін маңызды еңбекте нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

3. Материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру.

4. Балаларға жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға (өзінің және жолдастарының) көмектесу. Жолдастық өзара қарым-қатынастарды тәрбиелеуді жетілдіру.

5. Өзінің, ересектердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу.

Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тазалық пен тәртіп әдетін қалыптастыру.

Өзінің сыртқы түрін қадағалау қажеттілігін дамыту (өздігінен киіну және шешіну, киімді шкафқа дұрыс және ұқыпты жинау, аяқ қиімді орнына қою, су киімдерді уақытында кептіру).

return false">ссылка скрыта

Өзінің сыртқы түріндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.

Өзара көмек сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы түріндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.

Үйде және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, ересектерге дастарқан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды топ бөлмесін (ұйқыдан кейін төсек-орынды жинау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинап, ұқыптап орнына қою, тәрбиешімен бірге кітаптар мен ойыншықтарды жөндеу) және балабақша ауласын (жолды сыпыру, құмға су құю, қыста жолды қардан тазалау) ретке келтіріп ұстауға үйрету.

Асханада кезекшілік міндетін орындау. Өз бетімен және жауапкершілікпен дастарқан мәзірін әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға көмектесуге үйрету.

ҰОӘ кезекшілік міндетін орындау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге үйрету.

Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру (жиһаздың, ойыншықтардың шаңын сүрту, өсімдіктердің жапырақтарын жуу).

Табиғаттағы еңбек

Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен және жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру (гүлдерді суару, топырақ қопсыту, қураған жапырақтарды алып тастау, тірі табиғат бұрышының мекендеушілеріне жем дайындау). Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды төмендегі жұмыс түрлері:

- күзде ересектерге балабақша ауласын (жапырақтарды бір жерге жинауға), көкөністерді, тұқымдарды жинауға;

- қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге;

- көктемде гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын себуге, олардың өсуін бақылауға, ауланы жинауға;

- жазда гүлзардағы топырақты қопсытуға, арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді шабықтауға, оларды суаруға қатыстыру.

Бау-бақшада өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға (жасыл пияз, түбірлі көкөністер, жануарларға жасыл шөп: сұлы, кендір, салат), көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге қатыстыру.

Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға үйрету.

Жұмыс процесінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.

Қол еңбегі

Қол еңбегімен айналысу ынтасын тәрбиелеу.

Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма қағазбен жұмыста құрастыру мен қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.

Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек процесінде материалдың қасиеттері жөніндегі білімдерді бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға үйрету.

Жыл соңында еңбекке тәрбиелеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- өзіне-өзі қызмет көрсетудің, тазалық пен реттіліктің қарапайым дағдыларын;

- өзінің сырт-келбетіне ұқыптылықпен қарауды, түр-сипатындағы кейбір олқылықтарды байқап оны түзеуді;

- өзара көмектесу сезімін білдіруді, құрбысының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт-келбетіндегі олқылықтарды түзетуге көмектесуге ниет білдіруді,

- асхана бойынша, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша, табиғат бұрышы бойынша кезекші міндетін атқаруды;

- үйде және мектепке дейінгі ұйымда берілген тапсырмаларды өздігімен орындауды;

- табиғат бұрышының жануарлары мен өсімдіктерін күтуді;

- ауланы тазалауда ересектерге көмектесуді;

- табиғи материалмен, қағазбен, картонмен жұмыс істеу үшін құрастыру және қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білік пен дағдыларын қолдануды;

- сюжеттік-рөлдік ойындарға өздігімен ойыншықтар, ата-аналарына, құрбыларына базарлық жасауды;

- тапсырмаларды ұжыммен орындауды, ынтымақтасуды;

- ауладағы, табиғат бұрышындағы заттармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

- тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдай отыра, тапсырмалардың орындалу барысын жоспарлаудыбілуі тиіс.

МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚТАР

Мақсаты:мектеп жасына дейінгі ересек жастағы шығармашыл белсенді тұлғаны, оның эстетикалық эмоцияларын, сезімдерін, қарым-қатынастары мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттер:

1. Қоршаған шындықты эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру.

2. Мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге, ойын-сауықтарға ортақтастық сезімін, эмоционалдық ықыластылық, ұлтжандылық және азаматтық сезімдерін дамыту.

Мазмұны:

Балалармен мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелерді атау: Конституция күні, Білім күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қазақстан Республикасының күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа Жыл, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні, осы мерекелерге белсенді қатысуға араластыру.

Мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелер жөнінде түсініктерін кеңейту. Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін дамыту.

Балаларды мерекеге дайындыққа белсенді қатыстыру (топтағы бұйымдар, әшекейлерді дайындау).

Түрлі ойын-сауықтарды аптаның басты ерекше оқиғасы ретінде қабылдауға, сипаты және көңіл күйі бойынша ойын-сауықтарға эмоционалды үн қосуға үйрету.

Мектепке дейінгі ересек жас балаларымен спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды дайындауда және өткізуде дербестікті, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген дене машықтарын көрсете білуді тәрбиелеу.

Балалардың ойындардағы, ойын-сауықтардағы, жарыстардағы шығармашылық бастамасын көтермелеу.

Достық сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсету, өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін сақтандыру.

Балалардың түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын ойын-сауық мазмұнына сәйкес белсенді қолдану.

Балалар үшін қуыршақ, көлеңке театрының көріністерін, балалар күшімен қойылған концерттер, бейнефильм, слайд көрсету, музыка, ертегі, аудиожазба тыңдауды ұйымдастыру.

 

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

 

Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1. Ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру.

2. Ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу.

3. Педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.

4. Өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.

5. Отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.

Мазмұны:

Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.

Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері ата-аналар бұрыштары және т.б.

Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.

Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.

Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.

Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәтүрлерін енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдыналуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.

Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар (ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу, сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс, ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.), сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп (ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер, ашық есіктер күні, викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар, газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.) іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.

Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтерімен т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.

Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.

Ата-ана — әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.

Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибиесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда

2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.

6. «Кел, ойнайық» (Әлем балаларының ойындары). Құрастырған және аударған Қ. Толыбаев. - Алматы: Өнер, 1990.

7. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

8. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

9. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

10. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.

11. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.

12. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.

13. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.

14. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

15. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.

16. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.

ҚОСЫМША

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

Жүгіруге арналған ойындар: «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал», «Жұбыңды тап», «Аттар», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Бұрыштар», «Жұптасып жүгіру», «Тышқан аулаушы», «Аққу-қаздар», «Пішін жаса», «Табан мен шортан», «Жүгіріс», «Бос орын», «Жасырынбақ», «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аюдың апаны».

Секіруге арналған ойындар: «Қасқыр мен қояндар», «Кім жақсы секіреді?», «Қоян мен қасқыр», «Түлкі тауық қорада», «Мысық пен тышқан», «Еденде қалма», «Төмпешіктен төмпешікке», «Сыныптар», «Маймылдар», «Торғай мен мысық», «Күміс алу», «Ақ қоян».

Еңбектеп және өрмелеуге арналған ойындар: «Мысықтар мен күшіктер», «Қойшы мен табын», «Құстардың келуі», «Мысық пен қаздар», «Жалауға дейін тез жүгір», «Өрт сөндірушілер», «Күрес».

Лақтыру, домалату, қағып алуға арналған ойындар: «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырамын, ұстап ал», «Қоян мен аңшылар», «Жалаушаға лақтыр», «Түйреуішті құлат», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Асықтар», «Алысқа лақтыр», «Таяқ-тастау».

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар: «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орныңды тап», «Тығылмақ», «Тас кімде?».

Эстафета-ойындар: «Жұптасқан эстафета», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар».

Судағы ойындар:«Фонтан», «Қорапша», «Теңіз толқиды», «Туннельдегі поезд», «Суды құй», «Теңіздегі толқын», «Өкшеңді көрсет», «Шеңбер ішіне кір», «Ау».

ҰСЫНЫЛАТЫН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар

Халық ауыз шығармашылығы: мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

Қазақ халық ертегілері: «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен маймыл», «Құлақ», «Қасқыр мен жігіт», «Шал мен дәу», «Жақсы мен жаман», «Жігіт пен мыстан», «Төрт дос», «Тапқыр бала», «Алтыншашты Тотамбай», «Қара қылыш», «Мерген атқыш», «Ақылды қыз», «Әби мен Тәби», «Ақсақ құлан» (аңыз), «Болашақ батыр» (өсиет).

Орыс халық ертегілері: «Мысық, әтеш және түлкі», «Ақымақ қасқыр», «Қорыққанға қос көрінер», «Маша мен маймақ»,«Аяз», «Түлкі мен тырна», «Аққу-қаздар», «Хаврошка», «Қарша қыз», «Түлкі мен сұр қасқыр», «Аленушка мен Иванушка», «Түлкі мен қоян», «Шаруа пен аю», «Шортанның бұйрығымен».

Әлем халық ертегілері: «Үш торай» (ағылшын халық ертегісі), «Айога» (нанай халық ертегісі), «Ағайынды үш қыз» (татар халық ертегісі), «Пых» (белорусь халық ертегісі), «Күшіңе емес, ақылыңа сен» (белорусь халық ертегісі), «Көкек» (ненец халық ертегісі), «Күнге қонаққа барғанда» (словак халық ертегісі), «Екі сараң аю» (венгр халық ертегісі), «Асығам деп, күлкіге қаласың» (поляк халық ертегісі), «Ескі әмиян» (латыш халық ертегісі), Ш. Перро «Перінің сыйлығы».

Қазақстан, Ресей және ТМД елдері

жазушыларының әңгімелері

Ыбырай Алтынсарин «Аурудан - аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш», «Бір уыс мақта», Жәнібек Карбозин «Алша», Мәдіхат Төрежанов «Өмірдің қайнар көзі», «Бұзау», «Көмек», «Ақ лақ», «Бұлбұл»; Дүкенбай Досжанов «Жылқышының ұлы - Ардақ», Өтебай Тұрманжанов «Ақ бота», Лев Толстой «Құс», Эдуард Шим «Тас, Бұлақ, Сүңгі және Күн», «Күн шуағы»; Евгений Чарушин «Бөлтірік».

Өлеңдер: Мұзафар Әлімбаев «Менің ойыншықтарым», «Мысықтың әдеттері», «Әдептілік әліппесі»; Оразақын Асқаров «Біздің ит»; Қабдыкәрім Ыдрысов «Жайлауда»; Қадыр Мырзалиев «Өзім»; Әнуарбек Дүйсенбиев «Жоғалған зат»; Жаркен Бодешев «Алма»; Қосжан Мүсірепов «Қырсық мысық»; Сергей Есенин «Ақ қайың»; Сергей Баруздин «Бөрене»;Расул Гамзатов «Менің атам»; Георгий Ладонщиков «Аю тұрды ұйқыдан»; Корней Чуковский «Айболит пен торғай».

Әңгімелеуге арналған шығармалар

Халық ауыз әдебиеті

Қазақ халық ертегілері: «Түлкі мен әтеш», «Қаңбақ шал», «Шықбермес Шығайбай» және т.б.

Орыс халық ертегілері: «Шалқан», «Кірпі», «Алтын жұмыртқа», «Зәулім үй», «Бауырсақ», «Түлкі мен шаян».

Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдері жазушыларының әңгімелері: Мәдіхат Төрежанов «Еңбегіне қарай», «Мен оны кешірдім», «Кішкентай бағбан»; Сафуан Шаймерденов «Ине»;Евгений Чарушин «Біздің аулада»; Лев Толстой «Екі жолдас», «Арыстан мен тышқан», «Әкесі мен балалары», «Өтірікші», «Оқымысты ұл»; Константин Ушинский «Дәрі-дәрмек», «Күшіңе сенбе», «Көкек»; Валентина Осеева «Жаман», «Жақсырақ»; Евгений Чарушин «Торғай»; Наталья Калинина «Қар кесегі»; Евгений Пермяк «Қол не үшін керек?»; Виталий Бианки «Түлкі мен тышқан».

Жаттауға арналған шығармалар

Халық ауыз әдебиеті: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жаңылтпаштар.

Тақпақтар: Мұзафар Әлімбаев «Күздің белгілері», «Күшік мұны білмеген бе?», «Биші есек», «Асфальттағы суреттер»; Қастек Баянбаев «Киіз үй», «Қараторғайдың үйшігі», «Бүлдірген»; Әнуарбек Дүйсенбиев «Жер ананың балалары», «Күн батарда», «Қыстың қамы», «Жаз»; Қәбдікәрім Ыдрысов «Менің елім»; Әбубәкір Қайранов «Әже»; Қадыр Мырзалиев «Ақ тас»; Рза Қунақова «Жемістер жыры»; Қосжан Мүсірепов «Алтын астық»; Сағи Жиенбаев «Жаңа жыл келді»; Ермек Өтетілеуов «Шыршаға шашу»; «Наурыз көже»; Жақан Смақов «Күн жылынды»; Тұманбай Молдағалиев «Жаз»; Алексей Плещеев «Күз», «Ауыл әні»; Ирина Токмакова «Емен»; Самуил Маршак «Шырша жыры»; Иван Суриков «Алғашқы қар»; Евгения Трутнева «Жаңа жылмен!»; Иван Никитин «Қош келдің, Қыс»; Ольга Высотская «Көктеммен тілдесу»; Евгения Трутнева «Аналар күні»; Платон Воронько «Шырша түбіндегі үй», «Тәтті нан»; Сергей Есенин «Мойыл».

СУРЕТ САЛУ САБАҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫП ҮЛГІСІ

Заттық сурет салу

«Автобус пен жеңіл машина»

«Мен және менің анам»

«Күзетші жауынгер»

«Шекарашы мен ит»

«Аяз ата»

«Қарша қыз» оның ғажайып үйі, сүйікті жанауралары — бұғы, қоян, ит, аю және т.б.

Ертегі кейіпкерлерінің көлік құралдары — шана, машина, ұшақ және т.б.

«Қардағы жапырақсыз ағаш»

«Қазақ биі»

«Аю жаттығу жасайды»

«Петрушка билейді»

«Балалар дене шынықтырумен айналысады»

«Аяз ата шырша жанында»

Затқа қарап сурет салу

«Құмған»

«Үлкен-кіші табақтар»

«Торсық»

«Терек бұталары»

«Гүлдейтін ағаш»

«Бүршік жарған бұталар мен ағаштар»

«Гүл жамылған дала»

Сәндік бейнелеу

«Қоржынды сәндейміз»

«Қымыз құятын тостаған»

«Тостаған»

«Саздан жасалған табақ»

«Қар кесегі»

«Атама арналған тымақ»

«Сәукеле»

«Дастарқан»

«Жаулық» (қазақ өрнектері мен сәнді маталар қолданып)

«8 Наурыз ашық хаты»

«Анама арналған мата»

«Қолғап»

«Ертегідегі құстар»

«Мерекелік дастарқан»

«Сырмақты әшекейлейміз»

«Алашаны әшекейлеу»

«Қазақ ұлттық киімін киген қуыршақ»

«Кебежені өрнектеу»

«Ыдысқа әдемі сурет саламыз»

Сюжеттік сурет салу

«Бақшада алмалар пісіп тұр»

«Күздегі орман мен бақ»

«Жаңбырлы күн»

«Астық жинау»

«Үй құрылысы»

«Біздің әкеміз — шахтер»

«Гүлдене бер, Қазақстан»

«Каспиидің балықшылары»

«Байқоңырдан зымыранды ғарышқа ұшырамыз»

«Республика күніндегі от шашу»

«Көшедегі мереке»

«Менің сүйікті ертегім»

«Қызғаншақ екі қонжық»

«Қоян мен түлкі»

«Түлкі, қоян және әтеш»

«Қызыл Телпек»

«Аққу-қаздар»

«Қыстағы шуақты күн»

«Қыстағы бұлыңғыр күн»

«Жаңа жылдық мереке»

«Біздің әсем шыршамыз»

«Қыста балалар аулада ойнап жүр»

«Біздің көшедегі көліктер»

«Қысқы қала»

«Кешкі қала»

«Балалар жаттығу жасайды»

«Құрылысшылар жаңа үй салады»

«Анам (әкем) мені балабақшаға апарады»

«Балалар мерекеде билейді»

«Сең жүру»

«Құстардың қайтуы»

«Көрікті көктем»

«Гүлденген бақ, шалғын»

«Туған табиғатымды не үшін жақсы көремін?»

 

ЖАПСЫРУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН

ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ

Заттық жапсыру

«Саңырауқұлақтар»

«Күзгі жапырақтар»

«Балапандар»

«Табақтағы қияр мен қызанақ»

«Бөлме өсімдіктері»

«Ойыншықтар»

«Көлік»

«Петрушка»

«Безендірілген шырша» (ұжымдық жұмыс)

«Қуыршаққа арналған көйлек»

«Кеме»

«Қар ұлпасы»

«Ағаштағы жапырақ»

«Бұлт»

«Үлпілдек жүнді балапандар, қояндар»

«Құмыра»

«Гүл салынған ваза»

«Ертегі құсы»

«Біздің жаңа қуыршақ»

«Поезд»

«1 Мамыр мерекесіне арналған шақыру қағазы»

«Әдемі гүлдер»

«Қайыңдағы қараторғай үйі»

«Алдар Көсенің тоны»

«Тазша балаға арналған костюм»

«Ғарыш зымыраны»

«Ұшақ»

Сәндік жапсыру

«Әжеме арналған камзол»

«Сырмаққа арналған өрнек»

«Табақшалар»

«Қазақстан Республикасының туы»

«Гүлдер»

«Жапырақтар»

«Күзгі кілем»

«Сәндік текемет»

«Бақ гүлдеді»

«Көктемгі кілем (гүл бақша)»

«Вазадағы әдемі гүлдер»

«Қуыршаққа арналған орамал мен кілемше»

«Мерекелік жалаушалар»

Сюжеттік жапсыру

«Ойыншықтар»

«Табақтағы жемістер»

«Біздің сүйікті аю»

«Көшедегі көліктер»

«Республика күні мерекесі»

«Күз»

«Жаңа жыл мерекесі»

«Ұшақтар шеруі»

«Қысқы орман»

«Қыс»

«Аквариумдағы балықтар»

«Көшедегі үйлер»

«Бұтақтағы құстар»

«Жайлаудағы жылқылар»

«Орман»

«Космос»

«Мен не үшін Республикамды жақсы көрем»

«Қаланың көшелері»

«Қазақстан темір жолы»

«1 Мамыр — халықтардың достығы мерекесі»

«Көктем»

МҮСІНДЕУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН

ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ

Заттық мүсіндеу

«Қазақстанның сыйы — көкөністер, жемістер»

«Саңырауқұлақтар (ақ, қызғылт сары саңырауқұлақтар)»

«Ыдыс»

«Сүйікті ойыншық»

«Көкөніс (қияр, қызылша, сәбіз)»

«Жемістер» (алма, алмұрт)

«Құс»

«Үйрек»

«Әтеш»

«Ешкі»

«Қуыршақ» (дымков ойыншығының сарыны бойынша)

«Әдемі киім киген Айсұлу қуыршағы»

«Терезе алдында отырған мысық»

«Дән терген құс»

«Шанадағы бала»

«Көжек»

«Біздің аю»

«Тостаған»

«Құмыра»

«Мысық баласы»

«Ит»

«Торғай»

«Шымшық»

«Ит пен күшік»

«Алтын айдарлы әтеш»

«Қыстық тон киген қарлығаш»

«Қарша қыз»

«Аяз ата сыйлығымен балаларға мерекеге келеді»

«Жайлауда»

«Петрушка билейді»

«Қонжық ойнайды»

«Мысық жіп орамымен ойнайды»

«Тиін жаңғақ кеміреді»

«Түйе жайылып жүр»

«Қоян мен сәбіз»

«Үйрек пен балапандар»

«Көңілді күшік»

«Биші Айсұлу»

«Қазақ биі» ұжымдық жұмыс

«Қуыршаққа арналған ыдыс»

«Құмыра»

Сәндік жапсыру

«Үйрек» (калинин ойыншығы сарыны бойынша)

«Дымков қуыршағы»

«Ешкі»

«Ат» (каргополь ойыншығы сарыны боынша)

«Әтеш» (дымков ойыншығы сарыны бойынша)

«Кесе»

«Тостаған»

«Тегене»

«Табақ»

«Торсықтар»

«Өрнекті кесе»

«Жемістерге арналған ыдыс»

«Кілем»

«Көктем гүлдеріне арналған ваза»

«Бұғы» (дымков ойыншығы сарыны бойынша)

«Ертегі құсы»

«8 Наурыз мерекесіне арналған сыйлықты әшекейлеу»

«Декоративтік пластинка»

«Топ бөлмесін әшекейлейтін заттар»

Сюжеттік жапсыру

«Айгерім билейді»

«Қанат жалау ұстап келеді»

«Балалпандар»

«Көжектер»

«Қоян көжектерімен»

«Мысық балаларымен»

«Ит күшіктерімен»

«Айнұр құстарға жем берді»

«Сәуле қуыршақпен қыдырып жүр»

«Қуаныш мысықпен ойнайды»

«Балалар «Наурыз» мерекесінде»

«Аю (қоян) бауырсақпен кездесті»

«Ғарышкерлер ғарыш айлағында»

«Зообақ»

«Ауыл»

БАЛАЛАРДЫ ӨНЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ

Шығармалар үлгісі:

Суреттер: Ә. Қастеев «Түркісіб», А. Мамбетов «Киіз үйде», С. Маршак «Түрлі-түсті кітап», суретші В. Лебедев; қазақ халық ертегісі «Ғажайып тон», суретші М. Алин; Л. Толстой «Үш аю», суретші Ю. Васнецов.

Графика: «Шабандоз бала» Д. Досжанов, суретші Ю. Мингазитинов.

Живопись: Ю. Васнецов «Қасқыр мінген ханзада Иван»; И. Шишкин «Таңертең»; И. Репин «Инелік»; В. Серов «Бақташы»; А. Ғалымбаева «Батыр ана».

МУЗЫКА: ҰСЫНЫЛАТЫН РЕПЕРТУАР

Музыка тыңдау

«Самал» Е. Құсайынов, «Ақсақ кұлан» халық күйі, «Туған ел» Ә. Сәрсенбаев, «Еркем-ай» - халық әні, «Шағым» К. Орф, «Күлдіргіштер» Д. Кабалевский, «Пьеса» Б. Барток. «Домбыра сазы» И. Нүсіпбаев (СD-альбом «Айгөлек», №2 басылым), «Туған ел» Л. Хамиди (СD-альбом «Ақ желкен», №1 басылым); «Қосалқа» Ш. Дәулеткерей, өңдеген Л. Хамиди, «Аққу» Ықылас Дүкенов, «Қамажай» қазақ халық әні, «Қараторғай» қазақ халық әні, «Кемпірқосақ» Е. Құсайынов, «Ақ қайың» И. Осокина (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым). «Сылқылдақ» Тәттімбет; «Бұлбұл», «Әсем қоңыр» Д. Нүрпейісова, «Гүлдерайым» қазақ халық әні, «Вальс» К. Шілдебаев, «Бұл қай кезде болады?» Б. Ерзакович (СD-альбом «Ақ желкен», №1 басылым).

Ән салу

Дыбыс пен естуді дамытуға арналған жаттығулар: «Торғай» қазақ халық әні, «Әткеншек» Е. Тиличеева, «Көкек» Б. Аманжолов, «Ақ білек» Б. Жүсібәлиев, «Сағат» Б. Жүсібәлиев, «Қоғай көк» Б. Жүсібәлиев.

Әндер: «Күз» К. Шілдебаев; «Қазақстан» С. Мұхаметжанов; «Әнұран» Ә. Бейсеуов; «Біздің ту» Ә. Бейсеуов; «Бақыт жыры» К. Қуатбаев. «Жасыл шырша» К. Қуатбаев, «Анашым» Е. Хасанғалиев, «Отаным» К. Қуатбаев, «Сәнқой» халық әні (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым), «Балдырғандар жыры» Е. Хасанғалиев, «Достық» И. Нүсіпбаев, «Көктем» К. Қуатбаев, «Наурыз біздің жаңа жыл» Ж. Қалжанов (СD- альбом «Айгөлек», №2 басылым), «Гүлдер» С. Бәйтереков (СD- альбом «Ақ желкен», №1 басылым).

 

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Жаттығулар: «Марш» К. Қуатбаев, «Марш» Т. Ломова, «Жарыс» К. Қуатбаев, қазақ халық әні «Айгөлек»,«Құлыншақ» Ж. Тұрсынбаев, «Би» Қ. Тастанов, «Вальс» А. Бестібаев, «Сәби қуанышы» Е. Құсайынов.

Ойындар мен хороводтар:«Кім жылдам?» қазақ халық әуені, өңдеген Е. Андосов, «Кешікпе» орыс халық әуені, өңдеген М. Раухвергер, «Сақина салу», өңдеген Е. Брусиловский, «Көкпар» әні. К. Қуатбаев, «Айгөлек» әні Б. Қыдырбекова,«Қыс кызығы» әні И. Нүсіпбаев, «Жаңа жыл келді» әні И. Нүсіпбаев; «Түлкі мен қаздар» қазақ халық ойыны, «Соқыртеке» қазақ халық ойыны, «Жаттығу» А. Райымқұлов, «Қарлығаш» А. Жұбанов, «Би» Е. Брусиловский, «Тақия тастамақ» Б. Дәлденбаев.

Билер:«Полька» әні, «Кел. Билейік!» М. Әлімбаев (СD - альбом «Ақ желкен», №1 басылым), жігіттер биі «Қара жорға» әуеніне Ж.М. Ақпаровтың қойылымымен, «Айгөлек» әуеніне Д. Әбиіровтің қойылымымен, «Қазақ биі» Д. Әбиіров, «Сарбаздар жыры» Б. Қыдырбеков, «Лағым» К. Қуатбаев, «Көңілді би» Е. Хасанғалиев, «Қара жорға» Л. Хамиди, «Жұптасып билеу» Е. Тиличеева, «Алма бұталарымен би» әні Б. Байқадамовтікі, «Домбырамен би» қазақ халық әні «Қыздар-ай» өңдеген Б. Дәлденбаев.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

«Еркем-ай» қазақ халық әні, «Қазақ биі» қазақ халық әні, өңдеген Е. Өміров, «Бозторғай» Е. Құсайынов, «Сәулем-ай» қазақ халық әні, өңдеген О. Дәлдекбаев, «Құлыншақ» Т. Әбдіқадыров, «Қурай» Е. Құсайынов, «Батыр ұшқыш» Е. Құсайынов, «Илигай» қазақ халық әні, өңдеген Б. Дәлденбаев, «Ақ қала» Б. Дәлденбаев.

Музыкалық – дидактикалық ойын

Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар:

Менің балаларым қайда?

Сылдырмақ

Аю мен құс

Музыкалық лото

Кұстар мен балапандар

Тауықтар

Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар:

Біздің саяхат

Ұзақ және қысқа дыбыстар

Әнді орналастыру

Көңілді сыбызғы

Кім қалай жүреді?

Диатоникалық естуге арналған ойындар:

Қатты және ақырын ән

Қатты – ақырын

Тембрлік естуге арналған ойындар:

Музыкалық жұмбақтар

Музыкалық үй

Бауырсақ

Есте сақтау және естуге арналған ойындар:

Ойлан да, шеш

Әнді тыңдау

Қөңілді күйтабақ

Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар:

Үш көңіл күй

Үш би

Музыкалық жанұя

Теңіз –көгілдір мұхит

Музыкалық кеме

Көңілді матрешкалар

Музыка не жайында айтады?

Мұқият тыңда